№ 3 Алға орта
мектебі
«Сенімділік күш береді
»
психологиялық
тренинг
Өткізген:
Ж.С.Суингарина
2017жыл
Уақыты:
23.01.2017ж
Тақырыбы: «Сенімділік күш
береді»
Мақсаты: Оқушылардың МАБ-қа
дайындық кезіндегі сенімділігін, мінез-құлық, эмоциялық ерік сфера
дағдысын психологиялық тұрғыда
қалыптастыру;
Оқу танымдық қабілеттерін,
есте сақтау, зейіндерін дамыту, өз өзіне сенімділіктерін
жоғарылату;
Стресске қарсы тұра білуге
тәрбиелеу;
Көрнекіліктер: ереже, МАБ тапсыру
кезіндегі ең қажетті сапа, ақ парақ, жаттығуларға қажетті құрал-
жабдықтар
Сабақ
барысы:
І. Ұйымдастыру
кезеңі
1. Сабақтың тақырыбы мен
ережелерімен таныстыру.
Балалар бүгін бізде
«Сенімділік күш береді» атты тренинг сабақ
өтеді.
ІІ. Амандасу. «Бумбу-юмба
тайпасы» жаттығуы арқылы
Біз сіздермен Бумба-юмба
тайпасына қоршауға түсіп қалдық. Ол тайпаның дәстүрі, салты бойынша
былай амандасуымыз керек. Алақанымызды 1 рет соққанда сіздер
қасыңыздағы отырған адаммен мұрындарыңызды түйстіресіздер. Белгі
беріліп алақанды 2 рет соққанда бір-біріне арқаларынды түйістіру
қажет.
Рефлексия: Сіздер қандай
сезімдесіздер? Қандай әсер
алдыңыздар?
Балалар, біздің алдымызда
үлкен сын тұр. Ол МАБ. МАБ-тан жақсы сүрінбей өту үшін бізге не
қажет?
Жақсы, енді мына тақтада
тұрған сапаларды хормен оқып
шығайық.
МАБ тапсыру кезіндегі ең
қажетті сапа:
· Бір істен тез екіншіге
ауысып кету;
· Іс-әрекеттің жоғары
деңгейде ұйымдастырылуы;
· Жоғары және тұрақты
жұмыс қабілеті;
· Жоғары деңгейлі зейін
тұрақтылығы;
· Ішкі әрекет жоспарының
қалыптылығы;
ІІІ. Жаттығу «Ақ парақтың екі
бөлігі»
Алдарыңыздағы қағазды екі
бөлікке бөліп, оң жақ бұрышына + белгісін, сол жақ бұрышына
«–« белгісін белгілеңіздер. Енді + белгісі бар бөлікке өздеріңіздің
МАБ-қа байланысты жағымды, жылы, сенімді ойларыңызды жазыңыздар. Ал
– белгісіне бар бөлікке сенімсіз, жағымсыз ойларыңызды жазыңыздар.
Осы екі жақта жазылған ойды, зейін қойып оқып
шығамыз.
- Енді осы теріс
жағдайлардан арылғымыз келе ме? Не үшін? Не
себепті?
- Онда – жақтағы жағымсыз
ойды умаждап, қоқыс шелекке
тастаймыз.
ІҮ. Жаттығу «Сілкіп
таста»
Мен сендерге жағымсыз,
сенімсіз сезімдерден арылып, өзіңізді қалыпқа келтірудің жолын
көрсетемін. Кейде біз көп күшімізді алатын ауырлықтарды көтереміз.
Мысалы, Ойымызға!Тағы да жолым болмай қалды. МАБ-қа жақсы дайындала
алмаймын, жақсы тапсыра алмаймын, көп қате жіберіп екі аламын»
деген сияқты ойлар келеді.
Айналамызға орын қалдырып,
еркін тұрып, алақаныңызды сілкіңіздер, білегіңізді сілкіңіздер. Осы
сәтте өздеріңді жағымсыз жағдайлардан арылғандай сезініңдер.
Аяқтарыңды саннан тобықққа дейін сілкіңіздер, бастарыңызды
сілкіңіздер. Қандай да бір дауыс шығарсаңдар да болады,
беттеріңізді сілкіңіздер. Сезініңіздер, сіздің бойыңыздан ауыр
жағымсыз, жүк түсті. Сен біртіңдеп сергек, көңілді болудасын,
көңіл күйін жақсарды. Енді сеніммен мына сөздерді қайталаңдар: мен
ақылдымын, менің жаным тыныш, мен қиындықтан қорықпаймын, мен
жаспын, әдемімін, менің қолымнан, көптеген жақсылық келеді, маған
сенімділік күш береді, мен бәріне де
дайынмын.
Ү. Жаттығу.
«Поезд»
Оқушыларды ортаға шығарып, ең
алдымен 1,2-ге саналып шығуымыз керек. 1 номердегілер қолдарын бір
рет соғып, аяқтарымен еденді 2 рет тарсылдатады, ал, 2-ші
номердегілер 2 рет қолдарын соғып, 1 рет аяқтарын еденге
тарсылдатады. Қозғалыс, қимылдар осылай қайталана береді, поездың
жүру дыбысы естіледі
ІХ. Жаттығу «Эксперимент»
30
секунд ішінде 3 үзіндіні оқу қажет:
МАРИЯМҮЙГЕБАРЫПГҮЛДЕРГЕСУҚҰЙЖӘНЕТАМАҚЖАСАЖАРАЙМА
АсЫқпАтүспеДіДЕпқОЛымаТЕзДАМылсыЗіздЕУінеЕРІнбеСеҢкеРегіңӨМіріңДеболаДЫкЕЗ
ЗерТТЕУдеАРнаЙыБЕлгіРеТІНдеҚАзақЕРТегіСІніҢқОЛдаНдЫҚқаЗақЕрТегіЛеріарҚЫЛыБалаЛАрдыҢжАСерекШелІкТЕрінеқАРаЙҚиЯЛдыҚШығарМАшылДЫҚКөРсетКІШінАНықТАукеРЕк.
ХІ.Жаттығу. «Менің
таңбам»
15ғ
ІІ жартысында Еуропалықтар қоғамдағы өз орындарын білдіру үшін
арнайы эмблемалар пайдаланған. Атақты адамдар өз таңбаларын мақтан
тұтқан. Бұл таңбалардың адамның жеке ерекшелігін, отбасы
жетістіктерін, мінезін білуге болған. Қазір өз-өзімізге таңба
жасаймыз. Ол үшін таңба бейнесі бар парақтар аласыңдар. Ол бес
бөлікке бөлінген.
Таңба формасы өз еріктеріңмен, сөз, сурет, символ
арқылы көрсетесіңдер.
ХІІ. Қоштасу. Жаттығу
«Майшам»
Біздің жаттығуларымыз аяқталуға жақын. Ал қазір
мен майшамды жағамын. Барлығымыз бір-бірімізбен бірігіп жұмыс
жасағанымыз үшін бір жылы сөз айтып май шамды беріп
отырамыз.
Қоштасуға майшамды алған ебебім, жарық деген
әрқашанда жақсы нәрсе, сондықтан да алдарыңыз ашық, жарқын болсын
деген тілек білдіремін. Алдағы БТС-тан барлығымыз жақсы сүрінбей
өтейік!