400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Шешендік өнердің дамуы, тарихы, қалыптасуы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға сабақ жоспары ретінде көмегі бар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бейімбетов Қ.Б.

Жамбыл облысы,

Мойынқұм ауданы

№8 Мойынқұм колледжі

қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі


Сабақтың тақырыбы: Шешендік өнердің дамуы, тарихы, қалыптасуы

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Шешендік сөздердің түрлерін айтып түсіндіру

Дамытушылығы: шешендік өнер туралы ойлау қабілетерін арттырып, есте сақтау қабілетін дамыту.

Тәрбиелілігі: тақырып мәтіні арқылы шешендікке, әділдікке тәрбиелеу.


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі .

Негізгі бөлім

ІІ Үй тапсырмасын сұрау

Шешендік сөз туралы ұғым-түсінік тақырыпты оқып, мазмұндау

Жаңа сабақ.


1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыздар.


Ұлттық шешендік өнер туралы түсінік

Ұлттық шешендік өнер тарихы сонау ежелгі сақ, ғұндардың туындыларының , Орхон ескерткішінен, бер жағында орта ғасырлардағы түрлі жазба ескерткішткіштерінен басталады.Ежелгі түркі шешендігін, алдымен аңызға айналған әңгімелерден іздеуіміз керек. Халық арасында аңызға айналатындар, алдымен елін қорғаған ерлер. Өмірде болып, кейін аңызға айналып кеткен тарихи тұлғалар сақтар мен ғұндарда көп болған. Олар – Алып Ер Тұңға, Анахарсис (Анақарыс), Томирис (Тұмар), Иданфирс (Иданбарыс), Зарина, Атилла (Атей), Модэ және т.б. Аталған көсемдердің өз елін, жерін қорғау жолында дұшпандарға қарсы тұруға шақырған ерлік рухтағы сөздері – ежелгі түркі шешендігінің ғажайып үлгілері. Әлемдегі «жеті ғұламаның бірі» ретінде мойындалған Анақарыс (б.з.д.620-555жж.) сөз өнерін жетік меңгерген, билердің кеңесіне қатысып, өзі де Анақарыстан көп нәрсені үйренген . Анақарыстың ойлау жүйесі, шешендік өнері талай ғұламалардың ғылыми еңбектеріне негіз болған. Ежелгі көсемдердің шешендігін дәлелдейтін деректерді Тұсын Жұртбаевтың «Дулыға» кітабынан табуға болады.


2-тапсырма. Шыңғыс сөзіндегі ақылға қозғау салатын, жүректі тербеп-тебірентетін жолдарды тауып оқыңыздар.Шыңғысты шешен деуге бола ма? Қандай шешендік сөздері ұнады? Мәтіндегі қаратпа сөздерді тауып, бұйрық мәнін беріп тұрған етістіктік қосымшаларды атаңыздар. 


3-тапсырма. Көне жазба ескерткіштерінде сақталған бұрынғы шешендердің (көнетүркілік шешендердің) өздеріңізге ұнаған нақыл, ақыл сөздерін жаттап алыңыздар. Топ-топқа бөлініп, әрбір тақырыпқа қатысты шешендік сөздердің мағынасына семантикалық талдау жасаңыздар. Нақыл сөздерді тақырыпқа топтаңыздар. 

4-тапсырма. Берілген қанатты сөздерді оқып шығып, қандай сөйлем түрімен берілгенін талдаңыздар. Әлем ойшылдарының қанатты сөздеріндегі шешендікке қойылған талаптарды іріктеп жазып шығыңыздар. Біздің арамызда осы таланттардың қайсысы жетіспейтіндігін дәлелдеңіздер. 


Қорытынды

Бүгінгі тақырып бойынша не білді?

Не білгілері келеді?

Жаңа сабақ бойынша өз түсінгендеріңді айтады.

Үйге тапсырмаШешендік өнер тарауын қайталау.

Бағалау Студенттердің білімдерін бағалау



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
4 мамыр
1025
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі