Шеңберге жүргізілген жанамалардың қасиеттеріне есептер шығару

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Шеңберге жүргізілген жанамалардың қасиеттеріне есептер шығару

Материал туралы қысқаша түсінік
Шеңберге жүргізілген жанамалардың қасиеттеріне есептер шығару тақырыбына ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқамерзімді жоспар

6-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Шеңберге жүргізілген жанамалардың қасиеттеріне есептер шығару

Бөлім:

Шеңбер. Геометриялық салулар.

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Шеңберге жүргізілген жанамалардың қасиеттеріне есептер шығару

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

7.1.2.11 шеңберге жүргізілген жанама мен қиюшының анықтамаларын білу;

7.1.2.13 есептер шығаруда шеңбер жанамасының қасиеттерін білу және қолдану;

Сабақтың мақсаты:

Шеңберге жүргізілген жанама мен қиюшының анықтамаларын біледі, жанама мен қиюшыны ажыратадыЖанама мен қиюшыны сызбада кескіндейді, жанаманың қасиеттерін біледі.

Жанаманың қасиеттерін тұжырымдайды, есептер шешуде қолданады

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту.

8 мин.

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру



Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады..

Оқулық, жұмыс дәптері

Кітап, дәптер, қалам суреттері бейнеленген қима қағаздар топтамасы

ДК экраны

Жаңа сабаққа кіріспе


(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.

Өзгенің пікірін толықтырады.




Түзу мен шеңбердің ортақ нүктесі жоқ болса олар өзара қалай орналасады ?

- Түзу мен шеңбердің бір ортақ нүктесі болса олар өзара қалай орналасады ?

- Түзу мен шеңбердің екі ортақ нүктесі жоқ болса олар өзара қалай орналасады ?

- Осы түзулердің қайсысын «жанама», қайсысын «қиюшы» деп атауға болады, не себепті?

- Жанамаға қандай анықтама беруге болады? - Қиюшыға қандай анықтама беруге болады?

- Шеңбер мен түзудің өзара орналасуы қандай шамаларға тәуелді болады?

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

















Оқушылар кестені толтырады

Жұптасын тексереді

Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

26 мин.

Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді

Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады.

Дескриптор: Жалпы - 3 балл

1. Бірлесіп орындалатын жұмыстарға қатысты С нұсқа есептерін сипаттап көрсетеді.

Тақырыпқа байланысты интернет көздерін пайдаланып бөліп шығару мүшелерімен танысады.


1- тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.

1-тапсырма

А нүктесінен бір шеңберге АВ және АС жанамалары жүргізілген. Мұнда В және С жанасу нүктелері. АВ=АС теңдігін дәлелдеңдер.

Дескриптор: Жалпы - 4 балл


ДК экраны

7-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.

Слайд.


2- тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.

2-тапсырма

Егер центрлерінің арақашықтығы 40 см болса, онда радиустары 15 см және 30 см болатын шеңберлер жанасуы мүмкін бе?

Дескриптор: Жалпы - 3 балл

1


ДК экраны

7-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.

Слайд.

Деңгейлік тапсырмалар

І деңгей тапсырмалары

1. Шеңбердің радиусы 2,5 см-ге тең. Шеңбер хордасы 6 см- ге тең болуы

мүмкін бе?

2. АВ және СD центрі О болатын шеңбердің диаметрі. Егер СВ = 13 см, АВ = 16 см болса, АОД үшбұрышының периметрі неге тең болады?

3. Шеңберге одан тыс алынған нүкте арқылы жанама түзу жүргізіңдер.

4. Өзара перпендикуляр хордалар бір-бірін 5 см және 7 см кесінділерге

бөледі. О нүктесінен хордаға түсірілген перпендикулярды табыңдар.

ІІ деңгей тапсырмалары

1. (O; 4) пен (O; 5) шеңбері берілген және ОО = 6. Осы шеңберлердің ортақ нүктелері бола ма?

2. Жарты шеңбер 18 тең бөлікке бөлінген. Әр доғаның градустық өлшемін табыңдар.

ІІІ деңгей тапсырмалары

АВ диаметрі мен В нүктесі арқылы өтетін ВК жанамасының өзара

перпендикуляр болатынын дәлелдеңдер.




ҚБ: Жұпта өзара бағалау «+», « - », қызықты



Сабақтың аяғы


Сабақты қорытындылау:

«Жалғасын тап» әдісі арқылы сабақты қорытындылаймын:



Үйге тапсырма беру: №



Оқушыларға «Білім сандығы» кері байланыс парағы таратылады. Оқушылар өздері белгілейді.

Мақсаты: Өз ойын айтып, сабақты бекіту, қорытындылау.

Тиімділігі:Оқушы алған білімін жинақтап, саралай білуге дағдыланады.

Саралау: Бұл тапсырмада саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрініс табады.

Оқушылар

бір-бірінің сабаққа қатысу белсенділігіне қарай «Мадақтау сөздері» әдісі арқылы бірін-бірі бағалайды. Жарайсың!, Керемет!, Жақсы!, Талпын!,.


https://youtu.be/Xo_AWXIT_18



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.05.2025
118
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі