жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сенім менің тірегім
Мектеп:№ 18 М.Сатыбалдиев атындағы мектеп
Мерзiмі: № 20-сабақ
Тақырып : «Сенім менің серігім»
Құндылық: «Дұрыс әрекет».
Қасиеттер: ұқыптылық, әдептілік, адалдық,шынайылық.
Мұғалiм : Жаукен Асыл Аманбайқызы
Сынып: 5«г,д,е,ж,з»
Оқушылар саны:
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың бір-біріне деген сенімді қарым-қатынас жасауы туралы түсініктерін кеңейту. Сабақтың міндеті:
|
Ресурстар: Үнтаспа, интерактивті тақта, қосымша материалдар, компьютер |
Сабақтың барысы:
Оқушылармен амандасу,сабаққа түгел қатысуын қадағалау. |
|
№19 сабақ, «Еңбек етсең емерсің» атты тақырыпта шағын шығарма жазу. Бұлт шалған күннің бетінде сұрақтар жасырылған; осы сұрақтарға жауап беру арқылы мақал-мәтелдердің жалғасын табу керек... 1. Диқан жерді анасындай сүйеді, Жер диқанын баласындай сүйеді. 2. Еңбектің көзін тапқан, Байлықтың өзін табады. 3. Еңбек ерлікке жеткізер, Ерлік елдікке жеткізер. 4. Бір кісі қазған құдықтан мың кісі су ішеді. 5. Еңкейгеннің еңсесін еңбек көтереді. 6. Су - ырыстың көзі, Еңбек кірістің көзі. 7. Ерте тұрған еркектің ырысы артық, Ерте тұрған әйелдің бір ісі артық.
Сонда балалар ерінбей еңбек ету адамның мақсатына жетуіне көмектеседі. Табандылықпен еңбек ету адамның өмірін көркейтеді. Адамның өзіне, өзгелерге қуаныш, бақыт әкеледі. |
Сұрақ-жауап |
( Адамның өзіне-өзі, өзгелерге сенім білдіруі оның өмірге деген үміті мен қызығушылығын арттырады. Өзіне-өзі сену адамның өз құндылығын түсініп, мақсат-мүддесіне жетуіне көмектеседі.Айналадағы адамдардың сенім білдіруі адамның жауапкершілігін арттырып, өз мүмкіндіктері мен қабілеттерін ашуға ықпал етеді.) |
Дәптерлеріне жаздырылады, түсіндіріледі. |
Қызығушылықты ояту. ( Ой қозғау) Шарларға «Сенім» деген сөз жазылған,сол шарларды балаларға беру арқылы сұрақтардың жауабын алу: -Сенім деген сөзді қалай түсінесің? -Өзіңе сенім артқан кезде қандай сезімде боласың? -Қандай адам сенімге ие болады? -Адамдардың барлығына сене беруге бола ма? - Адамдар сенімді кісіге қалай қарайды?
|
|
5. Мұғалім сыйы « Сенім алға жетелейді. » бейнетаспа |
|
Ойланып көрейік. (топпен жұмыс) «Сенім» сөзінің әрбір әрпіне, сол әріптен басталатын адамның жақсы қасиеттерін жаз. (Мұғалім гүлдер таратып, сол гүлге оқушылар жақсы қасиеттер жазып мына тұрған вазаларға толтырып салады.) С — сенімді, сыпайы,сүйкімді, сыйлы, сымбатты, сұлу Е – ерен, ерекше,еркін, ержүрек, елпек Н – намысшыл, нәзік, нағыз ер, І — ілтипатты, ізетті, ізгілікті, іңкәр М – мәдениетті, момын, мейірімді
|
|
А3 форматта таратылған ақ беттерге ІІІ топқа тапсырма беріледі. І топқа «Өзіме-өзім сенемін» ІІ топқа « Достарыма сенемін» ІІІ топқа « Ата-анама сенемін» атты тақырыптарға оқушы өзінің өмірлік жағдаяттарын ойлап, кімге сенетіндері туралы кластерге жазады. Балалардың қызығушылығын арттыру үшін әр топ орындаған тапсырмаларын қорғап, ой-пікірлерін айтады. |
|
Жазира Байырбекова: «Армансыз күнім болмайды»
Бақытты
жанмын сонда да бірақ
Армандап
ғұмыр кешемін күнде
Аспанда
күнде айналар түнге |
|
Мағжан Жұмабаев: «Мен жастарға сенемін» өлеңін жаттау. (70-71 бет) |
|
Адам тек өзіне, өзгеге, қоршаған ортаға, болашаққа сеніп қана қоймайды, бүгінгі өмірінің жарқын, шырайлы екендігіне сеніп, әр күнді шаттықпен, қуанышпен өтзізу өз қолында екендігі туралы ұмытпауымыз қажет.(баяу әуен ойнап тұрады) Балалар бүгінгі сабаққа белсенділікпен қатысқандарыңызға рахмет! Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің ұнады ма?олай болса мына тілек ағашына бүгінгі сабақтан алған әсерлерімізбен достарымызға арналған тілек жазып жапсырамыз. |
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген