Күндей болып күлеміз,
Гүлдей болып өсеміз.
Құстар болып ұшамыз,
Көбелектей қонамыз.
Ал,балалар тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Оңға бір қарайық,
Солға бір қарайық,
Алақанды соғайық.
Орнымыздан тұрайық,
Қолды алға созайық.
Бір отырып,бір тұрып,
Жоғары, төмен қарайық,
Орнымызды табайық.
Жел уледі
у, у, у,
Боран соқты зу, зу,
Қатты,қатты жел соқты
гу,гу.
Жапырақтар қол соқты
ду,ду,ду
Шыдай алмай жапырақтар
ах,ах,
Билеп кетті қалтырап
пах,пах.
Орнымыздан тұрайық,
Қолымызды жайайық.
Құс боп қанат қағайық,
Иілейік оңға бір,
Иілейік солға бір,
Алға қарай бір адым,
Артқа қарай бір адым.
Жоғары,төмен қарайық,
Орнымызды табайық.
Сағаттың
тіліндей,
Иіліп оңға
бір.
Сағаттың
тіліндей,
Иіліп солға
бір.
Сағатқа қарап
ақ,
Жаттығу оңай
ақ.
Керегені
жазайық,
Шаңырақты
құрайық.
Уық болып,
иіліп,
Киіз үйдей болайық.

Ормандағы аюдың,
Құлпынайы көп екен.
Теріп, теріп алайық,
Қалтамызға салайық.

Тербеледі ағаштар.
Алдымнан жел еседі,
Кіп
кішкентай ағаштар,
Үп-үлкен боп өседі.
Он
қолымда бес саусақ,
Сол
қолымда бес саусақ.
Бес
саусаққа, бес саусақ,
Болады ғой он саусақ.

Кәне қанат жазайық,
Қарлығашқа ұқсайық.
Ұшып- ұшып алайық,
Қайта жерге қонайық.
Қылқаламды алайық,
Сәндеп өрнек салайық
Қолға ұстап қайшыны,
Ою-өрнек қияиық
Бір
топта біз нешеуміз?
Кел
санайық бәріміз(санау)
Қанша болса ұлдар,
Сонша көтеріледі қолдар,
Қанша болса қыздар,
Сонша еңкейеміз достар!
Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы қырлы жерлермен,
Ытқып-ытқып секірді.
Отыр аппақ, ақ қоян,
Неткен сап сақ бұл қоян.
Құлақтары делеңдеп,
Әр
дыбысқа елеңдеп.
Қолыңды алға созайық,
Қағаз кеспек болайық
Бір, екі ,үш,төрт,
Енді еркін тыныстап,
Демалайық дұрыстап.
Құлпыра берші кең дала.
Гүліңді мен терейін,
Жапырағыңмен жасыршы,
Қойныңа мен енейін.
Ал, балалар тұрайық
Алақанды соғайық,
Бір отырып, бір тұрып.
Біз тынығып алайық.
Бір,екі,үш,
Жадыраймыз жайнап күш,
Бестік баға аламыз.
Қуанып үйге барамыз.
Бір, екі
,үш,
Жинаймыз жадырап
күш,
Қазақ тілін
үйреніп
Демалып
жинаймыз.
Жаза-жаза саусағым
Әлсіредім шаршадым
Оңға, солға бұрылып.
Сосын қайта жазамын.
Қалың соқ, қолың соқ
Саған өмір қызық болса.
Жер бетінде бақыт
болсын,
Қолың соқ, қолың соқ.
Біздер тату боламыз,
Әсем етіп жазамыз
Жаттығулар жасасақ,
Біздер серігп қаламыз.
Қаңқ-қаңқ қаздарым,
Тізені сәл бүгіңдер.
Қолды артқа ұстаңдар,
Қане қазға ұқсаңдар.
Бір,екі,
үш,
Жадыраймыз жинап
күш,
Бестік баға
аламыз
Қуанып үйге
барамыз.
Екі қанат қазда
бар,
Қазды іздесең сазға бар.
Екі қанат құста бар.
Қуып жетте ұстап ал.

Сағаттың тіліндей,
Иіліп оңға бір,
Сағаттың тіліндей,
Иіліп солға бір,
Сағатқа қарап-ақ
Жаттығу қызық-ақ.
Балдырғандар тұрыңдар,
Беттерінді жуыңдар.
Шаштарыңды тараңдар,
Киімдеріңді киіңдер.
Бақшаға барыңдар,
Орындарыңа отырыңдар
Суретті салыңдар.
Қарлығашқа ұқсайық.
Қанат қағып жазайық.
1,2,3,4-қәне отыр тез.

Жаттығу оңай-ақ.
Құс қанатын жаяды.
Үйрек мойнын созады
Жерге аққу қонады.
Оңға- оңға түзу тұр.
Солға-солға түзу тұр.
Алға бір қадам,
Артқа бір қадам,
Жоғары төмен қарайық,
Орнымызды табайық.
Күн
болып жайнайық,
Су болып ағайық.
Терең-терең дем алып
Жүгіреп-жүгіріп алайық.
Көтереміз қолымызды
Созыламыз жоғары
Бір ,екі, үш
Денеңді оңға бұр
Бір, екі, үш
Денеңді оңға бұр
Қолды созып жан-жаққа
Отырамыз орнымызға.

Сылдырмақты алайық
Қатты-қатты соғайық
Күш түсіре табанда
Би билейсің табанда
Тақ-тақ-тақ.

Терезеден күн қарайды
Бөлмені нұрландырады
Балалар алақан соғады
Күнге өте қуанады.
Далады жел тұрады
Жел қаттырақ соқты.
Найзағай жарық етті.
Бір кезде жаңбыр жауа
бастады,
Жел баяулады, баяулады.
Жаңбыр да ақырындады.
Жел басылды,
Күн ашылды.

Торғай торғай тоқылдақ
Жерден тары шоқып ал
Бөтегесін томпайтып
Шиқ-шиқ етіп отырмақ.
Топ-топ басайық
Жалаудан күн жасайық.
Жаса-жаса алтын күн.
Жаса-жаса жарқын күн.
Ал,балалар, тұрайық
Алақанды соғайық
Бір отырып, бір тұрып.
Біз тынығып алайық.
Ұзын мұрты құмырсқа
Келе жатыр жұмысқа.
Допты алдым қолыма.
Допты қойдым орнына,
Оңға қарады, солға
қарады.
Үлкен тау деп ойлайды.
Буратина созылды,
Бір еңкейді,
Үш еңкейді,
Екі жаққа қол созады.
Аяқтарын көтерді.
Жүрді-жүрді жүреді.
Жүгірді-жүгірді жүгірді.

Таң атты, күн шықты.
Аспанды бұлт шықты,
Жел тұрды, жауды.
Найзағай сарт- сұрт
етті,
Біз бұға қалдық.
Таң әлі атқан жоқ,
Маңай әлі қараңғы.
Әтеш ерте оянып,
Жан-жағына қарады.
Шынықтырып денені,
Қанаттарын қағады.
Ку-ку-ре-ку,тұр-тұрлап,
Оятады баланы.
Еркін ұста дененді,
Тарсылдатпай еденді,
Орнымыздан тұрып- ап,
Жүгірейік бір уық.
Бір, екі, үш,
бір,екі,үш,
Аяқты алға созайық,
Тік көтеріп, қозғайық.
Тым сылбыр да болмайық,
Алға қарай озбайық,
Бір, екі, үш, бір ,екі,
үш,
Орманда кірпі келеді,
Саңырауқұлақ тереді.
Кездесті, міне, керегі.
Екеуі қайың астынан.
Біреуі терек қасынан.
Тоқылған салса себетте.

Қырғауыл боп
ұшамыз-ұшамыз.
Түлкі болып
қашамыз-қашамыз,
Қырғауылдай тапқыр боп,тапқыр
боп,
Орнымызға қонамыз.
Әже өрнек құрады.
Өрнек оқу құралы.
Бұл құрал мен тамаша,
Тоқылады алаша.
Шынығамыз жастай біз,
Жаттығуды бастаймыз.
Бір, екі, үш, бір, екі,
үш,
Бойымызға жинап күш,
Жаттығуды бастаймыз.
Бір, екі, үш, бір, екі,
үш,
Біз кішкентай баламыз,
Өсіп-өніп толамыз,
Көкке қарап,талпынып,
Күнге қолды созамыз.
Қанат қағып ұшамыз,
Қарлығаштай қалықтап,
Бір отырып, бір тұрып,
Бір тынығып алайық.
Қолға қалам алайық,
Дәптерімізді ашайық,
Дәптерімізді ашқан соң,
Әдемі етіп жазайық.
Кел, бала, кел бері.
Қыздырайық денені,
Орнымыздан тұрып-ақ
Жүгірейік бір уақ.
Бір, екі, үш,
Бір, екі, үш,
Екпіндей түс.
Аяқты оңға созайық ,
Тік көтеріп қозғайық.
Оңға , солға қарайық,
Орнымызды табайық.
Күн болып ағайық,
Мөлдір су болып ағайық,
Гүл болып жайнайық,
Терең-терең дем алып,
Жүгіріп-жүгіріп алайық.
Тоңса біздің қолымыз,
Қолғап киіп аламыз.
Сарт-сарт-сарт.
Шапалақ соғамыз.
Тоңса біздің аяғымыз,
Етік киіп аламыз.
Топ-топ-топ,
Топылдатып билейміз.
Тоңса біздің денеміз.
Тоңды киіп аламыз,
Зу-зу-зу,
Шанамен зулаймыз.
Тымақ киіп басына,
Иыққа шапан жабайық.
Тізілген маржан тасы бар
Қаусырма белдік тағайық.
Етік жеңді жинақтап.
Төрден орын табайық.

Қолымызда
тостаған
Қонаққа құр
тоспаған
Ішіне ас
салайық
Кәне, дәмін
қарайық.
Қара-қазан-тайқазан.
Емес сірә жай
қазан
Әжем асар қой
етін,
Кейде дәмді дәу
сазан.
Қос бұрымға
тағылған.
Шашбау сылдыр
етеді.
Шолпыларың
лағылдан.
Бір ырғалып
өтеді.
Сырғаларың селт
етсе.
Сыңғыр-сыңғыр
етеді.
Қос білезік,
жүзігің
Көзді тартып
өтеді.

Ат ерттеуге жарайық,
Жонына қамшы салайық.
Жорға мініп жарысып,
Көрші ауылға барайық.
Бір, екі, үш санайық.
Кім озады қарайық.
Мәреге жетсе жорғалар
Бір тынығып алайық.
Құстар қанат қағайық!
Екі қолды,
Сәл көтерсек болады.
Енді оны бөгелмей
Түсірейік, қанат
қағайық!
Бір, екі, үш.
Бір, екі, үш.
Шегірткедей ыршиық!
Қане сапты түзейік,
Тіземізді бүгейік,
Ыршып алға түсейік,
Ыршып артқа түсейік.
Бір, екі, үш
Бір, екі, үш
Шегірткедей ыршиық!
Ыршып-ыршып, тыншыйық!
Көтеріліп шаңырақ,
Уықтары шаншылар.
Керегелер керіліп.
Өрімдей боп өрілер.
Бәріміз жүрсек айналып,
Киіз үй боп көрінер.
Қоюланып тағы бұлт
Жауды жаңбыр себелеп
Жапырақтар жамылып
Бұға қалды көбелек.
Тік ұста бойыңды
Жоғары соз мойыныңды
Соз қолыңды тағыда
Жеткіз жираф мойнына.
Күркіреді күн-күн
Терезелер шың-шың
Жауды жаңбыр топ-топ
Шелек-шелек көп-көп
Жон арқанды тос-тос
Қүнбағыс тез өс-өс
Екі қанат қазда бар
Қазды іздесең сазға бар
Екі қанат құста бар
Қуып жетте ұстап ал.
Қаңқ -қаңқ қаздарым
Тізені сәл бүгіңдер
Қолды артқа созыңдар
Қане қазға ұқсаңдар.
Бақа-бақа балпақ
Басың неге жалпақ
Темір телпек көп киіп
Басым содан жалпақ
Бақа-бақа балпақ
Бұтың неге талтақ
Су бетінде көп жүзіп
Бұтым содан талтақ
Бақа-бақа балпақ
Көзің неге тостақ
Қарауылды көп қарап
Көзім содан тостақ.
Биік болып өсеміз
Егіндей жайқалып
Табиғатты сүйеміз
Шетімізден шеберміз
Денемізді бос ұстап
Билеп -билеп аламыз
Аппақ болып таң атты
Түтін тікке шығады
Қарлығаштар қанатын
Самғап биік ұшады.
Жалғыз саусақ тіпті де
Ұстай алмас жіпті де
Екі саусақ бірікті
Ине қолға ілікті
Үш саусағым орамды
Жүгіртеді қаламды
Өнерлі екен он саусақ
Қала салсақ, жол салсақ.
Аламыз әжемен үйге
тауықты,
Аламыз үйге тауықты,
Тауық жем жеп
қыт-қыттайды.
Аламыз әжемен үйге
үйректі.
Үйрек былай балпаңдайды.
Аламыз әжемен үйге
сиырды
Сиыр былай мө-дейді.
Аламыз әжемен үйге
мысықты
Мысық былай мяу-дейді.
Аламыз әжемен үйге біз
итті.,
Ит былай аф-аф-дейді.
Аламыз әжемен үйге
шошқаны
Шошқа былай хрю-хрю
дейді.
Аламыз әжемен үйге
телевизор,
Телевизор уақыт-уақыт,
Хабаршы ля-ля-ля
Тауық жем жеп
қыт-қыттайды