15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Шеңбер бойымен жүгіру
|
тақырыбы: Шеңбер бойымен жүгіру |
|||
|
ҰОқ-ның оқыту мақсаты |
0.1.2.1. Организмнің төзімділігі мен жаттыққандығын жетілдіру үшін түрлі жүктемелерді біртіндеп үдетумен дене жаттығуларын орындау. 0.2.1.2. Жүру мен жүгірудің негізгі түрлерін орындау, оларды алмастырып орындау, қарапайым дене жаттығуларымен алмастыру. 0.2.1.4. Секірудің әртүрлі түрлерін орындау, тепе-теңдікті сақтай отырып өзгермелі жағдайларда секірулер. 0.3.2.1. Түрлі спорттық ҰОҚ-ға қажетті ресурстарды анықтау және оларды техника қауіпсіздігін ескере отырып қолдану. |
||
|
Күтілетін нәтиже |
Барлық балалар орындай алады: |
||
|
Қозғалыс кеңістігінде топпен қауіпсіз жұмыс жүргізеді. Қолды әртүрлі қалыпта ұстап жүру. Ракеткамен жаттығулар орындау. Еркін бағытта сол және оң аяқтың ішкі жағымен футбол добын алып жүру. «Ми жаттығуы» элементтерін орындау. Баяу жүгіру – 3 минут. |
|||
|
Балалардың көпшілігі орындай алады: |
|||
|
«У-шу» жаттығулар кешенімен тыныс алуды қалпына келтіру. Допты алып жүру кезінде бірқалыпты жеңіл соққы беру. Қозғалыс кезінде воланның ұшу ерекшелігімен таныстыруға арналған жаттығулар орындау. Дене шынықтыру жаттығуларында ілеспе қимылдар орындау. Көрсетілген тәсіл бойынша жолақтар бойынша секіру. |
|||
|
Кейбір балалар орындай алады: |
|||
|
3 м қашықтықтан футбол добын нысанаға дәлдеп соғу. |
|||
|
тілдік мақсат |
Балалар іс-әрекетті талдау және бағалау, өзінің және өзгенің олқылықтары мен әлеуетін анықтау дағдыларын көрсетеді. |
||
|
Пәндік лексика және терминология: |
|||
|
Денсаулық, стадион, судья, футбол, қақпашы, қорғаушы, шабуылшы, төреші, жаттықтырушы, массаж жасаушы, бадминтон, ракетка, волан. |
|||
|
Талқылауға арналған сұрақтар: |
|||
|
Бадминтон қандай қасиеттерді дамытады? Футбол баскетболдан несімен ерекшеленеді? Футбол ойнағанда тәуекелдікті қалай азайтуға болады? Ракеткамен қимылды бір орнында тұрып жасаған күрделі ме, әлде қозғалыс кезінде ме? Қақпашы қандай қызмет атқарады? (Қорғаушы, шабуылшы ше)? |
|||
|
Неге екенін айта аласыңдар ма…? |
|||
|
Неліктен футбол денсаулыққа пайдалы екенін айта аласыңдар ма? Неліктен спортпен бала кезден айналысу керек екенін айта аласыңдар ма? |
|||
|
Алдыңғы оқыту |
«Жұлдызша», «Тоннель», «Шайба қуу», «Мұздағы кегельдер», «Көлеңке». |
||
|
Жоспар |
|||
|
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|
|
Қызығушылықты ояту 0–3 минут |
Балалардан қалаңыздың футбол клубы туралы, футбол жарыстарына барғаны туралы әңгімелеуін сұраңыз. Футболда ойыншылардың функционалдық міндеттері, жаттықтырушының, массаж жасаушының рөліне назар аударыңыз. Стадиондағы тәртіп ережесіне, кездейсоқ жағдайлардағы қауіпсіздік ережелеріне көңіл бөліңіз. |
Кең, бос кеңістік. |
|
|
Негізгі бөлім 4–12 13–27 |
Қолға арналған жаттығулар жасай отырып жүру. Баяу жүгіру – 3 минут. «У-шу» жаттығулар кешенімен тыныс алуды қалпына келтіру. құс ұядан ұшады – б.қ. – аяқ иық деңгейінде. Қолды кеуде тұсында бүгіп, білекті көлденең, саусақты жазып ұстау; шынтақты барынша екі жаққа апарып демді ішке тарту; б.қ. – демді сыртқа шығару. Аяқ ұшын алға апару 6 – 8 рет. тырна қанатын жаяды (екі жаққа бұрыла отырып). Б.қ. – қолды баяу алға созып, жоғарыға, екі жаққа созу. Бір мезетте оң аяқты тізе бүге отырып көтеру (жамбас еденге көлденең келеді);
Жылан биі. Б.қ. – аяқты иық деңгейінде ұстау, қолдың саусақтарын айқастырып желкеге қою, шынтақты барынша артқа тарту;
Жел тербеген құрақ Б.қ. – аяқты алшақтата ұстап, сол аяққа еңкею, саусақты аяққа жеткізу – демді сыртқа шығару. Б.қ. – демді ішке тарту. Оң аяқпен де осылай жасау. қолмен аспанды итеру. Б.қ. – қолды алға – жоғары баяу көтеру. Тыныс алуды қалпына келтіруге арналған жаттығу. Жұмулы көзбен 8 рет орындау, тыныс алу, денені тік ұстау. (т, ПК) табанмен тоқтату – бұл ең қарапайым тәсіл. Мұны орындау үшін аяқты допқа қарай созу, тізені сәл бүгіп аяқтың басын жоғары көтеру, өкшені түсіріп допқа тіреп аяқты артқа жылжыту. Балалар ысқырған кезде допты тоқтатуы тиіс. Кеңістікті бөлу мен көшбасшылыққа назар аударылады. (т) «Дәл соққы» 3 м қашықтықтан футбол добын нысанаға дәлдеп соғу. Әр команданың ойыншылары кезекпен футбол добын сызық бойынша нысанаға дәлдеп соғады. Әр дәл тиген соққы үшін ұпай беріледі. Мерген команда жеңімпаз атанады.
(т) «Жолақша бойынша секіру» Алаңға жалпақтығы 50 см жолақшалар төселеді. Екі команда алаңның бір шетінде тұрады. Белгі бойынша бірінші тұрған команда мүшелері бір жолақтан екінші жолаққа секіреді. Секірулер мұғалімнің нұсқауымен болады (бір аяқпен, екі аяқпен, аяқтан аяққа). Тапсырманы дұрыс орындағандар ұпай жинайды. |
Футбол доптары. Допты тоқтату үшін белгі беретін ысқырғыш.
Футбол добы. Жалпақтығы 50 см жолақтар. |
|
|
Қорытынды бөлім 28–30 |
Балаларға қалаңыздың әйгілі футбол клубы, клубтың үздік футболшысы, Қазақстанның әйгілі футболшысы туралы әңгіме дайындауын ұсыныңыз. |
|
|
Тексерілді__________________________

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген