400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сен және заң тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
сен және заң
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар

Тәрбие сағаты



Күні


Сынып жетекші:


Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Сен және заң

Сабақтың мақсаты:

 Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Ата заңымызға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырып, шыншыл да әділетті және парасатты тұлғаны қалыптастыру



Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)


Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық ахуал

Бір түрлі кәмпит алғандарды

1-топқа «Ақылдылар», ал екіншісін таңдағандарды 2-топқа «Білгіштер» тобына бөлемін.

Ой қозғау

Заң дегеніміз- қоғамның негізгі тірегі. Қоғам деп отырғанымыз-мына біздер. Ата Заңымыз- еліміздің рәміздерінің бірі. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Конституция — бұл да ел рәміздерінің бірі. Сондықтан негізгі Заңды елдің Туы, Әнұраны, және Елтаңбасы секілді қадірлеу, құрметтеу-біздің парызымыз» деген. Сондықтан әрбір адамның заң талабына бағынып жат қылықтар, өрескел тәртіп бұзушылыққа бармауы, өзіне жүктелген міндетті уақытылы орындаудың өзін еліміздің Ата Заңын, халықты құрметтеуі деп білуімізге болады.


Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді.

Психологиялық ахуал


Оқушылар

дың пікірі тыңдалады










Компьютер










Сабақ басы (13 мин)












Конституция- елдің барлық ережелері жинақталған мемлекеттің негізгі құжаты. Сондықтан да біз оны Ата Заң деп құрметтейміз. Әрбір адам өзінің де, өзге елдің заңына бағынуға міндетті. Әр мемлекеттің өзіне тән заңы бар. Олой болмағанда дүние астаң-кестеңі шығып, небір жан түршігерлік нәрселер болар еді. Сан мыңдаған жылдар бұрын адамзат пайда болды. Міне, сонымен қатар түрлі мәселелер де туындай бастады. «Адамдар не істеуге болады, не істей алады?» деген сұрақтар туындай бастады. Міне, осы кезде әр елдің заңы, ережелері шыға бастады.
Міне, балалар, адамның шыр етіп жерге түскен минутынан бастап оның өмірін, денсаулығын, тыныштығын қорғап отырған заң бар. Бұл заң- 1948 жылы 10-желтоқсанда қабылданған «Адам құқығының жалпыға бірдей декларациясы», сонымен қатар 1959 жылы қабылданған «Бала құқықтары декларациясы». Міне осы декларациядан кейін 61 ел қол қойған 1989 жылы 20-қарашада «Бала құқығы туралы конвенция» қабылданды. Қазірде бұған 91 мемлекет кірген.
Конвенция дегеніміз- арнаулы мәселелер жөніндегі келесім шарт.
Осы Конвенция негізінде 2002 жылы тамызда Қазақстанда «Бала құқығы туралы» Заң қабылданды. Бұл Заң 10 тарау, 53 баптан тұрады.

«Бала құқығы туралы халықаралық конвенциядан»

Конвенцияға кіретін құқықтардың бәрі барлық балаға бірдей тарайды. Конвенцияға қол қойғаннан кейін балаларды кемсітуден қорғауға және олардың құқықтарын жүзеге асыруға жәрдемдесу үшін белсенді шаралар қолдану міндетін мемлекет өзіне алады.

«Бала құқығы туралы халықаралық конвенциядан»
— Мемлекет әрбір баланың аман-сау өсіп, жан-жақты дамуын қамтамасыз етеді.
— Бала өмірге келе салысымен тіркеуге алынады және өзіне есім мен азаматтық алуға құқылы.
— Әрбір бала өз отбасында ата-анасымен бірге өмір сүруге құқылы.
— Бала мектепте кінәлі болғанда да оны ешкім ұрып жазалауға, кемсітіп қорлауға құқығы жоқ.
— Бала тынығуға және мәдени демалуға құқылы.
— Әрбір баланың ой-пікір, ар-ождан және дін еркіндігіне құқығы бар.
— Бала өзі қалаған спорт түрімен шұғылдануға құқылы.
— Бала денсаулығын сақтауға, емделуге құқылы.
— Бала өз ойын еркін айтуға құқылы



Мақал-мәтелдер. (Тақырыпқа байланысты мақал-мәтелдер айтып, мағынасын ашу) 1.«Ісін өндіре алмаған қырсыз бала ,қырсығын әкесінен іздейді.» 2. «Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің.» 3. «Балаңды беске дейін ештеңеден тыйма, бестен он үшке дейін құлыңдай қина, он үштен ары сырласыңдай сыйла.» 4. «Жақсы бала сүйініш , жаман бала күйініш.» 5. «Атаңа не қылсаң алдыңа сол келер 6 Біреуге ор қазба, өзің түсесің. 7. Заңның құрығы, бәрінен ұзын. 8. Ұрлық түбі, қорлық. 9. Өтірікшінің құрығы, бір – ақ тұтам. 10. Тура биде, туған жоқ. 11. Туғанды биде, иман жоқ. 12. Қолыңмен істегенді, мойныңмен көтер. 13. Тек жүрсең, тоқ жүресің. 14. Заңды сыйлаған, еркін жүреді.







Заңның құрығы……. (бәрінен ұзын)
Өш алғаннан гөрі…….. (кешірген жөн)
Ақырын жүріп………….. (анық бас)
Асыл тастан………… (өнер жастан)
Ұрлық түбі………….. (қорлық)
Әдепті бала……………….(арлы бала)
Тәрбие………(отбасынан басталады)
Әділ істің……..(арты игі)















суреттер

 










Ортасы (20 мин)


1.Жеке адамның құқығы дегеніміз не? Адамның мүддесін қанағаттандыруға бағытталған заң арқылы қорғалған тәртіптік шара.

2. Құқықтың қандай түрлерін білесіңдер? - Жеке (азаматтық) - Саяси - Экономикалық - Әлеуметтік - Мәдени т.б.

3. Адам құқығы қай уақыттан пайда болады? Туылғаннан беріледі

4. Оларды орындау үшін не қажет? Міндеттерін орындау

5. Адамның негізгі құқығы? Өз құқықтарын пайдалану құқығы

6. Құқық қашан және қайда пайда болды? Азаматтарға құқық керек кезде, ол пайда болады.

7. Бізге құқықпен бірге бостандық беріледі. Бостандық – деген не? Бостандық – бұл таңдау

8. Бостандықты не шектейді? Бостандық және өз қалауымен орындамалық – бұлар бірдей ме? -Бостандықты шектеу әр адамның саналығында



Ойлан тап. (Интербелсенді тақтаның көмегімен дұрыс жауабын табу.) 1. Құқық -----------------------------------------А – Еліміздің негізгі заңы. 2. Конституция ---------------------------------Б – Мемлекет басшысы 3. Мемлекет ------------------------------------В – Негізгі саяси қоғамдық ұйым 4. Азамат -----------------------------------------Г – Тәуелсіздік 5. Құқық бұзушылық -------------------------Д – Заңдар жүйесі 6. Президент ------------------------------------Е – Заң шығарушы орган 7. Парламент ------------------------------------Ж – Заң жүйесін бұзу 8. Егемендік --------------------------------------З – Құқығы бар ел тұрғыны Дұрыс жауабы: 1-Д, 2-А, 3-В, 4-З, 5-Ж, 6-Б, 7-Е, 8-Г












Соңы






Ата Заң- қорғанымыз. «Азамат жолы-ар жолы» демекші, ешкімнің ала жібін аттамай, өз құқымызды да, өзгенің құқығың да бұзбай тәуелсіз елдің арқа сүйер айбынды, ақылды ұл-қызы болып өсейік.
«Менің сабақтан кейінгі әсерім» кестесін толтыр.

Қандай ой пайда болды?

Не сезіндім?

Не ұнады?






Рефлексия жасайды.

Сабақтан кейін қандай әсер алғанын, не сезінгенін, не ұнағанын айтып, алған әсерімен бөліседі









презентация





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
202 ұстаз жүктеп алған
27 қаңтар
9558
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі