400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Шешендік өнер.Сабақ жоспары. 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспары. Мұғалімдерге арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Шешендік өнер

Сөз маржан

Мектеп:№1 мектеп-гимназиясы Сынып: 4 «В»

Мұғалімнің есімі: Жургенова А

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Күні:

Сабақ негізделген оқу

мақсаты (мақсаттары)

Оқушылардың білімдерін пысықтау, шешендік өнерге баулу, сөздік қорларын молайту, ойын жүйелі, еркін жеткізуге дағдыландыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту

Сабақ мақсаттары

Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады:

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады:

Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау критерийі

*Берілген әр тапсырмаға қатысты ойын жүйелі, еркін жеткізеді;

*Шығармашылық тапсырмаларды орындай алады.

Тілдік құзіреттілік

Нақыл сөз, жетілсе

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар 

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

қазақ тілі

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
(сыныпты бақылау)

Сыныпта оқушы өміріне қауіп келтіретін заттардың жоқтығына көз жеткізу

Жоспарланған

уақыт


Ресурстар

Басталуы





Топқа бөлу







Қызығушылықты ояту

Психологиялық ахуал қалыптастыру:

Тілім менің - қазынам, қасиетім,
Қасиетім бар әлем бас иетін.
Тілі жоқтың түрі жоқ, түбірі жоқ,
Бола көрме, Ана тіл қасіретім.

- Жақсы, балалар.

Оқушыларды топқа бөлу

-Балалар, бүгінгі біздің өткелі отырған ашық сабағымыз «Шешендік өнермен» байланысты болады. Бұл сабақта біз сендермен тілге қатысты түрлі тапсырмаларды орындайтын боламыз. Сабағымыз бірнеше кезеңнен тұрады.
1. Мықты болсаң, тауып көр

Топтарға берілетін 1-ші тапсырма «Өлеңнің ұйқасын табу»

1 топ:
1. Жағасында бұлақ, жайылып жүр ....(лақ).
2. Айбат шағар алыстан, аң патшасы ...(арыстан).
3. Тым ойыншыл пысық, мияулаған .... (мысық).
2 топ:
1. Бата алмас түлкі, үсті тікен ....(кірпі).
2. Өзінше ноян, қорқақ ....(қоян).
3. Жұртқа аян, улы жәндік ....(шаян).
3 топ:
1. Шоқыр жерден тауып, жемді көрсе.... (тауық)
2. Басы ұлпа аппақ, бақта өсер... (бақбақ).
3. Құйрығы он қарыс, бұл айбатты ....(жолбарыс).

4 топ:

1.Тұмсығымен шымшып, құрт тередi…(шымшық)
2. Көз алмай күнге алыс, қарайды… (күнбағыс)
3.
Алмастан тыным, шабады… (құлын)

- Жақсы. берілген өлеңге ұйқастарын айнытпай таптыңдар.



Ортасы 20 минут












Топтық жұмыс








































































































2.Сұрақ бізден - жауап сізден    

-Балалар, келесі тапсырма әр топқа түрлі тақырыпта тапсымалар беремін.

1 топ:                          

1. Әлемге әйгілі қазақтың палуаны Қажымұқанның барлық медалі қанша? (48)

2. Төрт жыл мезгілдеріне байланысты өлең жазған ақын? (Абай)                                 

3. Ақ күріштің атасы кім? (Ыбырай Жақаев)   

4. Шығармада кейіпкердің кезектесіп сөйлеуін қалай атайды? (диолог)  

5. Қазына көтерген бала кім еді? (Қаныш Сәтбаев)                                             

6.Спандияр Көбеевтің орындалған арманы қандай еді? (оқуға алынуы) 

7. Абай туралы төрт томдық роман эпопеясын жазған ұлы жазушы кім? (М.Әуезов)

2 топ:

2 топтың ақындық өнерін байқап көрейік
----------------------------------- жүреміз
------------------------------------ күлеміз
------------------------------------ сыйлаймыз
------------------------------------ тыңдаймыз.

3 топ:

-Сендер берілген сұраққа мақалмен жауап берулерің керек. Мысалы: жыланды қалай інінен шығаруға болады? «Жылы-жылы сөйлесең, жылан інінен шығады
1. Инемен құдық қазуға бола ма? (Білім инемен құдық қазғандай)
2. Аппақ қарға бола ма? (қарға баласын аппағым дер)
3. Ең тәтті не? (ананың сүті тәтті, баланың тілі тәтті)
4. Адамның қай мүшесі қорқақ, қай мүшесі батыр? (көз қорқақ, қол батыр)
5. Шашу мен жинаудың қайсысы оңай? (шашу оңай, жинау қиын)
6. Тауық түс көре ме? (тауықтың түсіне тары кіреді)
7. Ер неше рет, қорқақ неше рет өледі? (ер бір рет, қорқақ мың рет өледі)
8. Көрдім, көрмедім деген неше сөз? (көрдім деген көп сөз, көрмедім деген бір сөз)
9. Отан неден ыстық? (Отан оттан да ыстық)
10. Отқа түсіп күймеуге бола ма? (отан үшін отқа түс, күймейсің)
11. Шошқа үре ма? (ит жоқта шошқа үреді)
4 топ: 

-Ал төртінші топ сендерге бірнеше сөз тіркестерін беремін. Сендер сол сөз тіркестерін тек қана бір сөзбен айтуларың керек болады. 

1. Төбе шашы тік тұрды.  (қорықты)   

2. Жүрек жұтқан (батыр)                                     

3. Қоян жүрек (қорқақ) 

4. Көз ілінбеді  (ұйықтамады)

5.Қой аузынан шөп алмас (жуас)                            

6. Төбесі көкке жетті (қуанды)

7. Күлін көкке  ұшыру (құрту)                                

8. Жүрек жалғап алды (тамақтанды)               

9. Көзін-ашып жұмғанша  (лезде)               

3.Зерек болсаң, шешіп көр

«Кубизм» әдісі

-Балалар, мақал-мәтел, сөздерді табу жағынан өз білімдеріңді көрсете алдыңдар. Мына шешендік өнерде тек тілге қатысты ғана емес, сонымен бірге сендердің логикалық ойлау қабілеттерің де байқалады.

-Олай болса, келесі тапсырмамыз «Зерек болсаң, шешіп көр» деп аталады. Менің үстелімнің үстінде садар жазылған шаршы тұр. Қазір әр топтан бір оқушыдан келіп осы фигураны лақтыра отырып, өздеріне түскен түскен санға байланысты сұрақтар алады. Әр санның артында жасырылған тапсырманың мақсаты: қызықты есептерді шапшаң және дұрыс шешу.

1 топ:

*Қасқыр  мен түлкі олжаларына түскен 1 себет балықты бөліп жемекші болды. Есепті нашар білетін қасқыр ол балықтарды бөле алмаған соң, түлкіге бөлуді тапсырды. Сонда түлкі былай бөлді:
        1-еуі саған, 2-еуі маған,
        3-еуі саған, 4-еуі маған,
        5-еуі саған, 6-ауы маған,
        7-еуі саған, 8-і маған,
        9-ы саған, 10-ы маған.
Қасқырда неше балық болды? Түлкіде неше балық болды?

 Қасқырда 25 балық, түлкіде 30 балық болды

2 топ:

*Сыныптағы 32 оқушының жартысының жартысы футболға, қалған оқушылардың жартысының жартысы және 2 оқушы музыка мектебіне, қалған оқушылардың жартысының жартысы және 3 оқушы шахматқа, қалған оқушылардың 3-еуі суға жүзуге, одан кейінгі қалған оқушылардың жартысы және 3-еуі биге қатысады. Әр үйірмеге неше бала қатысады?

Футболға - 8 бала, музыка мектебіне – 8 бала, шахматқа – 7 бала, суға жүзуге – 3 бала, биге – 6 бала қатысады

3 топ:

 *Атасы немересіне бос бөшкені көрсетіп: «Мына бөшкенің ішінде не бар?» - деп сұрады. Немересі үңіле қарап:
-    Еш нәрсе жоқ, бос қой, - дейді.
-    Жоқ, балам, қателесесің, анықтап қарашы, ең керекті зат бар, - деді.
Атасы нені айтып тұр? Ол қандай керекті зат?

Ауа

4 топ:

Әлихан сыныпқа қуана кіріп, ертеңгі мереке күніне 1 күн демалатындарын 8 оқушыға сыбырлап айтты. Ал олардың әрқайсысы бір-бір оқушыға, олардың әрқайсысы екі-екі оқушыға жеткізді. Сонда сыныптағы барлық оқушы қуана шуласты. Сыныпта барлығы қанша оқушы болғаны?

Сыныпта 33 оқушы бар



Сергіту сәті

2 минут

Есеп: Бір кемпір:

«Сапырып-сапырып Сарманға бер,

Құйып – құйып Құрманға бер,

Есіктегі екеуге бер,

Төрдегі төртеуге бер,

Өзің іш те, маған бер.» - деген екен. – «Қой, мұңымыз бекер болар. Бұл үй толы кісі, әрі бізден екі есе артық екен, кетейік,» - деп кетіп қалыпты.

Кемпір тапқырлығымен ұрыларды осылай қорқытыпты. Сонда үйдегі адам нешеу, ұры нешеу? (10 адам, 5 ұры)


Аяқталуы 20 минут

Жұптық жұмыс

4. Ойлы болсаң, айтып көр
-Балалар, қазір жұппен жұмыс жасаймыз. Мен әр жұпқа тапсырмалар беремін.

Сөздерге қатысты мақал-мәтел құра:
Жатқан, қария, дария, ақылды, ағып.
(----------------------------------------------)

Асқар, ағып, тау, бала, жатқан, әке, бұлақ.
(----------------------------------------------)

Тамған, тамар, у, бал, тілден.,
(----------------------------------------------)

Үйдің, жылы, туған, түтіні.
(----------------------------------------------)

Шықпас, шаңы, үні, жаяудың, жалғыздың.
(-----------------------------------------------)

Қорқытады, терең, көп, батырады.
(-----------------------------------------------)
Отбасынан, отанды басталады, сүю.
(-----------------------------------------------)

Дұшпан, ақыл, дос, ашу.
(-----------------------------------------------)

Тіл, жармаса, тас, бас, жарады.

(-------------------------------------------------)

5.Мен - саған, сен - маған

-Бұл бөлімде, балалар, бүгінгі сабақ барсында мен сендерге түрлі тапсырмалар беріп отырдым. Ал енді алдарыңда тұрған кері байланыс парағына бүгінгі сабақтың қалай өткендігі туралы жазуларың керек.


Үйге тапсырма: қайталау

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?



Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

1.



2.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
34 ұстаз жүктеп алған
17 қаңтар
6344
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі