Жамбыл облысы Тараз
қаласы
№23 орта
мектебінің
Психологы
Ботаева Гулайна
Ушкемпировна
11 сынып оқушыларын қорытындыаттестаттауға
және
ҰБТ-ге психологиялық тұрғыдан даярлауға арналған
Тренинг
СЕНІМДІЛІКТІ
ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Мақсаты: Оқушылардың
көңіл-күйлерін реттеу, ішкі тұрақтылық
сезімі
мен өзіне сенімділігін
арттыру. Топта жағымды
психологиялық
қатынасты қалыптастыру,
эмпатия сезімін дамыту.
Қолданылатын
әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, баяндау,
сұрақ-жауап, ойын.
Қажетті көрнекі
құрал-жабдықтар: Әріптер жазылған қима
қағаздар, аяқталмаған сөйлемдер топтамасы, А4 қағазы және суреттер
қиыныдысы.
Тренинг
жоспары:
I.Ұйымдастыру
кезеңі
1.Сәлемдесу рәсімін
жүргізу.
2.«Менің ұстанымым»
жаттығуы
II. Тренингтің негізгі
мазмұны:
1.«Әріпті таңдау»
ойыны
2. «Шынымды айтсам»
жаттығуы
3. «Менің арманым»
жаттығуы
III.Рефлекция
I.Ұйымдастыру
кезеңі
1.Сәлемдесу рәсімін
жүргізу;
2.Топтағы оқушыларды шеңбер
бойымен отырғызу;
3.Оқушыларды тренинг тақырыбы және тренинг ережесімен
таныстыру.
Психолог: Сәлеметсіздер ме құрметті тренингке
қатысушылар. Тренингке қош келдіңіздер.
Бүгінгі тренинг эмоционалды жағымды қатынас
жасауға, эмпатия сезімін дамытуға, көңіл-күйді реттеуге, сенімді
мінез-құлықты қалыптастыруға бағытталған.
Қатысушыларды тренинг ережесімен
таныстыру.
1.Бір-бірінің сөзін
бөлмеу;
2.Бір-бірін
қошеметтеу;
3.Бір-бірін тыңдау;
4.Уақытты үнемдеу, белсенділік
таныту;
5.Жағымды эмоцияны
тудыру;
1. «Менің
ұстанымым» жаттығуы
Психолог: Оқушылар шеңбер бойымен өз есімдерін және
өзінің өмірлік ұстанымдарын айтып
өтулері керек.
Мысалы: – «Өмірдің ағымынан
қалмау»;
-
«Ешқашанда білмеймін
демеу»;
-
«Қасындағыларға көмектесу, қуаныш
сыйлау»;
-
«Биік шыңға ұмтылу».
т.с.с.
II. Тренингтің негізгі
мазмұны
2. «Әріп таңдау»
ойыны
Мақсаты:Қатысушылардың
көңіл-күйлерін көтеру және тез ойлай алуға, белсенділікке
баулу.
Ойынның
шарты: Ойынға қатысушыларды
шеңбер бойымен отырғызу. Мұнда, қатысушылар өзіне бір әріпті таңдап
алады.
Әріптер:
А,С,Б,Ж,О,Д,Т,К,М,Р,Н,П,И,Қ,Л,Е,Ө,Ұ.
Психолог:Қандай әріпті алдыңыз? Қатысушылардан сұрап
шығу. Сізге қойылған сұрақтарға қандай әріпті алдыңыз, сол әріптен
басталатын сөздермен жауап берулеріңіз керек. Жауапты көп
ойланып тұрмай, тез айтуыңыз шарт.
Сұрақтар: – Сіздің мінезіңіз
қандай?
-
Сүйікті тағамыңыз
қандай?
-
Сіз
қандай көлікпен келдіңіз?
-
Бүгінгі көңіл-күйіңіз
қандай?
-
А лдағы уақытта нені жоспарлап
отырсыз?
3«Шынымды айтсам»
жаттығуы
Мақсаты:Қатысушылардың
топтық сезімін бекіту, ішкі
қорқыныштарынан
арылту, ашық болуға
бағыттау.
Нұсқау:Алдарыңызда топтамалар
жиынтығы көрсетілген. Қазір әрқайсыларыңыз кезекпен, аяқталмаған
сөйлемдер жазылған топтаманы алыңыздар. Берілген сөйлемдерді
мүмкіндігінше шынайы жауап беру арқылы сөйлемді аяқтауларыңыз
қажет.
Топтамалар
үлгілері:
Шынымды айтсам, ертеңгі
болатын тест туралы ойласам……..
Шынымды айтсам, мен тестке
дайындалып жатқанда……
Шынымды айтсам, мен үйге
келгенде……
Шынымды айтсам, менде бос уақыт
болғанда……
Шынымды айтсам, мен көшеде
серуендегенде немесе биге
барғанда…..
Шынымды айтсам, мен
қобалжығанда……
Шынымды айтсам, мен ойымды
жинақтай алмай жатқанда……
Шынымды айтсам, осы тест
туралы естігенде……Шынымды айтсам, мен тренингке
қатысқанда……
Талдау: 1.Сөйлемді аяқтау
қиындыққа соқты ма?
2.Топ мүшелері жайлы жаңа
мағлұмат алдыңыз ба?
3
.Өміріңізде қазіргі таңда ең басты мақсатыңыз
қандай?
4. «Менің арманым»
жаттығуы
Мақсаты: Оқушылардың болашаққа қойға
мақсаттарын анықтау және болашақты жоспарлай білуге
үйрету.Оқушылардың алға қойған
арман-мақсаттарына қол жеткізуге
көмектесу.
Оқушыларға А3 қағазы
таратылады. Оқушылар суреттер жапсыру арқылы және суреттер салу
арқылы өз армандарын қағаз бетіне түсіреді. Әрқайсысы ортаға шығып,
жасаған жұмыстарын қорғап шығады.
Р ефлекция
1.«Күн шуағы»
жаттығуы
Мақсаты: Топ
қатысушыларымен қайтымды байланыс алу,
өзара
түсінушілігін, сенімділігін
қалыптастыру.
Психолог: Менің қолымда ғажайып күн. Ол бүгінгі күнге
шуағын шашып, бізге жылулығын, қуанышын, бақытын әкелуде. Сіздер
осы күнді бір-бірлеріңізге ұсыну арқылы бүгінгі тренингтен алған
әсерлеріңізбен бөлісулеріңізге болады.
Талдау
сұрақтары:
-
Тренинг барысында неге қол жеткізе
алдыңыз?
-
Бүгінгі тренингтен қандай әсер
алдыңыз?
-
Ұсынылған жаттығулардың қайсысы сіз үшін маңызды
болып есептелінді?
-
Тренинг барысынды қандай қиыншылықтар
болды?
IY.Қоштасу
ПсихологТренингке атсалысып
қатысқандарыңыз үшін сіздерге үлкен рахмет. Сіздердің білім
жолындағы жетістіктеріңіз арта түссін! Алдарыңыз ашық, жарқын
болсын деген тілектерімізді
білдіреміз.
Педагог-психолог:
Г.Ү.Ботаева
.