400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 23 материал табылды

Сенім туралы

Материал туралы қысқаша түсінік
өзін-өзі тану пәні мұғалімдеріне керек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

Мектеп: Мерзiмі:

Мұғалiм: Сынып 5 «ә,г»

Тақырып: Сенім туралы № 24

Құндылық: Ақиқат Қасиеттер: адалдық, жауапкершілік, шынайылық

Сабақ мақсаты: Оқушыларға адам өміріндегі сенімділіктің маңызыдылығын түсіндіру арқылы ақиқат құндылығының мәнін ашу

Міндеттері:

Білімділік: оқушыларға «сенім» ұғымының мәнін аша отырып, адалдық қасиетіне түсінік беру;

Дамытушылық: оқушыларға өз-өзіне сенімді болу, басқаларға сенім білдіру, сенімділік таныту іскерліктерін жауапкершілік қасиеті арқылы дамыту;

Тәрбиелік: оқушыларды адамдармен сенімді қарым-қатынас құруға, шынайылық қасиеті арқылы тәрбиелеу.

Ресурстар:

үнтаспа,

суреттер,

нақыл сөздер

Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңi. «Сабақтың 5 Т ережесін» қайталау

1.Тыныштық сәтi. Нұрға бөлену.

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды  шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің  қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз  нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз  тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.Нұр бірте-бірте шұғылалана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, балаларыңызға, мұғалімдерге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша  түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын… Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын… Нұр менің ішімде… Мен Нұрмын».Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде  отыра тұрыңыз…Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем  сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады.Рахмет.

Сабақ барысын талқылау:

2.Үй тапсырмасын тексеру

М.Тұрманжановтың «Сенім» әңгімесін оқу


3.Дәйексөз

«Жақын адамдардың, достарыңның, жалпы адамзаттың жақсылығына сеніп, адамдықты құрметтей білу – әдептіліктің, адамгершіліктің белгісі»

  • Хормен оқыту

  • Қыздарға бөлек, ұлдарға бөлек оқыту

  • Оқушыларға дәптерге жаздырту

  • Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

  • Балалардың жауаптары негізінде дәйексөзді қорытындылау


Мағжан Жұмабаев


4.Мәтінмен жұмыс (Мұғалімнің сыйы)

Әңгімелеу сұрақтары

  • Алтай қандай жақсылықтар жасауға ұмтылды?

  • Алтайға анасы неліктен сенім артты?

  • Алтай анасының сенімін ақтау үшін қандай іс-әрекет жасады?

  • Адамның өзіне сенімді болуының маңызы неде?

  • Өзіңе көрсетілген сенімді қалай ақтап жүрсің?


5.Шығармашылық іс-әрекет, топпен жұмыс

1-тапсырма: Жағдаяттар шешу

2-тапсырма: Ә.Табылдының ойларын негізге ала отырып, «Сенім туралы» өз түсініктерін жазу


6.Топпен ән айту.

«Сенім» әні Мәтіні: Ринат Зайытов

Әні: Ұлықпан Жолдасов

Сездірмей жүрген,

Тек өзім білген.

Бір сенім бар,

Жоғалмас мүлдем.

Сол сенім барда,

Асығам алға,

Ақ тілегім, биікке самға.


Қайырмасы:

Тағдыр жолы көп торабы,

Ақ пен қара жолағы.

Сенім – маған серік болады.

Ақ таңдарды мен көремін,

Дауылды мен жеңемін.

Жүрегіммен сенемін.


7.Үй тапсырмасы.

М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясынан алынған үзіндіні оқу


8. Сабақтың соңғы тыныштық сәті

Балалар, бүгінгі сабақта айтылған жақсы қасиеттерді жүректеріңе сақтап алыңдар. Сабақ аяқталды. Сау болыңдар!





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 қараша
1336
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі