"Сенімділікті арттыру" ойыны

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Сенімділікті арттыру" ойыны

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал психологтарға оқушылардың сенімділігін арттруға керек
Материалдың қысқаша нұсқасы

2 сыныптарға арналған сабақтар

Тақырыбы: Сенімділікті арттыру

Мақсаты: Оқушыларға сенімділігін ойын жаттығулары арқылы дамыту.

1. « Сиқырлы айна» жаттығуы.

Мақсаты: Өзі-өзіне деген сенімділікті арттыру қобалжуды басу.

Құрал жабдықтар: А4, түрлі түсті қарындаштар.

Қатысушылар 3 айнаға өздерінің сүретін салады. 1-ші айнаға кішкентай және қорыққан түрін салады, 2-ші айнаға үлкен және қөңілді кезін салады, 3-ші айнаға қорқынышсыз ештеңеден қорықпайтын, мықты кезін салады.

Сұрақтар:

1.Қай сурет сымбатты көрінді?

2. Қазір сен қай айнадағы сүретке ұқсайсың?

3. Қай айнадағы сүретке ұқсағыңыз келеді?

4. Сурет салу барысында қандай сезімде болдыңыз?

2.“Мен –ғажаппын!” жаттығуы

Әр адам өзіне қаншалықты баға берсе, соған соншалықты лайықты болады. Тұлға ретінде қалыптасуың үшін өзіңді, өмірлік іс-әрекетіңді лайықты бағалай білуің керек. Өзіңе арнап неғұрлым жақсы, жағымды, жылы сөздерді көбірек айту керек. Өзіңді-өзің дұрыс бағалағаның жөн.

Әр адамның өзіне арнаған жақсы, жағымды қолдау, мадақтау, мақтау сөздері болуы тиіс.

Мысалы:

- Мен осы өмірге келуіммен кереметпін.

- Мен ғажаппын, мен кереметпін.

- Мен тамаша жанмын.

- Мен мейірімді, жылы жүректі адаммын.

- Мен сабырлымын, салмақтымын.

- Мен айналама бақыт шуағын шашамын.

- Мен алдыма қойған мақсатыма жетемін.

- Менің қолымнан бәрі келеді.

- Мені тек жақсы адамдар қоршаған.

- Мен бақытты адаммын.

3.“Көжектер мен пілдер” ойыны

Мақсаты: Балалардың өзін- өзі бағалау сезімдерін жоғарылату, өздеріне деген сенімдерін ұялату және күшті екендіктерін сендіру.

Балалар, қазір біз бірге “Көжектер мен пілдер” атты ойын ойнаймыз. Біріншіден біз сіздермен бірге қорқақ көжектер боламыз. Айтыңыздаршы егер де көжек қауіп төніп тұрғанын сезсе не істейді? Дұрыс айтасыздар, дірілдейді. Ал қанекей бәріміз бірге көрсетейік, ол қалай дірілдейді? (балалар көрсетеді)

Егер де көжектер адамдардың аяқ дыбыстарын естісе не істейді?” Оқушылар сынып ішінде жан- жаққа жүгіреді, тығылады т.б. “Ал егер де қасқырды көрсе қайтеді екен көжектер?” (ойын жалғаса береді)

Ал енді біз сендермен бірге үлкен, күшті, мықты пілдер боламыз. Көрсетіңдерші салмақты, ешкімнен қорықпайтын пілдер қалай жүреді? Олар адамдарды көргенде не істейді? Олар адамдардан қорқа ма? Жоқ...піл адамдармен дос болады, адамдарды көрсе де олар өз жолдарынан қалмайды. Қанекей көрсетейікші .... Ал енді пілдер жолбарысты көргенде ше??? ” (осылай балалар бірнеше минут пілдердің қимыл- қозғалыстарын көрсетеді) Ойын аяқталғаннан кейін балалар орындарына отырып, оларға қай жануардың рөлінде ойнаған қаттырақ ұнағандықтары туралы айтады.

4. «Сезімдер әлемі»жаттығуы

Әр топ екі таратпадан алады. 

Сары таратпалар

Жасыл таратпалар

Қуаныш

Таңдану

Батылдық

Достық

Сенімділік

мейірімділік

Қайғы - мұң

Ашу – ыза

Қорқыныш

Қызғаншақтық

Реніш

өзіне риза болу


Осы карточкадағы жазылған көңіл-күй сезімдерін көрсетіп беру.

Әр топтың тапсырмаларына қорытынды жасау.

3 сыныптарға арналған сабақтар

Тақырыбы: Логикалық ойлау қабілетін дамыту.

Сергіту сәті

1-тапсырма: «Ғажайып шаршы»

1.Барлық қатарда қосынды 30 шығатындай етіп, бос торкөздерге 2, 4, 6, 8, 12, 14, 16, 18 сандарын орналастыр.

 

 

 


10

 

 

 

 

12

2

16

14

10

6

4

18

8

Шешуі:

2-тапсырма: «Ойлан, тап!».

1. Бала сағат 9-да оянды. Егеролүш-ақсағатұйықтаса, сағатнешедежатқан?

Шешуі: 6-да.

Дастарқаннанекішешесі, екіқызы, бірәжесі мен немересібір-біршелпекжеді. Қаншашелпекболыпеді? Шешуі: 3.

«Метаграмманы шеш».

С-данегербастасаң,

Сырғымалыметалмын.

Қ-дан егербастасаң,

Қылыштыорапжатармын. Шешуі: СЫНАП-ҚЫНАП

3. «Үш есім» жаттығуы

Мақсаты: Өзіндік рефлексияны дамыту;

Өзін-өзі тану бағдарын қалыптастыру.

Әрбір қатысушыға үш үлестірме қағазы таратылады. Бұл қағаздарға ол өзінің есімінің үш нұсқасын жазу керек (мысалы, сізді туысқандарыңыз, қызметтестеріңіз және жақын достарыңыз қалай атайды). Әрі қарай топтағы әр қатысушы осы есімді қолдана отырып, аталмыш есімге сай келетін немесе осы есімнің тууына себепші болған өз мінезіңіздегі ерекшелігін сипаттай отырып өзін-өзі таныстырады

4 сыныптарға арналған сабақтар

Тақырыбы: Сенімділік, қарым-қатынасты арттыру.

1-тапсырма. «Ізде тап» ойыны

Мақсаты: Топта сенімділік қарым-қатынасты дамыту

Нұсқау: /Жүргізушінің сөзі/ жан-жаққа қарап, жұппен бір-біріне қарама-қарсы тұрыңдар. Қазір әр біреуің өз жұптарыңды, кейін көздеріңді жұмып таба алатындай, есте сақтауларың қажет. Жұптарыңа қарап, оның киімін, шашын, қолын, иықтарының кеңдігін, белін есте сақтауға сендерде 2 минут уақыт бар. Енді көздеріңді жұмып, жан-жаққа шашыраңдар, жұптарың қай жақта екенін білмеу үшін. Өздерің осы жағдайға үйреніңдер, асықпай жүріңдер. Мен сендердің қауіпсіздіктеріңді ойлап тұрмын. Барлық топ осы тапсырманы ойдағыдай орындау керек. Ал, енді жұптарыңды, сөйлемей іздеп табуларың керек. Олардың ерекше белгілерімен іздеңдер. Ал, сіз таптым дегенде, көздеріңді ашып, атын атаңыз.

Бұл ойынды аса үлкен емес жерде өткізген жөн – жұптар бір бірін тез таба алу үшін. Бір бірін тапқан жұп,өз орындарына барып отырады, басқаларға іздеуге кедергі болмау үшін, өз орнына отырғаны жөн.

2-тапсырма«Соқыр футбол» ойыны

Мақсаты: Топта сенімділік орнату.

Қажетті заттар: көз жапқыш, доптар /1-3/

Нұсқау: Топ 2 командаға бөлінеді. Әр команда жұптарға бөлінеді. Біреуі «ойыншы» болады, екіншісі «жаттықтырушы». Ойыншының көзі жабылады. Ойынның алдында «ойыншы» өз жаттықтырушысының дауысына үйрену үшін, жаттығу жасауға болады. Жүргізуші ойынның шартын айтады.

-Допты тек қана ойыншының қозғауына болады.

-Ойыншылар алаңда қолдарын созып, алақандарын жайып қана жүгіреді.

-Тренер де, ойыншы да бір-бірін әдейі ұстауға болмайды.

-Допты алысқа және бүкіл күшімен лақтыруға болмайды.

-Ойыншылар жеңіл аяқ киім кию қажет.

-Алаңда қақпа болмайды.

Екі топ бір қатарға тұрады. Жүргізуші ойынның басталуы туралы ысқырып белгі беріп допты ортаға тастайды, көзі байлаулы ойыншы допты жаттықтырушының айтуымен алып, өз тобына жеткізуі тиіс. 5 минуттан кейін серіктестер рольдерін ауыстырады. Өздеріне жаңадан жұп таңдайды. Ойынның соңынан талқылау өтеді. Қалай қиын болды ма, көз байлаулы уақытта сұрау к/к?

Тақырыбы: Логикалық ойлау қабілетті дамыту.

1-тапсырма. «Саралау»

Мақсаты: Оқушылардың логикалық ойлауының даму деңгейін тексеру.

Нұсқау: Берілген сөздерді әріп санына байланысты екі бағанға топта.

КІРПІ, ҚАЗ, МЫСЫҚ, ҚОРАЗ, ДОП, САҒАТ, ШАМ, ШОҚ, АСПАН, ТҰЗ.

2- тапсырма.1)«Шешуін, тап!»

Тізбектің құрылу ерекшелігін анықтап, тиісті сандарды жаз.

20; 17; 14; ...; ...; ... Шешуі: 11; 8; 5.

2) «Ойлан, тап!»

Дастарқаннан екі шешесі, екі қызы, бір әжесі мен немересі бір-бір шелпек жеді. Қанша шелпек болып еді? Шешуі: 3.

3- тапсырма. «Жасырынған сөздер»

Берілген сөздерге бір-бір әріп қосып, жаңа сөздер құра.

ӨShape6 Shape5 Shape4 Shape3 Shape2 Shape1 МІР

АShape11 Shape10 Shape9 Shape8 Shape7 ТА

АShape18 Shape17 Shape16 Shape15 Shape14 Shape13 Shape12 СТЫҚ Шешуі: көмір, мата, жастық



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.02.2019
1323
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі