400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 16 материал табылды

Шешенің балаларын сүюі

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың негңзгң мақсаты • Міржақып Дулатов жайлы мәлімет беріп, «Шешенің балаларын сүюі» өлеңінің мазмұнын ұғындыру. • Оқушыларға бағыт бағдар бере отырып өздіктерінен жұмыс істеуге өздігінен қорытынды шығаруға машықтандыру, таным белсенділіктерін арттыру. • Оқушылардың өмірдегі ең ардақты жан – ананы сүюге, қадірлеуге, қастерлей білуге тәрбиелеу .
Материалдың қысқаша нұсқасы

Келісілді:

Пәні

Әдебиеттік оқу

Сыныбы

4 «А»

Күні

05.12.2018

Мұғалім

Мәдениетова. А.Б.

Сабақтың тақырыбы

М.Дулатов. «Шешенің балаларын сүюі» өлеңі

Сабақтың мақсаты

  • Міржақып Дулатов жайлы мәлімет беріп, «Шешенің балаларын сүюі» өлеңінің мазмұнын ұғындыру.

  • Оқушыларға бағыт бағдар бере отырып өздіктерінен жұмыс істеуге өздігінен қорытынды шығаруға машықтандыру, таным белсенділіктерін арттыру.

  • Оқушылардың өмірдегі ең ардақты жан – ананы сүюге, қадірлеуге, қастерлей білуге тәрбиелеу .

Күтілетін нәтижелер

  • Ақынның өмірі және шығармашылық жолын біледі

  • Өлеңдерінің тақырыбы туралы білімдерін кеңейтеді

  • Оқушылар сабақ кезінде жеке және топта жұмыс жасай алады

  • Топпен жұмыс істеу барысында өз ойларын еркін айтады және толық жеткізе алады

  • Жаңа тақырыпқа байланысты мәселелерді топта талқылап, дұрыс шешімін табу жолдарын қарастырады

  • Топта жұмыс істеу барысында бір - біріне үйретуді, бір - бірін оқытуды жүзеге асырады

Ресурстар

Оқулық, жұмыс дәптері, бейнеролик, үнтаспа, ноутбук

Уақыты

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

1 мин


  1. Психологиялық дайындық

Мейірімді жүрекпен,

Ақпейілді тілекпен,

Амандасып алайық ,

Бір жадырап қалайық!


Оқушылар орнынан тұрып амандасып, психологиялық жаттығуды орындайды

5 мин

  1. Үй жұмысын сұрау арқылы топқа бөлу

«Сиқырлы тулардағы суреттер сөйлейді» әдісі арқылы тексеремін. Бұл кезеңде тақтада ілініп тұрған туларды әрбір бала жеке-жеке суырып тудағы сұрақтарға жауап береді (Сұрақтар сурет арқылы беріледі. Мыс:

Мына суретте қай өлең шумағы жөнінде айтылған авторы кім? Т.с.с сурақтар жасырылады)

сол тудағы түстер ақылы топқа бөлінеді.

  1. Топтың түсі – сары

  2. Топтың түсі – жасыл

  3. Топтың түсі – қызыл

Оқушылар келісе отырып аналары қалай еркелетеді сол бойынша өз топтарының аттарын атайды

1 топ « Ерке»

2 топ «Ботақан

3 топ «Қошақан»

Топты әр топ басшысы теректің жемісі, жапырағы, тамыры арқылы бағалайды

Жемісі – өте жақсы жауап берілген балаға

Жапырағы –қанағаттанарлық жауап берген балаға беріледі

Тамыры – жауап бере алмаған балаға беріледі






Туларды суыру арқылы балалар сұраққа жауап береді

5 мин

  1. Қызығушылықты ояту

Сөзжұмбақ


А

Б

А

Й


Х

А

Н


Ш

О

Қ

А

Н


  1. Қазақтығ ұлы ақыны

  2. Абылай......

  3. Абылай хан шығармасының авторы

Жұмбақ жасыру арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу

Үш әріптен тұратын

Есімі оның тұрақты

Оңға оқы, солға оқы,

Күнім, жаным дейтұғын,

Айтады кәне, кім атын? (Ана)

  1. Қане балалар олай болса бейнероликті тамашалап өтейік

Сонымен, балалар мына бейнеролик арқылы біз не түйдік?

Ана кім?



Сөзжұмбақты шешеді







Жұмбақты шешеді






Балалар бейнероликті тамашалайды

Бейнеролик туралы өз ой пікірлерін айтады

Қамқоршы, ұстаз, жарық өмір сыйлаушы, жанашыр, ақылшы, мейірімді жан, аяулы жан т.б


20 мин

  1. Мағынаны тану

Олай болса балалар, бүгін біз өзімізге ең жақын адам ана туралы, анасы балаларын қалай жақсы көретіндігі туралы М.Дулатовтың «Шешенің балаларын сүюі» деп аталатын өлеңімен танысамыз. Ананың құдіреттілігі мен қасиетіне тереңірек тоқталып, топ бойынша жұмыс істей отырып, өз ойларымызды, пікірімізді ортаға саламыз.

М.Дулатов өмірінен слайдтар арқылы мәлімет беріп өтемін.

Рисунок 1

1 тапсырма

«Шешенің балаларын сүюі» өлеңін мәнерлеп оқу


2 тапсырма Сергіту сәті

Анаға байланысты музыка ойнап тұрады (Балалар сол кезде музыка ырғағымен түрлі қимыл жасайды) музыка тоқтаған кезде қиылған суреттерді құрап оны қорғау керек.

3 тапсырма

Топпен жұмыс

І топқа

Ана сөзіне Синквейн құру

ІІ топқа

Анаға байланысты мақал – мәтел айту

ІІІ топқа

Өлең құрастыру

____________данасың,

____________панасың.

____________баласын,

____________анашым!

4 тапсырма

Кесте толтыру

«Шешенің балаларын сүюі» өлеңіне сатылай-кешенді талдау жасау

Авторы

М. Дулатов

Тақырыбы

Шешенің балаларын сүюі

Жанр түрі

Өлең

Идеясы

Ананың бар арманы өмірінің мәні баласы,

баласының амандығы

Тәрбиелік мәні

Ананы құрметтеу

Шумағы

4 шумақ

Ұйқас

а,а,б,а қара өлең ұйқасы












Оқушылар жазушы өмірінен мәлімет тыңдайды


















Оқушылар өлеңді кезекпен –кезек оқиды. Және оқыған жолдарын талдайды


Музыка ырғағымен билеп тоқтаған кезде суреттерді құрастырады. Сол суреттерді қорғайды









сатылай-кешенді талдау жасайды


3 мин

5 тапсырма Ой толғаныс

Топтастыру әдісі

Ана сөзіне постер қорғау


Ана



Ана сөзіне постер құрғау

2 мин

Үйге тапсырма

М.Дулатовтың «Шешенің балаларын сүюі» өлеңін мәнелеп жаттауды тапсырамын «Әлемнің асылы» тақырыбында эссе жазу

Оқушылар күнделіктеріне үй тапсырмасын жазады

4 мин

Топтық бағалау

Топ басшылары өз тобындағы балаларды бағалайды



Кері байланыс



Оқушыларды жеке жеке бағалау

Әр баланың жинаған жемісіне байланысты бағаланады


Топ басшылары мүшелерін бағалайды

Кері байланыс парағын толтырады














































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 қаңтар
601
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі