Құрметті ата – аналар,
ұстаздар, оқушылар !
Бүгінгі берекелі де ырысты
алтын күз құрметіне арналған мерекемізді
бастаймыз.
Жүргізуші:
Аяжан
Алтын күзге
шырайлы,
Ауласында
жайнайды.
Берекелі күз
келді,
Тілейміз біз
әркімге,
Молшылық пен
байлықты.
Жүргізуші:
Абай
Қош келдіңіздер,
көрермен
Отырығыз қол
соғып.
«Алтын күз»
кешінде
Шат күлкіге
бөлене
Бұлттар төніп , жерге
шөгіп
Дымқыл тұман
басады,
Өні
тайып
Дала нұры
қашады,
Айтыңдаршы
балалар
Бұл қай мезгіл
болады?
Балалар жауабы.
Күз
Жүргізуші: Аяжан. Күз мезгілі
туралы тағы не білесіңдер?
Балалардың жауабы
тыңдалады.
Күз түскенде күн салқындайды.
Шөптер, жапырақтар алтындай сап – сары болып сарғаяды. Сондықтан
«Алтын күз» деп аталады. Құстар жылы жаққа
ұшады.
– күздің басқа жыл мезгілдерінен
қандай ерекшелігі бар?
Күн қысқа, түн ұзақ. Жаңбыр
жиі жауады. Күзде астық жиналады. Балалар мектепке
барады.
Абай.
3 ай.
Аяжан. Қандай
айлар?
Қыркүйек,қазан,
қараша.
Жүргізуші. Абай. Олай болса,
осы 3 айға сөз берейік (тақпақтарын
айтады)
Аяулым
Сыңғырлайды қоңыраулар
Қыркүйек айында
Сағынышпен біз барамыз
Өнер білім тойына
Ернұр
Қазан айы басталды
Құстар қайта бастады
Туыстық, адам достықпен
Жалғаса берсін өмірлерін
Алтынай
Күздің караша айында
Алма, алмұрт піседі
Жапырақтар сарғайып
Сыбдыр, сыбдыр түседі
4 Б сынып оқушыларының күз байлықтарына
арналған «Күзгі вальс » ән шашуымызды қабыл
алыңыздар.
Жүргізуші. Аяжан – балалар күз
байлықтары дегеніміз не? Олар неге жатады?
(Оқушылардың
жауаптары)
Жүргізуші.Абай – енді осы күз
байлықтары көкөніс – жемістерге сөз берейік. Олардың адамға қандай
пайдасы бар? олай болса, оқушыларды ортаға
шығарайық.
Жүргізуші.
Қуандырып
біздерді
Мерекелі күз
келді
Кел жемісті алтын
күз
Кемелденсін халқымыз (фоновая
музыка)
Ортаға себет толы жемістері бар Күз
келеді
Күз: Қонақтар, балалар, саламатсыңдар
ма?
Той тойлап жатсыңдар
ма?
Күз күні осындай
тамаша
Мен келдім сендерге
асыға.
Ерінбестен еңбек етіп
келетін,
Еңбекшіге бар жемісін
беретін.
Мен ханшайым күз, ынтымақты
еліне,
Берекелі ырыс болып
енетін.
Балалар, сендер
мені таныдыңдар ма? ИЯ
Балалар, мен
Жазбын ба? ЖОҚ
Әлде мен Күзбін
бе? ИЯ
Күзде көлге
шомылуға бола ма? ЖОҚ
Балалар, Күзде
жапырақ сарғая ма? ИЯ
Күзде жеңіл
киініп жүруге бола ма? ЖОҚ
Балалар, Күзде
жеміс – жидек пісе ме? ИЯ
Көкөністі жумай
жеуге бола ма? ЖОҚ
Күзде жаңбыр
жауа ма? ИЯ
Балалар, сендер
күзді жақсы көресіңдер ме?
ИЯ
Күз: Балалар мен жалғыз келген
жоқпын менің жеміс –
жидектерім де өздерін таныстыруға осында келіп
тұр
Өрік - Дидар
Дөп дөнгелек сап сары
Ішінде бар дәні
Қызығасын көріп
Менің атым өрік.
Алма - Ерасыл
Пісіп тұрған алмамын,
Тамсандырар бал дәмім
Жерге сілкіп түсірме
Ісіп кетер маңдайым.
Сәбіз - Диас
Өсіретін бойыңды
Дамытатын ойыңды.
Қоянға да азықпыз,
Сәбіздерміз жазықсыз.
Пияз
Асханадан шықпаймын,
Атым пияз, бұқпаймын.
Көзден жасты шығарам.
Тұмаудан бірақ сақтаймын.
Картоп
Картоп біздің атымыз
Жер астында жатырмыз
Бір тамырдан тараған,
Ағайынбыз бәріміз.
Алмұрт
Тіл үйірген алмұртпын
Таңсығымын бар жұрттың
Жақсы өсіре алмайды,
Қараса егер салғырт кім.
Қызанақ
Тал шыбығым бұралып,
Бақшаларда қызарып
Тұрған ол мен қызанақ
Күнге қарап ұялып.
Аяжан . 4 б сынып оқушларының
өнері «Тамшылар мен бұлттар»
биі
Абай. 4 сынып оқушыларының
«Шалқан» ертегісін
тамашалаңыздар
Аяжан :
Ерте ерте ертеде. Бір әже мен ата баянды өмір
сүріпті олар үй шаруашылығына үлкен ұқыптылық білдіре отырып, үй
алдындағы бақшаға шалқан отырғызыпты. Айдан ай өтіп күз айында
бақшаның жемісін жинап жүріп, шалқанды көреді шалқаны үлкен болып
өсіпті. Осы кезде ата шалқанына тамсана
қарайды.
Ата: Ой бәрікелді, менің шалқаным үлкен болып
өсіпті. Бұл шалқан бәріне жететін болды деп шалқанды тарта
бастайды, тартып – тартып шалқанды жұла алмай сөйтіп, көмекке
өзінің кемпірін шақырады.
ата - кемпір маған келші көмекке қарашы
шалқанымыз үлкен болып өсіпті осыны жалғыз өзім тарта алмай қойдым.
Сен маған көмектесші.
Кемпір: Ой шынында да үлкен болып өсіпті ғой
кел тартсақ тартайық.
жүргізуші :
Осылайша атаның артынан ұстап ары тартады
бері тартады бірақ орынан қозғалта
алмайды.
жүргізуші і: Кемпір көмекке немере қызын
шақырады.
Кемпір: Қызым – қызым бізге көмекке келші!
Атаң еккеуміз шалқанды жұла алмай
жатырмыз.
Қыз: Жарайды, әже сіздерге
көмектесейін.
жүргізушіі :
Сонымен қызы көмекке келіп, шалқанды олар рет
– ретімен тартады. Олардың күштері жетпейді. Сонымен немере қызы
көмекке итін шақырады.
Қыз: Ақтөс - ақтөс сен бізге көмектесіп
жіберші шалқанды біз жұла алмай
жатырмыз
Ит: Аф - аф - аф көмектес десендер
көмектесейін.
жүргізуші і:
Ит қыздың еттегінен, қыз кемпірден, кемпір
шалдан, шал шалқанды ұстап, ары тартады, шалқанды сура
алмайды.
Енді ит көмекке мысықты
шақырады.
Ит: Мысық – мысық бізге көмекке келші біздер
шалқанды жұла алмай
жатырмыз.
Мысық: Мяу - мяу - мяу көмектесіп
жіберейін.
жүргізуші
Мысық иттің құйрығынан, ит қыздың еттегінен,
қыз кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқанды ұстап, әрі бері жұлқиды
бырақ шалқан шықпайды.
Енді мысық көмекке тышқанды
шақырады.
Мысық: Тышқан - тышқан бізге көмектесіп
жіберші.
Тышқан: Әрине көмектесіп
жіберемін.
жүргізуші :
Тышқан келіп мысықтың құйрығынан, мысық
иттен, ит қыздың еттегінен, қыз кемпірден, кемпір шалдан, шал
шалқанды ұстайды.
Олар тарт - тарт ақыры шалқанды сурып
шығарады.
жүргізуші
Міне балалар осындай қызықты ертегіні
тамашаладық.
жүргізуші
Балалар тышқан бәрінен де мықты
екен.
Балалар: Иа апай, тышқан тісімен тартып еді,
шалқанды жерден сурып алды.
жүргізуші.
Балалар тышқан кеміргіш отрядь қа жатады,
олардың тістерімен ағашты кеміреді, жарды да кеміреді, өздеріне
інде жасап алады
екен.
Жүргізуші.
Абай
Алтын күз, енді балардың өзіңе
арналған « Қолшатыр » биін
тамашалаңыз.
Алтын
күз: Балалар, сендермен болғаныма қуаныштымын. Сендер сондай
ақылды балалар екенсіңдер, мен сендерге ризашылығымды әсем
тақпақтарынды, айтқан әндеріндң көріп, билеріңді тамашалап
көңілдімді көтердім. Рахмет сендерге, келесі
кездескенше.
Жүргізуші. Балалар, барлығымыз
алтын күзге, күз айларыңа алғысымызды білдіріп шығарып
салыйық.
Балалар рахмет сізге алтын
күз, хош сау болыңыз!
Жүргізуші. Балалардың орындауындауында ән шашу «Алтын күз»
тамашалаңыздар.
Жүргізүші: Балалар осымен бүгінгі Алтын күз мерекесі аяқталды,
тамашалағандарығызға рахмет келесі кездескенше сау
болындар!