400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Шеңбер. Дөңгелек және дөңгелек сектор

Материал туралы қысқаша түсінік
5-сынып, "Шеңбер. Дөңгелек және дөңгелек сектор" тақырыбына арналған конспект
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Шеңбер. Дөңгелек және дөңгелек сектор

  1. Сабақтың мақсаты: Шеңбер, дөңгелек, дөңгелек секторы ұғымдарымен, шеңбер мен дөңгелектің элементтерімен (центр, радиус және диаметр) танысасыңдар. Циркульдің көмегімен шеңбер салуды үйренесіңдер.

  2. Конспект:

1Shape1

1. О нүктесін шеңбердің центрі деп атайды.

2. Шеңбердің кез келген нүктесін центрмен қосатын кесінді шеңбердің радиусы деп аталады. Оны R немесе r латын әрпімен белгілейміз.



-суретте кескінделген фигураның шеңбер екенін сендер білесіңдер.






2 -суретте шеңбердің радиусы – ОА кесіндісі кескінделген. Шеңберде жатқан барлық нүкте центрден радиусқа тең бірдей қашықтықта орналасқан: ОА=R.

Shape2

3. Шеңбердің центрі арқылы өтіп, оның екі нүктесін қосатын кесінді диаметр деп аталады. Оны d немесе D деп белгілейміз.

4. Шеңбердің диаметрі оның радиусынан 2 есе үлкен. Яғни, D=2R.










3-суретте KH кесіндісі шеңбердің диаметрі болады.

4Shape3

5. Дөңгелек шеңбермен шектелген.

6.Дөңгелектің барлық нүкелері оның дөңгелекті шектейтін шеңбердің радиусына тең немесе одан кіші аралықта орналасқан.



-суретте кескінделген фигура - центрі О нүктесі болатын дөңгелек. Қағаздан дөңгелек қиып алуға болады.







Дөңгелектің кейбір бөліктерінің атаулары бар.

Shape4

7. Дөңгелектің екі радиусы мен осы радиустар арасындағы доғамен шектелген бөлігі дөңгелек сектор д.а.







Мысалы, 5-суреттегі дөңгелектің боялған бөлігі дөңгелек секторы деп аталады. Дөңгелектің екі радиусын жүргізіп дөңгелек секторын алуға болады. Бұл жағдайда екі сектор шығады. Мысалы, 5-суретте дөңгелектің бір секторы боялған, екінші секторы боялмаған.

Әр секторға сәйкес бұрыш бар. Егер дөңгелек екі секторға бөлінсе, онда бір сектордың бұрышы белгілі болған жағдайда екінші сектордың бұрышын табуға болады.

Мысалы, бұрышы 135 -қа тең болса, онда екінші сектордың бұрышы 225 болады. Өйткені 360 -135 225 (6-сурет).



  1. Тапсырмалар:

№1. Дөңгелек үш секторға бөлінген. Егер сектордың бұрыштары 1)52 және 86 ; 2) 90 және 66 ; 3) 120 және 100 ; 4) 180 және 36 ; 5) 180 және 90 ; 6) 180 және 100 болса, үшінші сектордың бұрышы қандай?

№2. Дөңгелекте градустық өлшемдері 40, 130 және 60 үш сектор сызып, оларды әртүрлі түспен бояңдар. Боялмаған сектордың бұрышының градустық өлшемін табыңдар.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 мамыр
1010
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі