400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сен қандай мектепте оқисың?

Материал туралы қысқаша түсінік
А.Қ.Жұбанов атындағы РҚМММИ ашылу тарихы жайлы түсінік беру.
Материалдың қысқаша нұсқасы











ӨНЕР ШАҢЫРАҒЫНА – 56 ЖЫЛ

«Сен қандай мектепте оқисың?»

(әңгіме сағаты)















Жетекшісі: Исаева Гулзира Байдарханкызы

Сыныбы: 3-сынып









Сен қандай мектепте оқисың?

Әңгіме сағатының тәрбиелік мақсаты:

1. А.Қ.Жұбанов атындағы РҚМММИ ашылу тарихы жайлы түсінік беру.

2.Балалардың өнерге деген сүйіспеншілік сезімін тудырумен қатар орындаушыдық шеберлігін шыңдай түсуі тек ұзақ еңбек етумен көптеген ізденістердің айғаға екенін айта отырып, келешек ұрпақ жалғасы екені туралы түсінік беру және мектеп оқушыларымен түлектерінің білімі мектеп мәртебесіне сай болуын талап етумен қатар, осы мәртебеге лайықты азаматты болуына тәрбиелеу.



А.Жұбанов – Қазақстанның белгілі мәдениет қайраткері, академик, өнертану ісінің докторы, профессор, Республиканың халық әртісі, композитор, дирижер.

Қазақстан мәдениетінің даму кезеңдері А.Жұбанов атымен тығыз байланысты. Ол Республикадағы көптеген шығармашылық және оқу орындарын құрушы, кәсіби қазақ музыкасының негізін салушы.

А.Жұбанов біздің мектептің ашылуына ұйытқы болған. Ол зерттеу ісімен көп айналысты, халақ шығармашылығының қайнар бұлағын меңгерді, ауыл өмірімен етене жақын араласып, халақтың тұрмыс – салтын жақсы білді, ұлттық аспаптарды жақсы меңгерді.

Осы жағдайлар А.Жұбановқа музыкалық мектеп ашу жөнінде ой әкелді. Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі дарынды, өнерге бейімді балаларды оқытуға, балалардың кәсіби білім алуына, әлем музыкасын тануға, классикалық аспаптарды енгізуге, сонымен қатар біздің өнерпаздарымыздың әлемдік арнаға шығуына мүмкіндік беруді мақсат етті.

Осындай мақсатқа байланысты қазақ өнерінің жарқын қайраткері, Қазақ ССР халық әртісі, академик А.Жұбановтың қолдауымен 1964 жылдың қараша айында А.Жұбанов атындағы Республикалық музыкалық қазақ орта мектеп-интернаты ашылды.

Бұл оқу орнының ашылудағы мақсаты – Республикамыздың алыс аудандары мен облыстарындағы дарынды балаларға кәсіби музыкалық білім беру.

А.Жұбанов атындағы Республикалық қазақ орта музыка мектеп-интернаты Қазақстандағы ешбір теңдесі жоқ жалғыз музыкалық қазақ орта мектеп-интернаты. Мектебіміздің оқушылары республикамыздағы кәсіби музыкалық өнердің негізін құрайды. Оған дәлел ретінде, мектебіміздің 55 жыл ішінде жеткен жетістіктері мен табыстары куә. А.Жұбанов атындағы Республикалық қазақ орта музыка мектеп-интернаты тек қана республика көлемінде емес, сондай – ақ басқа да елдерге танымал, республикамыздың мақтанышы болып табылады.

Бүгінгі таңда, А. Жұбанов атындағы музыкалық мектеп-интернаты Республикадағы оқу орындары шеңберінде ерекше орын алатынын мақтан етеміз.



А.Жұбанов атындағы арнаулы музыкалық орта мектеп-интернаты

1964 жылы тамыз айының 18-і күні Қазақстан Министрлер кеңесінің №495 Қаулысы бойынша Алматыда дарынды балаларға арналған қазақ музыка мектеп-интернаты ашылды. Бұл арнаулы музыка мектебіне Қазақстанда кәсіби музыканың негізін қалаушылардың бірі – Ахмет Қуанұлы Жұбановтың есімі берілді.

Міне, содан бері де 56 жыл жылжып өте шығыпты. Қазіргі уақытта мұнда сегіз бөлім жұмыс істейді: фортепиано, халық аспаптар, ішекті аспаптар, үрлемелі аспаптар, хор дирижері, музыка теориясы, сүйемелдеу шеберлігі және камералық ансамбль. Ал, тәрбиеленушілер 21 мамандық бойынша білім алады: домбыра, қыл-қобыз, прима-қобыз, шертер, баян, фортепиано, скрипка, виолончель флейта, гобой, кларнет, валторна, труба, тромбон, ұрмалы аспаптар, музыкатанушы, фагот және хормейстер т.б.

Мектепте оқушылар саны жылдан жылға артып келеді, қазіргі таңда барлығы 480 оқушы бар. Мектеп түлектері одан әрі қарай музыкалық білімін жетілдіріп, жоғары оқу орнын аяқтап, Қазақстанның мәдени ошақтарында ТМД елдерінде, тіпті шет мемлекеттерде еңбек етіп жүр. Сондай-ақ мектеп бітіргендер ішінде республикаға еңбек сіңірген әртістері, Қазақстан өнеріне еңбегі сіңген қайраткері, Халықаралық және республикалық байқаудың жүлдегерлері, дипломанттары және шығармашылық ұжым мен мекемелердің жетекшілері көптеп кездеседі.

Ерекше айтатын мәселе, мектептің жоғары білікті музыкант мұғалімдері, мамандары мен тәрбиешілері қазіргі қиын кезеңде өте күрделі шығармашылық мәселелерді бірлесіп шеше алатын берік дәстүрі бар іргелі ұжымға айналып отыр.

Ал, мектепте музыкалық шығармашылық ұжымдарды айта кетейік: симфониялық, халық аспаптар, үрлемелі оркестрлер, домбырашылар, виолончелистер, фольклорлық ансамбльдер және мектептің үлкен хоры Қазақстанның концерттік сахналарында өз өнерлерін жиі-жиі көрсетіп келеді.

Сөз соңында айтарымыз, мектепте жақсы дәстүр, қызықты бастамалар жеткілікті. Жыл сайын мұнда келетін дарынды балалардың саны көбейе түсуде. Олар біздің мақтанышымыз, бақытымыз. Қорыта айтқанда, жас жеткіншектер жат елдің жарқын болашағы екеніне дау жоқ.

Қазақстанның кәсіби музыка мамандарын дайындау ісінің негізі екенін ескере отырып, ҚР –ның №1041, 2004 жылғы 7 қазанда қабылдаған Үкімі бойынша мектепке дарынды балаларға арналған республикалық қазақ орта мамандандырылған музыка мектеп-интернаты деген мәртебе берілді.

Балалар сендер оқып жүрген білім ордасының тарихы осындай. Өздеріңе белгілі осы білім ордасында «жүзден жүйрік» яғни табиғи талатты, дарынды болашақ өнерпаздар оқып жүргені анық. Ендеше академик А.Қ.Жұбанов атамыздың осы білім ордасын ашудағы мақсатын жүзеге асыру барысында, яғни қазақ халқының өнер мәдениетін бүкіл әлемге таныту еңбек жолында сендерге сәт сапар тілейміз.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
12 мамыр
828
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі