400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Шеңбер және оның элементтері

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы




Тақырыбы:

Шеңбер және оның элементтері

Күні,айы:

Мұғалімнің аты-жөні: Әбдрашит Гүлжаухар Асылбекқызы

Сынып:7

Сабаққа қатысқан оқушылар саны:

Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

7.1.1.31

нүктелердің геометриялық орнының анықтамасын білу;

7.1.1.28

шеңбер мен дөңгелектің және олардың элементтерінің (центр, радиус, диаметр, хорда) анықтамаларын білу;


Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар:

Шеңбер және дөңгелек ұғымымен танысады

Шеңбер элементтерін атай алады

Циркульдің көмегімен шеңберді сызуға дағдыланады

Шеңбер мен дөңгелектерге өмірден мысалдар келтіреді

Оқушылардың басым бөлігі:

Шеңбер және оның элементтері тақырыбы бойынша жаңа ұғымдармен танысады.

Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын артады, математикалық тіл байлығын дамиды.

Оқушыларды өз бетімен білім алуға дағдыланады

Кейбір оқушылар:

Сабаққа қызығушылығы артып, өз ойын жүйелі түрде жеткізеді. Оқушылар сыни тұрғыдан ойлауға дағдыланады

Бағалау критерийі

Нүктелердің геометриялық орнына мысалдар келтіреді

Геометриялық нүктелердің орны арқылы шеңберді және оның элементтерін анықтайды


Тілдік мақсаттар

Оқушылар: - шеңберлердің орналасуын олардың центрлерінің ара қашықтығы мен радиустарына

тәуелділігін сипаттайды;


Бөлім бойынша лексика және терминология

- нүктелердің геометриялық орны;

- шеңбердің центрі, радиусы, диаметрі;

- хорда;

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

- нүкте шеңбердің ... (бойында, ішінде, сыртында ) жатыр;

- ... салу үшін ... (циркул, сызғыш) көмегімен орындауға болады

шеңбердің центрі;

Құндылықтарға баулу

Сын тұрғысынан ойлау,топтық жұмыс барысында өзара сыйластық,құрметпен қарау,ынтымақтастық,ашықтық,жауапкершілікті сезіну,білім алуға дайын болу

Пәнаралық байланыс

«Көркемөнер» , «Сызу»

Алдыңғы оқу

Дөңгелек,шеңбер,радиус,кесінді,түзу туралы түсініктері бар





Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың басы ( 5 мин)

Ұйымдастыру кезеңдері

Оқушылармен амандасу, түгендеу, сынып тазалығын қадағалау.

ІІ. Өткен сабақ бойынша алған білімдерін қайталау.

Сөзжұмбақты шешкенде біздің жаңа тақырыбымыздың атауы шығады.

Сұрақтары:

  1. бір түзудің бойында жатпайтын үш нүктеден тұратын фигура? (үшбұрыш)

  2. екі қабырғасы тең үшбұрыш? ( тең бүйірлі)

  3. барлық қабырғалары тең үшбұрыш ? (теңқабырғалы)

  4. бұрышты қақ бөлетін сәуле? (биссектриса)

  5. үшбұрыштың төбесін қарсы жатқан қабырғаның ортасымен қосатын

кесінді? (медиана)

  1. бұрышты өлшейтін құрал? (транспортир)








Ш













Е













Ң











Б

















Е













Р











Оқушылардың дұрыс жауаптарын мадақтау


Оқушыларды тақырыпқа сәйкес термин сөздер (шеңбер,дөңгелек, радиус) жазылған дөңгелектер арқылы топқа бөлу



Сабақтың ортасы

(30 мин )


АКТ мүмкіндіктерін қолдану арқылы тақырыпқа сәйкес бейнежазбалар көрсетіледі. (3 мин )

Шеңбер,радиус,хорда,диаметр,өмірде кездесетін мысалдар, циркуль көмегімен шеңберді сызу.

Топтық жұмыс (15 мин )

Жаңа тақырыпты меңгеру мақсатында постер қорғатамын.

Берілген мәтінді оқып,топпен бірлесе отырып талқылайды және әр топтың жұмысын «Екі жұлдыз -бір ұсыныс» арқылы бағалайды.

Оқулықпен жұмыс

І топ «Шеңбер » тобы : Шеңбер және оның элементтері

ІІ топ «Дөңгелек » тобы .Дөңгелек және оның элементтері

ІІІ топ «Радиус» тобы . Дөңгелек және оның бөліктері

Кері байланыс орнату

1)Топта жұмыс істеу ұнады ма?

2)Өзге топтың бақылау нәтижелерімен келісесіздер ме?

«Екі жұлдыз -бір ұсыныс» арқылы бағалау

Анықтама. Берілген нүктеден бірдей қашықтықта жатқан нүктелерден тұратын геометриялық фигура шеңбер деп аталады. Берілген нүктені шеңбердің центрі деп атайды. Шеңбердің кез келген нүктесін оның центрімен қосатын кесінді радиус деп аталады.


О нүктесі – шеңбердің центрі, АО – радиусы.

Белгіленуі: R немесе r.

(O, R) – центрі О нүктесі болатын,

радиусы R-ге тең шеңбер.

Ш еңбердің екі нүктесін қосатын кесіндін хорда деп аталады. Шеңбердің центрі арқылы өтетін хорданы диаметр деп атайды. Диаметр – ең үлкен хорда. Шеңбердің центрі диаметрдің ортасында жатады.


CD, AB, EF – хордалар,

AB – диаметр, AB=2R.

Ш еңбердің бөлігі доға деп аталады. Доғаны « » белгісімен белгілейді. Шеңбердің кез келген екі нүктесі оны екі доғаға бөледі.

және .

Екі радиустың арасындағы бұрыш центрлік бұрыш деп аталады.

АОВ бұрышы – центрлік бұрыш.

АВ доғасының градустық өлшемі АОВ центрлік бұрышының градустық өлшеміне тең.

.


Жазықтықтың шеңбермен шектелген бөлігін дөңгелек деп атайды.


















Жұптық жұмыс (5мин)


№1. Шеңбердің радиусы 2,5 см-ге тең болса , диаметрі нешеге тең ?

( 5 см)

№2. Егер шеңбердің диаметрі 24 см-ге тең болса, онда радиус неше см болады? (12 см)

№3 Практикалық жұмыс

№

Тапсырма

Сызбасын жүргіз

Ұпай саны


1

Радиусы ОА болатын шеңбер жүргіз.




2

Диаметрі АВ болатын шеңбер салыңдар

Shape1


А В





3

СД хордасы берілген шеңбер жүргіз

Shape2

Shape3 С Д





4

Радиусы ОК болатын дөңгелек салыңдар






Дайын үлгі жауап арқылы жұптардың өзара формативті бағалауы жүзеге асырылады.

Сергіту сәті

Топ болып шеңбер және оның элементтерін(шеңбер ,дөңгелек , хорда , диаметр , центр,доға) дене қимылдары арқылы көрсету. (3 мин )

Жеке жұмыс (5 мин)

Тапсырмалар дифференцияланған



Оқулық



Аудидиск




Сабақтың соңы ( 5 мин)

Рефлексия: Стикерлер арқылы сабақтан алған әсерлерін жазу (5 мин)


Үйге тапсырма: Түзу мен шеңбердің өзара орналасуы






















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 қаңтар
747
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі