400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сенім - менің серігім

Материал туралы қысқаша түсінік
психологтарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сенім-менің серігім

тренинг

Мақсаты: Оқушылардың адамдармен,бір-бірімен сенімді қарым-қатынас жасауы туралы түсініктерін кеңейту.ҰБТ-ға дайындық кезіндегі сенімділігін, мінез-құлық,эмоциялық ерік сфера дағдысын психологиялық тұрғыда қалыптастыру.

Міндеттері:

-«Сенім» ұғымының мәнін ашу;

-Өз замандастарымен сенімді қарым-қатынас құра білу қабілеттерін дамыту;

-Өзіне,өзгеге,қоғамға сенім білдіруге үйрету.

Көрнекілігі:интерактивті тақта,слайд,шарлар, ұлағатты сөздер, жаттығуларға керекті материалдар.

Жүру барысы: Ереже

  • Белсенді қатысу

  • Тыныштық сақтау

  • Бірін-бірі тыңдау

  • Ойын ашық айту

  • Бір-бірін сынамау

  • Ынтымақтылық

І «Менің есімім»

Әркім кезекпен өз атын атап,есімінің бас әрпінен басталатын сөз айтады.

ІІ Ой шақыру

(шарда «сенім» деген сөз жазылған,сол шарды балаларға беру арқылы сұрақтардың жауа

бын алу)

-«Сенім» деген сөзді қалай түсінесің?

-Өзіңе сенім артқан кезде қандай сезімде боласың?

-Қандай адам сенімге ие болады?

-Адамдардың барлығына сене беруге бола ма? Неге?

-Адамдар сенімді кісіге қалай қарайды?

ІІІ Негізгі бөлім

Сенім-тек жақын адамдарға ғана емес,қоғамдағы деңгейде,әлемдік шеңберде де көрініс алады. Адамның өз-өзіне,өзгелерге сенім білдіруі оның өмірге деген үміті мен қызығушылығын арттырады. Өзіне өзі сену адамның өз құндылығын түсініп,мақсат-мүддесіне жетуіне көмектеседі.Айналадағы адамдардың сенім білдіруі адамның жауапкершілігін арттырып, өз мүмкіндіктері мен қабілеттерін ашуға ықпал етеді.

Сенімді болу- ол жауапты және орындай білу дегенді білдіреді. Ол бастаған істі аяғына дейін орындау. Сенімді адамға қашан да ден қоюға болады. Сенімді болу-ол сөзіне берік болу, тосқауыл мен ескертусіз өзіне уәде еткенді жасау.Сенімді кісі жанымызда болғанда да біз өзімізді еркіндікте, барлығы ойдағыдай болатынына сенімді боламыз.Сенімді кісі уәде берсе, соны істейді және адал, дәл уақытында орындайды.

  • Сенімділік адамның бойынан табылатын жақсы қасиет болып саналады.

  • Сенім-адамның белгілі бір түсініктеріне сәйкес қажеттіліктерін қанағаттандыру жүйесі. Өз қажеттілігін орындау жолында адам дүниетанымдық көзқарасында, табиғат пен қоғам заңдылықтары жөніндегі ұғымдарына, өмір тәжірибесіне сүйене отырып іс-әрекет жасайды.

ІV Психологялық кеңес:

Егер өмірде өз-өзіңе сенімді болғың келсе,қиындықпен бетпе-бет кездесуден қорықпа. Үнемі өмір сынақтарынан жасқанып, қашқақтай берсең, кезең-кезең қиындықтар туындай береді, өзіңмен-өзің әлектене бересің. Сондықтан жеңіл жол іздеме, қиындықпен күресе біл.

V Жаттығу “Эксперимент”

Мақсаты: Өзін-өзі ұстауға үйрету.

  • Әр қатысушыға бір қарағанда тәртіпсіз орналасқан әріптерден тұратын мәтіндер жазылған қағаз үйлестіріледі және мәтінді оқу тапсырмасы беріледі.

  • Нұсқау: Сіз 30 секунд ішінде 3 қатар үзіндіні оқу керексіз:

 Жоспарға сәйкес- шаралар атқарылады

  • Отансүйгіштікке тәуелсіздікті құрметтеуге өзелінің белсенді азаматы болуға тәрбиелеу мақсатымен танымдық конференция өз деңгейінде өтті

  • Сынып жетекшілер әр сынта талдап түсіндіру насихаттау жұмыстарын ын жүргізді

Анализ:

  • Тапсырманы орындау оңай болды ма?

  • Тапсырманы тез орындау үшін сізге қандай қасиет көмектесті?

  • Өз-өзін ұстауды дамыту үшін не істеу керек?

VІ Шығармашылық жұмыс

«Сенім» сөзінің әрбір әрпіне, сол әріптен басталатын адамның жақсы қасиеттерін жазу

С- сенімді,сыпайы,...

Е- ерен,ерекше,...

Н- намысшыл, нәзік, нағыз ер,...

І- ілтипатты,...

М- мәдениетті, момын,...

Дәйексөз.

Жақын адамдардың, достарыңның,жалпы адамзаттың жақсылығына сеніп, адамдықты құрметтей білу-әдептіліктің, адамгершіліктің белгісі.

VІІ Жаттығу: «Сілкіп таста»

Мақсаты: Жағымсыз, қажет емес, кедергі жақтардан құтылу, сенімділікті орнату

  • Нұсқау: Мен сіздерге жағымсыз, сенімсіз сезімдерден арылып, өзіңізді қалыпқа келтірудің жолын көрсетемін. Кейде біз көп күшімізді алатын ауырлықтарды көтереміз.

  • Мысалы: Ойымызға! Тағы да жолым болмай қалды. “ҰБТ-ға жақсы дайындала алмаймын”, “Жақсы тапсыра алмаймын, көп қате жіберіп, екі аламын” деген сияқты.

Айналамызға орын қалдырып, еркін тұрып, алақаныңызды сілкіңіздер, білегіңізді сілкіңіздер, иығыңызды сілкіңіздер.
Осы сәтте өзіңізді жағымсыз жағдайлардан арылғандай сезініңіздер.

Аяқтарыңызды саннан тобыққа дейін сілкіңіздер, бастарыңызды сілкіңіздер. Қандай да бір дауыс шығарсаңызда болады, беттеріңізді сілкіңіздер.

Сезініңіздер, сіздің бойыңыздан ауыр жағымсыз, жүктің түскенін. Сіз біртіндеп сергек, көңілді болудасыз немесе көңілді - күй жағдайдасыз. Енді сеніммен мына сөздерді қайталаңыз:

  • Мен ақылдымын.

  • Менің жаным тыныш

  • Мен қиындықтан қорықпаймын.

  • Мен жаспын, қандай әдемімін.

  • Менің қолымнан, көптеген жақсылық келеді, бәрі келеді.

  • Маған сенімділік күш береді.

  • Мен дайынмын.






VІІІҰБТ қарсаңындағы мектеп психологы тарапынан қолдау Хат

«Ақ тілек»

Біздің қымбатты да сүйікті оқушымыз!Біз саған хат жазып отырмыз.Сен ҰБТ-ні өте жақсы тапсыруды армандайтын, Қазақстанның беделді жоғары оқу орнындаоқуды қалайтын мектеп бітірушісің. Қазір сенде қорқыныш бар Ол –«мен ҰБТ тапсыра алмай, сіздердің үміттеріңізді ақтай алмаймын ба,»- деген қорқыныш. Біз үшін қорқатын еш нәрсе жоқ. «Сен мықтысың,білімдісің. Сондықтан ҰБТ –ны жақсы тапсырасың! Ал егер төмен баға алсаң, біз сені жақсы көретін, саған көмектесетін,сені түсінетін адамың екенімізді ұмытпа! Алайда сен міндетті түрде тапсырасың!» Осы сөздерді есте сақтап,жүрегіңе қалдыр. Өз күшіңді сезінудің өзі күш беретінін, ұмытпа. Сендерге қолдау көрсетіп, сенетін, сыйлайтын, жақсы көретін ұстаздарың, ата-аналарың.

Емтиханға дайындықты дұрыс ұйымдастыру туралы психологиялық кеңес.

  • Емтихан туралы жағымсыз ой қалыптастырмаңыз. Өз-өзіңізге сенімді болыңыз.

  • Емтихан сіздің жеке қасиеттеріңізді емес, білімдеріңізді тексереді.

  • Алдын ала: «Тапсыра алмасам не болады ?»-деп уайымдамаңыз

  • Емтиханнан өмірлік мәселе жасамаңыз.

  • Емтихан үстінде ішкі дауысыңызға ерік беріп: Мен тапсыра алмаймын . Мына сұрақты білмеймін. Шаруам бітті- деген ойларға батпаңыз.

Адам тек өзіне,өзгеге, қоршаған ортаға, болашаққа сеніп қана қоймайды, бүгінгі өмірінің жарқын, шырайлы екендігіне сеніп, әр күнді шаттықпен,қуанышпен өткізу өз қолыңда.

ІХ «Мен саған сенемін» жаттығуы

Енді әдемі күлкімізбен, нық сенімділікпен бір-бірімізге сенім білдірейік.

Мен өзіме сенемін (қолын жүрегінің тұсына қояды)

Мен саған сенемін (қолын көрші баланың иығына қояды)

Сен де өзіңе сенесің (қолын көрші баланың иығына қояды)

Және мен де өзіме сенемін (қолын жүрегінің тұсына қояды)

ХҚорытынды: Алған әсеріңіз қандай ?












Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 ақпан
563
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі