400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Сен менің досымсың, мен сенің досыңмын»

Материал туралы қысқаша түсінік
Мен және менің достарым туралы әңгімелесу. Достарын атай білуге және олармен дұрыс қарым-қатынас жасауға үйрету. Ұйымшылдыққа және достарын сыйлауға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: Коммуникация.

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Тіл дамыту.

Тақырыбы: «Сен менің досым, мен сенің досыңмын»

Мақсаты: Мен және менің достарым туралы әңгімелесу. Достарын атай білуге және олармен дұрыс қарым-қатынас жасауға үйрету. Ұйымшылдыққа және достарын сыйлауға тәрбиелеу.

Көрекілік құралдар: Ғажайып сөздер, смайлик, мұнаралар.

Оқу қызмет барысы:

Балалар әуенмен топқа кіреді.

Тәрбиеші:Балалар қараңдаршы, бізге көптеген қонақтар келіпті. Бәріміз қонақтармен амандасайық.

Бәрі: Саламатсыз ба?

Тәрбиеші: балалар бала-бақшаға келгенде бір-бірімізбен қалай амандасамыз?

Енді бір-біріміздің қолдарымыздан ұстап, шеңберге тұрып, бір-бірімізбен амандасайық:

Қол алысып кәне біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір туру,

Достарымен бір журу.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар орнымызға жайғасайық ( балалар орындарына отырады).

Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар: Қыс!

Тәрбиеші: Қыс мезгілінде неше ай бар?

Балалар: Үш ай бар!

Тәрбиеші: Қыс мезгілінде не жауады?

Балалар: Қар.

Тәрбиеші: Қардың түсі қандай?

Балалар: Аппақ!

Тәрбиеші: Балалар, біз қыста қандай киім киеміз?

Балалар: Жылы киінеміз, бас киім, етік, күртеше.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар, қыс туралы көп нәрсе білеміз! (музыка әуені естіледі)

Балалар, естисіңдер ме? Бір дыбыс естіледі, балалар тыңдайық!

Тәрбиеші: Саламатсыз ба? Сіз кімсіз?

Дымбілмес: Мен, Дымбілмеспін!

Дымбілмес, сен неге есікті қатты қақтың? Сені біреу ренжітті ме?

Дымбілмес: Менімен ешкім сөйлеспейді, ойнамайды, ешкім дос болмайды (Дымбілмес жылайды).

Тәрбиеші: Балалар неге ешкім Дымбілмеспен дос болмайды екен, білесіңдер ме?

Балалар: Ол балаларды ұрады, мазақ етеді, жаман сөздер айтады.

Тәрбиеші: Балалар дұрыс айтады, осындай жаман қылықтарың үшін ешкім дос болмайды. Сен жаңа балалармен амандасқан жоқсың ғой.

Дымбілмес: Ол қалай? Білмеймін. Маған оны ешкім үйреткен жоқ.

Тәрбиеші: Балалар достық сәлемдесуден басталады. Қанекей, біз Дымбілмеске сәлемдесуді үйретейік.

Балалар: Сәлеметсіз бе?

Дымбілмес: Сәлеметсіздер ме балалар? Балалар, сендер білесіңдер ме? Мен көптеген балалардың ойыншықтарын тартып алдым. Сендерге көрсетейін бе?

Балалар; Ия, көрсетіңізші!

Тәрбиеші: Дымбілмес, сенің ісің дұрыс емес. Балалардың ойыншықтарын тартып алуға болмайды. Қане, бізге көрсетші ол қандай ойыншықтар екен!

Дымбілмес: Менде мынадай ойыншықтар бар. Қалай құрастыратынын білмеймін?

Тәрбиеші: -Ой, балалар, қараңдаршы! Мынау, біздің күнде ойнап жүрген мұнара ғой. Ал оны Дымбілмес білмейді екен! Қане, ендеше балалар, біз Дымбілмеске мына мұнараны құрастырып көрсетейікші.

Дымбілмес: Ия, балалар, сендер маған қалай ойнау керектігін үйретесіңдер ме? Мен енді сендермен дос боламын. (құрастырады)

Балалар: Ия, үйретеміз.

Тәрбиеші: Қане, балалар біздер осы мұнараны құрастырып көрсетейік.

1.Ол үшін біз, мұнара құрастырып кімді жақсы көретінімізді айтамыз!

Тәрбиеші: Жарайсыңдар!

Тәрбиеші: Балалар біз дос болу үшін бір-бірімізді ренжітуге, ұруға болмайды. Сол үшін не істейміз?!

Балалар: Мына ережелерге бағынамыз екен: достар тату-тәтті, мейірімді, бір-біріне көмектеседі, бір-бірімен амандасады.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар! Осы ережелерді сақтасақ, бізде ешқандай реніш болмайды екен. Балалар, достық туралы тақпақ білеміз ба?.

А. Фатима: Досыңды дос деп санасаң,

Дос көңілін қалдырма.

Досыңды сыйлап,

Дұшпаныңа, еш сырыңды асырма.

Музафар: Біз балдырған баламыз,

Досты көп табамыз.

Қашан да, қайда да,

Бірімізге сенімді боламыз.

Анель: Достар бірге жүреміз,

Бірге ойнап, күлеміз,

Міне біздер қандаймыз.

Ж.Фатима: Әрқашан да біргеміз,

Ажырамас іргеміз,

Ту ғып ұстап бірлікті,

Тату тәтті жүреміз.

Тәрбиеші:

Сергіту сәті: Досым, досым, жан досым,

Неге сонша шаршадың

Қане ұста қолымнан,

Секір,секір,секірші,

Бір серігіп аларсың!

Тәрбиеші: Жарайсыңдар!

Тәрбиші: «Жүректен жүрекке» шеңбері ( балалармен шеңбер жасаймыз)

Біздің өмірге не керек?

Күн! ( қолдар жоғары)

Достық үшін не керек?

Жүрек! ( қолдар жүректе)

Жүрек үшін не керек?

Бақыт! ( қолдарды алға созу)

Бақыт үшін не керек?

Бейбітшілік! ( қолдар жан-жаққа)

Тәрбиеші: Балалар, енді біз мына суреттегі смайликтерді орындарына орналастыру қажет. (столдың үстіндегі смайликтерді орналастырады)

Д/о: « Не жақсы, не жаман»

Тәрбиеші: Енді «Не жақсы, не жаман» деп аталатын дидактикалық ойын ойнаймыз! Бұл ойында тақтадағы үлкен қағаздарға жақсы мен жаманды айыру үшін суреттерді жабыстыратын боламыз!

Дымбілмес: Балалар, сендерден көп зат үйрендім. Сендерге үлкен рахмет! Енді менің кетуім керек.

Қорытынды: Балалар, бүгінгі оқу қызметінде не үйрендік. Бүгін біз достық туралы әңгімеледік. Кім келді қонаққа? Қандай ойын ойнадық?

Бір-бірімізбен тату болайық, дос болайық. Мадақтау.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 ақпан
1418
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі