400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сен тәңірдің иесісің асыл ана

Материал туралы қысқаша түсінік
Ана деген құдіретті есімге әлемде басын иеді.Міне жұмақты табанының астына жайғастырған аяулы да ардақты аналар мерекесіне мерекелік көңіл күй сыйлау.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Сен тәңірдің иесісің Асыл ана.
Сабақтың мақсаты
:
Оқушыларды ананың еңбегін ақтауға, анаға деген сүйіспеншілікке, ананы құрметтеп, сыйлауға тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі: Нақыл сөздер

Мұғалім сөзі
Қайырлы күн құрметті оқушылар,ата-аналар сіздерді 8наурыз халықаралық аналар мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.Ана деп аталатын құдыретті есім бар әлемге жылу шашып мейірімін төгіп тұратыны бәрімізге аян.Аналар,арулар,сіздерге көтеріңкі көңіл,ашық аспан тілеймін.

Балалардың аздаған сіздерге арналған шағын құттықтауын қабыл алыңыздар. 1910 жылы Данияда Копенгаген қаласында революционер әйелдердің халықаралық конференциясы өтті.
Мінбеге Клара Цеткин шықты. Ол ақ шашты қара көзді орта жастағы адам еді.
Біз күреспен қол жеткізген осы мерекені жыл сайын 8 наурыз күні атап өтейік.Бұл барша әйел қауымының мерекесі болсын деген ұсыныс айтты. Ұсыныс бір ауыздан қабылданып,8 наурыз халықаралық әйелдер күні болып қабылданды.

Аялайық аналарды әрдайым
Қуанышқа бөлейікші өздерін
Әжелердің,аналардың,қыздардың
Мұң шалмасын күлім қаққан көздерін

Жамбол:Ана-өмір қолдаушысы әлемнің
Шаңырақтың шаттығы мен шуағы
Сейілмесін жанарынан ананың
Тіршілікке төккен нұрлы шуағы
Нұрсұлтан:Ана- барлық өмірдің бастауы. Ол адамды өмірге әкеледі, оны тәрбиелейді,өсіреді.Адам бойындағы барлық асыл қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды. Ана-ұлы адам,Ана-құдіретті жан,ендеше бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын, Аяулы аналар!!! Арулар!
Рауан:Осы бір «АНА» деген үш әріптің аясында адамзат баласын қуаныш сыйлар қаншалықты қасиет бар десеңші! Ару-ана, Ару-асыл жар, Ару – көңілдің гүлі,
Ару-өмірдің жыры, тіпті айта берсең сөз жетпейді.Әйел бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді деген екен бір ғұлама.Қандай нақты айтылған ой десеңізші!Расында бар әйел қауымынсыз мына әлемді елестету мүмкін емес! Иә,Құдайдан кейін құдірет иесі–ана.Мына жарық дүниеге әкелген Ана алдында бәріміздің де бас иетініміз сондықтан десек,бүгінде ұрпақ өсірумен қатар,ел еңсесін көтеріле түсуіне өз үлесін қосып келе жатқан қазақ әйелдері қандайда болмасын құрметке лайық.Бүгінде қоғам өмірінің әйелдер араласпайтын саласы жоқ десе болады.Бірі ғалым , бірі саясаткер,енді біреулері дәрігер, кәсіпкер тізе берсең жалғаса береді.Солардың бірі аяулы ұстаздар.Аналар өмірдің барлық саласын меңгергеніне шүбә жоқ бас иеміз.
Алдияр: Азамат қуат алар ақ сүтіңнен,
Мәпелеп әлдилеген пейілі кең.
Аналық махаббатың кәусәр-бұлақ,
Сөнбейтін ақ жүрегің мәңгі шырақ
Нұрдос: Өзіңе еліктеп өсермін
Борышты өтермін қалайда
Тым нәзік, жұтаңдау жырымды
Жүректе жылытшы, жарай ма?
Әбілмансұр:Дүниенің жарық күні анамыз
Дана болсақ анаменен данамыз
Тыңдаңыздар, көңіл қойып ағайын
Анаға арнап тағы бір ән саламыз

Мұғалім: Мұғалім: - « Аяулы анашым» әні

Темірлан: Сенсің ана күнді де күлдіретін

Сенсің ана білместі білждіретін.

Бүлдіргенді өзіңсің түзейтұғын,

Сенсің ана иесі бұл дұниенің
Өмірбек:Алтын анам жасымнан аялаған,
Мен үшін игілікті аямаған.
Сабақтан шаршап үйге келгенім

Бал сөзі жаным деген сая маған.

Ислам.С.О анашым асқақтап бұл тұрысың.

Арқау болдың ақын жазар жыр үшін

Асқар шыңға теңер едім өзіңді.

Асқар шыңнан әлде қайда ұлысың.

Ислам.С Құрметті арулар сіздерді 8наурыз төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын.Көктемдей көтеріңкі

көңіл,жаздай жайма шуақ пейіл тілеймін.Қазақ қыздарының жан сұлулығын тілеймін.Мереке құтты болсын.

Бауыржан: Ана -өмір тірегі

Ана –өмір гүлі еді

Анаң болса қасыңда

Күнің көкте күледі.

Мұғалім:
-Мұсылман қауымы анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да парызынан құтылмайсың деген екен
-Бәріміз де ана алдында борыштармыз.Сол борышты өтеу бізге міндет.Сынып оқушыларының орындауында «
Әлемнің жарығы.» әнін қабыл алыңыздар!
Мұғалім:
-Сөзімнің соңын мынадай оқиғамен аяқтағым келеді:Екі дүниенің сардары,кісіліктің киесі өмірдің үлгісі болып, Аллаһтың хақ дінін насихаттаған пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғс.) –ға сахабалары келіп
-Алланың елшісі бұл өмірде кімге бірінші сәлем беру керек деп сұрағанда:-Ол анаңа,-деді, екінші кімге дегенде: - тағыда Анаңа,- деді, үшінші кімге дегенімізде:-тағыда Анаға,-деді төртінші кімге дегенді:
-Әкеңе,-деді .
Міне бұл тек аналарға деген ерекше құрмет.Осындай хақ діннің заңына бағынған халқымның салт-дәстүрін құрметтеген адам аналарын құрметтеуі тиіс.Әрқашан да аналар беделі биік болсын!-дей отыра класс сағатымызды аяқтаймыз

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 ақпан
339
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі