400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сен кіммен доссың? Досың жайлы...

Материал туралы қысқаша түсінік
8 сынып оқушыларымен жүргізілген психологиялық тренинг сабақ жоспарын әріптестеріме ұсынамын
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: «Сен кіммен доссың? Достарын жайлы...»

«Курчатов қаласының №1 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ педагог-психологы Калиева Динара Сагындыковна


Мақсат: Сыныптағы оқушыларды ұйымшылдыққа, бір-бірімен үйлесімді қарым-қатынасқа ынталандыру, шын дос болуға (бағалау, анықтау, басқамен салыстыру т.б.) тәрбиелеу.

Оқыту мен тәрбиелік міндеттері:

Оқушыға өзін де, басқаны да бағалай білуге бағыттау.

Оқушының адамшылдық құндылықтарын, рухани байлығын, достық қатынаста шыншыл болуын қалыптастыру.

Жағымды сезімді қалыптастыру.

Өз ойын ортаға еркін жеткізуге бағыттау.

Сабақ түрі: Жаңа сабақ . әңгіме, көмек сабағы.

Психологиялық әдіс-тәсілдер:

Бақылау, сұрақ-жауап, аяқталмаған сөйлем, психогимнатика жаттығуы, қағаздан қиылған дайын қолғаптар, түрлі-түсті қаламдар, суреттік тест.

Көрнекіліктер:

«Сөйлемді аяқтау» таратпа материалдар, Кесте, Тест сұрақтары, Суреттік тест тапсырмалары.

Сабақ барысы.

1. Ұйымдастыру. Оқушыларды түгендеу. Сабақ нормалары мен күтілетін нәтижені еске түсіру. (бір оқушы дауыстап оқып шығады)

2.Сәлемдесу. Ширату. Психогимнастика жаттығуларын қолдану.

«Жел соғады» Жел соғады ....соған деп бастайды. Қатысушылар бір-бірін жақсы білу үшін, келесі сұрақ: „Жел соғады соған, кімнің шашы қысқа болса“, барлық шашы қысқа ұлдар мен қыздар бір жерге жиналады. „Жел соғады соған, кім жануарларды жақсы көрсе“, „....кімде көп достар болса“, „кім іскер болса....“т.сс.

Оқушыларды IV-топқа бөлеміз. (күн, ай, жұлдыз, аспан болып 4-ке бөлінеді) және топпен столға отырады.

I-жаттығу: «Ойға шабуыл» әдісі.Оқушыларға сұрақ: «Дос» сөзін қалай түсінесің?

(Оқушылар пікірі)

Психолог:

-Сонымен достар! Біз досқа сенеміз, досты сатпаймыз ,көмктесуге, көңіл білдіруге әрқашан дайынбыз. Біз досымызға өз құпиямызды сене аламыз. Өздерің ойлап көрдіңдер ме? «Дос»-деген мағынаға ие бола аласың ба? Сіз қалай ойлайсыз? Сізді сенімді дос деп санайды ма?

ІI. Тақырып бойынша жұмыс:

Оқушыларға аяқталмаған сөйлемді жалғастыру ұсынылады.(парақ таратылады) Тақтада сөйлемнің басы жазылған:

Ашық айтқанда, маған әлі қиын...

Ашық айтқанда, мен үшін өте қымбат...

Ашық айтқанда, маған ұнамайды...

Ашық айтқанда, мен қуанамын...

Психолог:

-Біз бәріне барлық адамға ойымызды ашық айта аламыз ба?

-Қолдарыңды көтріңдер, кімде сенімді дос бар?

ІІI.Хабарландыру «Дос іздеу».

Психолог:

-Әр адамға әрқашанда дос керек. Достары болмағанда ,онда адам оларды табуға тырысады. Қазір көптеген газет-журналдарда хабарландырулар басылып, өзіне дос немесе бірге болатын адам табуға тырысады. Біз де барынша сіздермен қосылып,

хабарландыру жазамыз. Оның аты «Дос іздеу».

-Сіз өзіңіз жөнінде мәлімет бере аласыз өзіңіз немен айналысатыныңызды жазуға болады.

Хабарландыру жиналып алынады, одан кейін оқылады.Оқушылар хабарландыруды кім жазғанын табады. Егер оны тапса, онда қосымша автордың жақсы жақтарын көрсетеді.

ІV. Талдау.- өз ойын ашық айту оңай ма? - Өзің туралы жазу оңай ма?

Қолғаптар. Қолғаптың саны, қатысушылардың алдына тең бөлінуі қажет. Әр жұп қолғаптың өрнегі бірдей салынған, бірақ боялмаған. Жүргізуші еденге қолғаптарды шашып тастайды. Балалардың әр қайсысы бір қолғаптан алып, өзінің серігін (қолғаптың екінші жұбын) іздейді.

Ескерту. Серігімен келісе алмай отырған балаларға ортақ тіл табысуға көмектесу.

V. Талдау.- өз серігінді табу оңай болды ма? – Қазір көңіл-күйлерін қалай?

V.Үй тапсырмасы. Оқушыларға «Мен кіммін, болашақта мен кім болғым келеді» деген тақырыпта өз портретін салу ұсынылады.


Қорытынды: Оушылар бүгінгі сабақ жайлы өз ойларын айтып, қолдарынан ұстап тілек айтып сабақты аяқтаймыз.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
13.12.2018
822
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12