жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сенім – жетістік кілті
Тренинг тақырыбы: Сенім – жетістік кілті
Мақсаты:Жеке тұлғаның өзіңе деген сенімділігін, мінез-құлқын, өз-өзіне сенімін арттыру.
Қажетті құрал –жабдықтар : стикер, қағаз бен қалам.
Психологтың кіріспе сөзі:
Қайырлы күн,құрметті Әріптестер! Бүгінгі мақсат – айналамыздағы адамдарымызбен қарым –қатынасымыз қандай, олар кімдер,біз кімбіз, біз өзімізге қаншалықты сенімдіміз? өз –өзімізді жақсы тани аламыз ба? деген сұрақтарға жауап іздеп,тұлғаның даму көзқарасын анықтаймыз. Жүрек қалауымен таңдап еңбек етіп жүрген мамандарға, көңіл – күйлеріңізді көтеруге,бір –бірімізбен сыйластық қарым –қатынаста болуға, сенімділік сезімін арттыруға арналған «Сенім – жетістік кілті» психологиялық тренингке ұйымшылдықпен қатысуға шақырамыз. Ендеше сіздерге сәттілік тілей отырып, тренингімізді бастаймыз.
1.«Көзілдірік» танысу жаттығуы
Бүгін сіздермен сенімділік сезімін сыйлауға арнайы көзілдірік көмектеседі. Алдымен таныстықтан бастайық. Мұның өзін қызықты сауыққа айналдыруға болады. Екі тәсілін ұсынайық: – Отырғандар алдымен өз атын айтып, содан соң жанындағы жанға мадақ сөз айтады. Тізбек осылай соңына дейін жалғаса береді. Мысалы: Менің есімім – Кербез, (оң жағында отырған) Маржан – нәзік қыз. Келесі қастысушы: Менің есімім – Маржан (оң жағында), Азамат – салмақты жігіт. – Бірінші адам өз есімін және есімінің бас әрпінен басталатын өзіне тән сын есім айтады, жанындағы адам көршісінің айтқанын қайталап және өз атын айтады. Мысалы: Мен – Ермекпін, Ермек – ержүрек. Келесі адам: Ермек – ержүрек. Мен – Әлимамын, Әлима – әдемі. Үшінші адам: Әлима – әдемі. Мен – Ғарифолламын, Ғарифолла – Ғажап. Осылай жалғаса береді.
2. Топпен жұмыс. Жаттығу «Сенімді – сенімсіз»
Мақсаты: оқушылардың «сенімділік» сөзіне терең үңіліп, ой жүгіртулеріне ықпал жасау.
Нұсқау:
1топ – сенімді адамның портреті (мінез-құлқы)
2топ – сенімсіз адамның портреті (мінез-құлқы)
3топ – адам өзіне сенімділігін арттыру үшін қандай әрекеттер жасауы керек?
(Әр топ өз ойларын постерлерге жазып, топпен қорғау)
Сенім — адамның белгілі бір қажеттіліктерін қанағаттандыру жүйесі.
Өзіне өзі сенімді адамдар әрқашанда өзі қалаған нәрсесін тез арада бастап кете алады. Шешімді, қандай іске болса да тиянақты әрі өте сенімді болады. Өзіне сенімді адамдар тәуелсіз келеді және олар алдағы жоспарларын өздері талдап, өзгелерден бұрын жемісін көреді.
3. «Кім жылдам?» жаттығуы
Нұсқау: Ойыншыларды екі топқа бөлінеді. Топ тапсырманы жылдам,ширақ орындауы қажет. тапсырманы орындағаннан кейін әр топтың көшбасшылары анықталады.
1 - тапсырма:
Әліппи есімдер бойынша
2 - тапсырма:
Туған күні бойынша;
3 - тапсырма:
Аяқ өлшемі бойынша;
4. «Мяу - мяу» жаттығуы
Шеңбер қылып отырғызып, 5 пен 7 санын айтпау керек. 5 пен 7 санына келгенде бір шапалақ ұру, 15 пен 17 саны айтылғанда екі шапалақ ұру.
5. «Капитан» сергіту жаттығуы
Мақсаты: Көңіл –күйді көтеру,жағымды жағдай туғызу.
Көңіл –күйлеріңіз қалай?Ендеше осы көңіл –күйлеріңізді одан да жоғарылату мақсатында сіздермен ойын –жаттығу жүргізбекшімін. Сіздер өз майталманысыздар. Белгілі бір ұжымның,отбасының капитанысыз.
Сондықтан сіздермен бірге «каптитан оқиғасы» ойынын жүргіземін. Ойынды ойнамас бұрын шартымен таныс болайық.
Капитан деп белгі берілген кезде барлығымыз емін – еркін капитан болып жүреміз.
Теңізші деген кезде екі адамнан жұптасып, еден жуушының бейнесін көрсетеміз.
Қайық деген кезде екі адам қайық, бір адам ескек есуші болады.
Түскі ас дегенде төрт адамнан жұптасып,бір дастарханның үстінде түстеніп отырған отбасы мүшелерін көрсету.
Кеме деген кезде 3 адам кеме, бір адам капитан болады.
Жаттығу соңында барлығыңыз алып кеменің капитаны болдыңыздар. Сіздер әрқашанда беделді,сыйлы болыңыздар. Сонымен бұл арқылы мен сіздердің адамның шапшаңдығын,белсенділігін,қарым –қатынасын байқатады. Ұстаған кемелеріңіз айлы толқын теңіз үстінде өз бағыттарын мәңгі түзу табуыңа тілектеспін.
6.«Денсаулық гүлі»
7.Сергіту жаттығуы «Қағаз,қалам,қайшы»
Қағаз (қолмен)
қайшы (айқасу)
қалам (бас түйісу)
Қорытынды: «Алақан жылуы жаттығуы»
Тренинг тақырыбы:
Сенім – жетістік кілті
Педагог
–психолог: Б.Есенова
1.Капитан деп белгі берілген кезде барлығымыз емін – еркін капитан болып жүреміз.
2.Теңізші деген кезде екі адамнан жұптасып, еден жуушының бейнесін көрсетеміз.
3.Қайық деген кезде екі адам қайық, бір адам ескек есуші болады.
4.Түскі ас дегенде төрт адамнан жұптасып,бір дастарханның үстінде түстеніп отырған отбасы мүшелерін көрсету.
5.Кеме деген кезде 3 адам кеме, бір адам капитан болады.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген