Материалдар / Серуен картотекасы екінші кіші тобы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Серуен картотекасы екінші кіші тобы

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілер үшін
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қазан 2018
1344
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сөйлеу барысында дұрыс тыныс алуын дамыту

1. «Қатты-ақырын-сыбырлап»2.«Тез-ақырын»3.«Аттар тұяқтарымен тарсылдатады»4.«Шарды үрле»5.«Сабын көбіктері»6.«Құс мамығын үрле»7.«Шар жарылды»8.«Ақшақарлар ұшады»9.«Жаңылтпаштар»Тілдің дыбысталу мәдениетін дамыту10.«Не дыбыстайды?»11.«Әртүрлі сөздерді жинақта»12.«Берілген дыбыспен сөздерді ата»13.«Тазша балаға дыбыстарды айтып жібер»14.«Сөздер ұқсас дыбыс шығарады ма?»15.«Міне, осылай дыбыстарды атайды»16.«Дыбысталатын сағат»17.«Жаңғырық»18.«Таза айту»Грамматикалық сөздің құрылысын қалыптастыру19.«Сендердің тілектерің – біздің тілегіміз»20.«Кімнің үйі?»21.«Кімде не бар?»22.«Біреу және көп»23.«Не қайда жатыр?»24.«Дүкен»25.«Айгүлге серуенге бару үшін не жетіспейді?»26.«Сиқырлы қалта»27.«Нені қайда салады?» (қантты – қант салғышқа және т.б.)Сөздік қорын байыту.28.«Кім? Не?» (зат есімдер)29.«Кім не істейді?» (етістіктер)30.«Бұл қай кезде болады?» (үстеу)31.«Қай жерде не бар?» (үстеу)32.«Бір сөзбен айт»33.«Сөзді айтуға көмектес»34.«Бұл қай кезде болады?» тәулік бөліктері, жыл мезгілдері35.«Керісінше айт»36.«Биік (ұзын, үлкен, кең, жуан) не болады?»37.«Сипаттамасы бойынша таны»38.«Сөзді өзгерт»39. «Сөз қос»40. «Сиқырлы суреттер»





«Қатты-ақырын-сыбырлап»Мақсаты: Балаларға қатты,сыбырлап, ақырын сөйлеуге үйрету.Ойын барысы: Ойынға 3-5 бала қатысады: тәрбиеші балаларға бір сөзді айтады: оны балалар қатты дауыспен,ақырын дауыспен және сыбырлап айтуы керек

2.«Тез-ақырын»Мақсаты:Балаларға тақпақтарды,жаңылтпаштарды тез жән ақырын айтуға үйрету.Ойын барысы: Тәрбиеші балаларға бір сөзді,тақпақты немесе жаңылтпашты айтады. Балалар соны тез және ақырын қайталап айтуы керек.

3.«Аттар тұяқтарымен тарсылдатады»Мақсаты: Балалардың артикуляциялық аппаратын дамыту. Дыбыстық жаттығу жасау арқылы «р» дыбысын анық айтуға жаттықтыру.Көрнекіліктер: Аттар суреті және ойыншығы.Ойын барысы: Тәрбиеші « аттар жолда жүргенде тұяқтарымен тарсылдатады» (тілмен таңдайын қағып көрсетеді) балаларға да тілдерімен таңдайларын тақылдатып қағуды ұсынады. Балалар тілдерімен таңдайларын қағып дәл аттардың жүргенде тұяқтарымен тарсылдатып жүргенін салады « аттар тұяқтарымен тарсылдатады»

4.«Шарды үрле»Мақсаты: Балаларды сөйлеу барысында дұрыс тыныс алуға үйрету.Ойынның құрал-жабдықтары: шарлар.Ойын барысы: тәрбиеші балаларға шар таратып береді. Оны балалар дұрыс тыныс алу арқылы үрлеуі керек.

5.«Сабын көбіктері»Мақсаты: Балаларды дұрыс тыныс алуға үйрету.Ойынның құрал жабдықтары: сабын көпіршіктері.Ойын барысы: тәрбиешә балаларға сабын көбіктерін таратып береді. Ойынға4-5 бала қатысады.модан балалар дұрыс тыныс алып көбіктер шығаруы керек. Ойын осылай жалғасады.

6.«Құс мамығын үрле»Мақсаты: балаларды сөйлеу барысында дұрыс тыныс алуға үйрету.Ойынның құрал-жабдықтары: құс мамығы.Ойын барысы: тәрбиеші балаларға құс мамығын таратып береді. Оны балалар дұрыс тыныс алу арқылы үрлеуі керек.



7.«Шар жарылды»Мақсаты: Дыбыстық жаттығу жасау арқылы «ш» дыбысын анық айтуға жаттықтыру.Ойын барысы: балалар бір-бірінің қолынан ұстап, жақын-жақын дөңгелене тұрады. Тәрбиешіге қосылып олар мына өлеңді айтады:Көпіре гөр көбік шар,Көпіре бер кеңіп-шар.Осы күйі қал тұрып,Кете көрме жарылып.Өленді айтып бара жатып балалар дөңгелек шеңберді кеңейте түседі. Тәрбиеші «шар жарылды» деген кезде барлық балалар қолдарын төмен түсіріп, бір дауыспен: «ш-ш-ш»-дейді тізерлеп отыра кетеді.

8.«Ақшақарлар ұшады»Мақсаты: Сөйлеу барысында дұрыс тыныс алуға үйрету.Ойынның құрал-жабдықтары: ақшақарлар.Ойын барысы: тәрбиеші балаларға қағаздан жасалған ақшақарларды таратып береді. Балалар ауыздарын демге толтырып, дем шығарғанда ақшақарларды үрлеп ұшырады..

9.«Жаңылтпаштар»Мақсаты: балаларды жаңылтпаштарды дұрыс әрі жылдам айтуға үйрету.Ойынның құрал-жабдықтары: жаңылтпаштарОйын барысы: тәрбиеші балаларға жаңылтпаштарды айтады. Балалар оны дұрыс әрі жылдам қайталап айтуы керек.

10.«Не дыбыстайды?»Мақсаты: балалардың ненің қалай дыбыстайтынын білуі,айтуы керек.Ойын барысы: топта не дыбыстайтынын айтып беру. Сипаттау арқылы балалар не дыбыстайтынын табуы тиіс.

11.«Әртүрлі сөздерді жинақта»Ойынның мақсаты: Сөздің бірінші және соңғы дыбысын ажыратып үйрету.Ойынның құрал-жабдықтары: Заттық суреттер Ойынның мазмұны: Бірінші суретті орналастырады, содан кейін соның соңғы дыбысына басталатын суретті қояды т.с.с жалғастырады. Ара- алма- автобус-сабын- нан…





12.«Берілген дыбыспен сөздерді ата»Ойынның мақсаты: берілген дыбысқа сөз ойлап табу үйрету. Сөздік жұмыс жүргізу арқылы баланың сөздік қорын молайту. Ойын арқылы балаларды тапқырлыққа баулу.Ойын барысы:тәрбиеші кез келген дыбысты айтады. Балалар сол дыбыстан басталатын сөздерді айтады.Мысалы:А – болса:Балалар: Ай, алма,алмұрт, асқабақ, т.б.

13.«Тазша балаға дыбыстарды айтып жібер»Ойынның мақсаты: «ж», «з» дыбыстарын айтып жіберу.Ойынның мазмұны:Тәрбиеші балаларға «ж», «з» дыбысынан басталатын сөздерді табуға сұрайды.

14.«Сөздер ұқсас дыбыс шығарады ма?»Ойынның мақсаты: ұқсас дыбыстарды ажырата білуге үйрету.Ойынның мазмұны:Тәрбиеші балаларға ұқсас дыбыстарды айтады және сол ұқсас дыбыстарды балалар сөздерден табуы керек. Ойын сонында балалар сөздер ұқсас дыбыс шығара алады деген қорытындыға келеді.

15.«Міне, осылай дыбыстарды атайды»Ойынның мақсаты: дыбыстарды дұрыс әрі нақты айтуға үйретуОйынның мазмұны:Тәрбиеші балаларға кез келген дыбыстарды айтады. Ойынға қатысқан балалар сол дыбыстарды анық әрі дұрыс айтуы керек.

16.«Дыбысталатын сағат»Ойынның мақсаты: дыбысталатын сағаттарды тілмен дұрыс көрсете білуге үйрету.Ойынның мазмұны:Тәрбиеші балаларға дыбысталатын сағаттың дыбысын естіртеді, балалар оны қайталайды.



17.«Жаңғырық»Ойынның мақсаты: Жаңғырықты ауызбен айтуға үйрету.Ойынның мазмұны: Тәрбиеші екі затты соғып жаңғырықты балаларға естіртеді, соны ауыздарымен жасап қайталайды.

18.«Таза айту»Ойынның мақсаты: Сөздерді таза айтуға үйрету.Ойынның мазмұны:Тәрбиеші балаларға қиын, тілі келмейтін сөздерді айтады,балалар соны қайталайды.Мысалы:ракета,шкаф...



19.«Сендердің тілектерің – біздің тілегіміз»Ойынның мақсаты: Грамматикалық сөздің құрылысын қалыптастыруОйынның мазмұны:Тәрбиеші өзінің тілегін айтады,балалардан өз тілектерін айтуларын сұрайды.

20.«Кімнің үйі?»Ойынның мақсаты:Кімнің қайда тұратынын ажырата білуОйынның құрал-жабдықтары:үйдің,апанның, ұяның,тиіннің інінің суретіОйынның мазмұны:Тәрбиеші балаларға сурет арқылы кімнің үйі екенін тауып көрсетуін сұрайды.

21.«Кімде не бар?»Ойынның мақсаты:Заттардын атын дұрыс атай білуді үйрету.Ойынның құрал-жабдықтары:қолдарында заттары бар жануарлардың суреттерОйынның мазмұны:Суретте бейнеленген жануарлардың немесе ойыншықтардың қолында қандай зат бар екенін атайды және сол затты сипаттайды.Мысалы:қоянның қолында сәбіз бар,ол көкөніске жатады. т.б.

22.«Біреу және көп»Ойынның мақсаты: Бір және көп заттарды ажырата білуге үйрету.Ойынның құрал-жабдықтары:бір және көп заттар бейнеленген суреттерОйынның мазмұны:Тәрбиеші бір және бірнеше заттар бейнеленген суреттер береді. Балалар бір зат бейнеленген суреттерді жеке, көп зат бейнеленген суретті жеке топтастырады.

23.«Не қайда жатыр?»Ойынның мақсаты: Баланың ой өрісін кеңейту,ойлау қабілетін дамыту,зейінділігін арттыру.Ойынның мазмұны: Тәрбиеші балаларға кез келген затты айтады. Ойынға қатысқан балалар сол заттың қайда жатқанын анықтап,сипаттайды.

24.«Дүкен»Ойынның мақсаты:Балаларды рөлдерге бөліп ,сол рөл бойынша әрекет жасауға үйрету.Ойынның мазмұны:Бір баланы сатушы етіп,қалған балалар сатып алушы болып ойнайды.(Мысалы, Сатушы «Келіңіз,сізге не керек?» деген сөздерімен және сатып алушылар «Рахмет» сияқты мейірімді сөздерді қолдана білуге үйрету).



25.«Айгүлге серуенге бару үшін не жетіспейді?»Ойынның мақсаты: Жыл мезгілдеріне сай киімдерді ажырата білуге үйрету.Ойынның құрал-жабдықтары: жыл мезгілдеріне сай киімдердің суретіОйынның мазмұны:Әр балаға қуыршақтар беріледі. Балалар ол қуыршақтарды жыл мезгілдеріне сай киіндіру керек. Бір балаға қыс мезгіліне сай, ал келесі балаға күз мезгіліне сай және тағы сол сияқты.



26.«Сиқырлы қалта»Ойынның мақсаты: Диалогтік сөйлеуде сөздерді дұрыс, анық айтуға, сұраулы сөйлемдерді дауыс интонациясын сақтап, дұрыс айтуға жаттықтыру. Сөйлем қарқынын өзгерте білуге үйрету(мысалы: ақырын сөйлеу)Ойынның құрал-жабдықтары:суреттер,доп,шар,қуыршақ)Ойынның мазмұны:5-6 бала қатысады. Тәрбиеші сиқырлы қалтаны ортаға қойып балаларды кезекпен шақырып,сол қалтадағы заттарды алғызады. Балалар алған заттарын сипаттайды.



27Нені қайда салады?» (қантты – қант салғышқа және т.б.)Ойынның мақсаты: Ыдыс аяқ түрлерін ажырата білуге үйрету.Ойынның құрал-жабдықтары:ыдыс аяқтың суретіОйынның мазмұны:Тәрбиеші ыдыс аяқтың суретін береді. Балалар ол ыдыс аяққа не салатынын айтады мысалы: қантты қант салғышқа және т.б.

28.«Кім? Не?» (зат есімдер)Ойынның мақсаты: Жанды жансыз заттарды айыра білуге үйрету.Ойынның құрал-жабдықтары:әр-түрлі суреттерОйынның мазмұны:Балаларға суреттер беріледі. Балалар ол суреттерде не бейнеленгенін және оның жанды не жансыз екенін айтады. Жанды болса кім?,жансыз болса не? Сұрағы қойылады.







29.«Кім не істейді?» (етістіктер)Ойынның мақсаты: Балаларға есімдерді дұрыс атауды үйрету, мамандықтардың атауларын бекіту.Ойынның құрал-жабдықтары: әр-түрлі мамандықтардың суреттеріОйынның мазмұны:Тәрбиеші балаларға суреттерді қарауды ұсынады. Ол кімдердің суреті, олар қайда кетіп жатқандарын, не жұмыс істейтіндерін айтады. Мысалы: суретте көкөніс сатушысы өзінің дүңгіршігіне кетіп бара жатыр, сатып алушыларға қызмет көрсету үшін.



30.«Бұл қай кезде болады?» (үстеу)Ойынның мақсаты: Балалармен тәулік бөліктерін бекіту (таңертең,күндіз,кеш,түн)Ойынның құрал-жабдықтары:Тәулік бөліктері суреті.Ойынның мазмұны:Тәрбиеші балалармен бірге, тәулік неше бөліктен тұратынын,және тәулік бөліктерін атауды сұрайды.Тәулік бөліктері бар суреттерді қарап,соған сәйкес келетін суреттерді тауып орналастырады.(таңертең,күндіз,кеш,түн)

31.«Қай жерде не бар?»Ойынның мақсаты: Кеңістікті бағдарлай білуге үйрету.Ойынның құрал-жабдықтары:Топтағы ойыншықтар.Ойынның мазмұны:Балаларға кеңістік туралы суреттер беріледі. Кеңістік бейнеленген суреттерді қайда не тұрғанын атайды. Мысалы: қуыршақ шкафтың үстінде.32.«Бір сөзбен айт»Ойынның мақсаты:Заттарды танып бір сөзбен айтуға үйрету.Ойынның құрал-жабдықтары:Ыдыстардың,ойыншықтардың,жануарлардың суреттері.Ойынның мазмұны:Балаларға әртүрлі суреттер беріледі,сол суреттің ішінен бірдей заттарды тауып бір сөзбен атайды мысалы:ыдыстар,ойыншықтар,жануарлар.



33.«Сөзді айтуға көмектес»Ойынның мақсаты:Сөздерді толық әрі дұрыс айтуға үйрету.Ойынның мазмұны:Тәрбиеші сөздің бірінші буынын айтады, ал балалар сол буынға қатысты сөзді тауып жалғастырады. Мысалы: Қа-қалам, әй-әйнек...



34.«Бұл қай кезде болады?»Ойынның мақсаты: жыл мезгілдері және табиғат құбылыстары туралы түсініктерін арттыруОйынның құрал-жабдықтары:жыл мезгілдерінің суреттеріОйынның мазмұны:Тәрбиеші балаларға жыл мезгілдерінің және табиғат құбылыстарының суреттерін таратып береді. Содан кейін әр баладан бұл құбылыстар қай кезде болатынын сұрайды. Мысалы: қар жауып жатқан суретті алған бала бұл қыс мезгілінде болады деп жауап береді.









35.«Керісінше айт»

Ойынның мақсаты: Антоним сөздерді дұрыс айтуға үйрету.Ойынның құрал-жабдықтары:допОйынның мазмұны:Тәрбиеші балаларды шеңберге тұрғызады да допты лақтырып кез келген сөзді айтады. Балалар сол сөзге керісінше сөзді айтады. Мысалы: ақырын-жылдам, суық-ыстық...36.«Биік (ұзын, үлкен, кең, жуан) не болады?»Ойынның мақсаты: өлшемдердің қасиеттерін қабылдауға үйрету;тапсырманы орындауға жаттықтыру.Ойынның құрал-жабдықтары:ұзын және қысқа жолақшалар,биік,кең жуан ұғымдарына байланысты суреттер.Ойынның мазмұны: ұзын және қысқа жолақшаланы көрсету. Жолақшаларды таратып беру. Берілген суреттерден немесе топтан биік және аласа, жуан және жіңішке, кең және тар заттарды табу



37.«Сипаттамасы бойынша таны»Ойынның мақсаты: Ұзын-қысқа,кең-тар,биік-аласа ұғымдарын бекіту.Ойынның құрал-жабдықтары:жануарлардың,құстардың ойыншығы.Ойынның мазмұны:балалар аю,түлкі,қасқыр,қоянның ойыншықтарын қарастырады. Әр ойыншықты анықтап атын атайды. Ойнаушылардың біреуі бөлмеден шығып кетеді,басқа ойнаушылар ойыншық туралы жұмбақ құрастырады.



38.«Сөзді өзгерт»Ойынның мақсаты: Әріптерді ауыстыру немесе алып тастау арқылы сөздерді өзгертуге үйрету.Ойынның мазмұны:Тәрбиеші балаларға кез келген сөзді айтады мысалы: баға сөзінен (б)әріпін алып тастасақ қандай сөз шығады-аға сөзі шығады, дала-қала т.б.

39. «Сөз қос»Ойынның мақсаты: сөзге сөз қосып,сөйлем құрастырту арқылы баланың зейінін,шапшаң ойлауын дамыту.Ойынның құрал-жабдықтары: Шар,алма ойыншықтар.Ойынның мазмұны: балаларды екі топқа бөлік өткізуге болады.Тәрбиеші сөз айтады,балалар сөзге сөз қосып,сөйлем құрайды.



40. «Сиқырлы суреттер»Ойынның мақсаты: балалардың логикалық ойлау қабілетін, ес, зейін, қабылдау процесстерін дамытуОйынның құрал-жабдықтары: әр түрлі сурет бөлінділері.Ойынның мазмұны: Балалар алдарындағы үлгі бойынша бөлінділерден сурет құрайды. Сурет бойынша әңгіме құрауды ұсыну.































































Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!