жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
СЕНІМ - ЖЕТІСТІК КІЛТІ тақырыбындағы тәрбие сағаты
19.11.2019ж
СЕНІМ
– ЖЕТІСТІКТІҢ КІЛТІ
«СЕНІМ – ЖЕТІСТІКТІҢ КІЛТІ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ
ТРЕНИНГ САБАҚ
МАҚСАТЫ:
оқушылардың жаңа форматағы ҰБТ-ға дайындық кезіндегі сенімділігін, мінез-құлық, эмоциялық дағдысын психологиялық тұрғыда қалыптастыру;
оқу танымдық қабілеттерін, есте сақтау, зейіндерін дамыту;
стресске қарсы тұра білуге тәрбиелеу.
ФОРМАСЫ: тренинг
КӨРНЕКІЛІГІ: презентатция
ТРЕНИНГТІҢ ЖОСПАРЫ:
І. ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢІ
оқушылармен амандасу
оқушылардың назарын сабаққа аудару
«Бумбу-юмба тайпасы» сәлемдесу ойыны
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
«СІЛКІП ТАСТА» жаттығуы
«ЖАҢАЛЫҚТАР АЙДАРЫ» жаттығуы
«АҚ ПАРАҚТЫҢ ЕКІ БӨЛІГІ» жаттығуы
ІІІ.ҚОРЫТЫНДЫ
«МАЙ ШАМ» жаттығуы
БАРЫСЫ:
Тәрбиеші сөзі: Құрметті оқушылар! Бүгінгі «Өз – өзіне сенімділік» тақырыбындағы тренингке қош келдіңіздер! Тренингті бастамас бұрын әуелі тренингтің мақсаты және өткізілу ережелерімен танысып алайық.
Тренинг
ережесі:
1.
Тыңдай білу.
2. Сөзді бөлмеу.
3.
Белсенділік.
4. Шығармашылық.
5.
Төзімділік.
6. Сыйластық.
Тәрбиеші:
- оқушылар тренингтің ережесі және трнеингтің жоспарымен таныс болдық. Олай болса, тренинг барысында көңілді еркін болу мақсатында бір-бірімізбен амандасып алайық. Ол үшін сіздерге «Бумбу-юмба тайпасы» жаттығуын ұсынамын. Жаттығудың шарты мынадай:
1. «БУМБУ-ЮМБА ТАЙПАСЫ» ЖАТТЫҒУЫ
Біз сіздермен Бумба-юмба тайпасына қоршауға түсіп қалдық. Ол тайпаның дәстүрі, салты бойынша былай амандасуымыз керек. Алақанымызды 1 рет соққанда сіздер қасыңыздағы отырған адаммен мұрындарыңызды түйстіресіздер. Белгі беріліп алақанды 2 рет соққанда бір-біріне арқаларынды түйістіру қажет.
Рефлексссия:
Сіздер қандай сезімдесіздер?
Қандай әсер алдыңыздар?
Балалар, біздің алдымызда үлкен сын тұр. Ол жаңа форматтағы ҰБТ-дан жақсы сүрінбей өту үшін бізге не қажет?
2.«СІЛКІП ТАСТА» ЖАТТЫҒУЫ
Мақсаты: жағымсыз, қажет емес, кедергі жақтардан құтылу, сенімділікті орнату.
Нұсқау: мен сіздерге жағымсыз, сенімсіз сезімдерден арылып, өзіңізді қалыпқа келтірудің жолын көрсетемін. Кейде біз көп күшімізді алатын ауырлықтарды көтереміз. Мысалы: Ойымызға! Тағы да жолым болмай қалды. «Жақсы тапсыра алмаймын» деген сияқты.
Айналамызға орын қалдырып, еркін тұрып, алақаныңызды сілкіңіздер, білегіңізді сілкіңіздер, иығыңызды сілкіңіздер. Аяқтарыңызды саннан тобыққа дейін сілкіңіздер. Қандай да бір дауыс шығарсаңыз да болады, беттеріңізді сілкіңіздер. Сеніңіздер, сіздің бойыңыздан ауыр жағымсыз жүктің түскенін. Сіз біртіндеп сергек, көңілді болудасыз немесе көңілді күй жағдайдасыз. Енді сеніммен мына сөздерді қайталаңыз: мен ақылдымын, менің жаным тыныш, мен қиындықтан қорықпаймын, мен жаспын, әдемімін, менің қолымнан көптеген жақсылық келеді, маған сенімділік күш береді, мен дайынмын.
Рефлексия
Көңіл-күйіңіз қандай?
3. «НЕ ЖАҢАЛЫҚ БАР» ЖАТТЫҒУЫ
Мақсаты:
бөлшектеріне дейін зейінді қоя білуді
дамыту. Шарты:
тәрбиеші тақтаға геометриялық
фигураларды салады. Тақтаға балалар
кезекпен келіп, жетіспей тұрған бөліктерін
қосымша сала отырып, суретті аяғына
дейін жеткізеді. Бір бала тақтаға шығып,
суретті толықтыра бастағанда, қалған
ойыншылар көзін жұмып отырады, жүргізушінің
командасы бойынша, олар көздерін ашып,
тақтаға қандай бөлік қосылғанның айтады.
Ойын қаншалықты ұзаққа созыла бастағанда,
соншалықты жаңа бөліктерді табу қиынға
түседі.
4.«АҚ ПАРАҚТЫҢ ЕКІ БӨЛІГІ» ЖАТТЫҒУЫ.
Алдарыңыздағы қағазды екі бөлікке бөліп, оң жақ бұрышына + белгісін, сол жақ бұрышына «-» белгісін белгілеңіздер. Енді + белгісі бар бөлікке өздеріңіздің ҰБТ-ға байланысты жағымды, жылы, сенімді ойларыңызды жазыңыздар. Ал – белгісі бар бөлікке сенімсіз, жағымсыз ойларыңызды жазыңыздар. Осы екі жақта жазылған ойды, зейін қойып оқып шығамыз.
- Енді осы теріс жағдайлардан арылғымыз келе ме? Не үшін? Не себепті?
- Онда – жақтағы жағымсыз ойды умаждап, қоқыс шелекке тастаймыз.
ҚОРЫТЫНДЫ. «Майшам» жаттығуы
Біздің
жаттығуларымыз аяқталуға жақын. Ал
қазір мен майшамды жағамын. Барлығымыз
бір-бірімізбен бірігіп жұмыс жасағанымыз
үшін бір жылы сөз айтып майшамды беріп
отырамыз.Қоштасуға майшамды алған
себебім, жарық деген әрқашанда жақсы
нәрсе, сондықтан да алдарыңыз ашық,
жарқын болсын деген тілек білдіремін.
Алдағы жаңа форматтағы ҰБТ-дан барлығымыз
жақсы сүрінбей өтейік!
Е.Әуелбеков атындағы дарынды балаларға арналған №4 облыстық мекеп-интернатында 2019 жылдың 19 қараша күні 11 «Ә»-сыныбында
«Сенім – жетістіктің кілті» тақырыбында өткізілген тренингтің
ХАТТАМАСЫ
Қатысуға тиісті-21
Қатысқаны – 21
Күн тәртібінде:
«Сенім – жетістіктің кілті» тақырыбындағы сабақтың әдістемелік қаралуы.
Тыңдалды:
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша сынып тәрбиешісі Бекзулда Назерке сөз алып, оқушыларды «Сенім – жетістіктің кілті» тақырыбындағы тренингтің мақсаты және өткізілу жоспарымен таныстырып өтті. Сонымен қатар, оқушыларды тренингтің ортақ ережесімен таныстырды. Тренингтің ұйымдастыру кезеңінде «Бумбу-юмба» жаттығуы арқылы оқушылар өзара амандасу рәсімін жасады. Тренингтің негізгі бөлімінде оқушылармен бірлескен түрде «Сілкіп таста» жаттығуы орындалды. Жаттығу барысында оқушылардың бойындағы жағымсыз, сенімсіз үрейді сергіту мақсатындағы жұмыстар жүргізілді. Жаттығу соңында рефлексия жасалып, оқушылар көңіл-күйлері жайында өз ойларын білдірді. Тренингтің «Жаңалықтар айдары» жаттығуы барысында тәрбиеші тақтаға түрлі геометриялық фигураларды салу арқылы оқушылардың аңғарымпаздық, тапқырлық қабілеттерінің шыңдалуына жұмыс жасады. «Ақ парақтың екі бөлігі» жаттығуы барысында оқушылар өздерінің алдағы сынақтар Жаңа форматтағы ҰБТ-ға дайындық барысындағы кедергілер, қиындықтар және сәтті тұстары жайында өз ойларын білдірді. Жаттығу соңында оқушылар өзара талқылау жасады. Тренингтің қорытынды бөлімінде «Май шам» жаттығуы орындалды. «Май шам» жаттығуы барысында оқушылар алдағы сынақтардан жоғары нәтижемен сүрінбей өтуге бір - біріне тілектерін, шын достық ықыластарын білдіріп, тренингті сәтті аяқтады. Жалпы тренинг оқушылардың жаңа форматтағы ҰБТ-ғадайындық барысындағы өз –өздеріне сенімділіктерін жоғарлатуға, оқу танымдық қабілеттерін дамытуға өз үлесін қосты.
ҰСЫНЫС:
Сынып оқушыларының жаңа форматтағы ҰБТ - ға жүйелі дайындық жұмыстарын жүйелі жүргізу әрбір оқушыға міндеттеліп, дайындық жұмыстарын қадағалау сынып тәрбиешісі Н.Бекзулдаға тапсырылсын

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген