400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Шешендік өнерінің І кезеңі

Материал туралы қысқаша түсінік
11-сыныпқа арналған қазақ тілінен ашық сабақ.Сабақ блум токсономиясына құрылған. Жоспарда түрлі белсендік әдістері қолданылған. Қазақ сыныптарына сабақ беретін қазақ тілі мұғалімдері үшін көмегі болады деп сенемін.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ тілі:11-сынып 
Сабақтың тақырыбы:Қазақ шешендік өнерінің бірінші кезеңі.
Сабақтың мақсаты: Білімділік – Оқушыларға қазақ шешендік өнерінің даму тарихына жүйелі де нақты мағлұмат бере отырып, қазақ шешендерінің ұлағатты өнерін кеңінен түсіндіріп, терең меңгеруіне көмектесу; 
Дамытушылық- шәкірттердің тіл мәдениетін, ой-өрісін жетілдіріп, білімін көтеру; 
Тәрбиелік- жас ұрпақты шешендікке, ұтқыр сөйлеуге баулып, ұлттық мақтаныш сезімін дамыту; 
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгеру; 
Сабақтың әдісі: түсіндіру, талдау, баяндау, топтастыру, шығармашылық жұмыс. 
Сабақтың көрнекілігі:слайдтар
, бейнебаян,
Пәнаралық байланыс:әдебиет, тарих . 
Сабақтың жүрісі: I. Ұйымдастыру кезеңі.

Білу. Шешендік сөздер
«Қынаптан суырылған қылыштай өткір.
Соқырға таяқ ұстатқандай анық.
Көңілге медет болатындай мағыналы

Ол не?»
Шешен деген кім? Шешендік өнер деген не? Берілген жаңа түсінікті ұғуы, есте сақтауы, мінездеме беруі.

Ұлттық шешендік өнер. 
1) М.Әлімбаевтың сөзі. 
2) Қадір Мырза Әлінің қанатты сөзі. 
3) Мұхтар Шахановтың сөзі.  
4) Әбіш Кекілбаевтың қанатты сөзі. 
5) Зейнолла Қабдоловтың қанатты сөзі.  
6) Елбасымыз Н. Назарбаевтың қанатты сөзі оқылды.  
III . Жаңа сабақ: Түсіну: 1. Мұғалім түсініктемесі,сипаттама беру:

Соңғы жылдары, яғни, еліміз тәуелсіздік алып, дербес мемлекет болғаннан бастап шешендік өнердің қажеттілігі күн санап арта түсті. Осы тұста халқымыз Ғ.Мүсірепов, М.Әлімбаев, Қ. Мырза Әлі, З.Қабдолов, О.Сүлейменов, М.Шаханов, О.Бөкей, Елбасымыз Н.Назарбаев сияқты ұтқыр да ұтымды сөз шеберлеріне көңіл аударады. Өйткені, олардың сөзі –тауып айтылған тапқыр сөз, қиялға әсер етіп, сезіміңді қозғайтын көрікті де әсерлі сөз, бұра тартпас дәлелімен тамсандырып, таңдай қақтыратын білгір-білімді сөз, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін жеткізетін терең мағыналы түйінді сөз. 
Қазақ шешендік өнерінің бірінші кезеңі. Майқы би мен Аяз би. 

2.Зерттеушілердің пікірінше, шешендік өнер 5 кезеңге бөлінеді: 
1. 11-13ғ.-Майқы би мен Аяз биден басталады.  
2. 14-16ғ.-Асан қайғы мен Жиренше кезеңі. 
3. 17-18ғ. Төле би, Әйтеке би, Қазыбек бидің уақытын атайды. 

4. 18ғ.-«Хан-сұлтандарға қарсы шешендер»-Байдалы, Әз Жәнібек, Тіленші би,
Шалқар би, т.б. 
5. 19ғ.-«Би-болыстарға қарсы шешендер» Махамбет, Сырым батыр, Бала би,т.б. 
Бүгінгі I-кезең яғни, 11-13ғ. аралығын қамтиды. Олар Майқы би мен Аяз биден бастау алады. 

3.Оқушылар Аяз би мен Майқы би туралы мәлімет айтады.
Майқы Мәнұлы-12-13ғасырда өмір сүрген. Шыңғыс ханның замандасы әрі кеңесшісі.Ел оны ең беделді адам, әулие деп атаған. Себебі ол ел тағдыры мен оқиғаларды болжай білген. Аңыз бойынша Майқы би қазақтарды үш жүзге бөлген. «Жүз» сөзі араб тілінен аударғанда «бөлім» деген мағынаны білдіреді. Абай Майқы биді 12 бидің санатына қосқан. Майқы би көп балалы болған. 2 баласына көңілі толмай: «Жаманнан жақсы туады дегенге сену қиын, бірақ жақсыданда қолынан іс келмейтін жамандар туатын жағдайлар кездеседі» ,-деген екен. 
Майқы би жүздер арасында болып жататын айтыс-тартыстар мен дау-дамайларға да қатысып, халық бірлігіне «Бірліксіз тірлік жоқ» деп аталы сөз шығарған. «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы- Майқы би» -деген нақыл сөз бар. Майқы би ұзақ өмір сүріп, 120жасында қайтыс болған деседі. 
Аяз би Жаманұлы (шамамен 711-800ж.ж) 
Аяз би Жаманұлы-қазақ халқының ежелден аты аңызға айналып кеткен ақылгөй,абыз, шешен биі. Оның есімі бүгінгі ұрпаққа «Аяз би» ертегісі мен «Аяз би әліңді біл, құмырсқа жолыңды біл» дейтін қанатты нақыл сөз арқылы сақталып келген. Өмір туралы әртүрлі деректер бар. Аяз би және оның серігі Құмырсқа батырды «Майқы би дәуірінде өмір сүрген. Майқы Мәнұлының оң жағында отыратын сенімді ақылгөй билері еді.»,-деп жазады.Хижра жыл санауынан 711 жылы бұрын туып, 800 жылы дүниеден өткен. 
Билер бүгін Майқының алдын кесесің, 
Ел арасында «Аяз би әліңді біл, Құмырсқа жолыңды біл» деген нақыл сөз содан қалса керек. 

Қолдануы: 4.
7-жаттығу: Топпен жұмыс. Әр топ 5 нақыл сөзден алады.
1) Майқы бидің сөзіне талдау жасаңыз. 
2) Мәтіндегі шартты бағыныңқылы сабақтас сөйлемдерді тауып, жасалу жолдарын түсіндіріңдер. 
Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, 
Төртеу түгел болса, төбедегі келеді. 

Би екеу болса, дау төртеу болады. 

Дауыл болмай, жауын болмас, 
Даулы болған, қауым болмас. 

Аспан ашық болса, 
Күн шуақты болады. 
Хан әділ болса 

Халық ынтымақты болады. 


Талдау: Берілген мақал-мәтелдерді жоспардың тарауларына сәйкестендіру.

1.Құстың, шөптің, адамның жаманын табуға ханның уәзірлерін жұмсауы.

2. Жаманның жақсы мен жаманды айыра білуі.



3.Жаманды ханныңу әзір етіп алуы.



4.Меңдінің Жаманды таңдауы.



5.Жаманның сертке беріктігі.



6.Қырық уәзірдің ханды Жаманмен араздастыруы.

7.Жаманның Барса келмеске сапары.



8.Ханның өтірігінеЖаманның жауабы.

9.Ханның Жаманды сағынып іздеуі.

10.Хан сөзін шеше алмаған уәзірлердің Жаманға баруы.

11.Ханның қырық уәзірді жолға салуға тапқан ақылы

12.Жаманның арсыз уәзірлерді хан жазасынан құтқаруы.

13. Хан тағына отырған Жаман















1.Алдыңа келсе атаңның құнын кеш.



2.Ащы мен тұщыны татқан білер,

Алыс пен жақынды жортқан білер.

3.Арсыз адам жала жауып аздырады,

Ақылды адам жол тауып оздырады.

4.Ақыл – ердің қорғаны.

5.Сертке берік бол,

Досыңа серік бол.

6.Кедейлігіне қарама, кісілігіне қара.

7.Жігітке жар қымбат,

Намыс пен ар қымбат.

8.Түстік жерге өтірік айтсаң,

Кешке ізіңмен барады.

9.Ескі дос естен кетпес.

10.Есірген хан елді ермек етер.

11.Жақсы ісіңнің артында сауабы бар,

Зұлымдықтың артында жауабы бар.

12.Арын сатқан ер оңбас,

Ажарын сатқан сері оңбас.

13Ақылды жетер мұратқа,

Ақылсыз қалар ұятқа


2-топ.Жоспарды ретімен орналастыр

Жаманны ң жақсы мен жаманды айырабілуі. 2

Жаманның сертке берік болуы. 5

Жаманның Барсакелмеске баруы. 7

Құстың, шөптің, адамның жаманын табуға ханның уәзірлерін жұмсауы. 1

Хан тағына отырған Жаман. 10

Ханның Жаманды уәзір етуі. 3

МеңдініңЖаманды таңдауы. 4

40 уәзірдің хан мен Жаманды араздастыруы. 6

Хан сөзін шеше алмаған уәзірлердің Жаманға келуі. 8

Ханның Жаманды сағынуы. 9




3-топ.Кейіпкер келбеті. Ертегідегі кейіпкерлерге қарама –қарсы мінездемені салыстырып береміз.

      Жаман                          Қырық уәзір

 Еңбекқор                         арсыз ,ақылсыз

Шыпшыл                         шыдамсыз

Адал                                ойламсыз өтірікші


.
Жинақтау:

Білімдіден шыққан сөз. Екі топқа деңгейлік тапсырмалар беріледі.

   І топ

      1.Жаманға ұқсағың келе ме?

      2.Қай қасиеті көбірек ұнайды.

      3.Қазіргі жастар бойында осындай қасиеттер кездесе ме?


2.топ .Венн диаграммасы

Майқы би Аяз би

Shape1 Shape2









3-топ

Серпілген сауал.

«Аяз би әліңді біл, Құмырсқа жолыңды біл» сөзі туралы.






Shape5 Shape4 Shape3

Түсіндім.

Сұрағым бар.

Түсінбедім.

8.Бағалау. Құнды пікір.Бейнематериалды тыңдап, оқушылар өз ойларын, пікірлерін тұжырымдайды.
Рефлексия: 

Үйге тапсырма: «Сөз өнері-құдірет»  шағын эссе

























Бағалау парағы




Оқушының аты, тегі

1

2

3

4

5

6

7

қорытынды






























































































































Білімдіден шыққан сөз.

   І топ

      1.Жаманға ұқсағың келе ме?

      2.Қай қасиеті көбірек ұнайды.

      3.Қазіргі жастар бойында осындай қасиеттер кездесе ме?











3-топ

Серпілген сауал.

«Аяз би әліңді біл, Құмырсқа жолыңды біл» сөзі туралы.



















Берілген мақал-мәтелдерді жоспардың тарауларына сәйкестендіру.

1.Құстың, шөптің, адамның жаманын табуға ханның уәзірлерін жұмсауы.

Есірген хан елді ермек етер.

2. Жаманның жақсы мен жаманды айыра білуі.

Ащы мен тұщыны татқан білер,

Алыс пен жақынды жортқан білер.

3.Жаманды ханның уәзір етіп алуы.

Ақыл – ердің қорғаны.

4.Меңдінің Жамандытаңдауы.

Кедейлігіне қарама, кісілігіне қара.

5.Жаманның серткеберіктігі.

Сертке берік бол,

Досыңа серік бол.

6.Қырық уәзірдің ханды Жаманмен араздастыруы.

Арсызадам жала жауыпаздырады,

Ақылдыадам жол тауыпоздырады.

7.Жаманның Барса келмеске сапары.

Жігітке жар қымбат,

Намыс пен ар қымбат.

8.Ханның өтірігіне Жаманның жауабы.

Түстік жерге өтірік айтсаң,

Кешке ізіңмен барады.

9.Ханның Жаманды сағынып іздеуі.

Ескі дос естен кетпес.

10.Хан сөзін шеше алмаған уәзірлердің Жаманға баруы.

Алдыңа келсе атаңның құнын кеш.

11.Ханның қырық уәзірді жолға салуға тапқан ақылы.

Жақсы ісіңнің артында сауабы бар,

Зұлымдықтың артында жауабы бар.

12.Жаманның арсыз уәзірлерді хан жазасынан құтқаруы.

Арын сатқан ер оңбас, Ажарын сатқан сері оңбас.

13. Хан тағына отырған Жаман.

Ақылды жетер мұратқа,

Ақылсыз қалар ұятқа.













































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
14 қараша
2111
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі