Ұйымдастырылған ашық оқу
қызметі
Күні: 21.01.21ж
Білім беру
саласы: Таным
Тақырыбы: «Сенсорикалық
жаттығулар»
Мақсаты: әр түрлы заттарды топтастырады
және салыстырады; берілген түске сәйкес сары, жасыл, қызыл түстерді
ажырата алады, қол маторикасы мен қимыл үйлесімділігімен жұмыс
жасайды.
Шаттық
шеңбер!
Қолдарын жоғары көтеріп күннен
нәр алады. Күннен алған нәрлерін достарына шашады. Достарына әдемі
күлкілерін сыйлайды.
Ашық
сұрақ!
-Балалар қазір бізде қай
мезгіл?
-Қыс
мезгілі
-Қыс мезгілінде неше ай
бар?
-Қыс мезгілінде үш ай
бар?
-Үш ай бар. (желтоқсан,
қаңтар, ақпан)
-Қазір бізде қаңтар
айы.
Балалар құлақ салып тыңдап
көрейікші бірнәрсенің даусы естіліп тұрған сияқты. (поровоздың
аудиожазбасы). Балалар поровоздың даусы естілді, енді неге келмей
жатыр екен. Балалар сендер білесіңдер ме?! Поровозға көмек керек
болып жатыр екен, өзінің жолымен жүрейін десе дөңгелегі салынбаған,
терезесін жөндеуге де көмек көрсету керек екен. Көмектесеміз
ба?
-Иә, поровоздың жүруіне
көмектесеміз!
Педагогтің жетекшілігімен
ойын: «Поровозға көмек»
Шарты: саусақ маторикасын дамыту
мақсатында бөтелкенің қақпақтарын дөңгелекке орналастырып бұрайды,
терезесіне темір батырмасы арқылы пішіндерді (үш бұрыш, дөңгелек,
шаршы) жапсыру.
Жарайсыңдар балалар! Ал енді
біздің поровозымыз жүруге дайын. Кәне бәріміз байқап көрейік.
(видеожазба, поровоздың жүруі)
Құрылымдалған ойын: «Дұрыс
орналастыр»
Шарты: түрлі түсті ермексаздан
жасалған дөңгелектерді түстеріне қарай орналастыра
алады.
Сергіту
сәті!
(Сәлем, сәлем!) (видео
жаттығу)
Балалар түс арқылы екі топқа
топтасып, тапсырмаларды орындайды.
І-топ: Әр түрлі заттарды түрлеріне
қарай ажыратып, жеке-жеке көрсетілген ыдысқа салады (асық, ағаштан
жасалған пішін, жаңғақ, су астында жүретін тіршілік иелері
(балықтар)).
ІІ-топ: түстері (жасыл, сары, қызыл)
ажырата отырып, түрлі түсті кір қыстырғыштарды түстеріне қарай
қыстырып қояды.
Қорытынды.
Шардың ішіне салынған заттарды
қолдың ұшы арқылы сезеді, түстерін ажыратып айтып
береді.
Балаларды мақтап, мадақтау!
Көңіл күйлерін көтеру мақсатында кішігірім сыйлық
тарату!