400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Сенің құқықтарың мен міндеттерің" баяндама 11 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекшілерге арналған баяндама
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағаттың тақырыбы: Сен өз құқықтарың мен міндеттерің.

Тәрбие сағаттың мақсаты:

  1. Конституциялық, азаматтық, әкімшілік, отбасылық, еңбек, қылмыстық құқық негіздерінен қазіргі заман адамына ең қажеттілерін іріктеп ала білуге үйрету.

  2. Оқушыларды жаңа тақырыпты талқылауға, өз бетімен жұмыс істеуге үйрету және проблемалық сұрақтар арқылы олардың ой өрісін, ойлау қабілетінің белсенділігін арттыру.

  3. Заң сыйлағыш тұлғаны қалыптастыру.

Түрі: Тренинг-сабағы.

Әдісі: Ойын: «Сиқырлы жіп»

Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының Конституциясы. Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

- Адам үшін ең қымбат не?

- Ойын «Сиқырлы жіп».

Мұғалім қолынан бірінші оқушы қолына кішкене жіпше лақтырылады (секіреді). «Бұл сиқырлы жіпше», - дейді мұғалім. «Ол шұбатылып, бізді байланыстырады. Осы жіп - өмір». Жіп қолыңызға түскен кезде, сіз өмірді қандай болып көрінетіңізді бір-екі сөзбен айту керексіз. Бүкіл сыныптың қолдарынан өтіп, мұғалімнің қолына оралады. Балалар өмір жібі үзілмеу керек екеніне көңіл аударыңдар! Жіп оралып қалмау керек. Өмірді қайта сүре алмайсыз!

«Тәртіп орнат»



1. Құқық А-Еліміздің негізгі заңы.

2. Конституция Б-Мемлекет басшысы.

3. Мемлекет В-Негізгі саяси қоғамдық ұйым.

4. Азамат Г-Тәуелсіздік.

5. Құқық бұзушылық Д-Заңдар жүйесі.

6. Президент Е-Заң шығарушы орган.

7. Парламент Ж-Заң жүйесін бұзу.

8. Егемендік З-Құқығы бар ел тұрғыны.



1 Д 2 А 3 В 4 З 5 Ж 6 Б 7 Е 8 Г

«Құқық» дегеніміз не?

Оқушылар спикермен бірге 2 топқа бөлінеді. Топтың әр жауабынан кейін мұғалім өзінің толық жауабын оқу керек.



1.Жеке адамның құқығы дегеніміз не?

- Адам мүддесін қанағаттандыруға бағытталған заң арқылы қорғалған тәртіптік шара.

2.Құқықтың қандай түрлері бар?

  • жеке (азаматтық)

  • саяси

  • экономикалық

  • әлеуметтік

  • мәдени т.б.

3. Адам құқығы қай уақытта пайда болады?

- Туғанынан беріледі.

4.Оларды орындау үшін не қажет?

- Міндеттерін орындау.

5.Адамның незізгі құқығы?

- Өз құқықтарын пайдалану құқығы.

6.Құқық қашан және қайда пайда болды?

- Азаматтарға құқық керек кезде, ол пайда болады.

7.Бізге құқықпен бірге бостандық беріледі. Бостандық – деген не?

- Бостандық – бұл таңдау мүмкіндігі.

8.Бостандықты не шектейді? Бостандық және өз қалауымен орындамалық – бұлар бірдей ме?

- Бостандықты шектеу әр адамның саналылығында.

9. Қазақстан Республикасының азаматтарының міндеттерін ата?

Қазақстан Республикасының азаматтарының міндеттері:

  1. Заңдарға бағыну.

  2. Басқа азаматтардың құқықтарын, бас бостандықтарын, арын құрметтеу.

  3. Мемлекет рәміздерін құрметтеу.

  4. Қаржы, салықтарды төлеу.

  5. Тарихи және мәдени байлықтарды сақтау.

  6. Табиғатты және табиғи байлықтарын сақтау.

  7. Ата-аналардың балаларына қамқорлық етуі, балалардың ата-ана алдындағы міндеттерін орындау.

  8. Орта мектеп білімін алу.

  9. Қазақстан Республикасын қорғау.

Қылмыс пен жаза

  1. Жол ережесін бұзу Адам үшін қылмыс па? Неге?

  2. Адамды қылмыс жасаудан не сақтайды? Құқық туралы білімі не өз санасы.

  3. Қылмыс жасағандарға қоғам кінәлі ме?

  4. Қылмыскерге рақымшылық беруге сіздің көзқарасыңыз қандай?

  5. Адамның заңға немқұрайлы қарауы неден басталады деп ойлайсыз?

  6. Жайбарақат қарашылық қылмысқа жата ма?

Конституцияңды білесің бе?

1.Мемлекет билігінің қайнар көзі?

Халық (3 бап)

2.Қ.Р.Мемлекеттік рәміздері қашан қабылданды?

1992 жылы.

3.Қ.Р.азаматы екінші, басқа елдің азаматтығын алуға құқығы бар ма?

Жоқ (10 бап)

4.Өз дінім мен ұлтымды айтпауға құқығым бар ма?

Иә (19 бап)

5.Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауға құқығымыз бар ма?

Иә (23 бап)

6.Қ.Р.Президентін сайлау рәсімі қашан өтеді?

Желтоқсанның бірінші жексенбісінде (44 бап)

7.Президент кәсіпкерлік қызметпен айналыса ала ма?

Жоқ (43 бап)

8.Қ.Р.жоғарғы өкілетті органы?

Парламент (49 бап)

9.Үкімет қызметтерін ұйымдастырушы кім?

Премьер –Министр (67 бап)

10.Қ.Р.атқарушы билігін жүзеге асырушы?

Үкімет (64 бап)

11.Премьер-Министрдің орнынан түсуінен кейін… өкілеттілігі тоқтатылғанын білдіреді.

Үкіметтің (70 бап)

12.Қ.Р.Парламенті ... жұмыс істейді.

Сенат – 6 жыл.

Мәжілім – 5 жыл.

(50 бап)

13.Парламент Депутаты болып ... ғана толған азамат бола алады.

Сенат – 30 жыл.

Мәжілім – 25 жыл.

(51 бап)

14.Қ.Р-да нешінші Конституция пайдаланылады?

Екінші.

15.Заң құдайы?

Фемида.

16.Қ.Р.азаматы қашан болуға құқылысыз?

Дүниеге келген кезде (12 бап)

17. Африкада дүниеге келген адам Қ.Р.Президенті бола ала ма?

Иә, егерде ол Қ.Р-да 15 жыл өмір сүрген болса.

18.Президент ауырған не қайтыс болған кезде, оның орнына кім келеді?

Сенат басшысы.

19.Мәжілісті қанша депутат құрайды?

77 (50 бап)

20.Қ.Р. мейрамдарын атаңыз.

Конституция күні.

Республика күні.

Тәуелсіздік күні.

Қорытынды: «Проект қорғау».

  • «Бақытты өмір» - дегенді қалай түсінесіз?

  • Бақытты өмір сүру үшін не істеу керек?

Бақытты өмір сүру үшін бүкіл балалар құқығы орындалу керек.

Сабағымыз осымен аяқталды. Сау болыңыздар!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
8 ақпан
1525
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі