400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 13 материал табылды

Шеңбер бойымен жүгіру

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға шеңбер бойымен жүруді үйрету
Материалдың қысқаша нұсқасы



тақырыбы: Шеңбер бойымен жүгіру

ҰОқ-ның оқыту мақсаты

0.1.2.1. Организмнің төзімділігі мен жаттыққандығын жетілдіру үшін түрлі жүктемелерді біртіндеп үдетумен дене жаттығуларын орындау.

0.2.1.2. Жүру мен жүгірудің негізгі түрлерін орындау, оларды алмастырып орындау, қарапайым дене жаттығуларымен алмастыру.

0.2.1.4. Секірудің әртүрлі түрлерін орындау, тепе-теңдікті сақтай отырып өзгермелі жағдайларда секірулер.

0.3.2.1. Түрлі спорттық ҰОҚ-ға қажетті ресурстарды анықтау және оларды техника қауіпсіздігін ескере отырып қолдану.

Күтілетін нәтиже

Барлық балалар орындай алады:

Қозғалыс кеңістігінде топпен қауіпсіз жұмыс жүргізеді.

Қолды әртүрлі қалыпта ұстап жүру.

Ракеткамен жаттығулар орындау.

Еркін бағытта сол және оң аяқтың ішкі жағымен футбол добын алып жүру. «Ми жаттығуы» элементтерін орындау.

Баяу жүгіру – 3 минут.

Балалардың көпшілігі орындай алады:

«У-шу» жаттығулар кешенімен тыныс алуды қалпына келтіру.

Допты алып жүру кезінде бірқалыпты жеңіл соққы беру.

Қозғалыс кезінде воланның ұшу ерекшелігімен таныстыруға арналған жаттығулар орындау.

Дене шынықтыру жаттығуларында ілеспе қимылдар орындау. Көрсетілген тәсіл бойынша жолақтар бойынша секіру.

Кейбір балалар орындай алады:

3 м қашықтықтан футбол добын нысанаға дәлдеп соғу.

тілдік мақсат

Балалар іс-әрекетті талдау және бағалау, өзінің және өзгенің олқылықтары мен әлеуетін анықтау дағдыларын көрсетеді.

Пәндік лексика және терминология:

Денсаулық, стадион, судья, футбол, қақпашы, қорғаушы, шабуылшы, төреші, жаттықтырушы, массаж жасаушы, бадминтон, ракетка, волан.

Талқылауға арналған сұрақтар:

Бадминтон қандай қасиеттерді дамытады? Футбол баскетболдан несімен ерекшеленеді? Футбол ойнағанда тәуекелдікті қалай азайтуға болады? Ракеткамен қимылды бір орнында тұрып жасаған күрделі ме, әлде қозғалыс кезінде ме? Қақпашы қандай қызмет атқарады? (Қорғаушы, шабуылшы ше)?

Неге екенін айта аласыңдар ма…?

Неліктен футбол денсаулыққа пайдалы екенін айта аласыңдар ма? Неліктен спортпен бала кезден айналысу керек екенін айта аласыңдар ма?

Алдыңғы оқыту

«Жұлдызша», «Тоннель», «Шайба қуу», «Мұздағы кегельдер», «Көлеңке».

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Қызығушылықты

ояту

0–3 минут

Балалардан қалаңыздың футбол клубы туралы, футбол жарыстарына барғаны туралы әңгімелеуін сұраңыз. Футболда ойыншылардың функционалдық міндеттері, жаттықтырушының, массаж жасаушының рөліне назар аударыңыз. Стадиондағы тәртіп ережесіне, кездейсоқ жағдайлардағы қауіпсіздік ережелеріне көңіл бөліңіз.

Кең, бос кеңістік.

Негізгі бөлім

4–12

13–27

Қолға арналған жаттығулар жасай отырып жүру. Баяу жүгіру – 3 минут. «У-шу» жаттығулар кешенімен тыныс алуды қалпына келтіру.

құс ұядан ұшады – б.қ. – аяқ иық деңгейінде. Қолды кеуде тұсында бүгіп, білекті көлденең, саусақты жазып ұстау; шынтақты барынша екі жаққа апарып демді ішке тарту;

б.қ. – демді сыртқа шығару. Аяқ ұшын алға апару 6 – 8 рет. тырна қанатын жаяды (екі жаққа бұрыла отырып). Б.қ. – қолды баяу алға созып, жоғарыға, екі жаққа созу. Бір мезетте оң аяқты тізе бүге отырып көтеру (жамбас еденге көлденең келеді);

  • демді ішке тарту;

  • демді сыртқа шығару, б.қ.;

  • сол аяқпен осылай қайталаймыз.

Жылан биі. Б.қ. – аяқты иық деңгейінде ұстау, қолдың саусақтарын айқастырып желкеге қою, шынтақты барынша артқа тарту;

  • Бас пен табанды қозғалтпастан сағат тіліне қарсы бағытта бөксені жеті рет айналдыру.

Жел тербеген құрақ

Б.қ. – аяқты алшақтата ұстап, сол аяққа еңкею, саусақты аяққа жеткізу – демді сыртқа шығару. Б.қ. – демді ішке тарту. Оң аяқпен де осылай жасау.

қолмен аспанды итеру. Б.қ. – қолды алға – жоғары баяу көтеру. Тыныс алуды қалпына келтіруге арналған жаттығу. Жұмулы көзбен 8 рет орындау, тыныс алу, денені тік ұстау.

(т, ПК) табанмен тоқтату – бұл ең қарапайым тәсіл. Мұны орындау үшін аяқты допқа қарай созу, тізені сәл бүгіп аяқтың басын жоғары көтеру, өкшені түсіріп допқа тіреп аяқты артқа жылжыту.

Балалар ысқырған кезде допты тоқтатуы тиіс. Кеңістікті бөлу мен көшбасшылыққа назар аударылады.

(т) «Дәл соққы»

3 м қашықтықтан футбол добын нысанаға дәлдеп соғу. Әр команданың ойыншылары кезекпен футбол добын сызық бойынша нысанаға дәлдеп соғады. Әр дәл тиген соққы үшін ұпай беріледі. Мерген команда жеңімпаз атанады.

Shape1 Shape2 Shape3

(т) «Жолақша бойынша секіру»

Алаңға жалпақтығы 50 см жолақшалар төселеді. Екі команда алаңның бір шетінде тұрады. Белгі бойынша бірінші тұрған команда мүшелері бір жолақтан екінші жолаққа секіреді. Секірулер мұғалімнің нұсқауымен болады (бір аяқпен, екі аяқпен, аяқтан аяққа). Тапсырманы дұрыс орындағандар ұпай жинайды.



Футбол доптары.

Допты тоқтату үшін белгі беретін ысқырғыш.



Футбол добы.

Жалпақтығы 50 см жолақтар.

Қорытынды бөлім

28–30

Балаларға қалаңыздың әйгілі футбол клубы, клубтың үздік футболшысы, Қазақстанның әйгілі футболшысы туралы әңгіме дайындауын ұсыныңыз.








Тексерілді__________________________













































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
1013
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі