Материалдар / Сергіту сәттер жинағы

Сергіту сәттер жинағы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал бастауыш сынып ұстаздарына керек. Денсаулық сақтау технологиясы бойынша сабақта сергіту жаттығуларының жинағы
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Сергіту сәтінде оқушылардың көңіл-күйін
және есте сақтауын дамытуға
арналған психологиялық жаттығулар


   1.«Жунглидағы жаңбыр»

Нұсқау; -Бір-біріңіздің соңынан шеңбер жасап тұрыңыздар. Жунглида жүрміз деп елестетіңіздер. Ауа райы өте тамаша, күн жарқырап, ыстық және қапырық болып тұр. Бір уақытта самал жел соқты, (алдыңызда тұрған адамның арқасына жұғысып жеңіл қимылдар жасаңыз).

Жел көтеріліп желкіді ( арқаны қаттырақ басамыз) .

Қатты дауыл соқты (қимылдарыңыз күшейіп шеңбер бойында жүргізіледі)

Ұсақ жаңбыр сіркіреді (серіктесіңіздің арқасын саусағыңызбен басасыз)

Кенет нөсер жауын құйды (алақандарыңызбен жоғарыдан төмен қимылдар жасаңыздар).

Бұршақ жауды (арқаны қаттырақ соғамыз).

Тағы да нөсер жауын жауды.

Ұсақ жаңбыр сіркіреді.

Дауыл соқты.

Жел соқты.

Жел басылып келеді.


2. Жағымды   сөздер.

Мақсаты: Өзін-өзі   одан әрі  ашу, өзін-өзі тану, өзінің және айналасындағылардың психологиялық мінездемесін анықтау және талдау іскерлігіндамыту.                                                                                                     Қатысушылар шеңбер бойымен отырады. Жүргізуші жағымды сөздер айта отырып, кез келген біреуге доп лақтырады. Допты алған ойыншы шеңбердегі қатысушылардың кез-келгенін таңдайды да, оған өз жағымды сөзін айтады, ойын жалғаса береді. Жағымды сөздер қысқа бір сөзден тұрса болады.


3. «Сәлемдесу» ойыны:

Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен… өкшемен… арқамен.

4. «Кім, нені жақсы көреді?» жаттығуы. Барлығы орындықтарға отырады. Кім, нені жақсы көреді солар орындарынан тұрады. Мысалы: Кім балмұздақты жақсы көреді, сол орнынан тұрсын…Кім өзін батырмын деп есептейді?… Кім сары түсті жақсы көреді?… Кім көп тамақ жегенді жақсы көреді?… Кім айнаға қарағанды жақсы көреді?  т.б. сұрақтар қоюға болады.


5. «Сөзден сөзді ізде» ойыны.

Сөз беріледі, сол сөзден басқа сөздер құрастыру керек. Кім көп құрастырса, сол жеңімпаз. Мысалы:

«Трансформатор»                   «Талдықорған»

  форма                                         қорған

  матор                                          тал                        т.б.


6. «Сантики, Фантики, Лимпопо».

Барлығы шеңбер бойымен тұрып, бір баланы таңдайды да бөлменің сыртына шығарады. Шеңбердегі балалардың ішінен бір баланы жүргізуші етіп сайлайды, ол шенбердегі балаларға қозғалыстарды көрсетіп тұрады. Барлық ойыншылар жүргізушінің артынан көрсеткен қимылдарды қайталау керек. Қимылдарды қайталаған кезде жүргізушіге қарамай, білтіртпей жасау керек. Шеңбердегі балалар шапалақ ұрып, «САНТИКИ, ФАНТИКИ, ЛИМПОПО» деп айтып ойынды бастайды. Бөлме сыртында тұрған бала ойыншылардың дауыстарын естіп, бөлмеге кіреді де шеңбердің ортасына тұрып, кім жүргізуші екенін табу керек. Егер жүргізушіні тапса, жүргізуші есіктің сыртына шығады. Ойын сол ретімен жалғасып отырады. 


7. «Қолдағы хат».

Әрқайсысы өзіне серігін таңдап, қарама-қарсы тұра қалады. Бойы ұзындау бала, көзін жұмып тұру керек. Егер бойлары бірдей болса, кімнің жасы үлкен (туған күні 1-2 айға ертерек) бала көзін жұмады. Көзін жұмып тұрған бала қолын алға созып тұрады. Көзі ашық бала соның алақанына хат жаза бастайды, жеке тұрған баспа әріптерді. «Соқыр» ойыншы сол әріптерді табуға тырысып, не оқығанын айтып беру керек. Бір әріпті жазғаннан кейін клесіні жазар алдында бұрын жазылған әріпті өшіріп тастап отыру керек.


8. «Көңіл-күй неге ұқсас».

Ойыншылар олардың бүгінгі көңіл-күйлері неге (қай жыл мезгіліне, ауа райына, табиғаттың құбылысына) ұқсас екенін айтып береді. Ойынды үлкен дер бастаса жақсы болар еді: «Менің қазіргі көңіл-күйім көгілдір аспандағы жылы, жұмсақ күннің көзіне ұқсайды, ал сенің ше?». Жаттығу шеңбер бойымен жалғаса береді. Ойынның сонында жауаптар қорытындыланады, бүгінгі шеңберіміздегі балалардың көңіл-күйі қандай екен: қайғылы, көңілді, күлкілі, ызаланған т.б.Жауаптардың қорытындысын шығарған кезде, жаман ауа райы, суық, жанбыр, түнерген аспан сияқты элементтер агрессивті, қобалжу күйлердің көрсеткіштеріне назар аударыңыз.


9. «Тасбақалардың жүгірісі».

Бұл жүгірудің еркекшелігі, мәреге ең соңғы келген ойыншы жеңеді. Ойыншылар бөлменің бір жағына қатарлап тұрады, содан соң қарама-қарсы жаққа «жүгіреді». Бір орында тұруға болмайды. Барлығы қимыл-қозғалыста болуы қажет. Қимылдары баяу болады. Ең соңғы мәреге жеткен «тасбақа» жеңіске ие болады.


10. «Көкөністер арқылы ұрысамыз»

Бұл ойында балалар ұрысқан кезде бір-біріне жаман сөздердің орнына көкөністердің атаулары арқылы ұрысады.


11. «Тыныштықты жақсы көретін патша»

Патша шуды жек көреді, сондықтан ханзаданың көңіл-күйін бұзбау үшін барлығымыз шуламай тыныш қозғаламыз. Патша аяқтың ұшымен жүреді, оның жүрісі жеңіл, баяу. Бұл ролді бір бала атқарады.

Жүргізуші келесі сөзді айтады: «Барлық балалар, патшадан басқа бөлменің әр жеріне тұра қалады. Патша саусағын ауызына тигізіп, «Ш-ш-ш, ханзада келе жатыр!» деп, бөлмені аралай бастайды. Барлығы «қатып» қалу керек, ал патша әрқайсысын айналып шығады. Кез келген баланың қасына келіп, саусағын баланың мұрнына тигізеді. Сол бала аяқтың ұшымен патшаның артынан жүре бастайды. Келесі балаға жақындаған патша саусағын баланың мұрнына тигізеді, ол бірінші баланың соңына тұрып, аяқтың ұшымен патшаның артынан жүре бастайды. Сол тәртіппен ойын жалғаса береді. Барлық балалар патшаның артына жиналғаннан кейін, патша кез келген артындағы балаға қарап, «Ш-ш-ш» дейді, сонда сол бала өз орнына тыныш, аяқ ұшымен оралады. Барлығы орнына тұрғаннан кейін ойын аяқталады.  





















 

Жас мамандарға арналған кәсіби бейімделуге

көмектесетін тренингтің  өткізілуі бойынша анықтама

          Мақсаты: жас мамандардың кәсіби сана шеңберін кеңейту, кәсіби іс-әрекеті барсында пайда болатын қиындықтарды шешу дағдыларын дамыту, олардың психикалық қысымдарын төмендету, ішкі психикалық күшті дамыту.

         Барлығы алтыжас маман қатысты. Алдымен өткізілетін іс-шараның мақсат-міндеттері ескеріліп өткен соң, әрбір қатысушымен амандасу рәсімі өткізілді. Қатысушылар өздері туралы толығырақ айтып кетті, сөйтіп бір-бірімен жақынырақ танысты. «Ұжымдық сурет» атты суретті жаттығу өткізіліп, оң және сол жарты шарлар басымдылығын анықтауға арналған қысқаша тест, сонымен қатар оптимистік бағдарды анықтауға арналған сауалнама алынды.

         Жаттығудан кейін қатысушылардың көңіл-күйлері көтеріліп, дем алып, рухани толысты.


 Орта және жоғары буын оқушыларының адамгершілік құндылықтықтарын  зерттеу

          Мақсаты:  оқушылардың тұлғалық қалыптары мен қағидаларын, өмірде басшылыққа алатын құндылықтарын, адамгершілік-рухани бағдарларын анықтау.

         Адамның адамгершілігі сыртқы іс-әрекеттерде көрінеді. Алайда жеке тұлғаның мінез-құлқына қарап оның шын адамгершілік екені туралы айтуға болмайды, өйткені ол әрекеттердің ар жағында әртүрлі адамгершілікті емес түрткілер мен сезім жатуы мүмкін. Руханилық сыртқы көзден жасырын тұрады. Руханилық – ізгі ақылдың шешімі, ізгі жүрек әмірі, ізгі сезім, махаббат пен жанашырлықтың саналы және санадан тыс әрекетттерден көрінуі. Руханилық – жеке тұлғаның негізгі сапалық көрсеткіші. Руханилықтың негізінде адамның мінез-құлқы қалыптасады, ұят, ар, өзін-өзі адамгершілік бақылау мен бағалау жүзеге асырылады.

         Оқушылардың рухани бағыттылын анықтау мақсатында М. Рокичтің құндылықты анықтау әдістемесі алынды. Оқушылар өздері үшін аса маңызды болып табылатын құндылықтарын берілген 18 түрлі құндылықтар ішінен рет-ретімен орналастыруы тиіс болды. Тестілеуге барлығы 283 оқушы қатысты. Қатысқан оқушылар көбінесе төменде келтірілген 5 құндылықты бірінші орынға жиі орналастырған:


Құндылықтар

Пайыздық көрсеткіштері

Денсаулық

55%

Нәтижелі өмір

20%

Белсенді іс-әрекетке толы өмір

15%

Адал және сенімді жақсы достардың көп болуы

5%

Материалдық жағынан қамтамасыз етілген тұрмыс

5%


 Қорытынды: сыналушылардың нәтижелері бойынша өмірде басшылыққа алатын құндылықтардың ішінде денсаулық алғашқы орында, яғни қатысушылар денсаулық және салауатты өмір салтының маңызын жете түсінеді. Өмірлерінің, болашақтарының нәтижелі және белсенді іс әрекетке толы болғанын қалайды.




































Тақырыбы: Сандарды қалай есте сақтауға болады?

          Мақсаты: оқушыларды ес, есте сақтау, оның ішінде сандарды есте сақтау тәсілдерімен таныстыру. Танымдық белсенділігін ұйымдастыру, заттар арасында ұқсастық байланыстар орнату қабілеттерін дамыту.

         Қажетті құралдар: ойынға қажетті түрлі кез-келген заттар.

         Ұйымдастыру кезеңі. Психолог: «Ағылшындар есте сақтаудың құпиясы – ассоцияцияларды пайдалану өнері дегенді ұнатады. Егер олар болса, есте сақтау да оңайға соғады. Егер болмаса, оларды ойлап тапқан жөн. Белгілі фотосуретші Брель айтқандай, осы ойыннан кейін, көзі түскен әрбір жерде цифрлар көрген. Теңіз толқыны, садақ, мұрт – бұл 3. Кеме, жылан, кенгуру – бұл 5... Енді осындай мысалдарды өздерің келтіріп көріңдер. 153 санын қалай есте сақтауға болады? Адамның бетін елестетуге болады 1- мұрын, 5 – ашылған ауыз, 3 – иек. Салынған адам бетін есіңе түсірсең, сандар да еске түседі».

         Сандарды есте сақтауды жақсартатын  бірнеше ойындар ойналады.

 

34

23

54

68

97

50

64

47

77

38

19

76

 5-6 сан жазылса – норма.

 Жарық, көңіл-күй, жұмыс, ауа райы, қанжар, кітап, машина, үй, әйнек, ағаш, қасқыр, көру. (6 сөз – норма).


Денсаулық серігі

 Алкоголь және есірткіні қолданудың алдын алу

         Алкоголизм – бұл алкоголге деген патологиялық әуестенуден, психикалық іс-әрекеттің бұзылуынан, соматикалық және неврологиялық бұзылулармен, жұмыс қабілеттілігінің төмендеуінен, әлеуметтік байланыстарды жоғалтудан, тұлға деградациясынан көрінетін спирттік ішімдіктерді қолдану нәтижесінде пайда болған сырқат.

         Наркомания – бұл есірткілік заттар тізіміне ресми түрде енген заттарды ұлғаятын мөлшерде қолдануға деген патологиялық әуестіктен көрінетін сырқаттар тобы.

         Бұл сырқаттарға психикалық, физикалық тәуелділік, толеранттылықтың (әдеттену, үйрену) өсуі, ал қолданбаған кезде – абстинентті синдром (ломка) тән.

         Кез-келген психобелсенді заттарды қолдану психикалық іс-әрекет пен адамның физикалық қалпына күрделі бұзылулар әкеледі, ол өз кезегінде науқастың өзіне де, оның туған туыстарына, жалпы қоғамға зиян келтіреді.

 Зейін аударыңыз!

         Алкогольді қолдану тілегі туындағанда кез-келген жағдайда ойша  және шын келесі сұрақтарға жауап беріп көріңіз:

А) маған бұл (алкоголь) не үшін керек?

Б) алкоголді қолданғаннан мен не аламын?

В) менің алкогольді қолданғанымнан кім жеңеді және кім жеңіледі?

Г) өзім және менің отбасым бақытты болу үшін мен қандай мөлшерде алкоголь ішу керекпін?

Д) мен өзімді құрметтеймін бе?

Е) мен не үшін туғанмын?

Ж) менің алкогольді ішімдікті қолданғаным саналы әрекетке жатады ма?

 Ұсынылған есірткі немесе алкогольден бас тарту кезінде ең ыңғайлы жауапты таңдаңыз:

 «Рахмет, жоқ. Мен өз істеріме есеп беретіндей жағдайда болғым келеді».

«Рахмет, жоқ. Мен велосипед тепкелі жатырмын».

«Рахмет, жоқ. Мен ата-аналарыммен, мұғалімдермен кикілжіңге түскім келмейді».

«Рахмет, жоқ. Ішсем (есірткі қолдансам), өзімді билеу қабілетімнен айырыламын».

«Рахмет, жоқ. Маған алкогольдің (есірткінің) дәмі ұнамайды».

«Рахмет, жоқ. Ішімдік ішкен соң, тез шаршаймын».

«Рахмет, жоқ. Бұл менің стилімде емес».

«Рахмет, жоқ. Мен толғым келмейді (сыра – жоғарыкалориялы өнім)».

«Рахмет, жоқ. Мен спорттық жаттығуға баруым керек».

«Рахмет, жоқ. Басқа еш нәрсе ұсына алмайсың ба?».

 Есірткіні таратушы адамдардың әдеттегі сөзі:

 Факт: олардың барлығы сондай болса да, өз күштерін де, таланттарын да жоғалтқан.

 Факт: нашақорлар барлық өмір қызықтарынан еркін болады.

             Факт: тек бір рет қана бас тартуға болады – бірінші рет. Алайда адамдардың 99%-ы үшін ол соңғы болмайды.

 Факт: ол барлық өмірді күрделі мәселеге айналдырады.

 Факт: айырады, бірақ өмірмен бірге.


 














Баланы мадақтау және жазалау» атты бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған дөңгелек үстелдің өткізілуі бойынша анықтама

          Мақсаты: мұғалімдерге баланың қиналған кезіндегі жан дүниесінің қалпын түсіндіру, қалай қолдау керектігі жайында кеңестер беру. Бойындағы қысымды түсіру тәсілімен таныстыру.

         Барлығы жеті бастауыш  мұғалімі қатысты.

         Кездесу М.Жұмабаевтің «Бала аурулы, зағып болса, баладан емес, тәрбиешіден; бала тар ойлы ақымақ болса, бала кінәлі емес, тәрбиеші кінәлі; бала сұлулықтан ләззат ала білмейтін мылқау жанды болса, бала айыпты емес, тәрбиеші жазалы» деген нақыл сөзімен басталды. Алдымен қатысушыларға баланы мадақтау мен жазалау туралы теориялық мәлімет берілді, яғни балаға қажетінше еркіндік беру, баланың еркіндігі мен сезімін, талпынысы мен талабын басуға жол бермеу керектігі жайында айтылды. Балаға үнемі таңдау еркіндігін беріп отырса, ол үнемі алға талпыныс жасайтыны, сол арқылы бала өзін-өзі тәрбиелеуге дағдыланып, әр жасаған қадамына деген жауапкершілік сезімін түсінетіні ескеріліп өтілді.

         Келесі кезекте түрлі жағдаяттар сипатталған карточкалармен жұмыс жүргізілді. Сипатталған жағдаяттарды шешу жолдарын мұғалімдер ұсынды. Кейін мұғалімдердің шыдамдылығын және әдептілігін анықтауға арналған тесттер алынды. Тест нәтижелері сол сәтте анықталып, мұғалімдер өздері жайында мәлімет алды.

         Соңында баланы күш қолданбай тәрбиелеу шыдам мен төзім, икемділік пен балаға тұлға ретінде құрметпен қараудан көрініс табатыны, күш қолдану еш нәтиже әкелмейтіні, баланы шыдамдылықпен тәрбиелеу баланың өз бойында шыдамдылық қасиеттерін қалыптастыратыны, сол арқылы жанындағыларды сыйлауға үйренетіндігі жөнінде ой қорытындыланды.

          Шешім: орта және жоғары буын мұғалімдеріне арналған кездесулер ұйымдастыру жоспарланды.    

 

Мектеп психологтары:














Психологтің 4 сынып оқушыларына

МАБ сынақтар алдындағы кеңестер.

 

  • Сабақтар үшін орын дайында: үстелдің бетінен керегі жоқ заттарды алып тастап, қажетті құрал жабдықтарды, кітаптарды, тесттерді, дәптерлерді, қаламсаптарды қой;

  • Бөлменің ішіне сары немесе күлгін түстерді еңгіз. Олар ақыл-ойды белсендіреді. Ол үшін жай ғана суреттің бейнесі де жарасады;

  • Сабақтардың жоспарын құрастыр. Алдымен анықта: сен кімсің «үкі», әлде «бозторғайсың ба». Кейін осыған байланысты таңғы және кешкі сағаттарды көбірек пайдалаң. Әр күнге жоспар құрған кезде, «Бүгін мен нені оқуым керек», «Қандай бөлімдер және тақырыптар оқимын» сияқты нақты білу және анықтау керек;

  • Ең қиын немесе ең нашар білетін материалыңнан баста.  Бірақ, егер саған  өте қиын болса, саған  жеңіл немесе қызықты көрінетін материалдан бастауға да болады;

  • Сабақты оқу мен демалуды реттеңдер: 40 минут сабақ оқу, кейін 10 минут демалу. Демалу кезінде ыдысты жууға, гүлдерге су құйюға, суға түсуге немесе денені шынықтыруға болады;

  • Берілген пәндер бойынша өте көп тесттер мен тапсырмаларды  шығарыңдар. Өйткені осындай жаттығулар сендерді  тестік тапсырмалардың құрылымымен таныстырады;

  • Секундамерді қолыңда ұстап, жаттық. Тесттерді қанша уақытта жасағандарыңды есепте;

  • Емтихандарға дайындалу кезінде өзіңді жақсы тапсырғаныңызды көз алдына елестет;

  • «Тапсырманы орындай алмаймын», - деп ешқашан ойлама;

  •   Ең қиын сұрақтарды қайталау үшін емтихан алдында түнді емес, бір күнді қалдыр.   

                                                      Мектеп психологі :















Психологтің 4 сынып оқушыларын МАБ сынағы алдында

дайындау жөнінде ата-аналарға ұсынылатын  кеңестер.

 

  Балаларыңызға емтихандарға тиімді дайындалуда көмек көрсету үшін келесі кеңестерге назар аударыңыз:

v  Емтихандар алдында балаңызда қобалжуды көтермеңіздер. Бұл тестілеудің нәтижесінде теріс әсер етуі мүмкін. Өйткені бала өзінің жас ерекшеліктеріне байланысты өзінің эмоцияларын ұстай алмауы мүмкін;

v  Үйде дайындалу үшін балаңызға ыңғайлы жұмыс орнын жасаңыздар. Сіздің балаңыз дайындалған кезде, ешкім оған бөгет жасамасын;

v  Балаңызға дайындалу керек тақырыптарды күндерге бөліп, жоспарлаңыз;

v   Балаңызды емтихандарға дайындалу әдістемесімен таныстырыңыз. Пәндер бойынша тестік  тапсырмалардың әр түрлі нұсқаларын дайындаңыз да, балаңызды жаттықтырыңыз. Өйткені тестілеу балаңызға таныс ауызша мен жазбаша емтихандардан өзгеше;

v  Тестік тапсырмаларды орындаған кезде балаңызға уақытты дұрыс бөлуді үйретіңіздер. Егер балаңызда сағат болмаса, емтиханға барар алдында оған сағатты беріңіз;

v  Балаңызды мадақтап, олардың өзіне-өзі сенімін жоғарлатыңыз;

v  Балаңыздың емтихандарға дайындалудың күн тізбесін бақылаңыздар. Сонша ауыртпалық түсіртпеңіз;

v  Балаңыздың ішетін тамағына көңіл аударыңыз. Балық, ірімшік, жаңғақ, курага және т.с.с. бас  миының жұмысын белсендіреді;

v  Емтихан алдында балаңыз толымды демалу үшін жағымды жағдай жасаңыздар. Өйткені ол жақсы ұйықтап, демалу қажет;

v  Емтиханнан кейін балаңызды сынға алмаңыздар және оған ашу байқатпаңыз;

Есіңізде болсын: ең бастысы және негізгісі – балаңызда емтиханмен байланысты қобалжу деңгейін төмендету керек және оларға  дайындалу үшін қажетті жағдайлар туғызу қажет.

                                                                      

   Мектеп психологі :











 












Керемет (тамаша) мектеп

                         Педагогтарға арналған үлкен психологиялық ойын

 

Мақсаты: педагогикалық ұжымның әлеуметтік- психологиялық қатынасын зерттеу,   ұжымдағы әр адамның профессионалдық рөлін бақылау,   

Қажетті құралдар: Керемет мектептің (КМ) модельі- ватманға салынған бес бос терезесі бар мектептің суреті. Әр терезенің жанында номері бар. Әр терезенің астында хат жазатын орын болу керек (10-13 см).

-         КМ-тің «терезесінің» тақырыбы, тақтада немесе ватманда жазылған.

-         КМ-тің «терезесінің» номері жазылған бланкі, бланк екіге бөлінген (қосу ж/е азайту), жоғарғы бұрышына қарай- тақырыптың номері жазылған.

-         «Оркестр» жаттығуына карточкалар- әр карточкада аспаптардың аты жазылған. Кейбір аспаптар, мысалы скрипка, труба, гитара, бірнешеуі болуға болады. Ұлттық аспаптарды пайдаланған өте қызықты.

-         Қағаздар, фломастерлер ж/е инелер керек, «Жариялау» жаттығуы үшін.

-         Магнитофон, баяу музыка керек.

-         Болашақ машинасының (Машины времени) капитанының формасы (кепка, көзілдірік, перчатки).

Ойын өтілетін жерді безендіру: Ойын өтілетін орын екі бөлікке бөлінеді. Бір жерде орындықтар шеңбер бойынша қойылса, екінші жерде топтардың жұмыс жасауына арналған столдар, айнала орындықтар қойылған. Тақтада КМ-тің модельі ілінген, жанына стол қойылған. Столда желім, маркерлер ж/е таза қағаздар, ол қағаздар моделдегі терезенің мөлшерімен бірдей. Тақтада н/е КМ-тің моделінің жанына «терезенің» тақырыптары ілінген.

Ойын уақыты: 1 сағ.

Ойын барысы

Жүргізуші ойынға қатысатын пед.ұжымды шеңбер жасап тұрған орындықтарға жайғасуын сұрайды.

Жүргізуші: - Бүгін біздің Болашақ машинасы арқылы барлығымыз КЕРЕМЕТ МЕКТЕПКЕ, яғни біз армандаған мектепке баруға жағдай туындап отыр.                     Біз мақсатымызға жету үшін, Болашақ машинасына параметірімізді тура, дәл айтуымыз қажет. Біздің параметіріміз кәсіби рөлдер, яғни ұжыммен ойналатын ойындар.

Біздің мектепте: директор, оқу ісінің меңгерушілері, әлеуметтік педагог, психолог, дене шынықтыру мұғалімдері, жоғары сынып мұғалімдері және бастауыш сынып мұғалімдері бар ( профессионалды рөлдерді таныстырғанда, құрмет көрсетіп бастарын изейді).

Педагогтарға арналған сергіту сәті

1 жаттығу: «Шеңбер бойынша белгі беру»

Жүргізуші: - Өте сақ болыңыздар. Уақыт- бұл қозғалыс! Барлығымыз дайын болсақ, белгі беруді тосамыз. Барлық ойынға қатысушылар өздерінің оң қолдарын оң жақтағы көршісінің сол тізесіне қояды, сол қолын – сол жақтағы көршісінің оң тізесіне қояды. Кеме капитаны (мектеп директоры) жүру белгісін береді- әріптесінің аяғын шапалақтап. Белгі шеңбер бойынша айналып, капитанға қайтып келеді.

Міне біз Болашаққа түстік, енді бізге өзіміздің КЕРЕМЕТ МЕКТЕБІМІЗДІ құрастыруымыз керек. Ол үшін, ең алдымен Болашақ машина капитаны сенімді болу керек, яғни сіздер бір-бірлеріңізге сенімді командасыздар.

2 жаттығу: «Сәйкестік бойынша сапқа тұру»                                    

Жүргізуші: - Менің белгім бойынша сапқа тұрасыздар:

-         Мектептегі еңбек өтілімі бойынша жоғарыдан төменге дейін,

-         Жалпы педагогикалық өтілімі бойынша төменнен жоғарыға дейін,

-         Туған жылдарыңыз бойынша жоғарыдан төменге дейін,

-         Қаңтардан желтоқсанға дейінгі айлар бойынша,

-         Шаштарыңыздың түсіне байланысты (қарадан сарыға дейін),

Жүргізуші: Біз- командамыз! Біздің ұжымның жүрегі үпкен, ол жүрек қуана да қайғыра да алады. Ендеше, не үшін қуанып, қайғыратынымызды ажыратайық.

3 жаттығу: «Менің жүрегім ән айтады, егерде мектепте...», «Менің жүрегім қайғырады, егерде мектепте...»

Шеңбер бойынша әрбір ойынға қатысушы өзінің жүрегі не үшін қуанып, не үшін қайғыратынын аайтады. Біріншісі қуанышы туралы, екіншісі қайғыруы туралы, үшіншісі қуануы туралы... ары қарай жалғаса береді.

Жүргізуші: Мектеп өмірі қайнап жатыр. Біз сіздермен қазір КЕРЕМЕТ МЕКТЕПТІҢ болашағын жасауға саяхатқа шығамыз.

Сіздер  тақтадан Керемет мектептің моделін көріп отырсыздар, оның терезесі біз үшін ашық. Біз болашаққа қалай қол жеткізерімізді білмейміз, оған жету үшін бізге мына тапсырмалар көмек береді. Ватманда әр «терезенің» тақырыбы жазылған. Алдымен ойланып алыңыздар, сосын  қолдарыңыздағы бланктың оң жағына сізді- не қуантатынын, сол жағына сізді- не ренжітетінін жазасыз. Бланктерді әрбір «терезенің» тақырыбына сай толтырасыздар.

«Терезе»- тақырыбы.   Пед. Тренингтің талдау сұрақтары:

  1. Ұжымдағы психологиялық қарым-қатынас.

  2. Мұғалімнің кәсіби өсуіне қажетті жағдайлар, мұғалімге кәсіби және әдістемелік көмек берудің нәтижелігі.

  3. Ата-ана, отбасының мектеп жүйесіндегі орны..

  4. Сіздің жұмысыңыздың тиімді ұйымдастырылуы және оның оқушы денсаулығына тигізер әсері.

  5. Ұжымдағы қалыптасқан дәстүрлердің денсаулықты сақтау педагогикасы принциптерін жүзеге асырудағы маңызы..

Ұжым тақырыптарға байланысты 5 топқа бөлінеді. Әр топ өздерінің тақырыбы бойынша 15 минут ішінде анализ жасап, дайындайды. ( Музыка қосылып тұрады). Топтардың эксперті шығып оқиды, оны КЕРЕМЕТ МЕКТЕП моделінің ішіндегі сәйкес «терезеге» жабыстырады. Әр топ қорғап болған соң, ұжым өз ойларын білдіруге болады.

Жүргізуші: Біздің қол созған КЕРЕМЕТ МЕКТЕБІМІЗ, болашағымыз белгілі болды. Ал оған жету үшін кім күшін салады екен? Ендеше, барлығымыз бір-бірімізге көңіл аударайық.

Жүргізуші: Мектепте әр түрлі кадрлар жұмыс істейді.  Өз лауазымдарыңызға қарай топқа бөлінесіздер: әкімшілік, бастауыш және жоғары сынып мұғалімдері, профсоюз, әлеуметтік педагог және мектеп психологі. Керемет мектеп үшін әр топ өзінің міндетін, тағы не істей алатынын жазсын. 10 минуттан кейін әр топ  өз міндетін оқып, қағазды сәйкес «терезеге» бірнешеу етіп жабыстыруы керек.

Жүргізуші: - Сонымен, біз біріге отырып, КЕРЕМЕТ МЕКТЕПКЕ қол жеткізу үшін біраз тапсырмаларды шешіп тастадық. Енді, сіздердің құрметтеріңізге үлкен музыка ойналады.

5 жаттығу «Оркестр». Сіздер музыкалық аспаптың аты жазылған карточканы аласыздар, сол аспаптың әуенінде ойнап, 5 этаптан өтесіздер.

1 этап. Әрқайсыңыз денеңіздің мүшесін немесе дауысыңызды пайдалана отырып, «Ұстазым» әнінің әуеніне саласыз.

2 этап. Ойыншылар екі адамнан бөлініп, осы әуенді дуэтте ойнайсыздар.

3 этап. Ойыншылар екі топқа бөлініп, осы әуенді қайталайсыздар.

4 этап. Барлық ұжым-бұл оркестр. Мектеп директоры – дирижер. Оркестрды басқарып, осы әуенді ойнату керек.

5 этап.  Рефлекция (талдау, пікірлесу, тілек білдіру).

 мектеп психологі:Ж.Б.Төлеубаева

 

 





















Жетістікке бағыттау тренингі

 

     Мақсаты: «МЕН» деген ұғымның жағымды бейнесін құру, көңіл- күйді көтеру, өз-өзіне деген сенімін күшейту, оптимистік сезімді қоңдыру, эмоциялық күйзелісін түсіру, жетістікке бағдарлау.

Жүргізілу уақыты – 1 сағат

     Үш бөлімнен тұрады:

1.     Танысу, күйзелісін түсіру (жаттығулар – «Есімдер», «Жетістік қаланың тұрғындары»).

2.     Жетістікке бағдарлау («Жетістік» қаласындағы жаңбыр, «Жетістік» қаласындағы атомдар мен     молекулалар, «Жетістік» қаласындағы пікірталастар, «Жетістік» қаласындағы «Ааааа және Иииии» көңілді жаттығулары.)

3.     Қорытынды   («Сілкіп тастау» ойыны, «Баспалдақ» ойыны)

І Танысу:

«Есімдер» жатығуы

     Мақсаты: тренинг қатысушыларды бір-бірімен таныстыру, жағымды қарым-қатынастықты туғызу.

    Уақыты: 5 мин

    Нұсқау: Қатысушылар өз есімдерін айтады және өзін бейнелейтін 3 сын есім айтады.

    Талдау: Сендерге жаттығу ұнады ма? Не қиындық келтірді? Не сезіндіңдер?

(Тақтадағы баспалдаққа қазіргі сендердің көңіл-күйлеріңді қай дәрежеде екенін белгілеңіздер.)

      Кіріспе сөз

    «Сәлеметсіз бе! Біз барлығымыз осы өмірде жетістікке жетуді қалаймыз. Сендердің түсініктеріңіз бойынша жетістік дегеніміз не және оған қалай жетуге болады екен? (қатысушылардың пікірлері), осы сұраққа жауап беру үшін мен сендерге барлық бөгеттерден өтіп «Жетістік» мемлекетінде болуы ұсынамын. Барлықтарының бір-бірінің қолдарын ұстап көздеріңді жабуды сұраймын, менің белгім бойынша, біз бәріміз «Жетістік» деген құпия қаласында боламыз (ән ойналады). Біз бәріміз осы қаланың тұрғындарымыз.

    Әрбір күн – таңертеңнен басталады. Біз ойнауға тиіспіз. Бұл үшін мен келесіні ұсынамын – мен сендерге көрсетемін, - ашл сендер менің артымнан қайталайсыңдар «көбелек» жаттығуы».

                                                       Таңертең көбелек оянды, тартылды,

                                                          Қанаттарын бұлғады, терең тыныс алды,

                                                          Азғана айналып, барлығына күліп,

                                                          Қайта гүліне оралды.

 дай дәстүрдің бірі ол қаланың негізгі алаңында үлкен сағаттардың орналасуы.

 «Жетістік қаланың тұрғындары» жаттығу (5 мин.)

     Мақсаты: эмоциялық күйзелістерін түсіру, топта еркін ахуалды туғызу, топтағы қарым-қатынасты жақсарту.

     Уақыты: 3 минут

     Нұсқау:    Біздің «Жетістік» қаламызда да сондай сағат орналасқан. Сол сағаттың қоңырауы соғылғанына байланысты «Жетістік» қаланың қызық дәстүрі бар. Сол дәстүрді орындауға тырысайық.

Қоңырау бір рет соққанда – барлық тұрғындар келесідей амандасады:

-         бір-бірінің алақанын сипайды, ал егер қоңырау –

-         екі рет соқса – арқалармен бір-бірінің арақаларын сипа бастайды,

-         үш рет соғылса тізелерді қосып «тізелермен амандасады».

    Жаттығуларды орындаған кезде балалар шашылып, еркін жүреді. Содан кейін – белгі беріледі, жаттығулар аяқталады.

    Талдау: Сендерге жаттығу ұнады ма? Не қиындық келтірді? Не сезіндіңдер? Жаттығудан кейін қандай сезімдесіңдер?

 

 


17 Қаңтар 2019
3079
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі