жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сенари ісшара туралы
«Төрлет, төрлет Наурыз!» ертеңгілік
Мақсаты: Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесін тойлау. Ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып жайында қарапайым түсінік беру. Ата-бабаларымыздың кейінгі ұрпаққа мирас еткен асыл мұрасын қадірлеп, қастерлеуге, қасиетін түсінуге баулу. Ұлттық дәстүрдің ерекшеліктерімен таныстыру. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін балалардың бойына сіңіру. Балаларды ұлттық салт-дәстүрді, мұраларды танып-білуге, сыйлап, түсінуге үйрету. Балалардың ой-қиялының, шығармашылық белсенділігінің және бейнелі ойларының дамуына ықпал ету.
Жүргізуші:
Тыңдаңыздар,
тыңдаңыздар!
Босқа қарап
тұрмаңыздар.
Наурыз тойы
басталды.
Көргендер де армандар,
Көрмегендер
де армандар,
Қызықтан тыс қалмаңдар!
“Наурыз Думан” әні орындалады қазақ киімдерін киген балалар айнала жайылған көрпелерге жайғасып отырады.
Жүргізіуші: Армысыздар, ата-аналар, қонақтар! Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз да келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын! Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата-бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойымыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты, тілектеріңіз қабыл болсын! Наурыз айы – Шығыс күн есебі бойынша жылдың алғашқы айы. Бұл айда жылдың алғашқы айы есебінде күн мен түн теңеледі, сол себептен Наурыз жыл басы болып саналады.
Осы көктемнің мерекесіне арналған әнімізді шырқап берейік
Ән «Нұрлы көктем»
Жүргізуші: Балалар біздер Ұлыстың Ұлы күні ақ бата алып, шашу шашатын кім екенін білесіңдер ме!
Балалар: Қыдыр
Ата! Наурыз Әже!
Жүргізуші: Ендеше
ортаға ақ батасын беруге Қыдыр атамызды
шашуын шашуға Наурыз әжемізді шақырайық!
ҚЫДЫР
АТА:
(Алихан )Сұрасаң бата берейін,
Үстем
болсын мерейің
Ықыласпен қол жайсаң,
Ақ
тілекті төгейін
Ұлыс оң болсын
Ақ
мол болсын
Қайда барсаң жол болсын!
Ұлыс
бақты болсын,
Төрт түлік ақты болсын!
Әумин!
Наурыз Әже:
«Наурыз
келсе, құт келгені, халайық!»
Есік
ашып, шашу шашып,
Ел боп қарсы алайық
(отырған қонақтарға шашу шашу)
Жүргізуші: Қыдыр ата! Наурыз Әже! Ортаға жайғасыңдар бүгін біздің «Алтын дән»ауылында үлкен той болғалы жатыр бізбен бірге тойлатыңыздар!
Қыдыр Ата: Жарайды құрметтеп бізді төрге шақырсаңдар ешқандай қарсылығымыз жоқ.
(Ортаға барып отырады)Тақпақтар
Амина: Күттіріп
келген жыл басы,
Бізбен бірге
жырлашы
Елімнің дастарханына
Береке,
ырыс сыйлашы
Тәрбиеші: Қош
келдің, Наурызым ардақты,
Халқым
саған бар үмітті арнапты
Жылда солай
келе бергін жасарып,
Гүлге бөлеп,
нұрға бөлеп аймақты.
Күн
мен түн теңелді,
Жер шуаққа
кенелді
Қуанышта ел енді
Наурыз
келді, салтымыз
«Көгерсін»деп
халқымыз
Көшеге тал егеді.
Ән: «Наурыз» хор
Би: «Шашу»
Жүргізуші: Рахмет балалар. Енді біздің балалар ұлттық ойын ойнап береді.
Ойын: «Қыз қуу» бір қыз қашады оны бес бала қуады кім бірінші барып бетінен сүйеді сол жеңіске жетеді.
Кішкентай бала қолында қамшы бар “Сүйінші, сүйінші” сәби дүниеге келді.
Қыдыр Ата: Сәбилерің құтты болсын! Баланың бауы берік болсын! Кішкентай сәбиді әкеліңдер азан шақырып атын қояйық!
Әже: Құндақталған сәбиді алып келеді!
Қыдыр Ата: Сен наурыз мерекесі күні дүниеге келгесін сенің атыңды Наурызбай қоямыз деп Сенің атың “Наурызбай” Сенің атың “Наурызбай” Сенің атың “Наурызбай” үш рет құлағына айқайлайды.
Наурыз Әже: Енді дүниеге келген сәбиді бесікке салайық! Балалар, бесікке салу үшін Бесік, қолбау, аяқбау, шүмек, көрпе, көпшік . Бесік — қасиетті мүлік. Бесікті аластап, тыштырма жасап, баланы бесікке бөлейді. Бәле-жаладан сақтасын деп, ырымдап, оған тұмар тағып қояды.
Бала: Әже! Бесікке баланы жатқызбас бұрын қандай ырым жасалады?
Әже: Баланы қырқынан шығарады.
Бала: Баланы қырқынан қай кезде шығарады?
Әже: Туылғанына қырық күн толғанда қырқынан шығарады. Қырық қасық суға түсіріп, ит көйлегіне тәттіні түйіп, оны иттің мойынына байлап жібереді. Балалар итті қуып жетіп, тәттіні бөліп жейді. Ит көйлек – нәрестенің алғашқы көйлегі
Жүргізуші: Наурыз әже осы ойынды біздің балалар ойнап берсін
Ойын: Бір бала ит болады оның мойнына кәмпит түйіп байлайды. Ол қашады оны балалар қуады. Ит болған балаға жеткен бала кәмпитті үлестіріп береді.
Би: Қара жорға
Ойын : Қол күрес
Әже: Менің балаларым осы наурыз біздің жаңа жылымыз осы мерекеде мен үнемі наурыз көже пісіремін. Сол наурыз көжені қалай пісіру жолын айтып өтейін (әже наурыз көже пісіру жолын айтып береді)
Құрметті қонақтар менің жеті түрлі дәм салған наурыз көжемнен ауыз тейіңдер! Ақ мол болсын!
Қыдыр Ата: О, халқым кішкентай менің балаларым! Сендердің бүгін өнерлеріңді тамашаладым үлкен тойының куасі болдық тойларың тойға ұласа берсін халқымыз тыныш, еліміз аман болсын! Мен еліме қайтайын аман сау болыңдар!
8-НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІНЕ АРНАЛҒАН СЦЕНАРИЙ
8-наурыз
мерекесіне орай мектеп оқушыларына
арналған
"Ана деген тіршіліктің
тірегі"
атты сценариді назарларыңызға
ұсынамыз.
Жүргізуші:
Біз
ғана
емес, қадір
тұтқан
бабалар.
Аналардан туған
небір даналар.
Ана деген тіршіліктің
тірегі,
Армысыздар, қасиетті
аналар!
Кеш жарық,
қымбатты
ұстаз
- аналар, арулар! Көңілдеріңізге
көктем
шуағындай
сезім мен нұр
құйып,
тағы
да 8 - наурыз халықаралық
әйелдер
күні
келді. Осынау көркем
мерекенің
қай
кезде де орны бөлек.
Олай болатыны, аналарға
деген ыстық
сезім, алғыс
пен құрмет
ешқашан сөнбек
емес. Олар - өмірдің
гүлі,
көңілдің
жыры, әр
отбасының
алтын діңгегі.
Мынау тынымсыз тіршілік пен кең
дүниенің
өзі
тек аналармен ажарлы. Бүгінгі
арайлап атқан
нұрлы
таңмен
бірге әрбір
сәби
жүрегі
өзің
деп соқса,
бүгінгі
мерекелік кешіміз де аналарға
арналады.
Десек те уақытпенен
жарыспайды,
Қияға
қиялменен
қарыштайды.
Шәкірттер
шын жүректен
тебіреніп
Өнерлерін
анаға
бағыштайды
- дей келе
____
сынып оқушысы
________ әсем
әнімен
ортаға
шақырамыз.
Қабыл
алыңыздар!
Жүргізуші:
Сіздерден
өскен
балалар
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз
мейраммен,
Құрметті
абзал аналар,
– дей келе құттықтау
сөз
кезегі мектеп ____________________________беріледі
.
Жүргізуші:
Көңілің
Алатаудың
ақ
қарындай,
Мейірімің
күннің
шуақ
шақтарындай.
Қалайша
аяулы ана тына алармын,
Ән
болып сағыныштан
ақтарылмай,
- деп абзал аналарымыз бен қырмызы
қыздарымыздың
құрметіне
____ сынып оқушысы
______________-ны ____________әнімен
сахна төріне
шақырамыз.
Жүргізуші:
Теңіздей
тербетіліп көл
бетінде,
Бишілер билеп кетті
тербетіле.
Аққудай
қалықтаған
теңіздегі,
Бишілер
өнерлерін
көрсетуде,
- дей отырып келесі кезекті
_______________биіне
береміз.
Жүргізуші:
Ана
деген – бастауы ұлылықтың.
Ана
деген - рәмізі
сұлулықтың.
Ана
деген - бір жыр бар шырқалатын,
Асқақтатар
биікке ұрпақ
атын.
Олай болса ______
қарсы алайық.
Дауысына
сүйсініп
тамсанайық.
Ерке
ұлдың
талантына тәнті
болып,
Уа, халайық,
жұмыла
қол
соғайық!
Жүргізуші:
Әркімнің
де өмірден
аласы бар,
Аласы бар адамның
анасы бар.
Мерекесін құттықтап
аналардың,
Өнерлерін
жолдайтын __cыныптың
________ .
Жүргізуші:
Келесі кезекті күйге
береміз. Сахнада __ сынып оқушысы
___________ биін
орындайды.
Жүргізуші:
Бұралып
біздің
қыздар
билеген де,
Шығыстың
асқақ
әні
тербегенде
Қол
соқпай
дәті
шыдап тұра
алар
Құрбылар
айтыңдаршы
қандай
адам - - сынып өнерпаздарының
биін қабыл
алыңыздар.
Жүргізуші:
Ән
айтылса ұйып
тыңда
жаныңмен.
Ән
айтпақшы
____ - қыздарыңыз
сіздерге
Өшпес
ыстық,
алаулаған
жалынмен, - дей келе
______________атты
ортаға
шақырамыз.
Жүргізуші:
Ару
- Ана өмірдің
асылдары,
Жайнасын көңілімнің
жасыл бағы.
Сендер
үшін
ән
мен жыр шырқалуда,
Сендер
үшін
мереке шашулары.
Келесі кезекте
_ - сынып оқушысы
_______ ___атты поэзиялық
туындысымен ортаға
шақырамыз.
Жас ақынның
жүрек
сырын
қабыл
алыңыздар!
Жүргізуші:
Күнінде
гүл
көктемнің
нұрын
шашып,
Жасқанбай
әр
қадамын
нық
- нық
басып,
Биімен көрерменді
тәнті
ететін
Арулар келді міне толқып,
тасып.
Жүргізуші:
Ана
– барлық
қиындықты
жеңетін
сарқылмайтын
күш,
тіршіліктің
қайнар
бұлағы.
қазақ
әйелінің
дастарханы тоқ,
қонағы
ырза, дүниесі
түгел.
Олар үшін
бірінші орында отбасының
берекесі тұрады.
Бөбегін
бесікке бөлеп,
әлдилеп
аялаған
ана бақыт
құшағында
емес пе?!
Бір өзіңнен
бастап өмір
жолдарын,
Жүрегіңе,
жүрегімді
жалғадым.
Өзің
мына сыйға
берген өмірде
Ақ
сүтіңді
ақтап
өту
- арманым.
Барша ана, құтты
болсын мерекеңіз
Әрқашанда
ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ
ақ
сүтіңді,
асыл анам.
Сонда біз кісілікке
теңесеміз.
Құрметті
қонақтар,
біздің
бүгінгі
шағын
ғана
мерекелік кешіміз өз
мәресіне
жетті.
Шуақты
күндерде
кездескенше!
Жұлдызды кеш
Жұлдызды
кеш
І жүргізуші: Армысыздар өнер
сүйер қауымдарым,
Жайнасын көңілдердің
жасыл бағы.
Ән – шашу, әсем – әуен,
түрлі өнер.
Бүгінгі күн сіздерге
арналады.
Ұрпақпен өмір жолы
жалғанады,
Көңілді күндер тусын алдан
әлі,
Сіздер үшін осы кеш ашылады,
Сіздер
үшін өнерпаздар сайысады.
Бүгінгі
әуендік кеште байқауға қатысушыларды
ортаға шақырамыз. (Музыка әуенімен
сайыскерлер ортаға шығады).
Арайланып
әрбір таңымыз,
Арайланып әнмен
сәніміз.
Туған жердің төсінде
тұрып,
Шырқатайық кәне бәріміз.
Ән:
Әсем әнді қабыл алыңыздар
Қымбатты
өнер сүйер қауым, ардақты ұстаздар,
қадырлы көрермендер! Назарларыңызға
«Жұлдызды шоу» атты өнер байқауын
ұсынамыз. Өнер байқауы басталмас бұрын
ортамызға әділ қазыларды шақырайық.
Бұл сайыста әділ қазылардың дауысымен
бірге көрерменнің дауысы да есептелінеді.
І
жүргізуші: Біздің халық өнерге мол, бай
тегі,
Әнші деп те, биші деп те айт
оны.
Әнге сенің қанша икемің бар
екен,
Тыңдап алып жалғастырсаң
қайтеді, - деп алғашқы ән кезегіне жол
береміз.
Қазір «Қазақ елі» әні
орындалады. Ән орындаушы оқушы әннің
соңғы шумағын тоқтатып көрермендерден
жалғастыруын сұрайды. Әннің әуенін,
сөзін дұрыс жалғастыруларыңыз керек.
ІІ
жүргізуші: Жоқ менің өлең - жырдан өзге
алаңым,
Іздеймін сенен терең сөз
баламын.
Кейде бір салсаң әуен
ыңылдатып,
Көңілдің кетеді ғой қозғап
әнін.
І жүргізуші: Қадірменді өнер
сүйер қауым! Қазіргі орындалатын әннің
бір неше жолын оқымақпын. Сіздер сол
әннің атын табуларыңызды сұраймыз.
Есейіп
кетсем де,
Мен саған сәбимін.
Көңіліңді
көктемде,
Көзіңнен танимын. – ал бұл
қандай ән?
Алдарыңызда әні қабыл
алыңыздар.
ІІ жүргізуші: Енді біздің
тағатсыздана күтіп тұрған сайыскерлеріміздің
өнерін тамашалайық.
Дауысың қандай
сырлы еді,
Табиғатты тыңдатқан
Көркің
қандай нұрлы еді,
Таң шолпанмен
астасқан, - деп бірінші сайыскеріміздің
орындайтын әнін қабыл алыңыздар.
І
жүргізуші: Әндер - әндер! Ұш әуемде,
Ұш
көгімде, күллі әлемде,
Көктем келсе
гүл боп елге,
Менде бүгін түрленемін,
- деп келесі сайыскеріміздің өнерін
қабыл алыңыздар.
ІІ жүргізуші: Өнермен
терең жүзіп шарықтадың,
Мақсатыңды
талаппен анықтадың.
Сан қырлы таза
гауһар секілденіп,
Қуантады өзіңді
танытқаның, - деп келесі әншіміздің
өнерін тамашалайық.
І жүргізуші:
Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар
салайық.
Ата жолын жалғамақ,
Ел
дәстүрін сақтамақ,
Ел намысын
қорғамақ,
Жігіттер шықсын ортаға.
Бүгін
әнші атанбақ.
Келесі сайыскеріміздің
өнерін қабыл алыңыздар.
ІІ жүргізуші:
Жез таңдай күміс көмей өнерпазым,
Сайысқа
баптап қосқан дүлдүліміз.
Балалықтың
балдәуренін өткізіп,
Бақыт шаттық
қуаныш тілейміз – дей келе келесі
сайыскеріміздің өнерін тамашалайық.
І
жүргізуші: Жинаған өн бойына
өнеріңді,
Тәнтімін, ынтазармын
өрендерім.
Бұл сыннан сүрінбестен
өте шыққан,
Жарайсың, айналайын
сайыскерім, - деп келесі додаға түсуші
сайыскердің өнерін бағалайық.
ІІ
жүргізуші: Көңілім тағы жырлашы,
Сұңқардай
көкке самғашы.
Әсем әнім шырқалса,
Туған
жердің арқасы – деп келесі әншімізді
ортаға шақырайық.
Осымен біздің ән
сайысына қатысушы өнерпаздарымыздың
өнері өз мәресіне жетті, келесі бөлім
би сайысы.
«Қозғалыссыз өмір жоқ, би
сүймейтін бала жоқ» - деп ақындарымыз
жырлағандай енді «би сайысын» бастауға
рұқсат етіңіздер.
І жүргізуші:
Біздің мектептің қыздары өнері
асқан,
Билейді мың бұралып бала
жастан.
Қайда біздің өнерпаз
қыздарымыз?
Ортаға шық тартынбастан
– деп бишілеріміздің өнерін тамашалайық
ІІ
жүргізуші: Жақсы биде өнеге,
«Сегіз
қырлы бір сырлы»
Өнерді үйрен бір –
бірлеп,
Биде биле талпынып – келесі
бишімізді ортаға шақырамыз.
І
жүргізуші: Биім сондай әдемі,
Тілшігім
бар тербелген.
Нәзік сазды әуенмен,
Мың
бұралып билеймін,- дей келе жас
бишілерімізді ортаға шақырайық.
ІІ
жүргізуші: Бала, бала, балапан,
Қаймықпада
сескенбе.
Ортағашық кәнекей,
Өнеріңді
көрсетші – деп өнерпаз бишімізді ортаға
шақырамыз.
І жүргізуші: Міне біздің
мың бұралған бишілеріміздің де бүгінгі
сайысқа арнайы дайындап келген би
өнерлері өз мәресіне жетті.
Көрермендер
сіздер кімге дауыс бергілеріңіз келсе
сол сайыскердің атын алдын ала дайындалған
қағазға белгілеп әкеп берулеріңізді
өтінеміз.
Енді әділ қазыларымыз
сайыскерлеріміздің ұпайының есептерін
дайын болғанша сіздердің
құрметтеріңізге________________________________________
әні өздеріңізге арналады.
Сән –
салтанат жасайық,
Күй сандықты
ашайық.
Бұл мереке бұл тойға,
Әннен
шашу шашайық, - деп
орындауында_________________________ әні қабыл
алыңыздар.
ІІ жүргізуші: Кім өнерлі
бұл кеште, үміт алда,
Қобалжу бар
жүректе күдік барда.
Әділ қазы алқасы
атыңды ақта,
Әншілерге арманменен
бақыт жолда, - дей келе сөз кезегін әділ
қазыларға береміз.
І жүргізуші:
Көпшілік құрметіне бөленген өнерпаздарымыз
алдағы уақытта көптеген байқаудың
жеңімпаздары атанып, орындаушылық
шеберлігімен талғампаздығымен үлкен
– үлкен табыстарға жете берулеріңізге
тілектеспіз дей келе концерттік кешімізді
аяқтай отырып «өнер талантты өсіреді»
деген ақын сөзінен қуат алып, асыл мұраны
сақтап, өркендете берейік дегім келеді.
Көңіл бөліп тамашалағандарыңызға көп
рахмет!
Сау болыңыздар!
Балаға мейірім сыйла!» қайырымдылық акциясы
Мақсаты: Жас жеткіншектерді ұлттық рухта тәрбиелей отырып,
адамгершілік, инабаттылық сезімін ояту.
Өтілетін орны: Мәжіліс залы
Уақыты: 30.01.16ж. Сағат: 12.00-де
Ортаға 1 жүргізуші шығады
/Убаидулла Салиха/
І-Жүргізуші
Қайырлы күн! Қадірлі қауым, ел тірегі, ертеңіміздің кепілі болған жас достар!
І-Жүргізуші
Армысыздар жаны жайсаң, жүрегі жомарт ұстаздар мен ата-аналар!
«Қамқорлық» қайырымдылық акциясына қош келіпсіздер!
І-Жүргізуші
Жақсылық қылсаң балаға,
Бір қайырымын аларсың.
Адамгершілік танытып,
Дұрыс жолға саларсың.
Қолында бар да көмек ет,
Тарыққан жанға ағайын.
Қол үшін бер, демеу ет,
Алладан болсын сауабы.
І-Жүргізуші
Осы игі шараға байланысты бүгін біздің мектебімізге келіп отырған қонақтарымен таныстырып өтейін:
1.Мектепішілік ата – аналар комитетінің төрағасы_____________________
және ата – аналар
І-Жүргізуші
Сөз мектебіміздің директоры Устенов Бердіхан ағайға беріледі.
(немесе: сөз директордың..........................................орынбасары .........................................
......................................................................................... )
Ән «Ана мен әке» орындайтын Қожахметов Мұхамадали
ІІ-Жүргізуші
Келесі сөз кезегі мектепішілік ата – аналар комитетінің төрағасы____________________________беріледі.
І-Жүргізуші
Көп түкірсе көл деген,
Дана қазақ халқымыз.
Ұйымдасып, бірлесе,
Көмек етсек өзгеге – деп осы «Қамқорлық» қайырымдылық акция аясында істеген игі істеріңіз, жылы ілтипаттарыңыз, балалардың жүрегіне жылу ұялатсын десеңіз, осы күндері олардың бір арманы орындалып, бақытты балалықтың қуанышына бөленсін десеңіз мектептегі әлеуметтік тұрмысы төмен отбасы оқушыларына көмек көрсетулеріңізді сұраймыз!
Би «Балауса» - 3а сынып оқушылары
ІІ-Жүргізуші
Бүгінгі оқушы – Егеменді еліміздің болашағы екенін ескерсек, осы балалардан қоғамның тұлғасы болар білімді, тәрбиелі, мәдениетті азаматтар шығуына аз да болса қарлығаш көмектеріңізді бергендеріңізге ризашылығымызды білдіреміз.
І-Жүргізуші
Жомарттық – адамың ең тамаша қасиеттерінің бірі. Ол адамға қызмет қылып, жақсылық жасауға пейілді жанға тән сипат. Жомарт болу – өзіңде барды зәру адаммен шын жүректен бөлісу. Олай болса, шын жүректеріңізден жасаған жомарттықтарыңыз сіздерді қуанышқа бөлесін.
І-Жүргізуші
Акцияға қатысып отырған мектеп ата- аналары атынан сөз
1..............................................................................................................
2..............................................................................................................
3.............................................................................................................
Ән
ІІ-Жүргізуші
Жақсылықты ақ жүрекпен қабылдап,
Самға биік, жалын атып жүр алда.
Жігерің мен сеніміңді оттық қып,
Жас қырандай қанат қағып қиянға.
Асқақ арман – үлкен өмір бастауы,
Болашаққа бақыт үнін жолдаңдар!
Ән
І-Жүргізуші
Құрметті акцияға қатысып отырған қонақтар, мектеп оқушылары, ұстаздар! Бұл акция бір күнмен шектеліп қана қоймайды, осы оқу жылының соңына дейін жалғасын табады.
ІІ-Жүргізуші
Адамға еткен жақсылық,
Арнап берген нармен тең, - демекші қайырымдылық көрсеткен Сіздерге Аллаһ Тағаланың нұры жаусын! Келесі көріскенше сау болыңыздар!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген