400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Серіктес мектептің жұмысын тиімді үйлестірудегі, жетекші мектептің рөлі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Жетекші мектеп модераторының серіктес мектептермен атқарған жұмысы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Серіктес мектептің жұмысын тиімді үйлестірудегі, жетекші

мектептің рөлі.

Орта білім мазмұнын жаңарту бойынша қызметті ұйымдастырушы ретінде жұмыс істейтін Мұхаметқұл Исламқұлов атындағы жалпы орта мектебінің жетекші мектеп жұмысын жүргізуге арналған жоспары бойынша жүргізілген іс-тәжірибеммен бөліспекпін.

Жетекші мектептердің негізгі де басымдық беретін қызметі –серіктес мектептерге қолдау көрсету. Жетекші мектептердің басты ұстанатын қағидаттары білім саласындағы қандай болмасын жаңалықтар мен өзгерістерге ашық болу, сол бағытта белсенді шараларды жоспарлау, үнемі кәсіби даму. Жетекші мектептің қызметі тек жетекші мектеп үшін ғана емес, әдістемелік кабинеттен басталған жүйе алқаластық пен ынтымақтастықта жүзеге асса және тек орындаушылық жүйеде емес бастамашылдыққа басымдық берсе ғана қорытынды туралы жақсы жетістіктерге жетуге болады. Бұл қызметтің түрлерін ұйымдастыруда жүйе мен жауапкершілік болуы шарт.

Шұбар-Шұбарсу аймағындағы серіктес мектептері туралы мәлімет төмендегі 1-кестеде көрсетілген

№

Серіктес мектеп модераторларының аты-жөні

Туған жылы, айы, күні

Мектебі


Қызметі

Лауазымы

Категориясы

1

Сертаева Зейнеп Искендировна

09.12.1974ж.

Мұхаметқұл Исламқұлов атындағы ЖОМ

Көркем еңбек пәні мұғалімі

Ідеңгей мұғалімі мектеп тренері

Жоғары, педагог-зерттеуші

2

Сағымбекова Эльмира Агабековна

09.05.1976ж.

Мұхаметқұл Исламқұлов атындағы ЖОМ

Информатика пәні мұғалімі

Ідеңгей мұғалімі, мектеп тренері,

Жоғары, педагог-зерттеуші

3

Жумадилова Гулжан


Б.Нұрлыбеков атындағы ЖОМ

Көркем еңбек пәні мұғалімі

Ідеңгей мұғалімі, мектеп тренері

Жоғары, педагог-зерттеуші

4

Дуйсенбекова Бактыкул Басынбековна

12.02.1976ж.

«Достық» ЖОМ

Бастауыш сынып мұғалімі

ІІ деңгей мұғалімі мектеп тренері

Педагог-сарапшы 2018ж

5

Муратова Ботакоз Алмасовна

04.11.1980ж

«Атамекен» ЖОМ

География пәні мұғалімі

ІІ деңгей 2014ж

Жоғары санат

6

Орынбасарова Онласын Ешполатовна

0470171971ж

«Ынтымақ» ЖОМ

Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

І деңгей мұғалімі, мектеп тренері

Жоғары санат

7

Қойлан Гүлназ Жарасқызы

07.12.1975ж

«Тоқсансай» ЖОМ

Математика пәні мұғалімі

ІІІ деңгей мұғалімі, мектеп тренері

Педагог-зерттеуші

8

Маханова Бибінұр Спанбековна

25.11.1970ж

«Шұбар» ЖОМ

Директордың инновация ісі жөніндегі орынбасары

І деңгей мұғалімі, үйлестіруші, мектеп тренері,

Жоғары

9

Садырмек Нүркен

01.01.1980ж

«Жусансай» ЖОМ

Математика пәні мұғалімі

Мектеп тренері

Жоғары

10

Есболаева Багила Бактибаевна

08.02.1983ж

Ә.Молдағұлова атындағы ЖОМ

География пәні мұғалімі

І деңгей мұғалімі, мектеп тренері

І санат



Жетекші мектеп ретінде, ең алдымен жетекші мектеп қызметінің бағыттары, атқаратын міндеттері және функцияларымен танысып, SWOT талдау арқылы, мектептің күшті тұстары мен мүмкіндектеріне талдау жасалды. Мектептің күшті тұстары 5 мектеп тренерінің болуы, шығармашылықпен айналысатын топтың жұмыстары және ғылыми жұмыспен айналысатын мұғалімдердің болуы. Серіктес мектепке қолдау мектеп басшылары және мектеп модераторларымен кездесуден басталды. Серіктес мектеп көшбасшыларына тиімді бірлескен жұмыс түрлері ұсынылды. Бірлесе отырып мынадай жұмыстар жоспарланды.

  1. Бірлескен зерттеуді іске асыратын топтар

  2. Біліктілікті арттыру жөніндегі бірлескен іс-шаралар ( мысалы, біріккен топтар күндері)

  3. Бір мектеп мұғалімдерінің басқа мектепке құрылымдалып баруы

  4. Бірлескен коучинг және тәлімгерлік (мысалы, Lesson study тобы)

  5. Бірлескен жұмыс топтары

Шұбарсу аймағы «Бәйтерек» желілік кәсіби қоғамдастығы мұғалімдерінің кәсіби құзіреттілігін дамыту бойынша жұмыстар ұйымдастырылды. Жетекші мектептің жұмыс жоспарына сәйкес: 1. Ұйымдастыру –әдістемелік кезеңінде, директор жанындағы кеңес әр тоқсанда бір рет болып отырады. Мектепішілік, аймақтық бір жағдайяттар туындаған кезде, кезектен тыс болуы да мүмкін. Осы кезеңдегі мақсатымыз серіктес мектептермен кәсіби байланыс орнату, жаңартылған білім беру мазмұнын іске асыру, серіктес мектеп модераторларының бірлескен жұмыс сызбасын жасау еді, нәтижесінде, желілік кәсіби қоғамдастығы мұғалімдерінің кәсіби құзіреттілігін дамыту бойынша жұмыстар ұйымдастырылып және жетекші мектеп ретінде өңірдегі әдістемелік қызметтермен, ПШО және оның филиалдарымен, ынтымақтастық тетігін қамтамасыз етіп, ПШО, аудандық әдістемелік кабинет қызметкерлерімен бірлескен іс-шаралар ұдайы өткізіліп отырды. Өткізген іс-шаралар қоғамдастық жұмыстарын дұрыс ұйымдастыру аясында әдістемелік көмек ретінде жүзеге асырылды. Серіктес мектеп тренерлері кездесу, дөңгелек үстел, брифингке қатысып, өз ойларымен бөлісіп, өз мектептерінде бөлінген көшбасшылықты іске асыру үшін мәліметтермен танысып, жоспарлы түрде іске асыруға бағыт алды.

2. Зерттеушілік кезеңінде, серіктес мектептермен дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды, кедергілер мен мүмкіндіктер (сауалнамалар, сұхбат) анықталды: жаңартылған білім мазмұны бойынша сабақты тиімді жоспарламауы, үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жүргізу қиындықтары, тиімді әдіс-тәсілдерді таңдай алмауы. Кедергіден шығу жолдарын қарастыра келе, мұғалімдерді және мектеп модераторларын «Мектеп тәжірибесіндегі зерттеу» курсынан өткіздік. Сабақты зерттеуді жүргізу үдерісімен таныстырылды. Серіктес мектеп модераторлары зерттеу сабақтарын қалай сапалы жүргізуге болатыны, ай сайын, әр циклде қандай деректер жинау, нәтижені талдау, алдыңғы іс-шараларды жоспарлау жолдарымен танысты.

3. Оқу-әдістемелік кезеңінде, аймақ модераторы мен мектеп модераторлары бірлесіп, біліктілікті арттыру және кәсіби даму мақсатында семинарлар, коучингтер, вебинарлар, шеберлік сабақтары және т.б. ұйымдастырылды.

Серіктес мектеп басшылығымен келісе отырып, аймақтық семинар өткізілді. Семинарға мектеп директорлары, мектеп үйлестірушілері, мектеп тренерлері және гуманитарлық, жаратылыстану пәндері мүғалімдері қатысты. Оқыту семинары болды, мектептегі белсенді топ мұғалімдері тренинг, коучинг өтті. Семинарда зерттеушілік жұмыстарды қалай тиімді ұйымдастыруға болатыны айтылды. Үлестірме материалдар ПШО тренерлерінен алынды. Іс-әрекеттегі зерттеу, Сабақты зерттеуді тиімді ұйымдастыру үшін оқу-әдістемелік көмектер көрсетілді. Өзінің жеке практикасын зерттеу бойынша кәсіби қоғамдастық мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттырудың ішкі мектептік кеңес беру, оқыту іс-шараларын, семинарлар, коучингтер, вебинарлар, шеберлік сабақтары және т.б. ұйымдастырылды. Серіктес мектептерде бірлесе отырып мынадай іс-шаралар жүргізілді. Б.Нұрлыбеков атындағы жом мектебінде “Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқушылардың білім сапасын арттырудағы жаңа әдіс-тәсілдер мен бағалаудың тиімділігі” тақырыбындағы аудандық тәжірибелік семинар, «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында эстетикалық пәндерді оқыту ерекшеліктері» тақырыбындағы облыстық эстетикалық пәндердің тәжірибелік семинары,«Тоқсансай» жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесіде Ұлы даланың жеті қыры атты семинар,«Достық» жалпы орта мектебінде «Білімді ұрпақ – ел болашағы» тақырыбындағы аудандық әдістемелік семинар өтті. Семинар өткізудегі мақсат: мұғалімдердің кәсіби дамуына қатысты мәселелерді шешу, жаңартылған білім беру мазмұны бағдарламалары бойынша оқыту курстарынан өткен педагогикалық қызметкерлерді курстан кейін қолдау.



Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігін жетілдіруде, ал оқушының оқу-танымдық құзіреттілігін қалыптастыруда Lesson Study әдісін қолданудың берері көп. Бұл әдістің сабақ беру практикасын жақсарту үшін өте тиімді екенін, сыныптағы ынтымақтастық ортаны, қарым-қатынас әрекетін және т.б. бақылау мақсатында біршама зерттеулер жүргізілді. Педагогика саласындағы зерттеулердің ішінде тікелей тәжірибені зерттеуге бағытталған тәсілдердің, яғни эмпирикалық тәсілдердің маңызы зор. Бұл тәсілдер озық педагогикалық тәжірибені зерделеуде, сондай-ақ мұғалім өз тәжірибесінің белгілі бір қырларын зерттегенде

қолданылады. Зерттеу қызметі мұғалімге өзінің оқыту және оқушылардың оқу тәжірибесінің қыр-сырын бағамдауға жол ашады. Зерттеу нәтижелері, оларды мектептегі немесе кәсіби қоғамдастықтағы әріптестерімен талқылау мұғалімге өз тәжірибесіне сын көзбен қарауға түрткі болып, оны жетілдіру жолдарын іздеуге және жалпы алғанда кәсіби шеберлігін арттыруға ынталандырады. Сонымен қатар бұл зерттеу тәсілдерін іске асыру барысында мектеп жүйесін жетілдіру үшін мұғалімдердің кәсіби қоғамдастығының әлеуеті кеңінен қолданылады. Сол

арқылы мұғалімдерде бірлесіп жұмыс істеу мәдениеті қалыптасады.

М.Исламқұлов мектебінде, қоғамдық – гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша зерттеу тобы құрылып, 6 “В”- сынып оқушыларының қазақ тілі сабақтарында диалогтік оқыту арқылы айтылым дағдысын дамыту тақырыбында зерттеу жүргізілді.

Зерттеу мақсаты: қазақ тілі сабақтарында диалогтік оқыту арқылы айтылым дағдысын дамыту яғни, белгілі бір тақырыпқа қатысты өз ойын білдіру, өз көз қарасын дәлелдеу , шешім шығару, ақпаратты өңдеу дағдыларын дамыту болды. Зерттеу міндеті: сабаққа оқыту нысаны ретінде әнгімелесуді енгізу мұғалім – оқушы, оқушы – оқушы диалогіндағы іс-қимылдарды жетілдіру.

Физика пәні бірлестігінде зерттеу тобы құрылып , төмендегідей зерттеу сұрағы анықталды.

  1. Физика пәніне деген оқушылардың ынтасы неге төмен?

2. Олардың ынтасын арттыру үшін сабақта қандай жұмыс түрлерін пайдалану керек?

  1. Кедергілерді жою үшін не істеуіміз керек?

«7 «А» сынып оқушыларына сындарлы кері байланыс беру арқылы пәнге деген ынтасын арттыру» тақырыбында зерттеу жүргізілді. Осы зерттеу тобының жұмысы қанағаттанарлық деп табылып мектепішілік және аймақтық таратылуға ұсынылды. Сабақты зерттеу бойынша зерттеу топары құрылып, мұғалімдердің бір-бірімен қарым-қатынас құзіреттілігі артты. Бірлесе отырып жоспар жасаудың тиімді екенін түсінді және оқушыға бағытталған білім ортасын құра білді. Нәтижесінде ғылыми жұмыспен айналысып, физика пәнінен ғылыми жобаларға оқушылар көптеп қатыса бастады. Ғылими жобадан аймақтан, ауданнан бірінші орын алып, облысқа жолдама алды. Жұмыс нәтижесі сәуір айындағы аудандық семинарда көрініс тапты

Ағымдағы жылдың 26 сәуір күні Ордабасы ауданына қарасты М.Исламқұлов атындағы жалпы орта мектебінде «Кері байланыс беру арқылы қалыптастырушы бағалаудың тиімділігін арттыру» тақырыбында аудандық тәжірибелік семинар өтті. Семинардың мақсаты: Жаңартылған білім беру мазмұнын іске асыруда сындарлы кері байланыс беру арқылы оқушылардың сыни көзқарасын қалыптастыру. Семинарға аудан мектептерінен жалпы 57 мұғалім қатысты. Семинарда математика, физика сабақтарында зерттеу топтары сабақтарды бірлесе зерттесе, ағылшын тілі мен география, қазақ тілі мен Қазақстан тарихы пәндерінен кіріктірілген сабақтар болды. Химия пәні ағылшынша және география, математика, ағылшын тілдері біріге отырып, дарынды оқушыларды зияткерлікке баулыды. «Қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын әзірлеу», «Сабақта Clil әдісін кіріктіріп оқытудың кейбір әдіс-тәсілдері», «Іс-әрекеттегі зерттеу мен сабақты зерттеу арасындағы өзара байланыс : теория мен тәжірибе» тақырыптарында коучингтер мен шебер-сыныптар өтті. Мұғалімдер асқан шеберлікпен, сабақтарды жоғары деңгейде өтіп, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Шұбарсу аймағы мұғалімдерімен «Сабақты зерттеу» тақырыбында аймақтық семинар өтті. Аймақ модераторы З.Сертаева «Сапалы Сабақты зерттеуді қалай жүргізуге болады?» тақырыбында шеберлік сабағын,

мектеп модераторы Э.Сағымбекова «Сабақта CLIL әдісін кіріктіріп оқытудың кейбір әдіс-тәсілдері» тақырыбында коучинг өтті. Семинар нәтижесінде мұғалімдер кәсіби дамуына қолдау көрсету мақсатында мектеп тренерлерінің бірлесіп жұмыс жасау қажет екендігін және мектепте Сабақты зерттеу үдерісі жүру керек екендігін түсінді және сабақта CLIL әдісін кіріктіріп оқыту үш тілде өтілетін пәндерге өте қажет екендігін, осы әдіс оқушы қызығушылығын, белсенділігін, сыни ойлауын үнемі дамытуға тиімді әдіс екендігіне көз жеткізді.

Өз мектептеріндегі әріптестеріне Сабақты зерттеу үдерісін қалай сапалы жүргізуге болатындығын, ҚМЖ-ны қалай жоспарлау қажеттігін, тиімді әдіс –тәсілдерді тиімді қолдану жолдарын және оның нәтижесі мен кері байланыс жасау, топтық жұмысты дұрыс жүргізу, ҚБ тапсырмаларын тиімді қолдану жолдарын үйреніп кетті. Мектеп тренерлері өздерін үнемі үздіксіз кәсіби дамытып отыруы қажеттігін түсініп, бірлесіп жұмыс жасауға бел байлады. Дәлелі ретінде «Достық» жалпы орта мектебінің тренерінің айтқан сөзін келтіріп отырмын: « Сабақты зерттеу үдерісін жүргізуде кездесіп жатқан кедергілерді айтты және жетекші мектеппен тығыз байланыс орнату қажет» деді.

Білім сапасы мұғалімдер қызметінің сапасына тікелей байланысты. А.Байтұрсынов: «Мұғалім қандай болса, мектеп те сондай болмақ», — деп білім сапасын көтерудің негізгі тетігі – ұстазға сипаттама береді. Еліміздің бүгіні мен ертеңі жас ұрпақтың еншісінде десек, сол жас ұрпақты жан-жақты, терең білімді етіп қалыптастырудың бірден-бір жолы, білімді  игертудің тиімді  әдіс-тәсілдерін  іздестіру ұстаз шеберлігіне байланысты.

Мұхаметқұл Исламқұлов атындағы жалпы орта мектебінің география пәні мұғалімі , әдістемелік бірлестік жетекшісі Туечиева Ивагүл Кадировнаның дарынды және қабілетті оқушылармен жұмысы аудан көлемінде таратылды.

Тынымсыз еңбегінің арқасында 2017-2018 оқу жылында оушым Дүйсенов Атабек 10 сынып оқушыларының арасында өткен Республикалық пән олимпиадасының облытық кезеңінен 1 орын иеленіп,Атырау қаласында өткен республикалық кезеңіне қатысып, «Үздік нәтиже көрсеткені үшін» грамотасымен марапатталды. 2018-2019 оқу жылында және қатысып, облыста 3 орынға ие болды. Қазір Астана ІТ университетінің 1 курс студенты атанды, грант иегері.

Оқушылардың өзіндік шығармашылық қабілеттерін іске асыру барысындағы дайындығын қалыптастыру — дарынды балалармен жұмыс жүргізудің негізгі мақсаты. Бұл үдеріс оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асырылады. Әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны сол бағытта жетелеу -ұстаз парызы болса, баланы заманына қарай икемдеп, өз заманының озық өнегесін оның санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту – бүгінгі күннің басты талабы.

Дерек жинау барысында мұғалімдерде жиналған деректердің күні, ұзақтығы, тәсілі, саны көрсетілетін журнал арналып толтырылып отырды. Көбіне сұрақ-жауап немесе сауалнама алу әдісін пайдаланды. Бұл әдістің артықшылығы көп респондентті бір уақытта қамтып, содан соң бағдарламалық жасақтаманы пайдалана отырып, деректерді өңдеуге және талдауға болатынында.

Оқушылардан алынған сауалнаманың мақсаты:

оқу материалдарын терең меңгерту мен оқушының белсенділігін арттыруда мұғалімнің ролін анықтау

Күтілетін нәтиже:

Оқушылардың өзідігінен ізденіп, білімін толықтыруда ой еркіндігі арқылы сапалы білім, берік дағды қалыптасады


Оқушыларға күрделі ой формасын қалыптастыруға ықпал ететін, сонымен бірге ой қорытындысын жасай білу икемділігін жетілдіру












Мұғалімнен алынатын сауалнаманың мақсаты:

Мектеп шеңберінде оқыту мен оқу тәжірибесіндегі өзгерістердің мұғалімнің кәсіби даму үдерісіне ықпалын арттыру.

Күтілетін нәтиже:

Ата-ана, оқушы пікірін оқыту тәжірибесінде үйлестіре отырып, кәсіби дағдыларды меңгереді.

М ұғалімдерге мектептегі дамыту басымдықтары мәселелерінде көшбасшылық функция атқаруға мүмкіндіктер беру























Жыл соңында серіктес мектеп мұғалімдері зерттеу нәтижелерімен бөлісіп, таныстырылым жасап қорғады. М.Исламқұлов мектебіндегі физика пәні бойынша жүргізілген зерттеу жұмысы, жаңашыл ұстаз И.Туечиеваның шығармашылық жұмысы, «Достық» мектебінің модераторы Б.Дуйсенбекова мен бастауыш сынып мұғалімі А.Турсунованың іс-тәжірибесі аймақ көлемінде серіктес мектептерге таратылды.







Серіктес мектептің белсенді топтары

қ/с

Серіктес мектептер

Тренерлер

Деңгейлік курстан өткен мұғалімдер


Семинарлар

Курстар

ЖББМ

Тәжірибедегі рефлексия

Сабақты зерттеу

1

М.Исламқұлов атындағы ЖОМ

5

29

3

191

183

16

2

АтамекенЖОМ

3



56


-

3

Достық ЖОМ

2

8

2

118

34

-

4

Тоқсансай ЖОМ

2

8

1

26

20


5

Д.Қонаев атындағы ЖОМ

5

15

2

60

50


6

Б.Нұрлыбеков

8

24

3

170

175

1

7

Ынтымақ ЖОМ

3

23

1

95

105

-

8

Жусансай ЖОМ

3

8

1

50

45

-

9

Ә.Молдағұлова атындағы ЖОМ

2

5

2

30

43

-






























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
13 ұстаз жүктеп алған
7 мамыр
5947
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі