Материалдар / Сенсорлық ойындар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сенсорлық ойындар

Материал туралы қысқаша түсінік
Сенсорлық ойындар арқылы балалардың ойлау, қабылдау,есте сақтау,зейін деңгейін шоғырландыру,заттарды ұстау арқылы ұсақ қол моторикасын дамыту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Мамыр 2024
308
1 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



МОББ-ның Ақтау ҚБББ-нің №28 “Балдәурен” бөбекжайы ЖБҚ МКҚК



Қалалық семинар

Т

ақырыбы: “Сенсорлық ойындар”

Дайындаған: педагог-психолог:Миняжева.С.Т

Ақтау2024





Миняжева Самал Турегалиевна

Педагог-психолог

28 «Балдәурен»бөбекжайы МКҚК

Еңбек өтілі: 8 жыл

Телефон:87018502699

Электрондық почта:

minazevasamal@gmail.com


Тақырыбы: «Сенсорлық ойындар»

Кіммен жүргізіледі: Ортаңғы топтың тәрбиеленушілері

Мақсаты: балалардың ойын арқылы ойлау, қабылдау, есте сақтау, зейін деңгейін, заттарды ұстау арқылы ұсақ қол моторикасын дамыту, Ұлтымыздың негізсіз ұмытылып бара жатқан асық ойынын жаңғырту,

ұлттық құндылықтарды баланың бойына сіңіру, бар назарын тренингке аудару, балаларға позитивті көңіл-күй сыйлау.

Барысы: Көңілді әуен ырғағымен балалар залға кіреді

Шаттық шеңбері:

Мейірімді жүрекпен Ақ пейілді тілекпен Амандасып алайық,

Алақанды ашайық

Күннің нұрын салайық

Жиналған жылы шуақты

Қонақтарға шашайық

Қонақтармен амандасу

Сәлеметсіңдерме !

Көңіл-күйлерін қалай?(бас бармақ әдісі арқылы көрсетеді

Педагог- психолог : Балалар сіздерге ойын ойнаған ұнайдыма? Ендеше біз бүгінгі оқу іс -әрекетімізде қызықты сенсорлы ойындар арқылы білімдерімізді көрсететін боламыз.




І. «Әр түрлі қимылдар» нейрожаттығуы Баяу музыка қосылады, балалар шеңбер жасап отырады және педагогың іс әрекетін қайталайды. (көрпеше үстіне)

  1. Бір-бірімізге түрлі-түсті ленталарды кезекпен беру, ең бірінші баяу, сосын орташа, соныңда тез орындау керек;

  2. Бір-бірлерінің қолдарын айқастырып, аяқтарына қою;

  3. Қолдарын алдыға созып, айқастыру;

  4. Бір-бірлеріне қарап екі қолдарын бір-біріне тигізу;

  5. Соңында бұрылып арқаларынан сипау; Ал кәнекей келіңдер Тамашаны көріңдер Бізде қызық ойын бар Барлығың ден қойыңдар

Ғажайып сәт: «Сандық»

Балалар қарандаршы үстел үстінде сандық тұр екен, бұл сандықты ашып көрейікші, бұл сандық сиқырлы екен, ішінде түрлі түсті асықтар және таяқшалар бар екен, бұл асықтармен таяқшалар алып, ойын ойнайық!

(ойын басталғанда баяу музыка қосылады


ІІ тапсырма. «Асықтарды,таяқшаларды пайдаланып, үлгі бойынша сәйкестендіру»

Ойын мақсаты: балалардың ойын арқылы зейін, ойлау дағдысын дамыту

Ойын барысы: балаларға боялған таяқшалар мен үлгі суреті беріледі, сол үлгіге қарап, балалар стақанның үстіне үлгідегі суретті жасайды:

Керекті құралдар: боялған таяқшалар, үлгі суреттері, стақандар




Бейне тапсырма” Кәне балалар назарымызды бейне экранға

аударайық.

Шарлардың ішіндегі жасырылған заттарды есту,сипап-сезу, уақау

арқылы табу . Ал онда балалар бейне тапсырмасы орындауға кірісейік.

Балалар тапсырманы орындауға кіріседі.

Ендігі балалар кішкене сергіп алайық!

ІІІ. Сергіту сәті. «Қимылды қайтала»

Сергіту барысы: Позитивті, көңілді музыка қосылады, балалар

шеңберге тұрып, орындықта жабысып тұрған қимылдарды қайталайды.

Балалар мен сендерге жұмбақ жасырғым келеді, мұқият тыңдандар!

Иір-иір үйі бар,

Іші қапас әрі тар,

Құлақ тоссаң

Ызыңдаған үні бар,

Бұл не, біліп ал. (ұлу)

Тамаша балалар дұрыс айтасыңдар, бұл жұмбақтың жауабы: ұлу, ендеше мен сендермен «Ұлуға көмек» ойынын ойнағым келеді!

І V тапсырма. «Ұлуға көмек» ойыны

Ойын мақсаты: балалардың ойын арқылы ұсақ қол моторикасын дамыту, ойлау дағдысын дамыту.

Ойын барысы: балаларға ұлу бар сурет және шарлардың ішінен шыққан тосын (жіп, малбрс тастары ) беріледі, сол тосын сыйды пайдаланып балалар ұлуға үйін жасауы тиіс.

Керекті құралдар: ұлу суреті, жіп, малбрс тастары ,майлықтар



Жарайсыңдар балалар сіздерге бүгінгі ойындар ұнағанына қуаныштымын. Олай болса тыныштық сәтіне кезек берейік.

«Табиғат мінезі» релаксация жаттығуы

Қане, бәріміз тізбектеле тұрайық. Көзімізді жұмып, өзімізді табиғат аясында тұрғандай елестетейік. Бұлшық еттерімізді босаңсытып, өзімізді еркін сезінейік. Енді мұрнымызбен терең дем алып,,аузымызбен жәймен шығарайық .

.Күн тамаша, ашық, күн сәулесі шуақ шашып тамаша көрініске толы.

Алғашқыда бәрі жақсы болып тұрды да, аяқ астынан жеңіл жел соқты.

Алдыңызда тұрған адамның арқасынан жәймен ғана қолмен жеңіл желдің самалындай етіп сипайсыз.

Жел күшейді- енді алдыңыздағы адамның арқасын қатты уқалай бастаймыз.

Кенет, жел қатты басталды- енді қатты жел күшіндей екі қолмен айналдыра күштірек уқалаймыз.

Содан кейін, аяқ астынан жәй ғана жаңбыр сіркірей бастады- енді қолымызбен жаңбырдың сіркірегеніндей жәймен ұрамыз.

Бір кезде қатты жауын жауды- біз қатты жауын сияқты арқамызды саусақтардың ұшымен жоғары төмен сипалаймыз.

Аяқ астынан бұршақ жауды- арқамызды саусақ басымен бұршақ жауғандай қаттырақ ұрамыз.

Бір кезде бәрі басылды, күн жарқырап ашылып, адамға бір күшті шуақ берді. Бір-бірімізбен құшақтасамыз. :Жарайсыңдар қатысқандарыңызға өте куанштымын!

Қорытынды:Балалар, біз бүгінгі оқу іс-әрекетімізде ойын ұнадыма? Олай болса ойын ойнай жүріп, білімді ұштастыруға болатынын білдік.

Егер балалар бүгінгі ойындар ұнаса көңіл күйімізді смайликтер суретін бағдаршамның жасылға жабыстырады, ал егер ұнамаса, ойындар қызықсыз болса смайликтердің суретін қызыл бағдаршамға жабыстырады. Мақтау.Мадақтау.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!