Сабақтың тақырыбы;Шешендік
дау оның түрлері.
Сабақтың
мақсат:шешендік өнердің алуан
сипаттарын,шешендік сөздің сазы, ерекшеліктері туралы мағлұматты
тереңдете түсу;халқымыздың даналығының-шешендік асыл қазынасының
тәлім-тәрбиелік сипаттарын,ғасырлар бойы халық сынынан екшеліп
өткен құнды мұра екендігін таныту;шешендік сөз өнерінің «өнер
падишасы» саналатындығын,шешендіктің шалқар шабыт,шалқыған сыр мен
сезімнен туатынын,даналық ой, көркем сөз өрілімін талдай
оқу.
Білімділік:Төле би, Қаз дауысты
Қазыбек би, Әйтеке би өмірлері жайлы мәлімет беру; олардың көркем
сөзден «сарай салған» шешендіктерімен бірге қазақтың әйгілі де
айбарлы билері екендігін таныту; ділмар шешендіктеріне байланысты
әңгіме, аңыздарды талдата оқыту: сөз астарының мән-мағынасын
ашқызу, мазмұнын меңгерту, құрылысын
таныту.
Дамытушылық:
оқушылардың шешендер
сөздеріндегі оралымды өткір ойды анық танып,талдай білулерін
жетілдіре отырып,ой белсенділігін дамыту;шығармашылық ізденіске
бағыттау;оқылған жайға көзқарасын анық жеткізу дағдыларын,мәнерлеп
оқу шеберлігін,сөйлеу мәдениетін
қалыптастыру.
Тәрбиелік:
кемеңгер шешендердің –
үлгі-насихатқа толы ғұмыр иелерінің даналық ой маржандарын, сырлы
сөздерін бойға сіңіру, адамдық қасиеттерін үйрену, әділдікті ту
етіп жоғары көтерген, ел тұтастығын сақтауға зор мағына берген
билер келбетін үлгі тұту, істерін өнеге ету; халықтық мұра –
шешендік сөздерді және халықтық салт-дәстүрімізді сақтап, шешендік
өнерді қадірлеуге, ұлттық құндылықтарды бағалауға
тәрбиелеу.
Сабақтың
түрі: ұжымдық, топтық
оқыту
Сабақтың
әдісі: сұрақ-жауап, ой қозғау,
жарыссөз, топпен жұмыс
Сабақтың
көрнекілігі: тірек сызбалар, қанатты
сөздер, әлем ойшылдарының шешендік өнер туралы пікірлері, билер
суреттері
Пәнаралық
байланыс: Қазақстан тарихы, халықтық
педагогика
Сабақтың түрі:Жаңа
сабақ
І. Ұйымдастыру
кезеңі. ¨ Оқушыларды іс-әрекетке
жұмылдыру.
ІІ. Оқушы білімін
тексеру:
Шешендік сөздер. Билер сөзі
– нақыл көзі. Жиренше шешен.
Жиренше шешеннің сөзін –
жауабын жаттау. Дәптерге қосымша деректер
жазу.
Өткен сабақта біз халқымыз
ерекше қадірлеген шешендік сөздермен танысып, сырлы сөз
шеберлерінің бірі – Шешендік сөзге қоиылатын талаптар,Бүгінгі
сабағымызға қандай олжамен келгенімізді танытып, ортаға
салайық./сұрақ – жауап әдісі бойынша
тексеру/
III.Жаңа сабақ
мақсаты:шешендік өнердің алуан
сипаттарын,шешендік сөздің сазы, ерекшеліктері туралы мағлұматты
тереңдете түсу;халқымыздың даналығының-шешендік асыл қазынасының
тәлім-тәрбиелік сипаттарын,ғасырлар бойы халық сынынан екшеліп
өткен құнды мұра екендігін таныту;шешендік сөз өнерінің «өнер
падишасы» саналатындығын,шешендіктің шалқар шабыт,шалқыған сыр мен
сезімнен туатынын,даналық ой, көркем сөз өрілімін
талдау
IV.Жаңа
сабақ:
Құба қалмақ заманы» деп атанған заманда қалмақ пен қазақтың ел шабысқан дауларын бітістіруде Қазыбек үш рет билік айтқан екен.
Оның бірі әлгі Қазыбек «Телқоңыр» дейтін тайға мініп, өзге билерге атқосшы боп барғанда айтқан билігі.
Екінші билігінің тарихы мынадай: Қазыбек аты әйгілі боп тұрған шағында өзіне қараған елін қалмақтың тіке шабуылынан аулағырақ қонысқа ірге тептіру үшін Сарыарқаның жерін шолып қайтуға кетеді. Соны сырттан есіткен қалмақ Қоңтажы дереу қалың қол аттандырып Қазыбекке қараған елді шаптырып алады. Ханның қолы
малмен қоса жүзге тарта ер балаларды да байлап әкетеді. Оның ішінде
Қазыбектің өз баласы Қазымбет те кетеді. Өйткені Қазыбектің
тұқымынан біреуді қайтсе де байлап әкелу жөнінде ханның тікелей
тапсырмасы болған деседі. Сарыарқаны қоныстыққа ұнатып елге қайтқан
Қазыбек шабылған елін көрген соң өзі басшы болып қалмаққа екінші
рет жол тартыпты.
Он төрт жасар
бала күннің өзінде-ақ нелер тапқыр сөздер айтып бетін қайтарып
тастаған Қазыбектен жасқанып — Қоңтажы хан бітім жасауға көнеді.
Бірақ ер балалардың ішінен өзіне керегін алып қалу мақсатымен
әртүрлі қулыққа салады. Сонда ханның көздегені Қазымбетті қайтармау
екен. «Тірі емес» деп балаға құн төлеу ниетін білдіреді. Сонда
Қазыбек тұрып Қоңтажыға:
— Жұмыр басты, екі аяқты
адамымның өзін қайыр. Төрт аяқты айдынды бозымның көзін қайыр. Ерім
үшін құн алмай өлісемін, бозымның көзі жоқ болса, екі есе құн
аламын. Бұл айтқаным болмаса, тал түсте тапап ала- мын дегенде,
Қоңтажы:
— Қазыбек би, ерің үшін құн
алмай өлісемін дегеніңді жөн дедік. Ал бозыңның төлеуін екі есе қып
аламынн дегеніңе жол болсын! — депті. Сонда
Қазыбек:
— Бозымның төлеуі екі есе
болатын себебі: белеңнен шыға келген қалың топтың ішінде оның жарық
еткен айбыны Қоңтажыдай жанды да сескендіреді. Төлеуі толық болса —
ендігары есте жүреді,— дейді. Сонымен Қазыбек бұл жолы да
шапқыншылыққа түскен балалармен қоса малдың көзі барының көзін,
көзі жоғының толық төлеуін алып қайтады.
Үшінші билігі:
осы бітімнен қайтып келе сала Қазыбек елін Сарыарқаға көшіріп, бұл
жерді ата мекендік қоныс
етеді. Бірақ
әлі де ол қонысқа көшіп болмаған елдің соңғы бөлегін, сондай-ақ
Қазыбекке ниеттес кіші жүздің бір бөлегін Қоңтажы тағы шаптырып
алады. Қазыбекке шабылған елден хабаршы келеді. Сонымен Қазыбек
тағы да қалмаққа тартады. Би бұл жолы Қоңтажының алдына серт қойып,
мұндай шабыншылық ендігәрі қайталамайтындай етуге немесе бір жола
бітіспеске кетуге беттеп аттанады. Қоңтажының ордасына таяп
келгенде, өткелде тұрған бір жастау қыз Қазыбектің қайда бара
жатқан жөнін сұрапты. Қазыбек қызға Қоңтажы ханға елшілікпен бара
жатқанын айтыпты. Қыз оған:
— Елші болсаң қазақтың
Қазыбегі боларсын, есебің бітсе мені де еске аларсың,— депті.
Қазыбек Қоңтажының ордасына түсіп:
— О хан, сен ел шабуды
қоймадың, мен елшілікке келуден танбадым,— дейді. Қоңтажы
бұған:
— Қазыбек би, дұрыс айтасың,
сенің қаршадай 14 жасар күніңде айтқан сөздеріңді есітіп:
«Шіркін-ай, мынадан бір тұқым алар ма еді»,— деп ойладым. Содан
барып Қазымбеттей ұлыңды алдырдым. Бірақ сен келіп «ерімнің өзі
қайтпай тұрып бітім етпеймін» дедің. Не бізге тіліңді кесіп тастап
кетпедің. Содан кейін менен іргеңді аулақ салып әрі көштің. Сені
қайта бір келтіру үшін мен артта қалған еліңді шаптырып алдым.
Ендігі сөздің турасы сенімен достасуға құмармын. «Даудың артын қыз
бітейді, судың артын шым бітейді»,— деуші еді. Сондықтан не қыз ал,
не қыз бер депті. Қазыбек ханға:
— Саған беретін қызым жоқ,
қыз берсең алайын,— дейді. Хан Қазыбектен «ұлың нешеу еді» деп
сұрайды. Қазыбек:
— Бір жарым ұлым бар,— деп
жауап береді. Хан бұған таңданып:
— Бір жарымы қалай? Сенде
дығырдай бес ұл бар деп еститін едім дейді.
Хан
оған:
— Менің елге ие болатын ұлым
біреу-ақ, аты Бекболат, соны бүтінге есептедім. Ал мал мен қатынға
ғана ие болатын үшеуін есепке алып жүргенім жоқ,— деп Қоңтажыға
қарапты.
Қоңтажы өз
қызын беріп, оны Бекболатқа қосуды етініпті. Сонымен қазақ пен
қалмақтың шабыншылығы тоқталған екен деседі. Қазыбек осы сапарында
хан ордасына бара жатқанда жолыққан жас қызды ала
келіп:
«Осыны
тәрбиеле»,— деп оны да Бекболаттың қолына
тапсырыпты.
V.Жаңа сабақ түсінгенін
тексеру:
1. Шешендік сөздер
дегеніміз не?
2. Қазақтың шешендік сөз
тарихы кімдердің есімдерімен байланысты
айтылады?
3. Шешендік өнердің кеңінен
дамып, биіктеген кезеңі ?
4. Шешендік сөздердің
алғашқы үлгілерін қайдан
кездестіреміз?
5. Шешендік сөздер қандай
болады?
6. Шешендік сөздер
мазмұнына қарай нешеге бөлінеді
екен?
VI.Сабақты
бекіту:
:
VII¨Үйге тапсырма
:мазмұнын аиту.