Сергіту сәттері

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сергіту сәттері

Материал туралы қысқаша түсінік
Сергіту сәттері
Материалдың қысқаша нұсқасы



Ақмола облысы

Көкшетау қаласы








Сергіту

сәттері












Жинақтаған: Нуртазина Б.Р.








Алғы сөз


Бастауыш сынып оқушыларының білуге деген ынтысы мен мүмкіндіктерін толық пайдалану және оларды оқу процесінде үздіксіз дамытып отыру, сабақ барысында алған білімдерін тәжірибелерінде қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін сабақтарда ойын элементтері мен сергітулерді пайдаланудың маңызы өте зор.

Сабақ бір сарынды, қызықсыз болса, әрі дем

ал ып бойларын жазуға уақыт, қолдарына бір мезгіл тыным берілмесе бала тез шаршап, жаңа материалды тиісінше меңгере алмайды.

Бастауыш сыныптарда сабақ барысында сергіту сәті 2 реттен кем болмауы тиіс. Уақытымен бойларын жазып, миларын дем алдырса ғана сабақта берілген материал жақсы естерінде қалады.

Сергіту сәттерінде жасалған жаттығулар баланың есте сақтау қабілеттерін және танымдық қызығушылықтарын арта түседі. Сөздік қорлары молайады.

Мұнымен қатар сабақ үстінде сергіту сәттерін өткізу оқушылардың оқып отырған сабағына қызығушылығын арттырады оған белсенді түрде қатысып, түсінбегенін түсінуне мүмкіндік туғызады.





Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ.

Бесті беске қосқанда,

Болып шықты он саусақ.


Аю отыр партада,

Екі қолы қалтада.

«А» деді «Б» деді,

Р-ға тілі келмеді.

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп – кішкентай ағаштар,

Үп-үлкен боп өседі.


Орнымыздан тұрайық,

Шеңбер жасап алайық.

Иіліп оңға бір,

Иіліп солға бір.

Алға қарай бір адым,

Артқа қарай бір адым,

Жоғары төмен қарайық.

Орнымызға барайық.


Қорбаңдаған аюдың,

Құлпынайы көп екен.

Теріп – теріп алайық,

Қалтамызға салайық.


Отырайық жүрелеп,

Гүлді үзіп алайық.

Орнымыздан түрегеп,

Басқа гүлге барайық.

Қол ұстасып тұрамыз,

Керегені құрамыз.

Уықтай боп иіліп,

Киіз үйді құрамыз.


Қане қанат жазайық,

Қарлығаш болып ұшайық.

Ұшып – ұшып алайық,

Орнымызға қонайық.


Топ, топ басайық,

Жалаудан күн жасайық.

Жаса, жаса, алтын күн,

Жаса, жаса, жарқын күн.


Орнымыздан тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Орнымызды табайық.


Орнымыздан тұрайық,

Бір отырып, бір тұрып

Бір дем жасап алайық.


Бала, бала, балақан,

Кәне саусақ, алақан.

Саусақтарың әйбат,

Былай – былай ойнат.





Оңға, оңға түзу тұр

Солға, солға түзу тұр.

Алға қарай бір адым

Артқа қарай бір адым.

Жоғары, төмен қарайық

Орнымызды табайық.


Қаз, қаз, бас

Қаздан бас

Бір, екі, үш

Аздап бас

Қаз, қаз, бас

Құлама, құласаң жылама.


Жалғыз саусақ тіпті де,

Ұстай алмас жіпті де,

Екі саусақ бірікті,

Ине қалға ілікті.

Үш саусағым орамды,

Жүргіртеді қаламды,

Өнерлі екен он саусақ

Қала салсақ, жол салсақ.


Жаза – жаза жазуды.

Көркем етіп жазамыз,

Талып кетті қолымыз

Бестік баға аламыз.


Он, жиырма, тоқсан, жүз,

Тойлаймыз мектеп тойын біз.



Бір, екі, үш, жинап бойға күш,

Төрт, бес, алты, отыр, тұр, шалқи,

Жеті, сегіз, «уф» - деп дем алғыз.

Тоғыз, он, енді орныңа қон.


1,2,3 дем аламыз жинап күш,

Кәне қолды көтеріп

Қиға қарай созайық.

Саусақтарды ашып, жұмып,

Тез шынығып алайық.


Қарлығаштай қалықтап,

Қанат қағып алайық.

Кейде керіп шалқақтап

3-ке дейін санайық.


Кел, балақан, балақан,

Шапалақта алақан

Шарт, шарт, шарт,

Шапалақта алақан.


Бір, екі, үш құсқа ұқсап ұш.

Төрт, бес, алты күн жадырай салады.

Жеті, сегіз, тоғыз, он

Өз орныңа қон.


Жаза – жаза саусағым

Әлсіреді ,шаршадым.

Билеп, билеп алайық

Сосын қайта жазайық.




Далада жел тұрды,

Жел қатты тұрды.

Далада жаңбыр жауды,

Жаңбыр қатты жауды.

Найзағай жарқ етті

Жаңбыр басылды,

Күн ашылды.


Қоян шықты далаға,

Жан жағына қарады

Жүгірді, секірді,

Орнына кеп отырады.


Доп, доп, доп,

Топ, топ, топ.

Теуіп қалдым допты,

Доп жоқ, доп жоқ

Қап, қап, қап

Тап, тап, тап.


Қарға, қарға, қарғалар,

Тау үстінде жорғалар,

Екі шоқып бір қарар.


Ұзын құлақ сұр қоян,

Естіп қалып сыбдырды,

Ойлы қырлы жерлермен,

Ытқып – ытқып секірді.

Қарап еді артына,

Қиығын сап көзінің.

Келе жатқан томпаңдап,

Көжегі екен өзінің.


Оң қолымда 5 саусақ,

Сол қолымда 5 саусақ.

5-ті 5-ке қосқанда,

Болып шықты 10 саусақ.


Бас, құлақ, қол, аяқ,

Бас, құлақ, қол, аяқ,

Аяқ, кол, құлақ, бас.


Сағаттың тіліндей,

Иіліп оңға бір.

Сағаттың тіліндей,

Иіліп солға бір.

Отырып, тұрып,

Оң аяқ, сол аяқ,

Үйрену оңай-ақ.


Көжектерім тұршы,

Бетіңді жушы,

Айнаға қарашы,

Шашыңды тарашы,

Мектепке баршы,

Сабақты қарашы.


Орнымыздан тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Орнымызды табайық.


Көк аспанға қараймын,

Кеткен құсты санаймын.

Үшбұрыш болып тырналар,

Жылы жаққа бет алар.

Бас бармағым – алғашқы,

Балан үйрек – жалғасы.

Ортан терек – ағасы,

Шылдыр шүмек – нағашы,

Кішкентай бөбек – балақан,

Бәріне ортақ алақан.


10, 20, 90, 100,

Тойлаймыз ата тойын біз.

Ғабит ата өзіңдей,

Біз жазушы боламыз.


Пеш үстінде 5 мысық,

Пеш астында 5 мысық.

5 күн бойы жаттығып,

5 балапан кетті ұшып.


Екі сегіз – 16

Және сегіз, және алты

Ескісіз жаңа болмайды,

Есепсіз дана болмайды.


1, 2, 3 – құсқа ұқсап ұш,

4, 5, 6 – күн жадырай салды.

7, 8, 9, 10 - өз орныңа қон.


1, 2, 3 жинап алып күш,

Қолға қалам аламыз,

Әдемі етіп жазамыз.


1, 2, 3 – торғай аспанға ұш,

1, 2, 3 – торғай аспаннан түс.


1, 2, 3

Жинап алып күш.

Кәне қолды жазайық,

Алға қарай созайық,

Отырып, тұрып,

Сәл шынығып алайық.


1, 2, 3

Сынып іші тып- тыныш.

Жалқаулықты тастаймыз,

Сабақты біз бастаймыз.


Барқ – барқ барқылдақ

Қарға ұшады барқылдап.

Құрқ – құрқ құрбақа

Су ішінде жүр бақа

Дәптерді ашайық,

Қолға қалам алайық,

Басымызды көтеріп,

Әдемі етіп жазайық.


Жел соқты гу – гу,

Жаңбыр жауды тырс – тырс.

Жаңбыр басылды,

Күн ашылды.


Күн ашылды жарқырап,

Түтін көкке өрледі.

Қарлығаштай қанатын

Жайып көкке ұшырды.



11


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
23.01.2019
1311
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі