Материалдар / Шерхан Мұртаза "Бесеудің хаты"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Шерхан Мұртаза "Бесеудің хаты"

Материал туралы қысқаша түсінік
"Бесеудің хаты" шығармасы бойынша сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Сәуір 2024
307
1 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Бесеудің хаты»

Бөлім

4. Тарих тағылымы

Педагогтің Т.А.Ә.


Күні


Сынып

10

Сабақтың тақырыбы

«Бесеудің хаты»

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары

10.1.2.1 әдеби шығарманың жанрлық табиғатын тану;

10.3.1.1 шығарманың тарихи және көркемдік құндылығын анықтап, бағалау;

Сабақ мақсаты

әдеби шығарманың жанрлық табиғатын таниды;

шығарманың тарихи және көркемдік құндылығын анықтап, бағалайды;

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы


Ұйымдастыру кезеңі:

Миға шабуыл

1) «Бесеудің хаты» драмасының тарихи негізіне арқау болған қандай қырғын?

2) Қазақстандағы «Кіші Октябрь» төңкерісінің зардабы қандай болды?

3) Геноцидтік саясаттың астарында не жатты деп ойлайсыз?

ОМ, сабақ мақсаты, бағалау критерийлері таныстырылады.

Сұрақтарға жауап береді

ФБ

Слайд оқулық

Сабақтың ортасы


1 тапсырма. Сыныптық жұмыс

«Миға шабуыл» әдісі арқылы оқушылар төмендегі сауалдарды талқылайды:

  • Шығармадағы ел басына түскен нәубеттегі жандайшаптардың бейнесі қалай суреттеледі?

  • Сталиннің теріс саясатын асыра сілтеген Голещекиннің көроқырлығы қалай көрініс табады?

«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы оқушылар өзара бағалау жүргізеді.

2 тапсырма. Топтық жұмыс

«Сөзбен өрілген бейне» әдісі арқылы оқушылар берілген үзіндіні пайдалана отырып, төмендегідей тапсырмаларды орындайды:

1-топ. Голощекиннің көрсоқырлық бейнесін сөзбен өреді

2-топ. Мүсіреповтің ұлтжанды бейнесін сөзбен өреді

3-топ. Қарабаевтың сатқын бейнесін сөзбен өреді.

4-топ. Жантақовтың жандайшап бейнесін сөзбен өреді.

Дескрипторлар:

  • шығармадан қажетті үзінділерді іріктей алады(кемінде 2-3)

кейіпкер бейнесін тілдік құралдарды қолдана отырып сөзбен өреді(кемінде 3-4)



Мәтінді оқиды, тапсырмаларды орындайды

ФБ

Слайд, оқулық, критерийлер мен дескрипторлар жазылған парақтар


Сабақтың соңы


Кері байланыс. Оқушылар “Төрт сөйлем әдісі” арқылы тақырыпқа байланысты қорытынды жасайды

Пікір-------------------------------

Дәлел---------------------------------

Мысал----------------------------------

Қорытынды---------------------------


Кері байланыс

ФБ

Кесте


Голощекин(қуанып кеткендей, Мүсіреповке). Рас-ау, сонда сен өзіңді Иисус Христосқа балап тұрсың ба?

Мүсірепов. Жоқ, жолдас Голощекин. Мен коммунист, жазушы Мүсіреповпын.

Құрамысов. Онда неге қайдағы Голгофты еске алып тұрсыз?

Мүсірепов. Жолдас Ізмұқан, мен – Христос емеспін, бюро – Голгоф емес. Голощекин жолдас – Понтий Пилат болмас, Сіз – Синедрион болмассыз. Онан да мәселені түсіндіріңіз. Мені неге шақырдыңыз?

Голощекин. Сен өйтіп көлгірсіме, жазушы. Білмей тұрған шығарсың. Хатты ұйымдастырған сен ғой?

Мүсірепов. Мейлі, мен-ақ болайын.

Голощекин. Міне, нағыз Иисус! Өзін кұрбандыкка дайындап тұр.

Мүсірепов. Неге құрбан болуға тиіспін? Шындықты айтып, бюроға ашықтан-ашық мәселе қойғаным үшін бе?

Голощекин (шыңғырып). Қайдағы шындық?! Халык, мал-жан жаппай қырылып жатыр деген шындық па?! Жала! Жала! Жала!

Құрамысов (килігіп). Жала арқылы халықты Крайкомға қарсы қою. Бұл – провокация!

Е л е у с і з (дөңгелек сақалын уыстап). Ғабит шырағым, оның қалай?

Мүсірепов(торыққандай). Елаға, сіз де түк көрмей қалдыңыз ба? Бір үзім нан сұрап, кеңсеңіздің алдында сұлап жатқандардың үстінен аттап-бұттап өткеніңіз де есіңізден шыққан ба?

Голощекин. Олар жалқау оңбағандар! Жұмыс істегісі келмей, ыңырсып жатқандарды кеңсенің алдынан мен де көрдім.

Мүсірепов (ызалана). Оларға: «Бездельники! Работать надо!» – деп, бастарынан теуіп-теуіп кеткеніңізді мен де көрдім.

Голощекин. Жалқау оңбағандарды маңдайынан сипауым керек пе сеніңше? Аяғыма оралды, аяғымды ажыратып алғаньм рас. Тепті дегенің тағы жала.

Елеусіз (жаны ашығандай). Ғабит шырағым, «Төремен тіреспе, күштімен күреспе» демеуші ме еді, неғыласың қарсыласып...

Голощекин. Ол бізді негізгі мәселеден бұрып әкетіп, бұлғаққа салып тұр ғой. (Мүсіреповке қолын шошайтып). Экспертиза хаттың үш дана басылғанын анықтады. Қалған екі данасы кайда?

М ү с і р е п о в. Біреуі Сталин жолдасқа жіберілген.

Голощекин. (шиқылдап күліп). Сен шынында да Иисуссың! Иисус Христос өзін құдайдың ұлымын деп жариялаған ғой. Ал сен Сталин жолдаспен тікелей хат жазыспақ болғансың. Бірақ хатың Сталинге жеткен жоқ. Хат ұсталды.

М ү с і р е п о в. Әлгі кеңес поштасының азамат құпиясын сақтайтыны қайда?

Голощекин. Құпия сақтағышын. Поштаның Крайкомнан жасыратын құпиясы жоқ. Ал хаттың үшінші данасы қайда?

Мүсірепов.(тура қарап). Жоқ. Жыртып тастадық.

Голощекин. Сен жалақор ғана емес, өрі өтірікші екенсің ғой. (Қоңырауды басып қалып, көмекшіге). Шақыр Қарабаевты!

Карабаев кіреді.

Голощекин. Міне авторлардың біреуі. Бұлар о басында алтау болған. Мүсірепов, Гатауллин, Алтынбеков, Қуанышев, Дәулетқалиев және Қарабаев. Бірақ Қарабаев өз қатесін түсініп, соңғы сәтте қол қоюдан бас тартқан. Және о бастағы ниеті үшін бізден кешірім сұрады. (Қарабаевқа.)Қарабаев жолдас, хаттың үшінші данасы қайда?

Қарабаев.(қызарақтап, жан-жағына алақ-жұлақ қарап). Үшіншісі – РСФСР Совнаркомына, Тұрар Рысқұлов жолдасқа жіберілмек болған. Бірақ жіберген-жібермегенін білмеймін. Мен... мен топтан шықтым ғой...

Голощекин. Естідің бе, жазушы? Енді есіңе түсті ме?

Мүсірепов. (Қарабаевқа жиіркене қарап). Иуда!!!

Голощекин.(алақандарын шапалақтап). Браво! Міне Иисус! Ай да Иисус! Қарабаев – Иуда, Мүсірепов – Иисус. Иуда Иисусты ұстап берді. Тарих қайталанбайды дейді. Қайталанады. Қайталанады!

Е л е у с і з (Құрамысовқа). Не деп кетті?

Қ ұ р а мысов. Иса пайғамбарды Иуда деген сатып кеткен. Соны айтады.

Голощекин.Сталин жолдасқа қолы жетпеген бейшаралардың ендігі тапқаны – Рысқұлов.

Жантоқов. Рысқұлов – пантюркист!

И в а н о в. Жолдастар! (Сағатына қарап). Түнгі сағат бір болды. Нақты мәселеден ауытқып барамыз.

Голощекин. Кателесесіз, Иванов. Нақты мәселеге енді келдік. Бүліктің бастауы қайда жатқанын білдіңіз бе? Анықталды ғой. Бәленің бәрі Рысқұловтан. Алыста жатып Мүсіреповтердің қолымен от көсейді. Бұл бүлікке Рысқұлов араласқан екен ғой. Міне, бұл – шатақ! Шатақ!

Жантоқов. Рысқұлов – пантюркист! (Орнынан ұшып тұрып.) Рысқұлов –пантюркист! Мүсірепов – ұлтшыл! Ұлтшыл! (Қалш-қалш етіп, қолы ербеңдеп, көзі аларып, құлап бара жатып.) Пантюркист! Пан-тюр-кист! ұлт-шыл! Ұлт...

Голощекин. Шатақ! Шатақ! Рыскұлов шатақ!

Сахна қараңғылана береді.























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!