400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Сенің құқығың-менің құқығым" Тәрбие сағаты жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
"Сенің құқығың-менің құқығым" атты тәрбие сағатының жоспары. Бастауыш сыныптарға арналған. Жаңа бағдарлама бойынша кесте түрінде әзірленген.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: « Сенің құқығың – менің құқығым »

Мұғалімнің аты-жөні: Хабибуллина Ә.Б

Сыныбы: 4 «ә»

Қатысқандар саны: 25

Қатыспағандар саны: 0

Тәрбие сағатының мақсаты

-оқушылардың құқықтық білімін жетілдіру,құқықтық білім әр адамның ісі екенін ұғындыру;
- оқушылардың бойына құқықтық, патриоттық,адамгершілік тәрбиені сіңіру;

- оқушылардың ой өрісін дамыту, белгілі бір пікір айтуға, тұжырым жасауға үйрету, есте сақтау қабілетін жетілдіріп, сөздік қорын молайту.

Көрнекілігі

слайдтар,плакат,стикерлер, жеке суреттер, жол белгілерінің суреті

Әдісі

Сұрақ-жауап, пікірталас, ой бөлісу, «Миға шабуыл» әдісі

Тәрбие сағатының барысы

Ұйымдастыру кезеңі

Жоспарланған іс-әрекет

Оқушының іс-әрекеті

Кіріспе сөз

5-минут
























Негізгі бөлім

20-минут




























































Қорытынды

5-минут







Әрбір адам өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын заңдарды білу керек. Сондай-ақ заң адамға міндеттер жүктейді. Адам басқалардың құқықтарын бұзбауы, олардың өміріне, денсаулығына, ар-намысына қол сұқпауы керек.

- 18 жасқа толғанға дейінгі әрбір адам бала болып саналады.Бұл туралы бала құқығы туралы Конвенциясының бірінші бабында айтылған.
Бала құқығы туралы мына заңдарда кеңінен айтылады: «Бала құқығы туралы конвенция», «ҚР конституциясы», «Азаматтық кодекс», «Неке және отбасы туралы заң», «Бала құқығы туралы декларация»

«Миға шабуыл» әдісі
«Тәртіпке бас иген құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды»
Б.Момышұлы.

1-жүргізуші:

Құқық деген:
Ұстам,
Құрмет,
Ырыс бұл.
Қоғамдық күш, жанға қуат
Тыныс бұл.
Ынтымақ пен бірліктің де кепілі,
Құқық сыйлап дұрыс жүріп,дұрыс тұр.

Оқушылардың құқық пен заң туралы өлең-сөздеріне кезек береміз.











2-жүргізуші: Бағынған өз заңына жұмыр ғалам, Сондықтан Күннен Жерім суынбаған. Қоғамның сан саласын реттейтін Әрбір заң Ата Заңнан туындаған.

«Жол белгілері» әдісі бойынша топқа бөлу.

1-жүргізуші: Бастайтын болашаққа бақ кемені, Осы жол халықтың да нақ сенері! «Халқыма адалмын!» деп Ата Заңға Елбасы қолын қойып Ант береді.

Келесі кезекте «Құқық сіз бен біз үшін» видеоролигі.

«Көр де сал» әдісі.

2-жүргізуші: Болғанмен бұл Өмірде айлаң күшті, Ел үшін кім тындырар қайран істі?! Еліңнің дамуы мен дағдарысы Ол-дағы Ата Заңға байланысты!

«Жасырын белгілер» әдісі.

1-жүргізуші: Өмірден әділдік пен бақ табатын, Құқығым қорғалды деп шаттанатын, Өзіңдей жас өркендер келеді өсіп «Бұл біздің – Ата Заң» деп мақтанатын! Оқушылардың пікірін тыңдау.






2-жүргізуші: Өркендеп өз қолына алған ісі, Биікке қазағымның самға, құсы! Халық боп қадір тұтып, қастерлеген Ата Заң – Азат елдің Ар-намысы!

Сонымен,қорытындылай келе,біз бүгін өз құқығымыз жайлы ой түйдік. Б.Момышұлы атамыз «Азамат жолы-ар жолы» деп айтқандай тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

Хор: «Азамат ел үшін» әні

Оқушылар орындарынан тұрып амандасады.





















Оқушылар Б.Момышұлының сөзін талда, өз ой-пікірлерін білдіреді.







1-оқушы: Құқық- қоғамдағы адамдардың өзара қарым- қатынасын реттеп отыратын мемлекет белгілеп, қорғайтын нормалар мен ережелер жиынтығы, осы нормаларды зерттейтін ғылым. 2-оқушы: Еліне арналатын тілегі шын, Ей, ұлым – Отанымның түлегісің! Іргесін туған елдің тіреп тұрған Қадірін Ата Заңның білемісің?! 3-оқушы: Ешкім де мін таға алмас елдігіме! Дауласып жармаспайды белдігіме. Бойында Ата Заңның өріліп тұр Даламның кеңдігі де, теңдігі де!



1-топ: Ақ жолақ

2-топ: Жылдамдық

3-топ: Бағдаршам











Оқушылар видеоролик тамашалап, көрген мәліметтерін постерге түсіреді.





1-топқа: Жаяу адамның белгілері

2-топқа: Жеңіл көлік белгілері

3-топқа: Мал айдау белгілері



1-оқушы: Өз ойымды айтуға, қалаған тілімде жазуға, сөйлеуге,оқуға құқығым бар.
2-оқушы:Мен өз туып өскен жерімде тұруға,оны қорғауға, тұратын мекенімді таңдауға құқығым бар.
3-оқушы:Мен өзіме рұқсат етілген істердің бәрін орындауға құқылы мын және өзіме тиесілі заттарды иемденуге құқығым бар.












Оқушылар хормен ән айтады.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
24 қараша
1519
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі