Материалдар / "Сен жол ережесін білесің бе?"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Сен жол ережесін білесің бе?"

Материал туралы қысқаша түсінік
өз тәжірибеммен бөлісу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Маусым 2018
344
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Сен жол ережесін білесің бе?»
Мақсаты :1.Балалардың жол белгілерді,ережелері жайлы білімдерін тексеру.
2.Жол ережелері жайлы ақпарат беру арқылы балалардың
құштарлықтарын дамыту.
3.Келешек жол ережелерін,белгілерін білетін сауатты ұрпақ тәрбиелеу.
Тәрбиеші:1Шуақты өміріміз күндей күліп
Жүректе бүршік атып гүлдейді үміт
Арманға сапар тарту мүмкін емес
Жол жүру ережесін білмей тұрып
2.Қай көше, қай қалаға барсаңыз да
Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да
Жол жүру ережесі-заңды тәртіп
Ол ортақ-үлкен-кіші баршамызға
Жүргізуші:Жол ережесін білесің бе? -атты викториналық сайысқа қош келдіңіздер!
-Балалар,балабақшамызға жол инспекторы қонаққа келді.Сендер көшеде жолда
көлікпен жүргенде жол тәртібін сақтайтын белгілердің түрлерін қаншалықты
білетіндеріңді тексеріп келіп тұр.Бұл тексеруді біз сендерге викторина яғни сұрақтар
қою арқылы сендердің білімдеріңді тексереді.
Жол инспекторы:Сәлеметсіңдер ме,балалар!
«Ақбота»балабақшасында кішкентай жол жүру ережелерінің жанашырлары білімді
балалар бар деп естідім.Сол балалардың білімдерін тексерейін деп келдім.
Жүргізуші: Викториналық сайысқа қатысушы сайыскерлерімізді қошеметпен
ортаға шақырайық.
Сайысымызды бастамас бұрын әділ-қазылар алқасымен таныстырайық.
Балабақшаның директор м.а Жетписова Ж.Ж, музыка жетекшісі Бекенова А.Б,
–Әр топтан бір бала келіп қоржыннан асық алып(цифр алса )орынымызға
жайғасайық!
Жүргізуші:Сайысымыздың 1-ші бөлімі «Таныстыру». (Әр топ өздерін таныстырып
өтеді)
Инспектор:-Сайыскерлерге қолдау көрсетіп отырған балаларға жұмбақ
жасырайын!?.
1-кезең:
-Балалар сендер жұмбақ шешкенді жақсы көресіңдер ме?
Бұйырмапты бас та, ауыз да, құлақ та
Бақырайған үш көзі бар бірақта.
(Бағдаршам )
2- кезең:
Инспектор: Ал енді ойынға қатысып отырған сайыскерлерге жұмбақ жасырайын.
1-топқа:
1. Ала таяқ ұстаған
Жол тәртібін нұсқаған
Өміріңді күзеткен
Ысқырығы күзеткен
Шешуі: Жол сақшысы
2-топқа:
2.Көше бойлап аяндайды,
Адам тасып аялайды
Шешуі: автобус
3-топқа:
3.Көліктің қаншасын жанынан өткізген,

Іргеден басталып, алысқа жеткізген

Шешуі:Жол

3- кезең: Викториналық сұрақтары
1.Жиек жол дегеніміз не? (Адамдар жаяу жүретін көше жиегіндегі тар жол )
2.Жаяуға қай жермен жүруге болмайды?
(Көлік жүретін көшенің ортасымен жүруге рұқсат етілмейді)
3.Мына белгілердің қайсысы басты жол?
4.Мына белгілердің ішінен жаяу өтпе жолын атаңдар?
5.Мына белгілердің қайсысы жаяу жүргіншіге рұқсат берілген белгі?
6.Мына белгілердің қайсысы “Демалатын орын”делінген?
7.Мына белгілердің қайсысы “Демалатын орын”делінген?
8.“Қозғалысқа тыйым салынған” белгі қайсысы?
9.Мына белгілердің ішінен жол жұмыстары белгісін ата?
10.Мына белгілердің ішінде “Шлагбаумы бар теміржол өтпесі” қайсысы?
11.“Тайғақ жол” белгісі қайсысы?
12.Мына белгілердің қайсысы “Трамвайдың аялдау орны”
Жарайсыңдар балалар!
Қай көше, қай қалаға барсаңыз да,
Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да,
Жол жүру ережесі заңды тәртіпОл ортақ үлкен, кіші, баршамызға
Қорытынды: Айналайын абайла
Жан-жағыңа қарайла
Жолда-жүру ережесін
Есте сақта қалайда.
Міне, балалар, біз сендермен жолда қалай жүру керек екенін білеміз. Жол ережесін
әрқашан есте сақтау керек. Жол ережесін жақсы білсек өзімізді жол апатынан
сақтаймыз. Ал енді осы ережелерді әрқашан орындап, аман болайық.
Жол инспекторы:Жол белгілерінің адам өміріндегі маңызын білетін бала ол
ешуақытта жол апатына ұшырамайды және де жол апаттарының болуына жол
бермейді.Біздің балабақшамызда жол ережелер белгілерін білетін болашақ
автобус,такси меншік көліктердің жүргізушілері бар екеніне көзіміз жетті.
Сау болыңдар балалар!
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!