Материалдар / Сенім – менің серігім
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Сенім – менің серігім

Материал туралы қысқаша түсінік
материал өзін-өзі тану пәні мұғалімдеріне керек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қараша 2018
542
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

Мектеп:Мерзiмі: Тақырып: Сенім – менің серігім№ 21Мұғалiм: Сынып:Құндылық: Ақиқат Қасиеттер: шыншылдық, жауаптылық ,сенімділік

Сабақ мақсаты: Оқушылардың адамдардың бір-бірімен сенімді қарым-қатынас жасауы туралы түсініктерін кеңейте отырып, ақиқат құндылығының мәнін ашуМіндеттері: Білімділік Оқушыларға «сенім» ұғымын түсіндіре отырып, шыншылдық қасиетінің маңыздылығын ұғындыруДамытушылық Оқушыларды өз замандастарымен сенімді қарым-қатынас құра білу қабілетіне дағдыландыра отырып, жауаптылыққа баулу; Тәрбиелік – Оқушыларды шыншылдыққа, жауаптылыққа, сенімділікке тәрбиелеу. Ресурстар:үнтаспа,суреттер,нақыл сөздер
Сабақ барысы:1.Ұйымдастыру кезеңi. 2 мин.«Сабақтың 5 Т ережесін» қайталау2.Тыныштық сәтi. 3 мин.Орманға ойша серуен(Ескерту: егер бұл сабақ ашық алаңда өткізілсе, онда серуенді сыныпта емес, бақтағы бір орыннан бастау керек).Мұғалім: Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз. (Осы жерде мұғалім 1-2 минут үзіліс жасауына болады). Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз!3.Үй тапсырмасын тексеру. 5 мин.21-сабақ И.Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» өлеңін жаттауСабақ барысын талқылау:
4.Дәйексөз. «Сенімге ие болу-өмірді мәнді етеді..» 1.Хормен оқыту2.Қыздарға бөлек, ұлдарға бөлек оқыту3.Оқушыларға дәптерге жаздырту-Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер? 4. Балалардың жауаптары негізінде дәйексөзді қорытындылау

І.Есенберлин қанатты сөзі
5.Әңгiмелеу. (Мұғалімнің сыйы)«Сенім» М.Гумеровтің ізімен

6.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. 1-топ: Сахналау2-топ: Сенім туралы өз ойларын жазу3-топ: өлең жаттау

7.Топпен ән айту. 3 минҒ.Жандыбаев «Сенім»

8.Үй тапсырмасы. 2 минЖұмыс дәптерінен 1-тапсырманы орындау.

9. Сабақтың соңғы тыныштық сәтіБалалар, бүгінгі сабақта айтылған жақсы қасиеттерді жүректеріңе сақтап алыңдар. Сабақ аяқталды. Сау болыңдар!









Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!