Шаршағанда ырғалып,
(Орындарынан тұрып, жаймен тербеліп
тұрады).
Гүлге ұқсап демалып. (Отырады
)
Қанатымды бір қағып, (құсқа
ұқсап ұшады)
Гүлдей болып жайқалып.
(қолдарын жоғары көтереді)
*****************
Көкке бойын созады,( аяқ
ұшымен тұру)
Көпке қолын созады. (қолдарын
жоғары көтеру)
Кең құшағын ашады, (қолдарын
жаю)
Көлеңкесін тосады. (қолдарымен
үшбұрыш жасау)
Көк қарағай, қарағай,
мейірбанды анадай. (қолдарымен өздерін
құшақтау).
********
Ата шалқан егіпті.
(Отырады)
Шалқан үп-үлкен болып
өсіпті(Тұрып, қолдарын жоғары көтереді)
Ары-бері тартып еді,
тартылмады. (Ым арқылы апаның, қыздың, иттің, мысық пен тышқанның
келуін көрсетеді.)
Алақай, тартып, жұлып алдық!
(Бірін-бірі ұстап тартады. Қолдарын шапалақтап, секіреді,
қуанады)
**************
Апам үшін күнде мен,
(Әндете)
Отынға ағаш жарамын, (Ағаш
жарғандай)
Су құямын гүлге де, (Гүлге су
құйғандай)
Дүкенге де барамын. (Қолдарына
сөмке ұстап, орындарынан тұрып жүру)
Сыпырамын үй ішін (Сыпырғандай)
Жуам аяқ-табақты (Ыдыс жуғандай)
Жылай қалса, бөпемді (Бөпені ұстағандай)
Жұбатамын ойнатып. (Қолдарын шапалақтау).
****************
Мен шиемін, шиемін, (Бастарын
қорғайды)
Күннің көзін сүйемін
(Киеді)
Қышқыл шырын менде бар,(
Қолдарын жаяды)
Төмен басты иемін. ( Басын
иеді)
**********
Таңертең де күнге қарап
тұрасың, (Бастарын алға, жоғары)
Түсте дағы күнге қарап
тұрасың, (артқа бұрып қараты)
Кеш болса да күнге бетті
бұрасың, (күннің бағытына қарай қозғайды).
Сонда өзің, айтшы кім боп
шығасың? (Алақанын жайып)
Таптым, таптым, (Қолдарын
ақырын көтереді)
Күнді баққан, (Сұраған кейіпте
шапалақтау)
Үкі
таққан,
Күнбағыс боп шығасың.
(Бір-бірлерінің қолдарынан мықтап ұстап, жоғары көтеріп,
күнбағыстың бейнесін келтіреді).
*********
Жайқалады ақ бидай (Қолдарын
жоғары көтеріп, тербеліп тұрады)
Басын иіп аққудай, (Бастарын июі)
Трактор мен комбайн, (Қолдарын
алға созып, трактор, комбайн жүргізген сияқты
бейнелеу).
Жүргізуге мен дайын.
********
Тауық тары жинапты, (Тары теру қимылын
жасайды)
Оны ешкімге қимапты. (Қолдарын
айқастыру)
Бөтекесін толтырып,
(Бүйірлерін ұстау)
Қамбасына құймапты.( Басын
шайқау)
Қыста тауық қақылдап, (Тауық
сияқты дыбыс шығару)
Тары іздеп жүр тақылдап.
(Тауыққа ұқсап жүру)
********
Тоңып қалған кірпі доп-домалақ
болып, бүктеліп жатты. (Жерге бүктетіліп
жату)
Күн сәулесі кірпіге түсіп, ол
керіле бастады (Орнынан тұрып керіліп,
созылу)
Қайырлы таң! (Басын
иіп)
Мен ояндым деді (Жан-жағына
қарау)
*********
Ормандағы аю, қонжық, ұялардан
бал іздеді. (Аюдың жүрісін салып шеңбер бойымен
жүру)
Мойындарын оңға бұрды, солға
бұрды. (Оңға, солға бұрылу)
Орман ішін аралады, ағаштарды
шайқап көрді. (Шеңбер бойымен жүріп , қолдарымен
шайқау)
Оңға бір, солға бір, ағаштарды
байқап көрді. (Ішіне үніліп қарайды)
Аяқтарын көтеріп ап,
қуанғаннан билей берді. (Аяқтарын көтеріп, қуанып
билейді).
Оңға бір, солға бір,
қуанғаннан билей берді.( Оңға, солға қарап
билейді)
*********
Қане, қанат жазайық, қарлығаш
боп ұшайық. (Қолдарын екі жаққа жайып ұшу)
Ұшып-ұшып алайық, орнымызға
қонайық. (бір ұшып, бір отыру)
Қарлығаш боп ұшайық, торғай
болып қонайық.( екі қанатын жайып секіру, жерге басын
ию)
Сауысқан болып секіріп,
тоқылдақ боп шоқиық
********
Біз кішкентай баламыз,
өсіп-өніп толамыз, ( Өздірін көрсету,аяқтың ұшымен жоғары
көтерілу)
Күнге қарай талпынып, көкке
қолды созамыз. (Жоғары екі қолын созу)
Қанат қағып ұшамыз,
қарлығаштай самғаймыз. (Екі жаққа қолдарын созып, шеңбер бойымен
ұшып жүру)
********
Төртбұрышты қолданып,
үшбұрышты қолданып, (Ауада төртбұрыш, ұшбұрышты
сызу)
Үй жасаймыз көріңіз, жаңа
қоныс, (Үйдің шартыры сияқты жасау)
Жаңа үйге, қуанышпен кіріңіз.
(Бір-біріне күліп қарап,қолдарын жайып
отырғызу)
************
Отырайық, тұрайық, ал балалар,
бір ауық, (Орындарынан тұру)
Әріп сырын ұғалық,
«А»
дегенде отырып, («А»
отырады.)
«Б» дегенде тұралық. («Б»
тұрады)
«А», «Б»….. «А» «Б»…. (Қайталайды)
Отырып тұр тағы да
Тосылып қалма, осыны ұқ!
Қайталайық тағы да, барлығымыз
қосылып.
**************
Ал, балалар тұрайық,
(Орындарынан тұрады)
Мойынымызды бұрайық
(Мойындарын екі жаққа алма кезек бұру)
Қолымызды созайық, су ішінде
қалықтап (Қолдарын созып суда жүзгендей
жүзеді)
Қане, жүзіп
алайық,
Оңға, солға бір қарап,
денемізді бұрайық.( оңға, солға бұрылады)
************
Ал, санайық, санамақ,
саусақтарға қарап –ақ. (Саусақтарын жазып , бір-бір саусақтар жұмып
санайды)
Қане, қане, санайық, санын
біліп алайық.
1.2.3.4.5 –еу –қолымдағы
саусағым нешеу?
****************
Торғай болып ұшайық, ұшып-ұшып
алайық, (Қолдарын екі жаққа созып, құстар сияқты
ұшады)
Бүркіт болып аң аулап, қыран
құс боп самғайық.
Қарға болып жорғалап, қар
үстіне қонайық.
Тікірейіп құлағы, менен бұрын
тұрады. (Екі қолдарын басына қояды,екі қолдарын жоғары
созады)
Бойын жазып, керіліп, беті
қолын жуады. (екі қолдарын екі жаққа созып, беті қолынын сыртымен
сипалайды).
*****************
Балық болып жүземіз, шынығамыз
суда біз! (Алақандарын бір-біріне беттестіріп, суда жүзген қимылды
көрсетеді)
Шынықсақ біз бәріміз, шымыр
болып өсеміз! (Қолдарын төмен қаратып,
қимылдатады,
жұдырықтарын түйіп екі жаққа
қолдарын көтереді.)
******************
Ал ,балалар тұрайық, алақанды
ұрайық. (Алақандарын шапалақтап)
Оңға қарай иіліп, бір отырып,
бір тұрып , сәл тынығып алайық. (Оңға, солға иіліп, отырып,
тұрады)
***************
Сабындадық құлақты, атқан
шақта жаңа күн, (Құлақтарын жуған сияқты көрсетіп, қолдарын жоғары
көтереді)
Міне, қандай қолымыз, міне
қандай алақан. (Алақандарымен шапалақтап)
Соқтық, міне, алақан, аяғымыз
билейді. (аяқтарымен билейді)
Қуанғанда алақан алақанға
тимейді. (Білекті бір-біріне қосып,
шапалақтайды)
************
Ал, балалар тұрайық, ою-өрнек
сызайық.
«Қой ізі», «Қос мүйіз» ,,»Құс
қанат»,
«Бүршік», «Гүл» әдемі,
ою-өрнек әлемі,
Қылқаламды алайық, сәнді өрнек
салайық.
**************
Орнымызда тұрамыз, қолды белге
қоямыз.
Бұрыламыз оңғ бір, бұрыламыз
солға бір.
Біздер тату боламыз, гүл-гүл жайнап
жанамыз.
Жаттығулар жасасақ, жақсы сергіп
қаламыз.
**************
Қызыл, сары, көк шар,
(Қолдарымен ауада шеңбер сызу)
Қолымызда көп шар. (Қолдарын
көтеріп анда-санда шайқау)
Әуеде қалқиды, әніміз шалқиды.
(Екі қолды соғып орнында секіру)
*************
Көтеріліп шаңырақ, уықтары
шаншылар, (Қолдарын көтеру)
Керегелер керіліп, (Қолдарын
екі жаққа созып)
Өрімдей боп өрілер. (Бір бірін
құшақтайды)
Бәріміз жүрсек айналып ,киіз
үй боп көрінер. (Шеңбер бойымен жүреді)
***************
Балалар бір сапқа
тұрады.
Жауынгер боп тік тұрып (бір
сәт қимылсыз қатып қалады)
Қуыршақ сияқты (денелерін
босатып, еңкейіп, қолдарын төмен салбыратып
қояды)
************
Біз топта біз
нешеуміз
Кел,санайық
бәріміз.
Қанша болса
ұлдар
Сонша көтеріледі
ұлдар
Қанша болса
қыздар-
Сонша
еңкейеміз,достар
**************
Сары қораз оянды
Тым
ерте тұрыпты
Ойқастан жүріпті
Жан-жаққа қарапты
Қо-қо,қо-қо-депті
Қорады ойранда салыпты
Бар
тауық қайран қалыпты
Секіріп - секіріп айқайлап
Шарбаққа қоныпты
************
Топта қоныз ұшады,( Қоңыз
болып ұшады)
Ж-Ж-Ж- әнге басады. (Дыбысын
салып)
Оңға ұшады- (оң жаққа
қараймыз)
Солға ұшады-( сол жаққа
қараймыз)
*************
Алақанды
созамыз,
Алақанға қоңызды
қондырамыз.
1-2-3 Әдемі гүлдер
өс
Күнге созыламыз, күнге
жылынамыз
Оңға тербелеміз, солға
тербелеміз
Желден тығыламыз, орнымызға
отырамыз.
************
Қақпаға
туралап,
Теп допты оң
аяқ
Қақпаға
туралап
Теп допты сол
аяқ
Оң аяқ, сол
аяқ,
Жаттығу оңай
ақ.
****************
Тік ұста
бойынды,
жоғары соз
қолыңды,
Соз қолыңды тағы
да
Жеткіз керік
мойнына
*****************
Іздеуге шығамыз
бәріміз,
Құс болып ұшамыз,
ұшамыз
Алысқа көз салып
қарайық
Құстардың біз легін
табайық
****************
Оңға, оңға түзу
тұр,
Солға, солға түзу
тұр
Алға қарай бір
адым
Артқа қарай бір
адым
Жоғары, төмен
қарайық,
Орнымызды
табайық.
****************
Көбелекке ұқсап
ақ
Ұшайықшы
бәріміз
Оңға қарай бір
ұшып
Солға қарай бір
ұшып
Шарлайықшы жер
шарын
1.2.3 көбеллек
ұш
**************
Қане сапты
түзейік
Тіземізді
бүгейік
Ыршып алға
түсейік
Ыргып артқа
түсейік
1-2-3
Шегерткеше
ыршиық
Ыршып-ыршып
тыңшиық
****************
Жел уледі
у-у-у
Құйын келіп биледі
зу-зу
Қатты қатты жел соқты
гу-гу
Жапырақтар қол соқты
ду-ду
**************
Доп безек
қағады,
Секіріп
еденге
Біресе
жоғары
Біресе
төменге
Секіріп
солай-ақ
Жаттығу оңай
ақ
**************
Басымызды
иеміз
Билейміз
күлеміз
Бір анда, бір
мұнда
Өзіңді өзің
айнала
Сыңғыр, сыңғыр,
сыңғырлар
Құлағымда
ырғалар
Оң қолымда
білезік
Сол қолымда
білезік
Саусақтарда
сақина
Санап көрші
канеки
1-2-3
Дем алайық жинап
күш.
******************
Қылқаламды
қояйық,
Орнымыздан
тұрайық
Қолымызды
созайық
Оңға қарай иіліп, солға қарай
иіліп
Белімізді
жазайық,
Айналаға
қарайық
Отырайық,
тұрайық
Біз тынығып
алайық
Біз тынығып болған
соң
Әсем сурет
салайық
********************
Саусағымды
жаздым
Жұдырықты
құрадым
Қайшыладым
1-2-3
Қолға жинап
күш
********************
Біз гүлдерше
өсеміз
Жапырағы
жайқалған
Сабақтары
салалы
Желге ырғалып
шайқалған
*******************
Саусақтарым
тұрындар
Сәл дем алып
алындар
Сен басбармақ-шәй
әкел
Балан үйрек-май
әкел
Ортан терек-ет
әкел
Шылдыр шүмек-сүт
әкел
Ал, кішкентай
бөбегім
Балмен қаймақ –сен
әкел
***************
Мынау – менің
жүрегім,
Бәрі осыдан
басталған.
Мынау – басым
ақылды,
Бәрі осы
басқарған.
Мынау –менің оң
қолым.
Мынау – менің сол
қолым.
1.2.3 деп
айтып,
Демалайық
отырып.
*************
Бас бармағым
–атам,
Үйдің
данасы,
Балан үйрек
–әжем,
Ошақ
анасы.
Ортан терек
–әкем,
Отау
тынысы.
Шылдыр шүмек –
анам,
Шаңырақ
ажары,
Титтей бөбек –
мен,
Бәрінің
назары.
*******
Ал, балалар
,тұрайық,
Алақанды
ұрайық!
Оңға қарай
иіліп,
Солға қарай
иіліп,
Бір отырып, бір
тұрып.
Біз тынығып
алайық.
*******
Болу үшін епті шымыр
да,
Жаттығу керек
шынында.
Мұрынмен жұтып
ауаны,
Ауызбен дем
алады.
Тыныстап болып
шамалы.
*******
Бойыңды сергек, тік
ұста.
Емін –еркін
тыныста.
Деміңді ішке тез ал
да,
Сол қолыңды соз
алға.
Қол ұшына қарада, үшбұрыш сыз
ауада,
Оң қол бос тұрмасын, әдемі
шеңбер жасап зырласын.
***********
Орнымыздан
тұрамыз,
Қолды бірге
қоямыз.
Бұрыламыз оңға
бір,
Бұрыламыз солға
бір.
Біздер тату
боламыз.
Гүл- гүл жайнап
жанамыз.
***********
Орнымыздан
тұрайық,
Дөңгелекті
құрайық.
Қолымызды
шапалақтап,
Алақанды
ұрайық.
Бір отырып, бір
тұрып.
Сауық сайран
құрайық.
************
Қолға алып
шарды,
Үрлеймін мен
былай
Уф-ф-ф,
Үрлеймін деп
қатты,
Жарып алдым
шарды.
Пах.
********
Бір саусағым тіпті
де,
Ұстай алмас жіпті
де.
Екі саусақ
бірікті,
Ине қолға
ілікті.
Үш саусағым
орамды,
Жүгіртеді
қаламды,
Өнерлі екен он
саусақ,
Қала салсақ, жол
салсақ.
*******
1 дегенде
тұрайық,
2.3.4 алақанды
соғайық,
Оң жаққа
бұрылып,
Сол жаққа
бұрылып.
Бір отырып, бір
тұрып,
Біз жүгіріп
алайық.
5 дегенде
асықпай.
Орнымызды
табайық.
*********
Тауық, әтеш, қаз,
үйрек.
Бидай теріп жейді
екен.
Тұмсығымен шоқып
жеп,
Қандай дәмді дейді
екен.
********
Орамжапырақты
шабамыз,
Орамжапырақты
кесеміз.
Орамжапырақты
тұздаймыз.
Орамжапырақты
басамыз.
Сәбізді біз
қосамыз.
********
Қаз
Қаз тоқтамай
қанқылдайды,
Жақындасан
шымшылдайды.
(білек тік. Алақан түзу.
Сұқ саусақ бас бармаққа тіріледі. Барлық саусақтар бір –біріне
жабысып тұрады)
*********
Қораз
Қораз, қораз,
қоқылдақ,
Ерте тұрар
қоқылдап
Алтын Айдар
басында
Ән салар үй
қасында.
(алақан үстінде, сұқ саусақ
бас бармаққа тіреледі. Қалған саусақтардың аралары ашық үстіне
қарайды).
**************
Құлып
Саусақтарды
айқастырып,
Құлыпты біз
жасаймыз.
Қайталаймыз
тағыда
Одан жақсы
жасауға.
(алақан бір –біріне
жабысқан, саусақтар өрілген)
*********
Көзілдірік
Апамыз көзілдірік
киеді.
Мәз болып немересін
көрді.
(оң және сол қолдың үлкен
саусақтары басқа саусақтармен сақина жасайды. Екі сақинаны екі
көздің қасына әкеледі)
*************
Себет
Орманға себетті алып
барамын.
Саңырауқұлақты оған жинап
саламын.
(алақандар өзіне қарайды,
саусақтар өріледі,, шынтақтар жан жаққа кетеді. Басбармақтар
себеттін тұтқасын көрсетеді).
**********
Бармақ болып
жұмысқа,
Қырға шықты
құмырсқа.
Тайып кетіп
аяғы,
Қырға қайта
шығады.
Ой-ой-ой,
Әне аю
келеді,
Құмырсқаны
көреді.
Енді қайтіп
құтылар.
Илеуіне
тығылар.
*******
Қарлығашқа
ұқсайық,
Қане қанат
қағайық.
Қарлығаш боп
ұшайық,
Көлге келіп
қонайық.