Мұғалімнің аты- жөні: |
|
Ресурстар
|
||
Күні: |
21.04.2026 |
|||
Сынып: 2Б |
Қатысушылар саны: 16 |
Қатыспағандар саны: |
|
|
Сынып сағатының тақырыбы: |
Сенім- достықтың негізі |
|||
Құндылық |
Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік |
|||
Мақсаттары: |
Оқушылардың бір-біріне деген сенімін арттыру, достық қарым-қатынасты нығайту, сыйластық пен қолдауды қалыптастыру, қауіпсіз әрі жылы орта құру дағдыларын дамыту. Оқушыларды бір-біріне қамқор болуға, сенімді қарым-қатынас орнатуға тәрбиелеу. |
|||
Сабақтың кезеңі |
Педагогтың әрекеті |
Оқушының әрекеті |
||
Жүру барысын алдын ала үйлестіру Алғашқы сөз (кезең)
Ортаңғы кезең Тапсырма-лар легі
Соңы(бекіту)
|
I. Ұйымдастыру кезеңі (2 минут) Психологиялық дайындық
Балалар шеңберге тұрады.
Мұғалім: — Балалар, бір-бірімізге жылы тілек айтып, сабағымызды бастайық.
II. Кіріспе бөлім (5 минут) Ой қозғау
Мұғалім сұрақ қояды:
Дос деген кім? Нағыз дос қандай болады? Сенім дегенді қалай түсінесіңдер? Досың саған сенуі үшін не істеу керек?
Балалардың жауаптары тыңдалады.
Сенім- бір-бірімізге көмек көрсетіп, шын жүрекпен сөйлесу.
III. Негізгі бөлім (20 минут) 1-тапсырма: «Жақсы дос қандай?» Оқушылар достың жақсы қасиеттерін атайды.
2-тапсырма: «Сенемін – сенбеймін» ойыны
Мұғалім түрлі жағдаяттарды оқиды. Оқушылар «сенемін» немесе «сенбеймін» деп жауап береді.
Мысалы: Досым менің құпиямды ешкімге айтпайды. Досым қиын кезде көмектеседі. Досым мені алдайды. Досым уәдесінде тұрады.
Талқылау жүргізіледі.
3-тапсырма: Топтық жұмыс «Достық ережелері» Оқушылар топпен постер жасайды.
Сергіту сәті «Кедергілерден өту» Нұсқаулық: Оқушылар бір-бірлеріне кедергілерден өтуге көмектесу керек. Бір оқушының көзін байлап, екінші оқушы оны демеп ұстап жүріп кедергілерден өтеді.
4-тапсырма: «Достық ағашы»
Оқушылар түрлі түсті жапырақтарға: «Мен досыма…» деп жалғастырып жазады.
Мысалы: көмектесемін қолдаймын ренжітпеймін бірге ойнаймын
Жапырақтарды ағашқа іледі.
IV. Қорытынды бөлім (8 минут) Мақал-мәтелдер
Оқушылар мақалдарды жалғастырады: Досы көпті… (жау алмайды) Дос жылатып айтады… (дұшпан күлдіріп айтады) Жүз теңгең болғанша… (жүз досың болсын) Дос ажарың.... (жолдас базарың) Азаматпен дос бол,,,,, (қадіріңді біледі) Досы жақсының, .....(өзі де жақсы) Ақылсыз достан,...............
«Тілектер жәшігі» Оқушыларға түрлі-түсті саусақтар таратылады. Әр бала өз сыныптастарына жақсы тілектер жазып, жәшікке салады. Мұғалім бір-екі қағазды оқиды. Рефлексия
«Смайлик таңдау»
😊 — Маған ұнады 😐 — Түсіндім, бірақ әлі де ойланамын ☹️ — Қиын болды
Қорытынды сөз Мұғалім: Сенім- достықтың негізі: сенім арқылы біз бірге қуанышты бөлісеміз және бір-бірімізге көмектесеміз. Балалар, достық сенімнен басталады. Бір-бірімізге сеніп, қамқор болып жүрейік. Нағыз дос әрқашан қасыңнан табылады. |
Шаттық шеңбері
Хормен: Біз бақытты баламыз, Дос болып бірге қаламыз. Қиындықта қасынан, Табыламыз әрқашан!
Достық — адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті
Сенім дегеніміз басқа адамға сеніп, одан жәрдем сұрау немесе айту.
Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі.
Мысалы: мейірімді адал көмектеседі өтірік айтпайды сыр сақтайды Тақтаға жазылады.
Ережелер: Бір-бірін тыңдау Ренжітпеу Көмектесу Шыншыл болу Уәдеде тұру
Топтар жұмыстарын қорғайды.
Мен досымды қолдаймын.
Мен досыма көмектесемін.
Мен досымды ренжітпеймін.
Мен досыммен бірге ойнаймын.
1.Досы көпті жау алмайды. 2.Дос жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтады. 3.Жүз теңгең болғаншы, жүз досың болсын. 4. Дос ажарың, жолдас базарың 5. Азаматпен дос бол,қадіріңді біледі 6. Досы жақсының, өзі де жақсы.
7. Ақылсыз достан, ақылды дұшпан артық
Оқушылардың тілектері:
Досым әрқашан күлімдеп жүр! Сыныптастарым сабақты жақсы оқыңдар! Дендерің сау болсын! Әрқашан бақытты болыңдар! Менің адал досым бола бер! Армандарың орындалсын! Амир көңілің әрдайым көтеріңкі болсын! Айзере саған сәттілік тілеймін! Отбасың аман болсын! Достарымыз көп болсын!
|
||
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сенім-достықтың негізі

шағым қалдыра аласыз