Материалдар / Сенарий
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сенарий

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа жылға арналад
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Желтоқсан 2017
564
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады




«Е. Иззатуллаев атындағы жалпы орта мектеп»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі












Қатысатын сыныптар: 11а, 11 б, 10 а, 10 б,


Жүргізушілер : Абдезов Собиржон

Смаилова Феруза


Өтетін орны Спорт зал


Жауапты сынып жетекшілер:

Исаева Гузал

Арзиметова Нигора

Мутанов Мухитдин

Шерметов Садулла

Жаңа жыл кешіне арналған сценарий


Музыка: Сахнаға 2 жүргізуші шығады. (Жүргізушілердің суырып салу қабілеті болғаны дұрыс)


Жігіт: Тарихтағы түріктің, киелі көк бөрінің, асыл текті Алаштың ұрпағы, Ассалаумағалейкум!

Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бағыт,


Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.


Жылқы жылы кеп қалды ортамызға,


Жақсылықпен жалғассын жаңа уақыт.



Қыз: Армысыздар, бармысыздар, замандастар, бауырлар, ұлағатты ұстаздар мен шабытты шәкірттер!

Құтты болсын жаңа жыл, барша халық.


Қуанышқа, шаттыққа тамсанайық.


Бірімізге шынайы тілек тілеп,


Бар әлемге бақытпен жар салайық!




Жігіт: Білесің бе, осы Жаңа жыл әлемдегі ең көп, әрі ең керемет тойланатын мереке екен.



Қыз:.

Дұрыс айтасың, бұл күні қуанбаған жан қалмайды. Бәрінің жүздерінде күлкі мен шаттық. Әлемнің әр жерінде от шашулар атылып, жаңа жылдық шыршалар бой көтеріп, еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін бақыттың құшағында жүреді екен!



Жігіт: Құрметті қонақтар, ұстаздар мен оқушылар! Келе жатқан Жылқы жылы мерекесімен барлықтарыңызды шын жүректен құттықтаймыз. Жаңа жыл тек қана бақыт, қуаныш әкелсін дей отырып, бүгінгі көңілді кешімізді ашу үшін мектептің директоры Джалилов Дадахан ағайды және тәрбие істері бойынша директор орынбасары т Гулнара Ибадуллаеваны ... ортаға шақырамыз! (7 минут)









Қыз: Құрметті, ұстаздар, оқушылар! Сіздерді осындай бақытты шақтың қуанышы – Жаңа жылы мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз



Жігіт: Уа, халайық жараңдар,

Айналаға қараңдар!


Жаңа жылдың бұл тойын,


Салтанатқа санаңдар.


Қызық көріп, шат болып,


Шаттық күліп тараңдар,


Уа, халайық құрметті,


Көмейіме жыр кеп тұр


Жаңа жылды қарсы алып,


Ұзатып сап Жыланды!


11 А сынып


Жігіт: Қазақ баласы жылқы түлігін төресіндей көретіні соншалық, «қазақ жылқы мінезді» деп өзінің мінез-құлық, бітім – болмыс, жан дүниесінің айқындаушысына айналдырып алған. Бұлай өзінің жаратылысына жылқыдан ұқсастық іздеу – тек қазаққа ғана тән қасиет, әрі бұл қазақтың осы түлікке деген аса жоғары құрметінің белгісі


Қызықты ойындар.




Ән: "Жаңа Жыл"


Жігіт: Біздің биылғы жаңа жылымыз жылдағыдан ерекше, себебі Жылкы жылы еліміз талай белестерді бағындырды. Сонымен қатар алтын ұя мектебіміз де өз тарихындағы үлкен жетістіктерге қол жеткізді. (2013 жылғы мектептің жетістіктері баяндалады) (8 минут)

10 Бсынып






Қыз: Әр сыныптан бір-бір оқушыдан ортаға шақырып, Жаңа жылымыздың сәнін келтіретін Аяз ата мен Ақшақарды іздеп, тауып алып келуге жұмасасақ қалай қарайсыздар? Аяз ата мен Ақшақар қайда мерекелеп жүргенін білмейміз, сіздер осы хатты оларға апарып беріп, кешіміздің басты қонақтарын бірге алып келесіздер деген үміттемін. Уақытымыз шектеулі, сіздерге 15 минут уақыт беріледі. (Оқушыларды шығарып жібереміз). Ал жолдарыңыз болсын, іске сәт, достар.


Жігіт: Ендеше барлықтарыңызды мерекелік кештің керемет би алаңына шақырамыз!


Жалпы би (10 минут)


Жігіт: Рақмет, достар. Орындарыңызға жайғасыңыздар. Біздің достарымыздың межелеген уақыты да таяп қалды, ал біздің барлаушыларымыз қайда екен? (Іздеп кеткен оқушылар келеді. Біреуі айқайлап айтады)

Қыз: Міне, міне, мен жақсы хабар естіген сияқтымын. Сіздер ше?

(Тапқан баланың сөзі: Мен таптым! Мен таптым! Біздің кешіміздің құрметті қонақтарын алып келе жатырмын!)

Жігіт: Мінекей, біздің көптен күткен қонақтарымыз да келеді. Олай болса, орнымыздан тұрып, қонақтарымызды қошеметпен қарсы алайық.

Қыз: Бәріміз бірге «Аяз ата, Ақшақар» деп оларды ортамызға шақырайық. (Аяз Ата мен Ақшақар кіреді)


Қызықты ойындар




Аяз ата: Амансыңдар ма, балаларым! Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Дендеріңіз сау болып, сабақтарыңызды тек қана 4-пен 5-ке оқыңыздар! Біз сіздердің жіберген хаттарыңызды алып, естіген бойда жолға шығып, сіздерге де келіп қалдық.

Ақшақар: Сәлеметсіздер ме, балалар! Орманды көктей өтіп жеттік-ау сендерге! Қандай әдемі, неткен сұлу шырша! Өздерің де жайнап құлпырып отырсыңдар.

Аяз ата: Біз сіздерге жеткенше біраз шаршап та қалдық. Енді бізге қай төрден орын табылады екен?

(Шырша жанына орналасқан арнайы үстелге отырып, мерекелік шыршаны күтпеген сәтте жағады).


Жігіт: Қош келдіңіз Аяз Ата,

Қарсы аламыз орын беріп.

Ән салыңыз бізбен бірге,

Би билеңіз бізге еріп.

10А сынып

Қыз: Ортамыз нұрға толып,

Төрт құбыламыз түгел болды.


Жігіт: Аяз ата, Ақшақар достарымыздың сіздерге арнап дайындаған өнерлерін тамашалаңыздар. Ендеше келесі кезекті әр сыныптың әзірлеп отырған ерекше нөмірлі мерекелік кештегі қойылымдарына берейік.



Қыз: Олай болса, кешіміз одан әрі жалғасын табады. Ортаға сыныптың жас таланттарын шақырамыз!


Жігіт: Биіктерге құлаш сермейді,


Шарықтап көкке өрлейді.


Өтсе де қанша ғасырлар,


Халық мұрасы өлмейді. Кешегі сайын дала төсінде қырандай самғап, еркіндікте өмір сүрген бабалар мирасы - халық биі Қара жорға қарсы алыңыздар!


"Қара жорға" биі (Барлық сыныптар қосыла)


Жігіт: Құлақтан кіріп, бойды алар


Әсем ән мен тәтті күй,


Көңілге түрлі ой салар


11Б сынып


Әнді сүйсең менше сүй, - деп Алаш жұртына есімі мәшһүр болған ғасырлар тоғысындағы ұлы тұлға Абай атамыз айтқандай, әнді Абайша сүйіп бүгінде үлкен сахналарда өз өнерін халқына паш етіп жүрген 9 сынып оқушысы ... микрофон ұсынамыз!




Ән: Мерекелік ән орындалады


Қыз: Ақынбыз асау - біз деген,


Өмірден сәуле іздеген.


Қызыл көйлек кигенім,


Қызылға құмар қыз деген, - деп ақындықтың биігіне ұмтылып қара өлеңнің қадірін жастайынан біліп өскен кешегі өткен ұлылардың ұрпағы, асылдың сынықтарының қаламынан туған жырын жалғастырар сынып оқушыларының өз арнау жыр-шумақтарына кезек берейік!


Өлеңдер оқылады


Жігіт: Сыр қалмасын көңілде ақтарылмай,


Бақытын өз елінде тапқан ұдай.


Тай құлындай жарысып бірге өскен,





Жігіт: Көңілді кешімізді әрі қарай қызықты ойындармен жалғастырайық. Сізге салфеткадан қар суреттерін қию керек, кім бірінші сол жеңімпаз. Ойыншыларымызды ортаға шақырамыз, 1 минут уақыт беріледі. Тез және әдемі қар суретін қиған ойыншыға сыйлық беріледі.


(Аяз Ата өз сыйлығын береді)


Жігіт: Ал, халайық, тұрмайық

Әндетейік, жырлайық

Ортамызды ашайық

Ырыс тілеп бұл жылға

Жырдан шашу шашайық!

Ән орындалады




Қыз: Ал енді кезекті келесі ойынға береміз. Бұл ойын «Тосын сый» деп аталады. Мына тұрған шарлардың ішінде құпия тапсырма жатыр. Сіздер құраған жұп бұл шарлардың біреуін таңдап, қолдың көмегінсіз шарды жаруыңыз керек, және де аяқ киіммен де басуға болмайды. Айланы өздеріңіз ойлап табасыз. Шарды жарып болған соң, қағаздағы тапсырманы орындайсыз. Егер орындамасаңыз сыйлықтан құр қалдыңыз деп есептей беріңіз.


Жігіт: Ал енді ойынды бастайық. Сұрақтарды оқиық.

Ойын шарттары: 1. Лимонның жартысын қантсыз жеу керек.

2. Осы отырған оқушылардың арасынан қыз/жігіттің біреуін таңдап, жылы сөздер айту керек.

3. 7,8,9 санының көбейту кестесін айтыңыз.

4. Қоянның қимылын келтіріңіз.

(Ойын біткен соң)

Қыз: Мына сандықта әртүрлі сөздер бар. Сіздер сол сөздерді алып рет-ретімен ән айтасыздар және би билейсіздер. Соңында көрерменнің үлкен қошеметіне ие болған адам жеңімпаз атанады. Бастайық!

Ән: 1. Жаңа жыл 2. Мектеп 3. Арман 4. Қар


Би: 1. Қара жорға 2. Грузин биі 3. Шығыс биі 4. Ча-Ча-Ча


Жігіт: Ендеше келесі ойынымыз "Бірнеше сағыз шайнап Жаңа жылға тілек айту" деп аталады.

Ақшақар: Балалар барлығыңыз да өнерлі екенсіздер. Ендеше бізбен бірге әсем шыршамызды айналып би билейік. (Орындарына отырады)

Аяз ата: Жарайсыңдар, балаларым! Meнi бүгін бip куантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімді де өнерлі екенсіңдер.

Ал енді біз жолға шығайьқ. Бізді басқа да сендер сияқты балалар күтіп отыр. Тағы да Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!

Ақшақар: Жаңа жылда, балалар,

Тек жақсылық көріңдер.

Жылау, ауру, жамандық

Қастарыңда болмасын

Сау болыңдар, балалар!

Аяз-Ата: Қош, сау болыңдар, балалар!




Қыз: Аяз ата мен Ақшақарды суретке түсуге шақырайық!




Жігіт: Аяз ата мен Ақшақарды шығарып салдық, ендігі кезекте Жаңа 2014 жылдың Ханзадасы мен Ханшайымын анықтайтын кез де келді. Бүгінгі кештің қонақтарына бір-бір жапсырмадан беріп шығамыз. Бұл жапсырмаларды қыздар осы кеште ұнатқан жігіттеріне, ал жігіттер ұнатқан қыздарына жапсырады. Ең көп жапсырма жинаған жігіт пен қыз Жыл Ханзадасы мен Ханшайымы атанады. Ал қазір жапсырмаларды тарата берейік.



Жігіт: Сонымен бүгінгі кештің Ханшайымы ... ал Ханзадасы ... Қане, қошемет білдірейік.

Қыз: Жаңа жыл, жаңа жыл.

Қалауын тап, қар үстіне қада гүл,

Жігіт: Жаңа жыл, жаңа жыл.

Сан тілектің бастамасы ғана бұл.

Қыз: Кел жаңа жыл, игілік боп, иба боп

Жер бетіне кереметті жина көп.

Жігіт: Ақ қауырсын қанатына қайғы емес

Түтін емес, рауан нұры жинап от.

Жаңа жылдарың құтты болсын!

Қыз: Жүздерің әрқашан жарқын, көңілдерің шат, өмірлерің думанға толы болсын.

Жігіт: Жаңа жыл шаттығы мәңгілік тарқамасын! Осымен думанды кешімізді тәмамдап, әрі қарай би кешімізбен жалғастырайық!



























«Е. Иззатуллаев атындағы жалпы орта мектеп»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі













Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!