Материалдар / сергіту жаттығулары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

сергіту жаттығулары

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Қаңтар 2019
951
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Кіп-кішкене момақан

Қошақанды ұнатам.

Сүйеміз оны қозым деп,

Қошақаным бауыр деп.


Сәлем деймін достарға

Сәлем деймін құстарға

Сәлем деймін ұстазға

Айналамыз тағыда

Алақанды соғамыз

Буги-буги «Ок»

Көк жалау желбіре

Асқсқтап аспанда

Жас ұлан ел бірге

Сап түзе жасқанба

Ыстық-ыстық сүт ішіп,

Дәмі таңдай қақтырар,

Бой жадырап керіліп,

Буы шығар маңдайдан

Бір дегенде тұрайық,

Екі,үш, төрт

Алақанды соғайық

Оң жаққа бүрылып,

Сол жаққа бұрылып,

Біз шынығып алайық.

Қуыр-қуыр қуырмаш

Балапанға бидай шаш

Апаң келсе есік аш

Қасқыр келсе мықтап бас


Армысың шұғылалы нұрлы күн

Армысың балабақша дос,жаран

Армысың құрметті балалар

Армысыңдар!



Бала- бала балақан

Кәне қайсы алақан

Саусақтарым әйбат

Былай-былай ойнап

Топ-топ басайық,

Жалаудан гүл жасайық

Жаса-жаса алтын күн

Жаса-жаса жарқын күн


Жәй отырған қалпымда

Екі қолым артымда

Қанатымды жазамын

Уөтеріліп аспанға.

Жайлауымдай жазықпын

Өзенімдей өршілмін

Гүлдерімдей нәзікпін

Қуат алғам өзіңнен

Бақытты етіп өсірген

Отанымның гүлімін,

Жапырақты жамылып,

Жасырынды көбелек

Күннің көзі ашылып,

Көбелектер шашылды.

Сәлем гүлім,

Сәлем жерім,

Сәлем саған – туған елім!

Бір шаңырақ астында

Сен тұрасың,ол тұрады,

Мен тұрамын,біз тұрамыз.

Ормандағы аюдың

Құлпынайы көп екен,

Теріп теріп алайық,

Қалтамызға салайық.


Ұзын құлақ сұр қоян,

Естіп қалып сыбырды

Ойлы қырлы жерлермен

Ытқып-ытқып жүгірді.

Қарап еді артына

Көзінің салып қиығын

Келе жатқан томпаңдап,

Көжегі екен өзінің.


Қоян,қоян секеңдеп,

Судан аттап өтем деп.

Тайып құлап түстім,

Не болды енді үстім?

Текке қарап тұрмайық

Үстімізді қағайық.

Бір,екі,үш

Бойға жинап күш,

Шынығамыз таңертең

Ағалардай отанға,

Әскер болам мен ертең.

Топ-топ жасайық

Жалаудан күн жасайық.

Айгөлек-ау,айгөлек

Айдың жүзі дөңгелек

Топ- топ басайық

Жалаудан күн жасайық.

Аю отыр партада,

Екі қолы қалтада.

«А» деді «Б» деді

«Р»-ға тілі келмеді.

Доп домалақ доп ұстап,

Домалатып көрейік,

Дейірмен болып ұн тартып

Дым қалдырмай елейік.

Қайырымды жандар айнала

Шеңберге келсін жайлана

Жалықпастан қайта біз,

Достық сөзін айтамыз.

Бақыттымыз осы біз,

Қасымызда досымыз


Сағаттың тіліндей

Иіліп оңға бір.

Сағаттың тіліндей,

Иіліп солға бір.

Оң аяқ, сол аяқ

Жаттығу оңай-ақ.

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз,

Бар әлемді құрметтеп

Бас иеміз біз.

Кел балалар тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Құстарға ұқсап ұшайық.

Ұшып-ұшып алайық,

Қанат жая жалма-жан.

Талпынғандай ұшуға

Иіліп келіп қол созам

Аяғымның ұшына.

Біз кішкентай балдырған.

Он саусақтан өнер тамған

Қолымызда қайшымыз

Әдеппен біз бастаймыз.

Оюларды қиюдан.




Қане қанат жазайық,

Құс болып ұшайық,

Ұшып-ұшып алайық

Орнымызға барайық.

Қолыма қамшы аламын.

Атқа мініп шабамын.

Құрық сілтеп асауға

Мен атамда» боламын.

Ақ айранды ішеміз

Күбініде пісеміз,

Күнге қызып арқамыз

Диірменге тартамыз.

Орман, көлге, шыңға біз

Саяхатқа шығамыз.

Бөлінбейді іргеміз.

Әрқашанда біргеміз.

Шыр-шыр еткен торғайды,

Қорғамасаң болмайды

Кіп-кішкене торғайлар

Ағаштарды қорғайды.

Таспен атып торғайды,

Ұя бұзған оңбайды

Құс өкпелеп кетеді.

Бақшамызға қонбайды.

Жел улейді у-у-у

Құйын келіп билейді зу-зу-зу

Қатты-қатты жел соқты ду-ду

Жапырақтар қол соқты тоқ-тоқ-тоқ

Шыдай алмай жапырақтар ох-ох-ох

Билеп кетті қалтырап пах-пах-пах.




Тауық аулада жүреді қыт-қыт

Тауық тез-тез жүре бастайды қыт-қыт-қыт

Қатты жел соқты

Тауықтардың қанаты шайқалады

Аяқ астында жапырақтар сыбдырлайды.

Ох-ох-ох деп қораға кіріп кетеді


Кім үлкенді сыйласа

Кім үлкенді тыңдаса

Үлкен болған кезінде

сыйлы болмақ өзі де.


Жақсылыққа құштармыз,

Жақсы адам болып шығамыз

Таза сәби жүректен

Қабылдаңыз мың алғыс.


Шашу,шашу шашылсын,

Оюлы сандық ашылсын.

Құшақтар кең ашылсын,

Нұр боп бізге шашылсын.

Қайда екен қолымыз?

Оңымыз бен солымыз.

Қайда екен қолымыз?

Солымыз бен оңымыз.

Міне,міне алақай!

Қол соғайық балақай,

Қюланып қара бұлт,

Жаңбыр жауды себелеп.

Жапырақты жамылып,

Жасырынды көбелек.

Күннің көзі ашылды,

Көбелектер шашылды.


Ән-ән-ән

Қамба толы дән-дән,

Әжем айтқан ән,

Құрып жүрген сән.

Ләйлек лайға құлап лайланды.

Лайда отырып жайланды.


Бас бармақ –әкем,

Балан үйрек шешем,

Ортан терек ағам,

Шылдыр шүмек тәтем

Кішкене бөбек мен

Біз үйде нешеуміз?

Біз үйде бесеуміз!


Біздер жолға шығайық,

Қаланың әсем жерлерін.

Біздер біліп алайық.

Оң жақта да, сол жақтада

Биік үйлер бар екен.

Күркірейді күн-күн,

Терезелер шың-шың,

Жауды жаңбыр топ-топ.

Шелек шелек көп-көп

Жон арқаңды тос-тос,

Күнбағыс тез өс-өс.

  • Жүрегім кім менің? МЕН!

  • Тірегім кім менің? МЕН!

  • Жаным кім менің? МЕН!





Шөре-шөре лағым

Тентек болма шырағым,

Секектемей деміңді ал,

Селтеңдемей құлағың.

Жаратқанның бергені,екі көзім бар менің.

Екі құлақ қалқиып, айтқан сөзді ол құйып.

Жоқ ешкімнің ортағы, екі бүйрек бар тағы

Жүру қандай оңай-ақ,бар болғасын екі аяқ,

Екі қолың қол қару,керек дұрыс басқару.

Саусақтарым тұрыңдар,

Сәл дем алып алыңдар.

Сен бас бармақ шай әкел,

Балан үйрек май әкел,

Ортан терек ет әкел,

Шылдыр шүмек сүт әкел,

Ал кішкентай бөбегім

Бал мен қаймақ сен әкел.

Жалғыз саусақ тіпті де,

Ұстай алмас жіпті де,

Екі саусақ бірікті

Ине қолға ілікті

Үш саусағым орамды,

Жүгіртеді қаламды.

Өнерлі екен он саусақ

Қала салсақ жол салсақ.

Өнер-білім, еңбекке,

Жақын болар ұрпақпыз.

Он саусағы майысқан,

Шебер болар ұрпақпыз.

Тұла бойы толған күш,

Батыр болар ұпақпыз.




Орнымыздан тұрамыз,

Мойнымызды бұрамыз.

Мойнымызды тағыда

Оңға қарай бұрамыз.

Қолымызды салалап,

Орнымызға отырамыз.

Шаршағанда «Ух» дедім

Ренжігенде «Тух» дедім,

Қорыққанда «ой» дедім,

Өкінгенде «ах» дедім.

Шарасых «ех» дедім.

Қуанып «ха-ха-ха» дедім,

Біліп ап «е-е-е» дедім.

Бойыңды сергек тік ұста

Емін-еркін тыныста,

Деміңді ішке тез алда,

Сол қолыңды соз алға.

Қол ұшына қарада,

Ұшбұрыш сыз ауада

Оң қол да бос тұрмасын,

Шеңбер сызып зырласын.

Біз көңілді қуыршақпыз, алақай-алақай.

Өлең айтып би билейміз балақай- балақай.

Тартып алып орамалды, алақай,алақай.

Дөңгелене би билейміз балақай,балақай.

Жаңбыр жауды тық-тық,

Сен көшеге шық-шық,

Жел улейді гу-гу,

Жапырақ ұшты ду-ду.

Сен «та» мен «мақ»

Мен то, сен «ған»

Тербеледі ағаштар

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай ағаштар

Үп-үлкен боп өседі

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай ағаштар,

Үп-үлкен боп өседі.

.

Апам үшін күнде мен,

Отынға ағаш жарамын.

Су құямын гүлге де,

Дүкенге де барамын

Сыпырамын үй ішін,

Жуам ыдыс-аяқты.

Жылай қалса бөпемді

Жұбатамын ойнатып.

Алақанды ашамыз,

Күггің жылуын саламыз.

Жүрек жылуын аламыз.

Таза ауадан саламыз

Жиналған жылы шуақты,

Қонақтарға шашамыз.

Бізбен бірге бар әлем,

Қуанады балаша.

Қуанышқа бөлеген,

Өмір қандай тамаша!

Жарқырап күн де ашылды,

Айналаға гүл шашылды.

Біз – нәзік қыздармыз!

Біз- ержүрек ұлдармыз!

Көк аспанда күн күлсін,

Бірге жүрсін бүлдіршін,

Қыз қолында гүл жүрсін.

Ұл қолында ту жүрсін!

Қайырлы күн достарым!



Оңға,оңға түзу тұр,

Солға, солға түзу түр.

Алға қарай бір адым.

Артқа қарай бір адым.

Жоғары төмен қарайық,

Орнымызды табайық.


Біз – қазақтың баласы,

Сәлем сөздің анасы.

Алдымыздан кезіккен.

Көп танысты көреміз,

Бәріне де ізетпен,

Иіліп сәлем береміз.

Армысың асыл Күн,

Армысың көк Аспан,

Армысың жан Досым,

Жылуыма жылу қос,

Міне, менің қолым!

Қуан шаттан, алақай

Қуанатын күн келді.

Қайырлы таң! Қайырлы күн!

Күліп шықты күн бүгін!


Қане, қайсы алақан,

Біз кішкентай (балапан).

Аралардың нәрі,

Бау бақшаның сәні (гүл)

Тік, тік, тік пісте,

Қысы -жазы бір түсте. (шырша)

Менің тұрақты мекенім,

Сәнді етіп жүремін.(үй)

Ақ қоян тұр,

Бетіңді жу

Айнаға қарашы.

Шашыңды тарашы.

Бойды сергек тік ұста,

Емін-еркі тыныста.

Оң қолыңды соз алға

Қол ұшына қарада,

Ұшбұрыш сыз ауада.

Сол қол босқа тұрмасын,

Шеңбер сызып тынбасын.


Дөңгелектеп тұрамыз,

Керегені құрамыз.

Уық болып иіліп,

Шаңыраққа киіліп

Киіз үйді құрамыз.

Күйші болуға болады.

Биші болуға болады.

Серке болуға болады.

Айтпақшы !?

Жаман болуға болмайды.

Ондай адам оңбайды!

Ерте тұрып жуынған,

Тазалықты қуынған,

Судай мөлдір тазамыз,

Суды сүйген баламыз.

Сылдырлайды мөлдір су.

Мөлдір суға қолыңды жу.

Жуынсаң сен әрдайым,

Аппақ бетің маңдайың,

Табиғаттың досы-

Су дегенің осы.

Орнымыздан тұрамыз,

Мойнымызды бұрамыз,

Қолымызды көтеріп,

Саусақты ашып- жұмамыз.

Содан-соң қолды түсіріп,

Алақанды соғамыз.

Балалар жиналды бір топқа,

Сен менің, мен сенің досыңмын.

Қане, қолыңды бер досым,

Бірге ойнайық қуана.


1 дегенде тұрайық,

2 3 4 алақанды соғайық.

Оң жаққа бұрылып,

Сол жаққа бұрылып,

Бір отырып, бір тұрып,

Біз жүгіріп алайық.

5 дегенде асықпай,

Орнымызды табайық.


Пан-пан-пан

Сап-сары балапан.

Тоқ-тоқ-тоқ,

Есік қақты тоқылдақ.

Қайырлы таң балалар

Біз ерекше баламыз.

Айтқан тілді аламыз.

Достарымызды көргенде,

Қуана қарсы аламыз.

Сәби шақтан бастап біз,

Шынығуды сүйеміз.

Ашық күнмен достасып,

Жалаң аяқ жүреміз.

Қыста,жазда әрдайым,

Айырмаймыз бәріміз.

Шынықтыру жасап біз,

Мықты болып өсеміз.

Күндей болып күлеміз,

Гүлдей болып өсеміз.

Құстар болып ұшамыз,

Көбелектей қонамыз.

Қарға –қарға қарғалар,

Қар үстінен жорғалар.

Боранды күні жел соқса,

Бұтаға келіп қорғалар.

Күнде аспанға қараймын.

Ұшбұрыш болып тырналар,

Көк жүзінде сырғалар.

Құстар,құстар келеді,

Жерді шуға бөледі.

Көктем келді,-деп бізге,

Жақсы хабар береді.

Ақ қоян-ау,ақ қоян,

Үркек қоян,сақ қоян.

Қаша берсең қалыңға,

«Қорқағым » деп ат қоям.

Алақанмен жылуды,

Айналаға таратайық.

Бір-бірімізбен жақындасып,

Бақыт, күлкі сыйлайық.

Бақыт нұрын шашайық.

Біз көңілді баламыз,

Би билеп ән саламыз.

Алақай,алақай,

Топ-топ-топ

Би билейміз айнала.

Біз бақытты баламыз,

Гүл-гүл жайнап жанамыз.

Жаттығулар жасасақ,

Жақсы сергіп қаламыз.

Күлімдеп күн бүгін,

Қарады маған да.

Күлімдеп күн бүгін

Қарады саған да

Шуағын төгіп нұр,

Сәлем күн ана!













Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!