жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Сенім туралы" 5 сынып
Мерзімі:
Мұғалім: Жукенова Г.М.
Сынып: 5
Оқушылар саны: 6
Сабақтың тақырыбы: Сенім туралы
№23 сабақ
Құндылық: Дұрыс әрекет. Қасиеттер: адалдық, жауапкершілік , шынайылық.
Мақсаты: оқушыларға адам өміріндегі сенімділіктің маңыздылығын түсіндіре отырып, Дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу. Міндеттері: -оқушыларға сенім туралы түсінік беру; - өз-өзіне сенімді болу, басқаларға сенім білдіру, сенімділік таныту іскерліктерін жауапкершілік қасиеті арқылы дамыту; -адалдыққа, шынайылыққа тәрбиелеу |
Ресурстар: (материалдар, дереккөздер)
|
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңi. 5 Т – ережесі: 1. Тәртіп 2. Талап. 3. Тыныштық. 4.Тазалық. 5.
Татулық. Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін (баяу әуен ырғағымен)
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызды, тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Ойша осы нұрды қолдарыңызға бағыттаңыз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі Нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көзімізге де жетті. Көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқынды және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз. Олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы Нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан- жануарларға, өсімдіктерге, тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір-түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен Нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен - Нұрмын» Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Ойша нұрға бөленгеннен кейін жайымен көзіңізді ашуға болады. Рахмет! |
Ескерту: |
Үй тапсырмасын тексеру. 1. Дәптермен жұмыс №22 – сабақ. 1 тапсырма «Әдепті адам қандай болуы тиіс?» тақырыбында ереже құрастырып жаз. 2. Оқулық, №23 сабақ, 98 бет Серік Үсенұлының « Артылған ақша» әңгімесін оқып келу. Сұрақтар: 1.Анасының Жүсіпке берген тапсырмасы? 2.Нағашысының айтқан сөздерінде қандай қасиеттер көрініс тапты? 3.Анасының Жүсіпке деген тілегі 4.Сенім қандай іс-әрекеттердің бастауы бола алады? 5.Өзіне сенімді адамның бойында қандай қасиеттер болады? 6.Өзгелерге неліктен сенім білдіру керек деп санайсыңдар? 7.Өзіңе сенім артқан кезде қандай күйге бөленесің? |
|
Дәйексөз. «Бойымыздағы сенімділік, өзгелерге де сеніммен қарауға көмектеседі» Франсуа де Ларошфуко
|
|
Әңгімелеу. «Арманына нөл алған бала» өсиет әңгіме Бүгін Арман үшін ерекше күн, үй тапсырмасы ретінде берілген «Менің арманым» атты шығарманы, Арман бар ықыласымен арманына деген толық сенімімен жазып әкеліп, мұғаліміне көрсеткенше асықты. Арман- қарапайым отбасының баласы, Арманның әкесі жылқышы, асыл тұқымды аттарды баптаумен айналысады. Анасы болса, үй шаруашылығында, Арман мен оның отбасының тұрақты бір үйі жоқ, қай жерде жұмыс табылса, отбасы сол жерге көшіп барады. Бала кезінен әкесінің жанында көмектесіп, үйреніп қалған Арман, жалпы аттар оның ішінде асыл тұқымды аттар жайында, білгені, көргені өте көп. Үй тапсырмасына берілген «Менің арманым» атты шығармасы да бала кезінен көріп өскен аттар жайында болатын... Өз шығармасында Арман, болашақта үлкен шаруашылықтың қожайыны болғысы келетіндігі жайында, ол жерде көп жылқысы және асыл тұқымды аттарға арнайы орын, оларды баптап, жарыстыруға арналған арнайы жерлерді, қиялының жетегіне ергені соншалық шығармадан тыс, шаруашылығының суретін де салған еді. Сабақ басталды. Мұғалім оқушылардың шығармаларын жинап алып кетті. Сабақтың соңына қарай, сыныпқа кірген Арман партаның үстінде өз шығармасын көрді. Шығарманың алғашқы бетінде қып қызыл сиямен нөл деген бағаны, ал астында сабақтан кейін менің бөлмеме кіріп кет деген жазу болды. Көңілі түсіп кеткен Арман сабақ соңында, мұғалімінің бөлмесіне келді. Бұдан бұрын да балаларға жылы шырай таныта қоймайтын мұғалімінің, қабағынан қар жауып, түнеріп тұр екен... Арманды көре сала: -Арман, сен бұл шығарманың бағасы, жылдық қорытынды баға болатынын біле тұра, неге ойланбай жаздың? дейді. -Жоқ, мұғалім бұл шынымен менің арманым, -дейді Арман ақтала сөйлеп. Сенің әкең жылқышы, анаң үй шаруасында, сендердің бастарыңда тұрақты баспаналарың да жоқ.Сен қалайша осындай армандар армандайсың. «Көрпеңе қарап көсіл» деген атам қазақ, өз мүмкіндігіңе, шама шарқыңа қарай мақсат қой алдыңа ... -Саған тағы бір мүмкіндік берем, шығармаңды қайта жазып әкелуіңе,-деп мұғалім Арманның шығармасын қайтарып береді. Шығармасын қолына алған Арман, басы салбырап үйіне қарай бет алады. Баласын көңілсіз көрген әкесі баласынан мән жайды сұрады. Бар жайды айтып берген Арман, әкесінен не істеу керектігін сұрады. Әкесі: -Балам,ол сенің арманың, егер сен өз болашағыңа, өзіңе сенсең, онда діттеген арманыңа да жетесің деді. Әкесінің берген ынта жігерінен кейін, Арман бөлмесіне барып, шығармасының үтір, нүктесін өзгертпестен мұғаліміне апарып береді. Арадан біраз жыл өтеді. Мұғалім оқушыларын ертіп, үлкен бір шаруа қожалығын тамсана аралап жүреді. Керемет асыл тұқымды аттар,керемет қонақжайлылық осының барлығына тәнті болған мұғалім... Шаруа қожалығының иесіне рахмет айтқысы келетінін айтады. Көмекшілер қожайынды шақырғанда... Мұғалім өз көзіне өзі сенбей аң таң болады. Шаруа қожалығының иесі, өзінің баяғыда арманына, болашағына сенбеген оқушысы Арман еді. Мұғалімі Арманға қарап: -Кешір, мен өз қатемді түсіндім. Мен осы уақытқа дейін, қаншама баланың армандарын ұрладым, бетін қайтарып, армандарынан қол үзулеріне себепші болдым. Сен өз өзіңе деген сеніміңнің арқасында өз арманыңа жете білдің.... Сұрақтар:
|
|
Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс. 1-тапсырма: Жағдаяттардың шешімін жаз. 1-жағдаят Берік өзінің досы Арманның «Менің атым – Қожа» кітабын сұрап алған еді. Берік үйіне келген соң, кітапты үстел үстіне қойып кете барды. Кенет басқа бөлмеден үш жасар кішкентай қарындасы Нұрия жүгіріп келеді. Кітапты қызыға қарап, байқаусызда бетін жыртып алды. – Сенің әрекетің қандай? 2- жағдаят Анасы Еркінге теледидардан мультфильм көріп болған соң, үй жұмысына берген тапсырмаларын орындап, дүкеннен нан мен сүт алып келуді тапсырды. Мультфильм біткен соң, көрші балалар Еркінді аулада ойнауға шақырды. Еркін балаларға қызыға қарап, көрші балалармен ойын ойнауға кірісіп кетті. – Еркін анасының сенімін ақтай алды ма? 2- тапсырма: Постер қорғау: «Сенім артуға болатын адамның бойындағы жақсы қасиеттерді тізіп жазу» |
|
Топпен ән айту. Сенім
Өлеңін
жазған Ринат Зайытов Қайырмасы: Жылуын
берер, Қайырмасы. |
|
Үй тапсырмасы. 1.Дәптермен жұмыс, 1-тапсырма: «Өзіңе сенімділік мақсатқа жеткізер» тақырыбында ой-толғау жазу. 2. Оқулық, №24 сабақ , 101 бет Өтебай Тұрманжановтың «Сенім» әңгімесін оқып келу. |
|
Сабақтың қорытынды сәті. Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. Рахмет! |
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген