400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сенімділік күш береді

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды өзін-өзі тани білудің негізгі шарттарымен таныстыру, өзін бағалата отырып,өз бойындағы сапалық қасиеттерді анықтау,дамытуға бағыт беруде семинар тренингтің маңызы ерекше. Семинар-тренингтегі тимбилдинг жаттығулары арқылы оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынасы жақсарып, топпен жұмыстануды үйренеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сенімділік күш береді



Мақсаты:

1.Оқушыларды өзін-өзі тани білудің негізгі шарттарымен таныстыру, өзін бағалата отырып,өз бойындағы сапалық қасиеттерді анықтау,дамытуға бағыт беру;

2. Бейімделу кезінде қолдау көрсету;

3.Бір-бірімен жағымды қарым-қатынасқа үйрету;

4..Жақсы көңіл күйдің адами қарым-қатытынаста алатын орны туралы оқушылардың түсініктерін кеңейту. Эмоционалдық көңіл күйін көтеру, шаршағандықтарын басу, жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.

Әдіс-тәсілі: тренинг сабақ

Қолданылатын құралдар: А-4 парақтары,стикер, маркер, қалам,.

Семинар тренингтің бағдарламасы

  • Кіріспе әңгіме

  • «Сағат» тренингі

  • «Сәлемдесу» жаттығуы

  • «Айналма» жаттығуы

  • «Құбыр » жаттығуы

  • «Сезімдер әлемі» арттерапиялық жаттығуы

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

«Сәлемдесу» жаттығуы

Күліп қағып қолымды

1,2,3 деп соғайын

Қарап тұрған көршіме

Қолымды мен бұлғаймын

Жылы-жылы жүзбенен

Маңдайымнан сипайын

Жылы-жылы жүзбенен

Жүрегімді сыйлаймын

Амандасып өзіңмен

Құшақтап бір алайын



«Сағат» тренингі

Мақсаты: сыныптағы оқушыларының ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

  1. Қол алысып амандасу

  2. Құшақтау

  3. Арқаларына массаж жасау

  4. Жақсы тілек айту

  5. Арқаларын түйістіру

  6. Қол бұлғау арқылы амандасу

  7. Мұрын беру

  8. Қолдарын қысып секіру

  9. Құлақтарына сыбырлап мақтау сөз айту

  10. Басынан сипау

  11. Ауадағы сүйіспеншілік

  12. Жымия қарау


Келесі кезекті тимбилдингке береміз.

Топ қуыршақтар арқылы екі-үш топқа бөлінеді. Топ мүшелерінен топ жетекшісі тағайындалады. Топ жетекшісінен басқа топ мүшелерінің көзі байланып, топ жетекшісінің нұсқауы бойынша кедергілерден өту тапсырылады.

«Іздер» тимбилдингі

Еденге әртүрлі іздердің суреті қойылады. Іздердің орналасуы бойынша оқушылар жүреді.

«Айналма» жаттығуы

Жүру барысы : Қатысушылар шеңбер құрып, бір – бірінің қолдарынан ұстап тұрады да, шеңберді өз денелерінен өткізіп, көршісіне жалғайды, көршісі ары қарай жалғастырады. Осылайша барлық қатысушылар өз денелерінен өткізіп шыққанша ойын жалғаса береді.

«Құбыр» жаттығуы

Мақсаты: қатысушыларды ортақ келісімге келуіне ықпал жасап, бірлескен әрекетке бағыттау

Жаттығу шарты: қағазды үзіп алмай допты өткізу керек. Доп түсіп кеткен жағдайда ойын қайта басталады.

Нұсқау: сіздер әрқайсыңыз бар А4 қағазын аласыздар. А4 қағазын екі бүктеп қолдарыңызбен астау кейпіне енгізесіздер. Барлық қатысушылар қолдарыңыздағы астауша тәріздес иілген қағазды бір-біріне қосып беті ашық құбыр жасайсыздар. Дайын болған кезде нұсқаушы кішкентай допты жібереді.Қағазды үзіп алмай өткізіп шығады.

«Лабиринт» ойыны

Жүру барысы: Жерге жіптен лабиринт құрастырып, бір қатысушы сол лабиринттен шығып кетпей немесе басып кетпей өтуі керек. Бұл жерде қатысушының көзі байланады, қалған қатысушылар оны бағыттап, жүретін жолын айтып, көмектесулеріне болады.

Өміршеңдік ережесі



Кез келген іске төмендегідей көңілмен кірісейік: иығыңды тіктеп, жарқын көңілмен, іштей табысқа жетуге талпынып:



Жігер деген – Мен

Күш деген - Мен

Махаббат деген - Мен

Кешірім деген – Мен

Құдірет деген - Мен

Жасөспірім деген - Мен

Жастық деген - Мен

Денсаулық деген – Мен

Даналық деген - Мен

Жарқындық деген – Мен

Бар ғажайып деген – Мен

Бәрі маған байланысты.

Бәрі менің қолымда!!! – деп өзіңізді сендіріңіз.



Мақсаты: балаларды бір-бірімен байланыс орнатуға үйрету, серіктесінің қозғалыс темпіне ыңғайлану

Жаттығудың жүргізілуі: балалар жұппен тұрып, допты бірге ұстайды. Жетекшінің белгісінен кейін балалар бір уақытта отыруға допты қолдарынан түсіріп алмай ішінде жүруі, секіруі қажет. Ең бастысы бірге әрекет жасап, допты түсіріп алмау.





















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
8 ұстаз жүктеп алған
29.12.2023
352
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12