БҚО, Жаңақала ауданы, Жаңақала ауылы
№3 жалпы орта білім беретін қазақ мектебі
Педагог-психолог:
Губайдуллина Алмагул Мейрамгаликызы
Сабақ
тақырыбы: «Сенімділік
құпиясы неде?»
Сабақтың
мақсаты:
Педагогикалық жеке көзқарастарын
дамыту, мотивациялық ұстанымдарын
тануға, сенімді мінез-құлық дағдыларына
үйрету.
Сабақтың
міндеттері:
топтың жұмысы
үшін жағымды жағдай жасау;
өз позициясын
дәлелдеу тәсіліне үйрету;
сенімді әрекет
және сенімділік сезімін жоғарылату
амалдарын жасау;
өзін-өзі бағалауын
нақтылау және жеке қасиеттерін
өзектендіру үшін жағымды кері байланысты
алу.
Сабақтың
түрі: Тренинг
Сабақтың
көрнекілігі:
Үлестірмелі материал, майшам.
Сабақтың барысы
Кіріспе
бөлім. Сәлемдесу.
«Бумба-юмба тайпасы»жаттығуы.
Мұғалім:
Біздер бумба-юмба тайпасына үйреншікті
көрінетіндей тұрғындарымен сәлемдесейік.
Белгі бойынша-алақанды бір рет
соққанда-мұрнымызды бір-біріне тақап,
сипасуымыз керек, белгі бойынша-алақанды
екі рет соққаннда-арқамызбен сипасуымыз
керек,.
Рефлексия:
Сіз қандай сезімде болдыңыз?
Ақпараттық
блок.
Мұғалім:
Тұлғаның өзіне сенімділігінің басты
ерекшелігі-әлеуметтік іс-әрекетте жеке
өзін көрсетуден қашқақтау болып табылады.
Оның ойынша, өз ойын, жетістіктерін,
қалаулары мен қажеттіліктерін білдіру
жағымсыз, не мүмкін емес, не оның
құндылықтар жүйесінде маңызы жооқ. Ал
сенімді адамдарды дауыс ырғағы қатты,
бірақ олар айқайламаайды. Әңгімелесушісінің
көзіне тіке қарай алады, серіктесінің
сөзін жиі бөліп, өз ойын анық және нақты
білдіруге қабілетті. Өзіне сенімді
адамдар өз сенімін, қалауын, көзқарасын
еркін білдіреді. Бұл қабілеттер өздігінен
қалыптасады немесе адам дүниеге сенімді
болып келеді деуге болмайды. Тұлғаның
барлық әлеуметтік ортамен қарым-қатынаста
қалыптасады. Бүгінгі біздің сабағымыздың
тақырыбы «Сенімділік құпиясы неге?».
Қарым-қатынастың
бұл дағдысы өзіне сенімділікпен, сенімді
әрекетпен тығыз байланысты.
Негізгі
бөлім.
«Шабуылшы
және қорғаушы» жаттығуы.
Топ
қатысушылары жұпқа бөлініп, диалог
жүргізеді. Шабуылшы өз билігін сезініп,
қорғанушыға сілтейді, ұрысады, сын
айтады, талап етеді, қатты сөйлейді,
яғыни «шабуылдайды». Қорғанушы кешірім
сұрайды, ақталады, жай және қысқа сөйлеуге
тырысады, яғыни қорғанады. 5 минуттан
соң қаиысушылар рөлдерімен ауысады.
Әрбіреуі шабуылшының билінін, беделін
және қорғанушының іс-әрекеттік енжарлығын
толықтай сезінуі керек.
Рефлексия
«Жыл мезгілдері»
жаттығуы.
Қатысушылар ретімен
жыл мезгілдерін атайды. Кейін жыл
мезгілдері бойынша топқа бірігеді.
Әрбір топта топ басшысы таңдалып, ол
топтың алдына тұрып, кез-келген би
қимылын көрсетеді, ал қалғандары оны
қайталайды, Кейін топ басшысы топтың
соңына тұрып, келесі адам топ басшысы
атанып, өз қимылын көрсетеді. Осылай
әрбір қатысушы топ басшысы рөлінде
болады.
Рефлексия:
Жаттығуды орындағаннан кейін не
сезіндіңіз?
«Мақтану»
жаттығуы.
Қатысушылар шеңберге отырып, тапсырма
алады. (дайындалу уақыты 2-3 минут)
Мұғалім:
Әрбір қатысушы топ алдында өзінің
сапаасымен, біліктілігімен, қабілеттерімен,
өзінің күшті жақтарын айтып мақтануы
тиіс. Сөйлеуге 1минут уақыт бееріледі.
Алғашқы мақтанудан
кейін қол соғылып, қолпаштау сөз
айтылады.
Рефлексия:
Жаттығуды орындау кезінде қандай
сезімдер пайда болды? «Мен
саған сенемін» жаттығуы.
Мұғалім:
Жұпқа бірігеміз.Бір-біріңізге қарама
қарсы орналасыңыз. Азғантай уақыт
бір-біріңіздің көздеріңізге тіке қарап,
тыныш отырыңыз.
Енді
бір-біріңізге «Мен саған сенемін,
өйткені...» деп сөйлемді жалғастырыңыз.
Мысалы: «Мен саған сенемін, өйткені сен
ешқашан маған жаман сөз айтпайсың». 1
сөйлемнен айтылады.
Рефлексия
Қорытынды бөлім.
Сабақтың
нәтижесі бойынша рефлексия. «Сөйлемді
аяқта» жаттығуы (жазбаша)
Сабақ барысында
мен ... түсіндім.
Мен үшін ең пайдалы
... болды.
Маған сабақта
ұнамағаны ...
Қоштасу. «Майшам»
жаттығуы.
Мұғалім:
Біздің сабағымыз аяқталуда. Ендеше,
мен қазір майшамды жағамын. Оны
бір-бірімізге бере отырып, алғысымызды
білдіреміз. Рахмет.