400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Сенім менің серігім"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материалда психологиялық тренинг және жадынамалар бар. 11 сынып оқушыларына ҰБТ-ге қолдау көрсету мақсатында жасалынған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

34 көп салалы мектеп-гимназия











Тренинг-сабақ



Тақырыбы: «Сенім менің серігім»

Өткізген: педагог-психолог А.Жаңбырбайқызы





























Тақырыбы: «Сенім менің серігім»

Сынып: 11 «А,Ә,Б,В»

Күні: Қаңтар, 2021жыл



  1. Менің бүгінгі көңіл-күйім неге ұқсайды?

Нұсқау: оқушылар өздерінің бүгінгі көңіл-күйлерін алдарындағы дайындалған қағазды бастарына қойып көрмей қаламсаппен суретін салып, сол сурет бойынша бүгінгі көңіл-күйлерімен бөліседі.

  1. Түлектерге арналған аффирмация (Аффирмация тақтадан көрсетіліп, дауысталып оқылады)

Аффирмация – (өзін-өзі сендіру, ойды бекіту сөздері болып табылады).

Мен табысқа жететініме толық сенімдімін, менің үнемі жолым болады.
• Әр бір күн, әр бір сағат сайын менің өмірім жақсарып барады.
• Жақсылық, дұрыс таңдау және амандық үнемі менің қасымда.
• Болып жатқан істің барлығы – менің игілігім үшін жасалуда.
• Қазірдің өзінде мен үшін өте сәтті мүмкіндіктер қалыптасып келеді. 
• Мен қандай болсам, өзімді сол қалпымда жақсы көремін.
• Менің қабілетім әр күн сайын жақсаруда.
• Менің өміріме сәттіліктің, атақ-даңқтың келуін қуана қабылдаймын.
• Маған өз ісім ұнайды, қуана, рахаттана, шабытпен айналысудамын.
• Өзіме деген сенімділік үнемі менің жадымда.

  1. Бойдағы күйзелістен арылуға арналған жаттығулар.

Мойын. Арқаны тік ұстап, төбеден ілгекпен тартып жатқандай мойынды барынша соз. Енді, ілгектен төмен түсіріп жібергендей бірден босаңсу.

Арқа. Екі жауырынның арасын жақындатып,өзіңізді киім ілгіште ілініп тұрғандай сезіну. Екі жауырынның арасын барынша жақындату. Бірден босаңсу.

Іш. Мұрынмен өкпені ауауға толтыру, іштің көлемінің үлкеюіне жол бермей тартып тартып ұстау. Ауаны ауыз арқылы сыртқа шығару кезінде іштіде босаңсыту.

Қол. Алақанның қырымен қатты затты ұрғылау. Каратэ шеберлері осы әдісті жиі пайдаланады.

Саусақ. Екі қолымызды алға созып, алақанымыздағы лимонды сығып,шырынын шығару керек деп елестету. Алақанды қысуды барынша күшейтіп, бірден босаңсыту керек.

Аяқ. Отырған қалыпта аяқтың ұшын барынша алға созу. Барынша қатты созу. Бірден төмен босаңсу.

  1. «Мен таңдаған өмір»

Мақсаты: Оқушы бойына сенімділік қалыптастыра отырып, өмірлік бағдарын қалыптастыру

1.Ата-ана

2.Мектеп

3.Махаббат

4.Дос

5.Отбасы

6. Оқушы

7.Ақша

8.Карьера

9.Машина

10.Өмір

11.Денсаулық

12.Білім


  1. «Сенімділік бейнесі» жаттығуы


Мақсаты: Өзіне деген сенімін арттыру.
Нұсқау: Көздеріңді жұмып, сіз үшін сенімділіктің символы қандай екенін ойлаңыз. Енді соны суретке салып беріңіз. Тапсырманы орындап болған соң, оқушылар өз суреттерін көрсетіп, қысқаша түсіндіріп беру сұралады.


Анализ:
-Не оңай болды, неден қиналдыңдар?
-Осы символ қалай көмектеседі?


6.Қорытынды


СӘТТІЛІК ТІЛЕЙМІЗ!







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
30.01.2023
354
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі