Сертификатта осы тақырып жазылды. Негізгі және туынды зат есім 3 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сертификатта осы тақырып жазылды. Негізгі және туынды зат есім 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сөйлемнен негізгі және туынды зат есімді анықтауды, әр сөзге жұрнақ жалғап, туынды зат есім жасауды, оны қорытындылауды
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы:                 Негізгі және туынды зат есім

Сабақтың мақсаты:          

1. Білімділік:

Сөйлемнен негізгі және туынды зат есімді анықтауды, әр сөзге жұрнақ жалғап, туынды зат есім жасауды, оны қорытындылауды

 2. Дамытушылық:

Оқушыларға әр түрлі тапсырмаларды орындату арқылы сөйлеу дағдыларын қалыптастыру,  танымдық, есте сақтау, зейіндік,  бақылау, салыстыру, ұқсастық пен айырмашылықты  бөліп көрсете алу  дағдыларын дамыту;

3. Тәрбиелік:

Отанына, Қазақстан Републикасына, туған жерге деген сүйіспеншілікке, оның жетістіктерін құрметтеуге және еңбек етуге, дербестілікке, ден қоюшылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі:          пысықтау  сабағы

Сабақтың түрі: аралас

Қолданылатын технология:       «Ойын технологиясы», «СТО»

Қолданылатын әдіс-тәсілдер:     әңгіме,  көрнекілік, салыстыру, сұрақ –жауап, талдау-жинақтау , « Венн диаграммасы », мақал-мәтел т.б.

Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, ана тілі, дүниетану

Қолданылатын техникалық құралдар: компьютер, интерактивті тақта

Көрнекілігі:        сызбалар және  үлестірмелі қағаздар, бағалау парақшалары

Сабақтың жоспары:    

       І. Ұйымдастыру кезеңі:                                2 минут

       ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:             3 минут

       III. Үй тапсырмасын бекіту                            5 минут

       IV. Жаңа сабақ                                                  25 минут

  1 Екеуара жұмыс

 2  Жаттығулармен жұмыс

  3 Шығармашылық жұмыс

 V. Жаңа сабақты бекіту                                   5 минут

  1. . Венн диаграммасымен бекіту

 VI. Үйге тапсырма                                            2 минут

 VI.  Бағалау                                                        3 минут

 

Сабақтың барысы:        І. Ұйымдастыру кезеңі:                          

 

Сәлемдесу, түгелдеу, сынып  бөлмесінің тазалығына  көңіл бөлу, оқушылардың  сабаққа дайындығын тексеру,  олардың назарын сабаққа аудару;

Екеуара жұмыс. Бірін- бірі бағалау.( Оқушылар бір-біріне сөз айтып, сатылай кешенді талдау жүргізеді)

О-қу-лық -3 буын, 6 әріп, 6 дыбыс

О- жуан, ашық, еріндік

Қ- қатаң

У- жуан, қысаң, еріндік

Л- үнді

Ы- жуан, қысаң, езулік

Қ- қатаң

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: 

               Балалар, үйге бүкіл сыныпқа ортақ қандай тапсырмалар берілді?

-30-жаттығу мен ережелерді қайталап жаттау және жазу.

30-жаттығу    Ребусты дұрыс шешсең, туынды зат есім сөз шығады.

  1. Білім туралы эссе жазу

  2. Білім туралы мақал-мәтел

  3. Білім туралы өлең шумағы

ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту:      

 

-Балалар, тапсырманы жақсы орындадыңдар, жарайсыңдар!

 

 

 

ІV. Жаңа сабақ       Көркем жазу

  • Оқулықпен жұмыс.      

 

31-жаттығу.    « Білім инемен құдық  қазғандай »  Берілген жұрнақтарды жалғап, туынды зат есім жаса.

 

 

                      

                                    шы                               лық                                гіш

 

 1.Сөз құрамына талдау

 2. Буындық талдау

 3. Дыбыстық талдау

 

 

   32-жаттығу  Көп нүктенің орнына негізгі зат есімді қойып жаз.

                             « Оқығаныңды айтпа, тоқығаныңды айт»

   ....... --  кезекші              ........ – іскер

    ....... – сыйлық                ....... – сөздік

    ....... – көлшік                  ....... – достық

 

 73-жаттығу.      « Ойлы болсаң, озып көр »

Мақалды  түсініп.  Жатқа жаз.

  1. Өнерлінің қолы алтын,

Өлеңшінің сөзі алтын.

  1. Диқаншы  жерін мақтайды,

Балықшы көлін мақтайды.

  1. «Сіз» деген – сыпайылық,

«Сен» деген – анайылық.

  Сергіту сәті      Орнымыздан тұрайық,

                            Тақтаға зер салайық.

                               Денемізді тік ұстап,

                            Біраз шынығып алайық.

                                                        Қолды жанға созайық,

                                                        Түзу сызық жасайық,

                                                        Бұл бастауыш сызығы

                                                        Екенін есте сақтайық.                  

                            Қос аяқты қосып ап,

                            Баяндауыштың сызығын,

                            Қане, есте сақтайық.

                                                        Денемізді иректеп,

                                                        Ирек сызық сызайық,

                                                        Тұрлаусыз мүшені есте сақтайық.

34-жаттығу.       (Тақтамен жұмыс)  Сөздерді оқы.

   « Екпей егін шықпас, үйренбей білім жұқпас »

        1.Ұш, біл, іл, сыз, жүз, өшір.

2.Адал, ұзын, жаңа, сұлу, таза, биік.

. Бірінші жолдағы сөздер қай сөз табына жатады? Екіншідегі ше?

. Осы сөздерден туынды зат есім жасап жаз.

 36- жаттығу   Мәтінді түсініп оқы.  « Кітап-ғылым- тілсіз мұғалім»

      Оразда кітап мол екен. Шкафтың жоғарғы үш сөресі толып тұр. Әдемі тізіліп жиналған.

      Шкафтың төменгі сөрелері де бос емес. Онда мал мен құстың, аңның, адамның неше алуан мүсіндері тізіліп тұр. Тауықтың, өгіздің, керіктің мүсіндерінен еш аумайды. Бұларды Ораздың өзі жасаған еді.

. Қарамен жазылған сөздердің түбірін тап. Оларға түрлі жұрнақтар қосу арқылы туынды зат есім жаса.

А тобы      Сөз құрамына талда

Б тобы       Сөйлем мүшесіне талда

В тобы       Түбір сөзден туынды зат есім жаса









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.11.2018
773
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі