400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 26 материал табылды

Сенімділік күш береді! 8-11 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп психологтеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

№ 41 жалпы орта білім беретін мектеп » КММ









Shape1





Тақырыбы: “Сенімділік күш береді”.

Дайындаған : А. Амангелдіқызы



















Семей қаласы


Тақырыбы: “Сенімділік күш береді”

Мақсаты : Оқушылардың ОЖСБ- ға дайындық кезіндегі сенімділігін, мінез-құлық, эмоциялық ерік сфера дағдысын психологиялық тұрғыда қалыптастыру.

Міндеттері:

  • Сенімділікті бойларына қондыру

  • Психикалық күштенуден /стресс пен қорқыныш/ арылту

Жүргізу орны: Сынып немесе кез-келген басқа кең жарық бөлме

Тренингтің ережесі:

1. Бір-бірімізді тыңдаймыз;

2. Достарыммен жақсы қарым –қатынаста болу;

3. Уақытты үнемдейміз;

4. Белсенділік көрсетеміз;

5. Маңызды нәрселерді ғана айтамыз;

6. Өз ойымды ашық айта білуге үйрену.

Тренингтің кезеңдері

І.Психологиялық бағыт беру (Жайлы әуен ойнап тұрады)

  • Сәлеметсіздер ме, оқушылар ! Тренигке қош келдіңдер!

Әрбір адам-өмірге , осынау өмірімізді мәнді де , сәнді өткізуіміз үшін келген қонақ екенін бәріміз білеміз. Осынау өмірімізді мәнді де , сәнді өткізуіміз үшін бір-бірімізді сыйлап , ренжітпей , көңілімізге қаяу салмай жүргенге не жетсін!

Олай болса, бүгінгі психологиялық тренингіміз қарым-қатынас мәдениетін игеруге байланысты болмақ. Көңіл-күй адамның ішкі жан дүниесінің құбылысы, адамның айнасы десек те болады.

І. Амандасу рәсімі : «Мен кіммін, қандаймын?!» жаттығуы

Мақсаты: өзіндік менін анықтау, ішкі сезімін сыртқа шығару.

3 минут беріледі.

Мен Аселмін.

Мен әдемі, сұлу қызбын.

Мен қазақпын...

Мен ........т.с.с.

ІІ. “Жағымды сөздер” жаттығу:

Мақсаты: Өзін-өзі одан әрі ашу, өзін-өзі тану, өзінің және айналасындағылардың қасиеттерін дамыту.

Қатысушылар шеңбер бойымен отырады, жүргізуші жағымды сөздер айта отырып кез-келген біреуге доп лақтырады. Доп қатысушылардың бәрінде болып шыққанға дейін ойын жалғаса береді. Жағымды сөздер қысқа , ең жақсысы бір сөзден тұрса болады.

Талдау: Мақтау сөзді айту жеңіл болды ма? Мақтау сөзді естігінде өзіңізді қалай сезіндіңіз? Алған әсеріңіз қандай?

ІІІ. “Ақ парақтың екі бөлігі” жаттығу

Мақсаты: Жағымды және жағымсыз жақтарды анықтау, жағымды қасиетті дамыту .

Нұсқау: Алдарыңыздағы қағазды екі бөлікке бөліп, оң жақ бұрышына (+) белгісін, сол жақ бұрышына (-) белгісін белгілеңіздер. Еңді «+» белгісі бар бөлікке өздеріңіздің Емтиханға байланысты жағымды , жылы, сенімді ойларынызды жазыңыздар. Ал «-»белгісі бар бөлікке жағымсыз ,сенімсіз ойларынызды жазыңыздар. Осы екі жақты жазылған ойды, зейін қойып оқып шығамыз.

  • Енді осы теріс жағдайлардан арылғымыз келеді ме? Не үшін?

Не себепті?

  • Енді «-» жақтағы жағымсыз ойды қырқып,қағазды умаждап қоқыс шелекке тастаймыз.

ІҮ. “Мен саған сенімдімін” жаттығу

Мақсаты: Өзгелерге сенім білдіру, өзара сенімділікті дамыту .

Нұсқау: Ойыншылар жұп болып бірігіп, бір-біріне қарама қарсы отырып жәй көздеріне мынандай фразалы сөзді аяқтау:

  • “Мен саған сенімдімін, сен...

Талдау:

  • сөйлемді аяқтау оңай болды ма, әлде қиын болды ма?

  • Сенімді сөзді естігенде өзіңізді қалай сезіндіңіз?

Ү.«Маған не ұнайды, өзімнің қай жерімді жақсы көремін?»

Мақсаты: өз-өзін қабылдау

Жүргізілу уақыты: 15 минут.

Мазмұны:  Қатысушылар кезекпен мына сұраққа жауап береді: Маған не ұнайды, өзімнің қай жерімді жақсы көремін?Қатысушылар сенімді, әрі көңілді тонмен, өз жетістіктерін төмендетпей, керісінше жоғарылатып айтуын қадағалау керек. Топ әр қатысушы қолдап, оның айтқанын қабылдап онымен бірге қунапы отырулары қажет.

Қорытынды бөлім

“Күн шуақты алаңқай» жаттығу

Мақсаты: Қатаюдан арылу, жылы достық қарым-қатынасты қалыптастыру .

Нұсқау: Елестетіңіз, күн шуақты көк шалғын алаңқайда дем алып отырмыз. Күн шуағы сіздің көздеріңізге қарайды. Көздеріңізден беттеріңізге қарай жылжиды. Алақандарыңызбен сипалаңыздар. Ол ары қарай маңдайыңызға, мұрныңызға, аузыңызға, бетіңіздің ұшына, иегіңізге түсті. Одан кейін мойыныңыздан, қолыңыздан, денеңізден, арқадан сипап өтті. Күн шуағы сізді жылытты.

“Күн шуақты алаңқай” қызыл-сары, қош иісті, әсем гүлдерге толы. Сіз өзіңіздің ұнатқан гүліңізді жүрегіңізге түйіп, жылы лебізіңізді, тілегіңізді білдіріңіз.

Талдау:

Көңіл-күйіңіз қалай?

Алған әсеріңіз қандай ?

Мақсаттарға жеттік пе?

Қорытынды: Алға қойған мақсаттарыңа міндетті түрде жетесіңдер, ол үшін өздеріңнің тарапынан кішкене талпыныс қажет екенін ұмытпаңдар






«№22 жалпы орта білім беретін мектеп-лицей» КММ

Хабарлама


Психологиялық жұмыстың бағыты: Түзету-дамыту

Мерзімі: 16 ақпан 2017 жыл

Тақырыбы: «Сенімділік күш береді».

Мақсаты: Оқушылардың ОЖСБ- ға дайындық кезіндегі сенімділігін, мінез-құлық, эмоциялық ерік сфера дағдысын психологиялық тұрғыда қалыптастыру.

қатысқандар: 9«а», «ә» «б», «в» сынып

өту барысы:

Сәлемдесу

«Мен кіммін, қандаймын?!» жаттығуы

Мақсаты: өзіндік менін анықтау, ішкі сезімін сыртқа шығару.

Шеңбер бойымен тұрып, әр бір оқушы өзінің есімін айтып, өзіңін бойындағы жағымды қасиеттерін айтты.

“Жағымды сөздер” жаттығу:

Мақсаты: Өзін-өзі одан әрі ашу, өзін-өзі тану, өзінің және айналасындағылардың қасиеттерін дамыту.

Шеңбер бойымен тұрып оқушылар бір-бірлеріне жақсы сөздер айта отырып жағымды сөздер айтып , сұрақ –жауаптарын алды.

“Ақ парақтың екі бөлігі” жаттығу

Мақсаты: Жағымды және жағымсыз жақтарды анықтау, жағымды қасиетті дамыту .

Оқушылар бойларындағы жағымды –жағымсыз жақтарын ақ парақтың екі бөліке сызып , жазып емтиханға деген сенімді жақтарын жағымды жаққа жазып, емтиханға деген сенімсіздікті жағымсыз жаққа жазып өздері оқып айттып шықты. Жағымсыз жақты шыртып тастаты. Жағымды жақты өздерімен бірге алып кетті.

“Мен саған сенімдімін” жаттығу

Мақсаты: Өзгелерге сенім білдіру, өзара сенімділікті дамыту .

Оқушылар қасындағы көршісіне қарама-қарсы отырып, бір-бірлеріне Емтиханға деген дайындыққа сенімділікті білдірді.

«Маған не ұнайды, өзімнің қай жерімді жақсы көремін?»

Мақсаты: өз-өзін қабылдау

Оқушылар қолына допты алып өздерінің қай мінезің қай жері ұнайдын ішкі құндылықтарын айтты.

Рефлексия

“Күн шуақты алаңқай» жаттығу

Мақсаты: Қатаюдан арылу, жылы достық қарым-қатынасты қалыптастыру

Оқушылар өздерін күнің шуақты күнді көз алдарына елестеп өздерін бойын күнің шақтармен ,ойларын күнің тазалады.

Оқушылар бір-бірлеріне көңіл күй сыйлап жағымды әсер алды.



Мектеп педагог- психологы: А.Амангелдіқызы


















































































«Ж

Мақсаты: өз туралы тек позитивті айтуға үйрету; өзін-өзітану процесін белсендіру; өзінің жағымды қасиеттері арқылы өзіндік түсіністікті жоғаылату.

Күтілетін нәтиже: өзіндік бағалауды жоғарылату.

Қажетті құрал-жабдықтар:  фломастерлер, А4 форматындағы қағаз, скотч, қайшы

I. Кіріспе

Уақыты: 5 мин.

Қатысушылардың сәлемдесуі.

Өткен сабақтың қорытындысы бойынша кері байланыс алу: қатысушылар үшін ерекше маңызды немесе қызықты болған не?; алғашқы сабақтан кейін туындаған сұрақтарын қоюға ұсыныс білдіру.

Бүгінгі сабақтың мақсаты мен мазмұнын хабарлау

1. «Сәлемдесу фразасы»

Мақсаты: топтың бірлігін нығайту, қатысушылардың позитивті тәжірибесін актуализациялау.

Жүргізу уақыты: 10 минут.

Мазмұны: Балалар шеңберде отырады, содан кейін бір бала келесі балаға қандайда бір сәлемдесу фразасын айтуды сұрайды. Екінші қатысушы үшінші қатысушыға осы фразаны жекізеді, үшінші қатысушы екінші қатысушыға бірінші балаға бір ауыз ризашылығын жеткізуді сұрайды, ал өзі осы кезде төртінші қатысушыға бесіншіге өзінің сәлемін жеткізуді ұсынады. Төртінші қатысушы бесінші қатысушыға үшінші қатысушы берген сәлемін жеткізеді. Сәлемдесу және ризашылығын білдіру сөздері қысқа болуы керек:1-2 фразадан артық емес. Мысалы: «Қайырлы таң! Сіз бүгін әдемісіз». Кері жауап: «Рахмет! Сіз өте сыпайысыз».

II. Негізгі бөлім

2.« Автоұшқыш»

Мақсаты: өз-өзін жан-жақты тануға, болашақта мәнді өмір сүруге және үнемі көңілді жүруге өзін- өзі дайындауға мүмкіндік беру.

Жүргізілу уақыты: 15 минут.

Мазмұны: Қатысушылар кем дегенде 10 фраза жазу керек. Мысалы: «Мен ақылдымын», «Мен мықтымын», «Мен тартымдымын», «Мен сүйкімдімін», т.б.

Бұл жазылған фразалар шыныменде сіздің бойыныздада бар қасиеттер және олардың сіздің өмірлік мақсаттарыңыз бен талпыныстарыңызды көрсететіндей болуы керек. 

3.«Марапат сөз айту» (комплимент)

Мақсаты:  қатысушылардың өздері туралы білімдерін кеңейту және өзін- өзі бағалауы көтеру.

Жүргізілу уақыты: 20 минут.

Мақзмұны:  Топтағы әр қатысушыға топ оның бойында не ұнайды соны айтады. Жаттығу тек комплимент шынайы айтылып, ал қатысушы оны еш қарсылықсыз немесе ризашылығын білдірмей үнсіз тыңдаған жағдайда ғана тиімді болады. 

4.«Маған не ұнайды, өзімнің қай жерімді жақсы көремін?»

Мақсаты: өз-өзін қабылдау

Жүргізілу уақыты: 15 минут.

Мазмұны:  Қатысушылар кезекпен мына сұраққа жауап береді: Маған не ұнайды, өзімнің қай жерімді жақсы көремін?Қатысушылар сенімді, әрі көңілді тонмен, өз жетістіктерін төмендетпей, керісінше жоғарылатып айтуын қадағалау керек. Топ әр қатысушы қолдап, оның айтқанын қабылдап онымен бірге қунапы отырулары қажет.

5.«Мен не істегенді жақсы көремін?»

Мақсаты: өз-өзін қабылдау

Жүргізілу уақыты: 5-10 минут.

Мазмұны : Әр қатысушы «Мен не істегенді жақсы көремін?» деген сұраққа кезекпен жауап береді  

III. Қорытынды бөлім

6.« Мен өзімді бағалаймын»

Маөсаты: ішкі ресурстарын түсіндіру, өз-өзіне сенімділікті жоғарылату

Жүргізілу уақыты: 10 минут

Мазмұны: Орындыққа аяқтарыңыз еденде тұратындай ыңғайлы отырығыздар. Ақырындап көздеріңізді жұмып, демалысыңызды бақылаңыз. Енді ішкі ойыңызды дайындап, өзіңізге өз өзіңіді жақсы көретіңізді айтыңыз. Мысалы: «Мен өзімді жоғары бағалаймын». Бұл сізгі күш беріп рухыңызды нығайтады. Осы тапсырманы орындай отырып, кезекті өз деміңізге бақылау жасай отырыңыз.

Енді сіздің есіміңізді алып жүрген байлық қай жерде сақталғанын анықтаңыз. Осы қасиетті орынға жақындай келек өзіңіздің мүмкіндіктеріңізді ойланыңыз: көру, естуғ иіс сезу, дім сезу, түйсіну, ойлау, қозғалу, шешім шығара алу қабілеттіңізді. Енді есіңізге түсіріңіз осының барлығы арқылы сіз жаға картинка көріп, жаңа дыбыстар ести алатыңды. Осы мүмкіндіктер арқылы сіз ешқашан қорғансыз қалмайтыныңызды түсінуге тырысыңыз.

Қоштасу рәсімі.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 қазан
453
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі