Материалдар / СЕНДЕ БІР КІРПІШ ДҮНИЕГЕ...
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

СЕНДЕ БІР КІРПІШ ДҮНИЕГЕ...

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушылардың мамандық таңдауда өзін-өзі тану арқылы, дұрыс бағыт алып, бейімделуіне психологиялық көмек көрсету. Оқушының кәсіби бағдарына психологиялық дайындық жұмыстарын жүргізу және қиындықтан шығу шеберлігін шыңдау.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Желтоқсан 2018
758
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

КММ №46 орта мектебі























СЕНДЕ БІР КІРПІШ ДҮНИЕГЕ...























Башикова М.Ж





Сабақтың мақсаты: оқушылардың мамандық таңдауда өзін-өзі тану арқылы, дұрыс бағыт алып, бейімделуіне психологиялық көмек көрсету. Оқушының кәсіби бағдарына психологиялық дайындық жұмыстарын жүргізу және қиындықтан шығу шеберлігін шыңдау.

Міндеттері : - Оқушылардың тұлғалық және кәсіби өзін-өзі табуы барысына психологиялық көмек көрсету;

- Болашақ білім алу бейімі мен мамандығын таңдауда оқушылардың бейімділігі, қабілеті мен мүмкіндіктерін айқындау;

- Мақсат қойып, оған ұмтылуға баулу, белсенділікті арттыру; - Заман талабына сай икемділікті дамыту, әлеуметтік ортадағы өзгерістерге тез бейімделуіне ықпал ету;

- Оқушылардың мамандық таңдауда оң шешім қабылдауға, еңбек қуанышын сезінуге, өзінің бойындағы қасиетін тануға жетелеу.

Күтілетін нәтиже: Мамандық таңдаудың алғашқы баспалдағында өзін-өзі танып, икемділіктерін дамытып, болашақ мамандыққа дұрыс бетбұрыс алып, соған қарай бейімделген, уақыт-заман талаптарына тез үйренетін, өзгенің пікірін сыйлайтын, құзіретті жеке тұлға қалыптастыруға ықпал ету.

Жұмысты өткізу формалары:

Тренинг

Пікірталас

Ойлау типін анықтау


1.Өзіңді өзің таны

2.«Егер де мен ... болсам, ... осындай болар едім» жаттығуы

3 . «Сыр сандық»

4 . Сипатына қарай мамандықты тап

5 . Ойлан тап

6 . Аукцион

7 . Ұлы адамдар мамандығы

8 .Мақал – мәтелдер сайысы

9. «Сен өз болашақ мамандығыңды білесің бе?» жаттығуы


10.Жүргізілген жұмыстарды қорытындылау, рефлексия







Жүсіпбек Аймауытұлы «Мамандықтың жаманы жоқ. Бірақ оның кез келгеніне икемділік қажет. Бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, бұл үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе.»

  1. Өзіңді өзің таны

Мақсаты: Өзін-өзі тануды дамыту, өзгенің пікірін сыйлап түсіне білуге баулу, өз құндылықтарын арттыру. Мамандықтың салаларымен танысу. Керекті құралдар: А3 жеке беттері, қалам, қарындаш, фломастерлер, бор. Барысы: 1. «Мен кіммін, қандаймын?» жаттығуы орындалады. Әрбір оқушы «Мен кіммін, қандаймын?» деген сұраққа 20 пікір жазу керек. Берілетін уақыт 10 минут. Оқушылардың пікірлері міндетті түрде талқылануы тиіс.

2.Балалардан 5 минут уақыттың ішінде «Қуаныш дегеніміз не?» деген сұраққа пікірлер жазылып, немесе суретін салып беруін сұраймыз. Жұмыстар жиналып «сиқырлы сандыққа» салынады. Басқа да осы тақырыптардағы суреттер қорымен қосып аралыстырамыз. Бір-бірлеп алынып балаларға таратылады. Оқушылардың назарын «қуанышты» әркім әрқалай түсініп, әртүрлі елестететіне аударамыз. Біраз талдаудан кейін бір затты әркімнің әрқилы түсінетіндігі, елестететіндігі туралы қорытынды жасаймыз. Соңынан тапсырманы орындау жеңіл болды ма, жоқ па соған талдау жасалады. Әр адамның ерекше, қайталанбас екенін, әр адамның орнын ешкім толтыра да, ауыстыра да алмайтынын тұжырымдай келе, басқалардың пікірлерін тыңдап, сыйлау керектігі айтылады.

3. «Біз екеуіміз ұқсаспыз, әртүрліміз» жаттығуында оқушылар жұпқа бөлініп жұмыс жүргізеді. Дәптерде екі бағанға өзін жанындағы жұбымен салыстыра отырып (біріншісінде ұқсастық, екіншісінде айырмашылық) бойларындағы ерекшеліктерін жазып беруін сұраймыз. Тапсырма орындалып, талқыланған соң аталған ерекшеліктерді тақтаға физиологиялық, психологиялық топтарға жинақтап талдаймыз.

4. «Менің күн бетіндегі бейнем» жаттығуы: әркім басқаларды күн сәулесіндей өзіне тартатын өз бойындағы жақсы, жағымды қасиеттердің тізімін жасайды немесе сәуле бойына жазады. Бұл жаттығу оқушының өз құндылығын түсінуге, арттыруға әсер етеді.

2. «Егер де мен ... болсам, ... осындай болар едім» жаттығуы.

Ойынның мақсаты: Қатысушыны белгілі бір мамандыққа қызығушылығын ояту. Қатысушылар шеңбер бойымен отырады, көпнүктенің орнына таңдаған мамандығын және жететін жетістігін айтуы тиіс. Алғашқы ойыншы «Егер де мен ... болсам» сөйлемді бастайды, келесі ойыншы сөйлемді аяқтайды.

3 . «Сыр сандық»

1 топ Мына сандықшада тігінші де, аспазшы да өз жұмысында пайдаланатын зат бар. Ол не?

2 топ Мына сандықшада музыканттың, дәрігердің және болатшының жұмысында қолданылатын еңбек құралы бар. Ол не?

Ғалым – социологтардың зерттеуі бойынша жастардың шамамен 40 ℅ мамандық таңдауда қателеседі екен, яғни өзінің қабілетіне, ішкі мүмкіндіктерін ескермей таңдау жасай береді. Ал оның соңы түңілуге, тіпті психикалық ауытқуларға да әкелуі мүмкін.

4 . Сипатына қарай мамандықты тап

1 топ Бұл мамандықтағы еңбекшілердің жұмысы психологиялық, физиологиялық тұрғыда ауыр десе болады. Сондықтан да оларға жоғары дәрежедегі медициналық күтім қажет.Жұмыс аймағында түнек, тар ауа.

Шахтер, кенші

2 топ Ал бұл мамандықтағы адамдар қылмыс болған жерге бірінші болып жетеді.Саусақтар ізін, қолтаңбасын анықтайды. Бұл саладағы кез – келген маман ер адамның жүру қадамы 60-90 см,әйелдер мен қариялардыкі 50-70 см, ал метрге жетсе ол адамның жүгіргенін біледі.

Криминалист

1 топ Мамандар айтады, жердегі әрбір төртінші адамға 1 сиырдан келеді деп және сиыр адамзат дамуының алғашқы кезеңдерінен бері адамдарды асырап келеді, әлі де асырай бермек. Өйткені оның сүті ағзаға қажетті элементтерге бай. Ал осы кәсіптегі еңбекшілер дәл осы “құнды азықты” өндірушілер десек болады.

Сауыншы

2 топ Орманда да, шөлде де, тауда да, қалада да, далада да электр сымдары тартылған. Олар бізге жарық, жылу, электр энергиясын әкеледі. Техникалық қауіпсіздік ережесін сақтау бұл мамандық иелерінің негізгі алғы шарты.

Электромонтажник

5. Ойлан тап





6.Аукцион



















7. Ұлы адамдар мамандығы

Shape1



8 .Мақал – мәтелдер сайысы

Shape2












9. «Сен өз болашақ мамандығыңды білесің бе?» жаттығуы

Мақсаты: Оқушылардың мамандық таңдаудағы өзіндік жоспарын айқындау Қатысушыларға парақтар мен қаламдар таратылады. Парақтың жоғарғы жағына таңдаған мамандығын жазуы қажет. Егер де әлі таңдамаса ұнайтын мамандығын жазуы қажет. Қатысушыларға сауалнама сұрақтары оқылады, олар «иә» немесе «жоқ» деп жауап берулері тиіс.

1. Таңдаған мамандығыңның мазмұны туралы білесің бе?

2. Еңбек ақы және еңбек шартын білесің бе?

3. Таңдаған мамандығыңды қандай оқу орындары дайындайтындығын білесің бе? 4. Сенің бойыңда осы мамандықты игере алатын қасиеттер бар ма?

5. Осы мамандықты игеру үшін білімің жеткілікті ме?

6. Осы мамандықты игеру үшін қандай пәндерді тереңдетіп оқу керектігін білесің бе? Егер де осы сауалнаманың оңды жауаптары 40-60% құраса мақсатымызға жеткеніміз деп білеміз. Ал теріс жауаптары көп болса, қатысушыларға жеке ақыл –кеңестер беру қажет.

10.Жүргізілген жұмыстарды қорытындылау, рефлексия

Мақсаты: Оқушылармен жүргізілеген диагностикалық, ағартушылық, дамытушылық, консультациялық жұмыстарды қорытындылау. Жекелеген оқушыларға кеңестер беру. Түрі: эссе, ойтолғау, шығарма.

Психолог кеңесі: Мамандық таңдау жасөспірім шақтағы ең маңызды шешімдердің бірі. Үлкен өмірге енді ғана аяқ басқан жас ұланның алдында мыңдаған мамандықтан өзіне лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады. Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез-келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың жолы ғана емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе. Кейбір жастар мамандық таңдау ережесін білмегендіктен өзі қызықпайтын мамандықты таңдайды. Осыдан өз мамандығына қанағаттанбаушылық, реніш сезімдері болып, тіпті алдарына жоспар да құрғысы келмейді. Әрбір адам өзін-өзі дамыта алу үшін білім алып, сол біліміне сай мамандыққа машықтану керек.

1. Мектептегі оқу пәндері нақты мамандық емес. Пәнге деген қызығушылық оған байланысты жұмыстың ұнайтынын білдірмейді. Қалаған мамандықтың мазмұнына көңіл аудару.

2. «Егер мамандық сенің досыңа ұнаса, саған да ұнайды» деген қорытынды жасауға болмайды.

3. Мамандықтың мазмұны, қызықты қырлары, жұмыс тәртібі мен жағдайы туралы сұрақтарға жауап бере алғанда ғана сенің таңдаудағы ой-ниетің салмақтана түспек. Сән қуып, мамандық тандаудың қажеті жоқ. Оқуды тәмамдап, жұмыс істегенше, ол мамандық сәннен шығып қалуы мүмкін.

4. Алдағы өмірлік жоспарың қандай болмасын, шет тілін үйреніп, компьютерде жұмыс істеуді игерген аса пайдалы.Заманның ағымына қарай кейбір мамандықтар тез ескіріп, оның орнын жаңа мамандықтар басып жатыр. Сондықтан кез-келген жағдайда қосалқы меңгерген мамандық болу керек.

5. Мүмкіндігіңше таңдаған мамандығыңның өзіңнің денсаулық жағдайыңа сәйкес келетіндігін ескеру қажет.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!