400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 12 материал табылды

Сенімділік кілті. Тренинг

Материал туралы қысқаша түсінік
Психологилық тренинг
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тренинг тақырыбы: «Сенімділік кілті»

Мақсаты:

-білім алушының өзіне деген сенімділікті қалыптастырып, пайдалы қарым-қатынас алгоритмін меңгерту;

- өзге адамның пікіріне, бағасына, сынына тәуелділікті жеңу;

- ішкі еркіндік, қарым- қатынас пен іс-әрекеттегі батылдықты дамыту;

Тренингтің ережесі:

  • Тек өз атынан сөйлеу

  • Өзгенің сөзін бөлмеу, тыңдау, мазақ етпеу;

  • Ұялы телефонды сөндіру;

  • Белсенді қатысу;

  • Тыныштық сақтау;

  • Ойды ашық айту;

  • Ынтымақтастық

Тренинг барысы:

І.Ұйымдастырылу кезеңі:

«Мен және менің сенімділігім» жаттығуы.

ІІ Сенімділік туралы сұрақ-жауап жүргізу ІІІ Сенімділік туралы қысқаша лекция.

ІV «Шкафты жылжыту» жаттығуы

V «Менің қолымнан келеді!» жаттығуы

«Сенімділікті толтыру» Медитация.

VIІ «Өзің туралы мақтау өлең жазу» жаттығуы

VIІІ Қорытындылау бөлім


І.Ұйымдастырылу кезеңі:

«Мен және менің сенімділігім» - өзінің есімін және сенімділігін бас бармақты тік көрсету - өте жоғары деңгейді, бас бармақты жартылай ұстау орташа деңгейді, төмен көрсету сенімсіздіктің басым екендігін көрсетеді. Бойындағы сенімділікті бағалай білуге шақыру.

Негізгі бөлім

ІІ. Сенімділік туралы сұрақ-жауап жүргізіу

- Сенімділік дегенді қалай түсінесіз?

- Сенімді адам қандай адам?

- Сенімді болуға не кедергі келтіреді?

- Көпшілік алдында шыққанда не кедергі келтіреді?

- Сенімділікті қалыптастырудың қандай жолын білесіз?

ІІІ. Сенімділік туралы қысқаша лекция.

Өз-өзіне деген сенімділік адам психикасының ең қызықты қасиеті. Әр түрлі адам, ғалым «сенімділік» сөзінің мағынасын әр түрлі тұжырымдайды. Негізінен сенімділіктің 3 негізгі анықтамасын көрсетуге болады:

Өз-өзіңе деген сенімділік – бойымызда өзіміз білгеннен де жоғары қасиет бар екендігіне сенім. Әр адамда жасырын күш болады. Ойланыңдаршы, дүниеге келгенде сендерде жүре алу қабілеті болмады ғой. Ал қазір ше? Жазып, оқи алмайтын, суда жүзіп, машина айдай алмайтын кездерің болды. Бірақ осы қабілеттің бәрін біртіндеп игердіңіздер. Себебі- адам үйрене алатын, тіптен тез меңгеретін тірі ағза. Егер сіз қазір бір нәрсені жасай алмайтын болсаңыз, ол өміріңіздің соңына дейін жасай алмаймын дегенді білдірмейді.

Өз-өзіне сенімділік – бұл кез келген жағдайда өзіне сенім арта білу. Барлығының басынан өз өмір жолында қиындық болады. Кейде біз өз күшімізге сенім артсақ, кейде жақындарымыздың көмегін қажет етеміз. Бірақта барлық адамның өмірінде бір рет болсада Мюнгхаузен әдісі пайдаланғандығына сенімдімін (өмірлерінен өз күшімен жеткен жеңістерін пайдалану)

Сенімділік сөзін мына сұраққа жауап ала отырып білеміз: «сен мына әлемде ерекшесіңбе, әлде қарапайым тұлғасыңба?», «Шын мәнінде, сен бұхара халықтансың ба, әлде мансап құмарсың ба?

ІV. «Шкафты жылжыту» жаттығуы. Қолымен кіндіктен жоғары күшті шығару, бар күшпен шкафты итергендей іштен итеріп шығару . Осы жаттығуды сенімсіз балаға күнделікті үй тапсырмасы етіп беру. 20 күнде толық баланың бойында күш пайда болғанын көруге болдады.

V. «Менің қолымнан келеді!» жаттығуы. Қолмен, аяғымен өз есімін ауада жазу. (жеке, дене-қимылға арналған.)

VІ.  «Сенімділікті толтыру» Медитация. Сіздің сенімділікті сипаттайтын түсті таңдау. Ойша оның бүкіл денені, әр клетканы, әр бұлшықетті толтыру. Сенімділікті сипаттайтын әуенді, иісті сезініп, еске түсіру. (жеке)

VІІ. Өзің туралы мақтау өлең жазу жаттығуы

Нұсқау: Тынышталып босаңсу, қажет болса, айнаға қарау. Өзіңіз туралы мақтау сөз жазу. Бақыт пен денсаулық , іске, оқуда сәттілік тілеу. Оны тақпақ өлең түрінде жазу тіптен керемет! Жазылған мақтау сөзді қайта көшіріп, әдемі сурет жақтауына салып қою. Күнде таңертең осы өлеңді дауыстап немесе іштей қайталап оқу. Оқу нұсқауында көңіл күйді көтеріп, өзіңде күш пайда болғанын, қоршаған әлемнің көңіл күйді көтеріп, өзіңде күш пайда болғанын, қоршаған әлемнің көңілді және ашық болғанын сезіну.

VІІІ Қорытындылау:

Екі жұлдыз бір тілек. Бүгінгі кездесуден не алдыңыз, қандай әсер берді.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
21.03.2019
4466
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі