400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

сенсорлық дамыту

Материал туралы қысқаша түсінік
дефектолог -логопедке
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:

Сынып: 4-5

Бөлімі: Сенсорлық процестері мен кеңістік бейімделуін дамыту.

Тақырыбы: 1.2.Көру қабілетін дамыту.

Мақсаттары:

5.1.2.1 5-6 бөліктен заттық суреттер құрастыру;

5.1.2.2 заттар мен бейнелерін салыстыру, айырмашылықтары мен ұқсастықтарын табу.

Түзету білімдік: Көзге арналған жаттығулар арқылы көздің жалпы шаршауын басу. Моторлы көру кординациясына үйрету.

Түзету – дамытушылық: Көзге арналған жаттығуларды нұсқау бойынша дұрыс жасап үйрену:

- көздің шаршауына арналған ;
- көру жүйесінің босаңсуына;
- көру мүшесінің қан айналымын жақсартуға;
- көздің бұлшық еттерін жаттықтыруға;
- көздің козғалыс бұлшық еттерін жаттықтыруға;

- Көзбен көріп қабылдауын,моторлы көру координациясын дамыту;

Түзету тәрбиелік: жетістікке жету сенімділігін,бастаған істі соңына дейін жеткізуге тәрбиелеу.

Көрнекілік: дәптер, қарындаш, өшіргіш,үлестірмелі материалдар.


Іс-әрекет кезеңдері

Дефектологтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық - қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Армысың асыл күн!

Армысың асыл жер!

Армысың көк аспан!

Армысың жан досым!

Жылума жылу қос,

Міне менің қолым бос!


Шаттық шеңберде қимыл -қозғалыстар жасайды


Ұйымдастыру - іздестіру


2. Өткен сабақты қайталау

Көздің шаршағанын басады және қырағылығына әсер етеді. Әр қимылды бұлшық етті қатайтпай, көзді сығырайтпай, еркін, 5-6 реттен рахаттана орындаймыз.

Көзге арналған жаттығулар.

- Балалар, бүгінгі сабағымызда көзге арналған жаттығулардың № 2 нұсқасын дұрыс жасауды үйренеміз,көздің шаршағанын басуды,көздің қан айналымын жақсартуға арналған жаттығулар,көздің қозғалыс бұлшық еттерін жаттықтыру жаттығуларын жасап үйренетін боламыз.

Көзімізге арналған жаттығуларды дұрыс жасау үшін:

  • Жаттығу кешенін және кезектілігін білу керек;

  • Мұғалімнің нұсқауларын мұқият тыңдап және орындау керек;

Гигиеналық талаптарға сай,қолдың таза болуын қадағалау.

1 нұсқа

1. солға-тура, оңға – тура, жоғары – тура, төмен – тура көзді бір жерде тоқтатпастан қарау 1-10 рет.

2. диагоналі бойынша араластыра қарау: солға-төмен-алға, оңға- жоғары-тура,оңға- төмен- тура, солға-жоғары-тура және баяулап көзді тоқтата жасау, тыныс алу қалыпы.1-10 рет жасау

3. көзді айналдыра солға және оңға қозғау 1-10, алдымен тездете соңынан жаймен,

5. көзден 30 см арақашықтықта саусақ немесе қарындаш ұшына қарау, соңынан алысқа бірнеше рет қарау.

4. Түзету – дамытушылық ойын: «Айырмашылығын табу»

Психологиялық ахуал.
Балалар, бүгін айдың нешесі? Ендеше
мамырдың -5болса, бірінші оң қолмен, сосын, сол қолмен, одан кейін оң және сол аяқпен және қолымызды бүйірімізге қойып, белмен және мұрынмен жазу
Жаңа сабақ

Ер –есімі ел есінде

Есту арқылы есте сақтау қабілетін дамытуға арналған жаттығу.

Нұсқау: қазір сіздерге мынадай сөзтізбектері оқылады. Сіздер мұқият тыңдап, естеріңізде қалдыруға тырысыңыздар. Мен 2 рет оқып, қайталап, содан есте қалған сөздерд іалдарыңыздағы қағазға жазуды сұраймын.

Гүл,далада,орманда,жауынгер,капитан,басшы ,алғыс мақтан,Отан ,Бейбітшілік.

Бұл жаттығулар көру және есту арқылы есте сақтауға арналған.

Есте сақтау қабілетін дамытуда мынадай ережелерді ұстанғанымыз жөн.

Бірінші ереже салыстыру.Яғни біз бір фактні есте сақтауымыз керек болса, онда міндетті түрде басқа бір фактімен салыстыруымыз керек. Мысалы: ұлы отан соғысы қашан басталды 1941 жылы. Біз еске түсіреміз 1945 жылды, ҰОС аяқталған жыл. Арасы 4жыл.

Екінші ереже – жүйелі түрде ассоцияциялау.Мысалы бір сөздер тізбегін орнын ауыстырмай жаттау керек болса, мынадай әдісті қолданамыз. Ол сөз тізбегі. Көктем ,әдемі, сабын, сым, дақ. Бұған мынай әңгіме құруға болады. Масатыдай құлпырған бар әлем әдемі. Масаның бүйірінде қылышы бар екен. Үлбіреген ақ мамықтар сабындай сусып ұстатпайды. Сымымды бұлғап, дақ түсіріп алдым. Осындай әңгіме құрып үйрету арқылы, баланың қиялын дамытамыз және есте сақтау қабілетін дамытамыз.

ІІ. Сергіту сәті: африкадағы жаңбыр.

Нұсқау:балалар қазір бәріміз орнымыздан тұрып, біріміздің артымызға біріміз тұрып, қолымызды созғанда бір-біріміздің арқамызға жететіндей етіп тұрамыз. Мен айтқанда, қолымызбен массаж жасауға кірісеміз. Енді бізді мұқият тыңдаңдар. Африкадамыз. Күн ыстық. Біраздан соң ақырындап жел соға бастады. Ол жел күшейе бастады. Бір кезде себелеген жаңбыр жауа бастады. Ол жаңбыр күшейіп, селге айналды. Бұршаққа жалғасты. Бұршақ қайтадан селге, сел жаңбырға, одан дауылға, дауыл желге айналып барып басылды. Күн шығып, ауа райы орнына келді. Осы жаттығуды екі-үш рет қайталаймыз.

Есте сақтау қабілетін дамытуға арналған ережелер:

Бір затты жаттаған кезде, бөліп-бөліп жатта.

Сәрсенбі күні берілген тапсырманы, жұма күні айту керек болса, бейсенбі күнін күтпей ақ сәрсенбіде жаттап, бейсенбі күні тек қайталау керек.

Бір мәліметті жаттағанда, басқа бір фактымен салыстыра отырып жатта

Бірінші көзбен көріп, әсер ал. Содан кейін есту қабілеті арқылы байланыстырып жатта.

Ми гимнастикасы «Жалқау сегіздіктер»Ауада сегіз санын алдымен оң қолыңмен, сосын сол қолыңмен сегіз санын сал, одан кейін екі қолыңмен үш рет қайтала.
Тапсырма №2 Үстел үстінде 3 қияр, 2 сәбіз және 5 апельсин тұрған. Үстел үстінде барлық көкөністер қанша?

Жауабы: Барлығы 5 көкөніс, өйткені апельсин жеміске жатады.

Тапсырма №3 Сөздерді дұрыс құрастыр және артық сөзді алып таста, қалғанын топта. ҚРАЫБЗ, АУЫҚН, МААЛ, ЛАМАҚ, МҰТРЛА
Жауабы: қарбыз, қауын, алма, қалам, алмұрт.

































Рефлексивті - түзетушілік



- бүгін сабақта қандай жаттығулармен таныстық?

- Көзге арналған жаттығуларды дұрыс жасау үшін нені білу керек?

- Не естеріңде қалды?

- Қандай жаттығулар жасау кезінде қиындықтар туғызды? Неге?

- Жарайсыңдар, сау болыңыздар !



- Сау болыңыз апай!.


Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Көру арқылы есте сақтау туралы түсінік қалыптасады.

Қандай түсініктерді игерді: Толықтай жауап беру қабілеттері артып, әңгіме барысында көп нәрсені түсініп, білді

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: жаңа сөздерді қолдану арқылы дағдылары мен іскерліктері артты








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
32 ұстаз жүктеп алған
5 мамыр
4801
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі